Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін Bellator тұжырымының экс-чемпионына қарсы өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Іnstagram.com/kuat__khamitov

Атышулы аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов кезекті жекпе-жегін Bellator тұжырымының экс-чемпионы Александр Шлеменкоға қарсы өткізеді. Хамитов 4 мамыр күні ресейлік RCC тұжырымында сынға түседі. Қос спортшы орта салмақта жұдырықтасады. Бұл кездесу турнирдің басты жекпе-жегі болмақ. 

Айта кетейік, Қуат Хамитов шаршы алаңда 33 жекпе-жек өткізіп, 24-інде жеңіске жетсе, Шлеменко 80 жекпе-жек өткізіп, 65-інде қарсыластарынан басым түскен.   


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.