Сабақ жоспары Мектеп: «Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар»



бет1/2
Дата22.10.2022
өлшемі50.71 Kb.
#177344
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
қызым қылықты, ұлым ұятты


Сабақ жоспары



Мектеп:

«Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Педагогтің аты-жөні:

Амиралинова М.Ж.

Күні:

24.10.2022ж

Сыныбы:11

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қызым қылықты, ұлым ұятты болсын!»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке, кішпейілдікке, қарапайымдылыққа, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт-дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
2.Адам бойындағы ұнамды-ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін бойына дарыту, тіл байлығын, таным белсенділігін арттыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейне-ролик, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ басы

1.Ұйымдастыру кезеңі
Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.
Оқушылар бір-біріне бүгінгі күнге «Жылы шуақ» әдісі бойынша жылы лебіздерін білдіреді.



Назарларын сабаққа аударады.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен танысады.

Презентация

Сабақ ортасы



  1. «Қызығушылықты ояту»

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қызым қылықты, ұлым ұятты болсын!» деп аталады.


Өздерің білесіңдер біз тәуелсіз еліміздің көк байрағының астында ата-бабаларымыздың асқақ арманын арқалап, өмір сүріп жатырмыз. Осынау кең байтақ Қазақстан деген елде ұятты ұл, қылықты қыздар, әке мен ана жолына адал қызмет етіп жатыр.
Ал енді сабағымызды бастайық. Сабағымызды Абай атамыздың « Сегіз аяқ » өлеңімен бастасақ.

«Сегіз аяқ»



Алыстан сермеп,
Жүректен тербеп,
Шымырлап бойға жайылған.
Қиуадан шауып,
Қисынын тауып,
Тағыны жетіп қайырған —
Толғауы тоқсан қызыл тіл,
Сөйлеймін десең өзің біл.

Өткірдің жүзі,
Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Білгенге маржан,
Білмеске арзан,
Надандар бәһра1 ала алмас.
Қиналма бекер, тіл мен жақ,
Көңілсіз құлақ – ойға олақ.

Басында ми жоқ,
Өзінде ой жоқ,
Күлкішіл кердең наданның.
Көп айтса көнді,
Жұрт айтса болды —
Әдеті надан адамның.
Бойда қайрат, ойда көз
Болмаған соң, айтпа сөз.

2.Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді.


« Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.
Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді. Ал жақсы тәрбие алған ұлдар жау келгенде жайдақ атқа міне шабатын өжет, батыл, адал, жеріне, туған халқына ыстық ықыласты, үлкенге де, кішіге де қамқор бола білген ғой.
Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай,
осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.

«Ой шақыру»
1.Қыз қылығымен деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
2.Ұлдың ұяты деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?
Бейне көрсетіліммен жұмыс «Отбасы тәрбиесі»
Сұрақтар:
1.Отбасында бала міндеті қандай болу керек?
2. Бейне көрсетілім бойынша өз пікірлерін айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет