Сабақ жоспары №1 Күні Топ



Дата13.01.2022
өлшемі25.01 Kb.
#169701
түріСабақ
№1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Талдықорған политехникалық колледжі



САБАҚ ЖОСПАРЫ № 1

Күні

Топ













Пән: Нарықтық экономика негіздері мен өндірісті басқару

Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Экономиканың заманауи жағдайы және

ҚР нарыққа көшу мәселелері

Сабақтың_типі'>Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту

Пән аралық байланыс: экономика негіздері, кәсіпорын экономикасы, менеджмент негіздері т.б.



Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Нарықтық даму және ҚР нарыққа көшуі жайлы

жайлы түсінік беру.



3. Дамытушылық : Ой- пікірін айта білуге, олардың сабаққа деген белсенділігін арттыру.

3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, заман талабына сай азамат болып қалыптасуға баулу.

Сабақты жабдықтау.

Көрнекі құралдар: Лекция, тест тапсырмалары, криптограмма.

Негізгі әдебиет: Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика негіздері»

Сабақты жүргізу кезеңдері.

І.Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен сәлемдесу.

Журнал бойынша студенттердің сабаққа қатынасуын түгендеу.

Студенттердің сабаққа дайындықтарын тексеру, назарларын сабаққа аудару.


ІІ.Өткен тақырыпты қайталау.

ІІІ.Жаңа тақырыпты баяндау.

1.Нарықтық даму тарихы және теориясы

2.Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы

IV.Жаңа тақырыпты бекіту.

Нарық дегеніміз не? Нарықтық экономикаға көшу дегенді қалай түсінеміз? Нарықтық экономикаға көшу кезеңдерін атаңыз т.б.

V. Үй тапсырмасы.

Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү.Байжомартов «Нарықтық экономика негіздері»

30 бет


VІ. Сабақты қорытындылау

Сабақты қорыта келе студенттердің сабақта белсене қатысқандарына байланысты бағаларын қою.


Оқытушы: Байдилданова М. С.

Кіріспе. Экономиканың заманауи жағдайы және

ҚР нарыққа көшу мәселелері
1.Нарықтық даму тарихы және теориясы

2.Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы


Нарықтық экономика – ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынандай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:

a) нарық элементтерінің пайда болуы;

b) натуралдық айырбас кезеңі нарығы;

c) тауар баламасы кезеңініннарығы;

d) тауар емес балама кезеңінін нарығы.

Бірінші кезеңде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар, әрбір жеке сауда-саттық көріністерде кездейсоқ болды.

Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша Т2 көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетішығындар категориясы қалыптасады. Құнның субстанциясы әліде болса тауардың бір түрімен біртұтас болып бірігіп кеткен жоқ,сондықтан «таза» құнның иеленушісі болып бірнеше тауарлар көрінуі мүмкін.

Үшінші кезеңдегі тауар тепе –теңдігі мына айырбас формуласы бойынша Т1- Т2, балама — Т2. Әрбір жергілікті нарыққа баламы тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ығысып шығып қалып отырады. Бұл кезенде «таза » өзінің иеленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір суре алмайтын «шығындық» және «шығындық емес» деп бөлінетін құрамалары байланады.Дүниежүзілік нарқтың қалыптасуымен құнның жеке дара иеленушісі қызметін алатын атқара бастайды.

Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1 –тауар емес балама - Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен құнның «таза» иеленушілері несие ақшалар өзінің «тауарлық» мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иеле нушісінің оқшаулануы - қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.

Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге — өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру,шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету , белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті еңгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әртүрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама –ақпараттық жүйелерді құр арқылы реттеуде мемлекеттің шешуі рөлін атап көрсету керек (ол туралы кітаптың келесі тауарларына кеңірек айтылады).
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.Қазақстан Республикасының нарықты экономикаға көшу бағдарламасын көрсету бұрын оның тарихына тоқталып өтейік.
2.Қазақстандағы нарықтың дамуы тарихы
Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды. Оның ерекшіліктері неден деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұраққа жауап беру онай шаруа емес. Себебі, біздер әлі кунге дейін өз халқымыздың, жеріміздің тарихын білмейміз.

Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты. Өндіріс құрал-жалдықтарына жекеменшік .Ал Қазақстанда өндірістік қатынастардың негізі жерге феодалдық меншік болдыІрі-ірі мал иелері жердің де аса ірі меншіктенушілері болды. Көшпелі мал-шаруашылығы жағдайына жер өндірісінің шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.

Жерге феодалдық меншіктің күшею қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу ісімен тығыс байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті.

Өздеріңізге белгілі, қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды, егіншілікпен айналыспаған деген жалан тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтустік-шығыс аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде тұтыну ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін болған.Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды. Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпенкөшурудің кесірінен бұрыннан қалыптасқан тырықшылық ұялары бұзылды.

Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгі бір дәрежеде дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер Қазақтар үй бастырды, жүннен мата тоқылды, терінен былған иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай білді, киім тікті, киіз бастыкілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары айырбас үшін, ретінде де шығарылатын болды.

Қазірге тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық мақсат-демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық экономиканы өндіру болыптабылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.

Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды.Ол микроэкономикалық тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын таурлармен толтыру.

1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен қабылданған «Қазақстан Республикасында мемлект иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға (II-кезең)» арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған: Жекешелендірудің негізгі мақсаты-мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтантырған — жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.

Екінші кезеңде (1996-2005жылдар) экономиканың шикізаттың бағытын біртіндеп жою жалғасады,бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен телекомуникацияны жедел дамыту, сондайөақ дамыған тауар және валюта,капитал,жұмыс күші,бағалы қағаздар интелектілік меншік нарығын құру болмақ.

Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлдегі экономиканың шапшаң қарын алып дамуымен сипатталды,соның негізінде өтпелі кезеннің стратегиялық мақсатына жетумен Қазақстанынң әлемдік саудадағы айқындамасындағы нығаюмен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер қатарына кіруіме сипатталатын болады.

Батыс елдердің шаруашылық саласындағы саясаты анықтайтын қазіргі заманғы экономикалық тоериялар мен мектептерді,шартты түрде, екі негізгі бағытқа бөлуге болады.

Оның біріншілері - еркін нарықты және экономикаға мемлекеттің араласпауын жақтайтындар. Еркін нарықты жақтайтындары либерализм (негізін салушы Адам Смит), ал оның қазіргі заманғы жақтастарын «неолиберализм» мектебптерінің өкілдері (батыс германия экономисі Милтон Фридем)деп атайды.



Екінші бағыттың өкілдері экономикаға мемлекеттің белсен түрде араласуын жақтайды. Бұл идеяларды алғашқы жақтаушылардың бірі ағылшынның атақты экономисі, қоғам қайраткері Джон Мейнард Кейнс (1883-1946) болды. Оның пікірінің қалыптасуына 1926-1933 жылдары болған бүкілдүние жүзілік экономикалық дағдарыс түркті болды.Ол өзінің басты еңбегі «Жұмыспен қамтудың, проценттің және ақшаның жалпы теориясы»(1936ж) деген кітабындағы идеяларды «классикалық теория» деп атады және жаппай жұмыссыздықты тек қана сұранымды көтермелеу, ынталантыру арқылы шешуге болады деп қорытынды жасады.

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет