Сабақ жоспары Пән мұғалімі: Әкімбаева П. Н. Пән



жүктеу 48.33 Kb.
Дата04.03.2018
өлшемі48.33 Kb.
түріСабақ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән мұғалімі: Әкімбаева П.Н.



Пән

Биология

Сыныбы

7 «А»

7 «Ә»


Мерзімі:

10.02.2017ж

8.02.2017ж



Тақырып

Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар), т.б. Балықтар байлығын үнемі пайдалану, оларды қорғау және көбейту.

Мақсаты

Балықтардың кәсіптік маңызы туралы майшабақ, треска, камбала, тұқы балықтарын мысалға ала отырып, білімдерін қалыптастыру.

Балықтардың адам өмірінде алатын маңызы зор екендігін тереңдете түсіндіру.

Балықтарды қорғауға, көбейтуге, ысырапсыз пайдалана білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Қойылған мәселені жетік меңгеріп одан әрі өрбітеді.

Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады.

Тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді


Кезеңдері

Ресурстар


Сабақтағы іс - әрекет

Дифференциация

Бағалау

Ұйымдастыру кезеңі




Сынып оқушыларымен амандасу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудары







Қызығушылықты ояту

Оқулықпен жұмыс



1. Ой қозғау. Миға шабуыл
I - топқа
1. Желілі жануарлардың омыртқалылар тип тармағы қалай аталады.
2. Омыртқалылардың неше класы бар.
3. Балықтардың өзі қандай класқа жіктеледі.
4. Балықтардың тыныс алу мүшесі не.
5. Балықтар қайда тіршілік етеді.
II - топқа
1. Акула қай кластың өкілі.
2. Балықтың денесі қалай бөлінеді.
3. Омыртқалылар дене температурасына қарай қалай бөлінеді.
4. Акуланың зәр шығаруы неден тұрады.
5. Сүйекті балықтардағы ерекше мүше
III - топқа.
1. Желілердің қан айналым жүйесі.
2. Желбезек саңылаулары орналасқан мүше.
3. Жақ сүйексіздер омыртқалылар класы.
4. Балықтарды зерттейтін ғылым саласы.
5. Қазақстандағы «Қызыл кітапқа» алынған балық.
IV - топқа.
1. Қара уылдырық алынатын балық.
2. Ерте замандардан бері сақталып келе жатқан балық.
3. Жайық өзенінде мекендейтін балық.
4. Шеміршекті балықтардың түр саны.
5. Торсылдақтың атқаратын қызметі.

Жекеленген оқушыларға көмек

Өзара бағалау

Мағнаны тану

Биология оқулығы

Интернет желісі материалдары



Балық майы көру қабілетін жақсартады.

Балық еті – адам ағзасы үшін пайдалы тағамдардың бірі. Оның құрамында адамға аса қажетті белок, май, дәрумен, протеиндер, көптеген минералды заттар бар. Ал сүйегімен жейтін майшабақ, арқан (лосось) балықтарында фосфор және фтор көп мөлшерде кездеседі. Кальций сүйекті қатайтса, фосфор ағзаның атқаратын барлық қызметіне қатысады.



Балықтың пайдасы:

– балықтағы амин қышқылдары адам ағзасына сіңімді. Бұл қышқылдардың құрамында ағзаға аса пайдалы метионин көп;

– бауыр ауруларының алдын алады;

– балық белогында бой өсіруге ықпал ететін лизин қышқылы да мол;

– балық майының құрамында А және Д дәрумені көп. Сондай-ақ, менолен және арахидон қышқылдары да бар.

– балық өнімдерінен жасалған тағамдар ас қорыту бездерінің жұмысын жақсартады;

– балық құрамында иод, фтор, мыс, кобальт секілді химиялық элементтер бар;

– балықтан жасалған тағамдар жүрек жұмысын жақсартуға көмектеседі.



Балықтан қандай тағамдар жасауға болады?

Балықтан сорпа жасап, қуырып, бұқтырып та түрлі ас жасауға болады. Ал қызыл балықтардың, қара кета балығының уылдырығы ең таңдаулы тағамның қатарына жатады. Балық етін тұздап кептіріп, шикідей жеуге де жарамды.

Әрбір топқа «Балықтардың кәсіби маңызы туралы», атап айтқанда «Майшабақтар», «Трескалар», «Камбалалар», «Тұқы балықтар» туралы мәтін беріледі. Отырған «жұмыс тобында» оқушылар мәтінді оқып, талдап, өз «Жанұя» тобына барып, түсіндіреді. Слайдтағы сұрақтарға жауапты дәптерлеріне жазады. Әр топтан бір оқушы жауабын оқиды.


Тұлғааралық интелектке ие оқушылар әр топта жеке қасиеттері қалыптасады




Рефлекция




Бекіту сұрақтары:

1.Майшабақтардың кәсіби маңызын атап көрсетіңдер?

2.Трескалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

3.Камбалалар құрылысы мен тіршілік ортасының айырмашылығы неде?

4.Тұқы балықтарға қандай балықтар жатады, әрі маңызы қандай?

Дарынды оқушыларды анықтау



2 – жұлдыз



1 - тілек

Қорытындылау

Үйге тапсырма: Балықтардың кәсіптік маңызы. Кәсіптік балықтардың негізгі топтары: майшабақтар, сетінектер (трескалар), көзауықтар (камбалалар), тұқы балықтар (карптар), т.б. Балықтар байлығын үнемі пайдалану, оларды қорғау және көбейту. 253-254 бет. 

Каталог: uploads -> doc -> 04aa
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
04aa -> «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет