Сабақ жоспары Пән атауы: Жылутехникасының теориялық негіздері. Тақырыбы: Термодинамика заңдары. Сабақтың мақсаты: Термодинамика заңдары, оларды қолдану туралы түсінік қалыптастыру



Дата24.04.2019
өлшемі0.6 Mb.
#114234
түріСабақ

Ашық сабақ жоспары
Пән атауы: Жылутехникасының теориялық негіздері.

Тақырыбы: Термодинамика заңдары.

Сабақтың мақсаты: Термодинамика заңдары, оларды қолдану туралы түсінік қалыптастыру.

Міндеттері:

а) білімділік: техникалық термодинамиканың негізгі анықтамаларын, заңдарын, теңдеулерін қайталау, тексеру, жалпылау және бекіту; термодинамика заңдары туралы білімді жетілдіру.

ә) тәрбиелік: жұмыс жасауда шығармашылық жағынан жетілдіру.

б) дамытушылық: анализдеу, жалпылау, салыстыру, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету; есеп шығаруда формулалар мен кестемен жұмыс жасай білуді жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:

а) оқушылар түсінуі тиіс: энтропия, энтальпия, Т-S дигарммасын

ә) оқушылардың құндылық бағдары болуы керек: өзін жетілдіру қабілеттілігн тәрбиелеу.

б) оқушылар жасай біледі: Т-S дигарммасымен жұмыс жасау, теңдеулерді есептеулер кезінде қолдана білу.
Сабақ жоспары:


  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.

  1. Үй жұмысын тексеру.

Фронтальды ауызша сұрау:

  • Техникалық термодинамика дегеніміз не?

  • Күй параметрлерін ата?

  • Жылу сыйымдылық ұғымы.

  • Термодинамикалық процесс түсінігі.

  • Күй теңдеуін жазып көрсет.

  • Идеалды және реалды газдарға анықтама бер.

  • Газ қоспасы дегеніміз не?

  • Парциалды қысым түсінігі.

____________________________



Карточкамен жұмыс. Термодинамиканың негізгі параметрлері.




Параметр

Белгіленуі

Теңдеуі

Өлшем бірлігі

1

Қысым










2













3













4













5





























Термодинамиканың негізгі параметрлері.




Параметр

Белгіленуі

Теңдеуі

Өлшем бірлігі

1

Қысым

Р

P=Fn/A

Па

2

Көлем

ν

ν=V/m

м3/кг

3

Температура

T

mw2/2=3kT/2

0С, К

4

Жылу сыйымдылық

c

c=δq/dt

кг/м3

5

Тығыздық

ρ

ρ=m/V

Дж/(кг∙К)


Әңгімелесу.

Термодинамикалық процесстер осьтерінде күй парметрлері орналасқан күй графиктерінде көрсетіледі. Мұндай график жазықтығындағы нүктелер жүйенің белгілі бір күйіне сәйкес келеді. Ал графиктегі сызықтар жүйені бір күйден екінші күйге өткізетін термодинамикалық процесстерге сәйкес келеді.

Бір денеден тұратын термодинамикалық жүйені қарастырайық. Мысалға, поршені бар ыдыстағы газды алайық. Ыдыс пен поршеньді сыртқы орта деп қарастырамыз. Мысалға, ыдыстағы газдың қыздырылуы жүрсін. Егер поршень бекіген болса және көлем өзгермесе, онда ыдыстағы қысымның жоғарылауы жүреді. Бұл процесс изохоралық деп аталады.

Процесс тұрақты көлемде жүреді.

Егер поршень бос болып, тұрақты қысым кезінде қыздырылған газ кеңейсе, бұл процесс қалай аталады?



Изобаралық процесс

Егер поршеньді қозғалта отырып, ыдыстағы газдың көлемін өзгертсек, онда газдың температурасы да өзгереді. Бірақ газды сығу кезінде ыдысты суытсақ және кеңейту кезінде қыздырсақ, онда температура көлем мен қысымның өзгеруі кезінде тұрақты болады.



Изотермиялық процесс.

Жүйе мен қоршаған орта арасында жылу алмасу болмайтын процессті адиабаталық деп атайды. Бұл жағдайда жүйедегі жылу тұрақты болады. Реалды жағдайда адиабаттық процесстер жоқ болып табылады. Себебі жүйені қоршаған ортадан толықтай оқщаулау мүмкін емес. Бірақ қоршаған ортамен жылу алмасу өте аз болатын жағдайлар кездеседі. Мысалы, поршені бар ыдыста газдың тез сығылуы, яғни мұнда жылу поршень мен ыдыстың қызуы кезінде шығып үлгермейді.


Адиабаталық процесс.
Диктант.

  1. Энергияның сақталуының жалпылама заңы. І заң

  2. Термодинамиканың ІI заңының тұжырымдамасын жаз. Салқынырақ денеден ыстығырақ денеге жылуды тасымалдау, екi жүйеде де немесе қоршаған ортада бiр мезгiлде басқа өзгерiстер жасамайынша, мүмкiн емес.

  3. Бұл заң энергетикалық түрленулердiң бар болу мүмкiндiгiнiң бағытын көрсетедi. ІI заң

  4. Термодинамиканың І заңының тұжырымдамасын жаз. Табиғатта энергия U жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi түрге ауысады.

  5. Термодинамиканың І заңының теңдеуі. ΔU = A + Q

  6. Ішкi энергияның өзгерiсi жүйеге берiлген жылу мөлшерi мен сыртқы күштердiң жұмысының қосындысына тең. І заң

  7. Жылулық машина – қозғалтқыштың көмегімен 100 % жылудың жұмысқа айналуы мүмкін емес. ІI заң

  8. Ешқандай энергия көзінсіз жұмыс істейтін қозғалтқыш болу мүмкін емес. І заң

  9. Қозғалтқышқа берілетін барлық жылуды жұмысқа айналдыру мүмкін емес. ІI заң

  10. Энергияның өздігінен пайда болуы және жоғалуы мүмкін емес. І заң






Термодинамиканың І заңы

Термодинамиканың ІІ заңы

1







2







3




























  1. Жаңа материалды түсіндіру.


Термодинамиканың І және II заңдары

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Көптеген деректердi жинақтаудың негiзiнде энергияның сақталуының жалпылама заңы тұжырымдалды: табиғатта энергия U жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бiр түрден екiншi түрге ауысады.

Жылу құбылыстарында таралған энергияның сақталу және айналу заңы термодинамиканың бiрiншi заңы деп аталады.

Жалпы жағдайда, жүйенiң бiрiншi U1 күйден екiншi U2 күйге ауысуы кезiнде, iшкi энергия атқарылған жұмыстың есебiнен қалай өзгерсе, жүйеге сырттан берiлген жылудың әсерiнен де солай өзгере алады. Термодинамиканың бiрiншi заңы нақ осылай тұжырымдалады: iшкi энергияның өзгерiсi жүйегце берiлген жылу мөлшерi мен сыртқы күштердiң жұмысының қосындысына тең:



ΔU = A + Q.

Егер жүйе жылу өткiзбейтiн болса (Q = 0) және ол механикалық жұмыс атқармаса (А=0), онда ΔU = 0, немесе U1=U2: тұйық жүйенiң iшкi энергиясы өзгермейдi (сақталады). Бұл дерек жылулық баланс теңдеуiн қорытқанда қолданылған болатын.

Термодинамиканың бiрiншi заңынан, ешқандай энергетикалық шығынсыз шексiз мөлшерде жұмыс жасай алатын қондырғыны – мәңгiлiк двигательдi жасап шығару мүмкiндiгiнiң терiстiгi шығады. Шын мәнiнде, егер жүйеге жылу берiлмесе (Q = 0 ), онда жұмыс A iшкi энергияның азаюы есебiнен ғана жүзеге асар едi: A = ΔU. Двигатель, энергия қоры таусылғаннан кейiн, жұмысын тоқтатады

Термодинамиканың екiншi заңы. Термодинамиканың екiншi заңы энергетикалық түрленулердiң бар болу мүмкiндiгiнiң бағытын көрсетедi. Салқынырақ денеден ыстығырақ денеге жылуды тасымалдау, екi жүйеде де немесе қоршаған ортада бiр мезгiлде басқа өзгерiстер жасамайынша, мүмкiн емес.

Энтальпия және энтропия ұғымдары.

Энтальпия (гр. enthalpo – жылытамын, қыздырамын), жылулық функция, жылу мөлшері – термодинамикалық жүйе күйінің функциясы болып келетін жылуға қатысты шама. Бұл терминді алғаш Х.Камерлинг-Онненс енгізген. Энтальпия (H) жүйенің ішкі энергиясының (U) және жүйенің қысымы (p) мен көлемі көбейтіндісінің қосындысына тең: H=U+pV. Изобаралық процестегі (p=const) Энтальпияның өсімшесі бөлшектер саны тұрақты болатын гомогенді жүйеге берілген жылу мөлшеріне тең. Мұндай жағдайда Энтальпия жылу функциясы деп аталады. Энтальпияның өзгеруі қысым тұрақты болған жағдайда жүйеге берілетін немесе одан алынатын жылу мөлшеріне тең болады. Сондықтан энтальпияның өзгерісі қысым тұрақты болғанда жүретін фазалық ауысулар (балқу, қайнау, т.б.) мен әр түрлі химиялық процестердегі жылуларды (түзілу жылуы, жану жылуы, еру жылуы, атомдану жылуы, т.б) сипаттайды. Энтальпия Бірліктердің Халықаралық жүйесінде (СИ) джоульмен (Дж.) өрнектеледі.[1]

i-d диагарммасы, i-s диаграммасы



Энтропия (грек. еntropіa – бұрылыс, айналу) – тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процестің өту бағытын сипаттайтын күй функциясы. Энтропияның күй функциясы екендігі термодинамиканың екінші бастамасында тұжырымдалады. Энтропия ұғымын термодинамикаға 1865 ж. Р.Клаузиус енгізген. Кез келген А және В күйлеріндегі жүйе Энтропиясы мәндерінің айырымы мына формула арқылы анықталады: S=Q/T, мұндағы Q – жүйеге күйі шексіз аз квазистатик. болып өзгергенде берілетін жылу мөлшері, Т – жүйенің абс. темп-расы; интрегал екі күйді өзара жалғастыратын кез келген қайтымды жолмен алынады. Изотерм. процесс жағдайында: S=Q/Т. Соңғы теңдік Энтропияның dS=Q/Т түріндегі толық дифференциал болатындығының қажетті және жеткілікті шарты, ал Энтропия – күй функциясы. Энтропияның абс. мәні термодинамиканың үшінші бастамасы бойынша анықталады және ол бойынша абс. нөл темп-рада кез келген жүйенің Энтропиясы нөлге айналады. Адиабаталық оңашаланған жүйелеріндегі қайтымды процестер кезінде Энтропияның мәні тұрақты болып қалады да, қайтымсыз процестер кезінде Энтропияның мәні артады; барлық реал процестерінде Энтропияның мәні артады (Энтропияның арту заңы). Сонымен Энтропия – термодинам. тепе-тендік күйдегі макроскоп. денелерге тән қасиет. Ол бірліктердің халықаралық жүйесінде (СИ) Дж/К арқылы өрнектеледі. Энтропия ұғымы ғылымның көптеген салаларында (физика, химия, т.б.) маңызды рөл атқарады.
Термодинамиканың бірінші және екінші заңдарының негізінде энтропияның тұрақты интегралданған мәнін анықтау мүмкін емес. Сондықтан көптеген зерттеулердің нәтижесінде 1906 ж. В. Нернстің жылулық теоремасы пайда болады. В. Нернст абсолюттік нольге жақын температураларда заттың күйін зерттей отырып, абсолюттік нольге жету мүмкін емес деген тұжырымдамаға келеді. Осыған сәйкес абсолюттік нольдік температура және кез келген қысымда барлық заттардың энтропиясы нольге тең. Бұл термодинамиканың үшінші заңы деп аталады. Энтропияның абсолюттік мәнін білу химиялық тепе теңдікті есептеу үшін қажет, ал техникалық термодинамикада белгілі бір шартты бастаманы есептеу кезінде қолданылады. Бұл заң бірінші және екінші заңдардан тәуелсіз болып келеді.
Жылулық Т-S диаграммасы.

Меншікті энтропияны процесстердің графикалық суреті үшін негізгі параметрлерінің бірі ретінде қолдануға болады. Температура өзгеруіне байланысты көлемнің өзгеруін құрағандай, сәйкесінше энтропия мен температураның өзгеру процессін Т-S координатасында суреттеуге болады. Бұл жағдайда графикалық жазықтықтың кез келген нүктесі жұмыс денесінің белгілі бір күйіне сәйкес келеді, ал 1 нүктеден 2 нүктеге дейінгі сызық термодинамикалық процессті көрсетеді. Т-S координатасының ерекшелігі процесс сызығының астындағы аудан жұмыс денесімен берілген немесе алынған энергия мөлшеріне сәйкес келеді.



Карно циклінің Т-S диаграммасы.

Диаграмманы бір оқушы өз түсінгені бойынша түсіндіріп беру керек.

Бұл диаграммада тұйық жүйе көрсетілген. Жүйе 1 нүктеден 2 нүктеге, содан кейін 3=>4, сосын қайтадан 1 қайтадан ретпен өтеді. Графиктен көріп отырғанымыздай, 1=>2 (Т1=const) және 3=>4 (Т2=const жүреді) процесстері изотермиялық болып келеді. 2=>3 және 4=>1 процесстері адиабаталық болып келеді, себебі оларда энтропияның өзгеруі болмайды, яғни dS=0 және dQ=0 немесе Q=const болады. 2=>3 процессте дененің жұмыс жасауы әсерінен жұмыс денесінің суытылуы, ал 4=>1 процессте денеге жұмыс жасау арқылы жұмыс денесінің қыздырылуы жүреді.

Жүйеге берілетін жылу мөлшері: Q1 =T1 ×(S2-S1) – 1-2-S2-S1-1 тікбұрыштың ауданы (көк және жасыл түспен боялған аймақ).

Жүйемен берілетін жылу мөлшері (жүйеден шығатын): Q2 = T2×(S2-S1) – 3-S2-S1-4-3 тікбұрыштың ауданы (көк түспен боялған аймақ).

Циклдың жұмысы – берілген және шыққан жылудың әртүрлілігі:

L=Q1 - Q2 (жасыл түспен боялған аймақ).

Циклдың пәк-і:



Бұл цикл Карно циклі деп аталады. Себебі 2 изотермиядан және 2 адиабатадан тұратын айналмалы циклды Карно циклі деп атайды.

Берілген циклдың негізгі ерекшелігі берілген температуралар ауытқуларында басқа циклдарда пәк төмен болады.




  1. Жаңа материалды бекіту.

  1. Есеп шығару.

№1 есеп.

1 кг оттегінің көлемі t1=1270C кезінде бес есе ұлғаяды. Бұл кезде температурасы t2=270C дейін түседі. Энтропияның өзгеруін анықтау керек. Жылусыйымдылықты тұрақты деп аламыз.

Шешуі:







- екі атомды газдардың жылусыйымдылығы, кДж/кмоль∙К.

- молярлық масса.

Жауабы: энтропияның өзгеруі .

№2 есеп.

Температурасы t=0,010C және қысымы P=0,006228 кг/см2 кезіндегі судың энтальпиясы нольге тең деп алынады. Бұл жағдайда судың ішкі энергиясы нешеге тең және оның шамасын килокалорияға аудару керек. 1ккал/кг=4186,8 Дж/кг.

Шешуі:

Энтальпияның теңдеуі бойынша



Бұдан судың ішкі энергиясы



i=0 болғандықтан



Си жүйесінде

u= -0,006228∙98607∙0,0010002=-0,6105 Дж/кг

Килокалорияға аударсақ,

u=-0,6105/4,1868∙103=-0,146∙10-3ккал/кг.

Жауабы: ішкі энергия -0,6105 Дж/кг немесе -0,146∙10-3ккал/кг тең.




  1. Activote құрылғысымен тест тапсырмаларын орындау және Т-S диаграммасымен жұмыс.

1 нұсқада отырған оқушылар Activote құрылғысымен тестке жауап бересіңдер, ал 2 нұсқада отырғандар Т-S диаграммасын дәптерлеріңе сызып, керекті мәліметтерді жазып аласыңдар. Содан кейін екі нұсқа ауысасыңдар.

Тест сұрақтары.

  1. Энтропияның теңдеуін көрсет.

  1. i=u+pv

  2. +s=Q/T

  3. Q=i2-i1

  4. Q=s/T

  1. Энтальпияның өлшем бірлігі.

  1. кг/м2

  2. см/кг

  3. +Дж

  4. Дж/К

  1. Термодинамикалық жүйе күйінің функциясы болып келетін жылуға қатысты шама.

  1. +Энтальпия

  2. Энтропия

  3. Жылу мөлшері

  4. Абсолютті температура

  1. Р. Клаузиус термодинамикаға енгізген ұғым.

  1. Энтальпия

  2. +Энтропия

  3. Жылу мөлшері

  4. Абсолютті температура

  1. Карно циклінің пәк-і.

  1. Q=i2-i1

  2. i2-i1=Cp(T2-T1)

  3. +



  1. Дж/К қай шаманның өлшем бірлігі.

  1. Температура

  2. + Энтропия

  3. Көлем

  4. Энтальпия

  1. Энтальпияның теңдеуін көрсет.

  1. +i=u+pv

  2. s=Q/T

  3. Q=i2-i1

  4. Q=s/T

  1. Тұйық термодинамикалық жүйедегі өздігінен жүретін процесстің өту бағытын сипаттайтын жүйе.

  1. Температура

  2. + Энтропия

  3. Көлем

  4. Энтальпия

  1. Жүйенің ішкі энергиясының және жүйенің қысымы мен көлемі көбейтіндісінің қосындысына тең шама.

  1. Температура

  2. Энтропия

  3. Көлем

  4. +Энтальпия

  1. Термодинамиканың үшінші заңының тұжырымдамасын тап.

  1. Энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды, ол тек бір түрден екінші түрге ауысады.

  2. +Абсолюттік нольдік температура кезінде және кез келген қысымда барлық заттардың энтрпиясы нольге тең.

  3. Бұл заң энергетикалық түрленулердiң бар болу мүмкiндiгiнiң бағытын көрсетедi.

  4. Салқынырақ денеден ыстығырақ денеге жылуды тасымалдау, екi жүйеде де немесе қоршаған ортада бiр мезгiлде басқа өзгерiстер жасамайынша, мүмкiн емес.

  1. Термодинамиканың үшінші заңын кім ашқан?

  1. Р.Клаузиус

  2. С.Карно

  3. Х.Камерлинг-Онненс

  4. +В.Нернст

  1. Қай жылы энтропия ұғымы енгізілді және ол грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?

  1. +1865 ж., айналу

  2. 1865 ж., қыздыру

  3. 1685 ж., айналу

  4. 1685 ж., айналу

  1. Қай шама энергия деп есептеледі?

  1. Энтропия

  2. +Энтальпия

  3. Температура

  4. Қысым

  1. T-S диаграммасындағы S- шамасы нені көрсетеді?

  1. Көлем

  2. Энтальпия

  3. Қысым

  4. +Энтропия

  1. Энтальпия грек тілінен аударғанда қандай мағына береді?

  1. Айналу

  2. Бұрылу

  3. +Қыздыру

  4. Суыту



  1. Рефлексия «Білемін. Білдім. Білгім келеді.»





Білемін

Білдім

Білгім келеді

1










2










3





















Энтропия, термодинамиканың І заңы, Карно циклы, энтальпия, термодинамиканың ІІІ заңы, i-d дигарммасы, термодинамиканың ІІ заңы, i-s диаграммасы, Т-S диаграммасы, пәк, адибаталық процесс, термодинамика.



  1. *Кластер жасау.




  1. Үй тапсырмасы.

Есеп шығару. «Жылудинамика және жылутехника негіздері», С.Квон, М.Альжанов.

22 бет, №6 есеп.



Р=1атм, Т=3000К кезіндегі заттардың абсолютті энтропиясының мәнін жазу.

  1. Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Қызылорда қаласы №140 қазақ орта мектебі Нұрманова Мереке Серікбайқызы Мектеп директорының ғылыми әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
2017 -> Жек дуадақтарды аулауды жүргізу туралы «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы»
2017 -> Бағдарламасы өтетін күні: 16 тамыз 2017 жыл Өтетін орны: Шымкент қаласы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2017 -> Мемлекеттік мекеме
2017 -> Қосымша 2 Техникалық ерекшелігі Реанимациялық бригадаларға арналған жылжымалы жедел медициналық көмек комплексі
2017 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Кәсіпқор» холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы
2017 -> Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының
2017 -> Бос јкімшілік мемлекеттік лауазымдарєа орналасуєа конкурс туралы хабарландыру 17/07/2012г


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет