Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика Сабақ өткізілетін күн Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы



жүктеу 79.24 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі79.24 Kb.
түріСабақ

19 Сабақ жоспары
Пәннің аты:__________________Физика___________________


Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты


















































І. Сабақтың тақырыбы: Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Жарық толқынының жаңа қасиеттерімен танысу, дифракция, дифракциялық тор ұғымын қалыптастыру, оқушылардың эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

Әлемнің тіршілігі үшін жарықтың алатын орны туралы өзіндік ой қорыту, білімдерін тереңдете түсу, оқушылардың ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту;



в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың типі: құрама сабақ.
ІV. Сабақтың түрі: теориялық.
V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, тест жұмысы.
VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, карточкалар.
Пән аралық және пән ішілік байланыс
Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:
Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-5 минут.
2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылардың білімін тексеру-15 минут:

  1. Интерференция құбылысын бақылап, дәптерге жазу.

  2. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1005, 1006, 1009 есептер.


3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.
4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:

  • Жарықтың дифракциясы.

  • Дифракциялық тор.



5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 40 минут

Жарықтың дифракциясы деп жарық толқындарының жолындагғы бөгеті орап (айналып) өтуін айтады. Неғұрлым кең мағынада айтқанда, элоктромагниттік толқындар экранның саңлаудың немесе басқада да бір текті емес нәрселердің шетіне жақын жерден өткенде олардың таралу бағыты өзгереді. Дифракция құбылысы жарықтың түзу сызықпен таралуынан ауытқын көрсетеді. Жарық толқындары өлшемдері жөнінен жарық толқыны ұзындығымен шамалас бөгеттерді орғытып өтеді. Жарықтың дифрация құбылысы дегеніміз осы.

Геометриялық оптика заңдары жарық толқындарының жолындағы бөгеттердің өлшемдері толқын ұзындығынан көп үлкен болатындай жағдайда орындалады.

Дифракциялық құбылысқа байланысты есептерді шығару үшін, яғни бөгеті бар ортада тарайтын жарық толқыны интенсивтілігінің таралуын табу үшін Гюйгенс және Гюйгенс-Френель принциптері қолданылады.

Гюйгенс-Френелъ принципі:


  1. Кез-келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз-айналып өтетін екінші ретті толқындардың жай ғана өзі емес, олардың интерференцияларының нәтижесі болып табылады.

  2. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады

Тамаша оптикалық аспаптың-дифракциялық тордың құрлысы дифрациялық құбылысқа негізделген.

Дифракциялық тор толып жатқан өте жіңішке, мөлдір емес аралықтармен бөлінген көптеген саңылаулар жиынтыгы болып табылады. Дифракциялық тор деп бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын спектральдық құралды айтады. Жазық параллель шыны пластинкадан осылай жасалған торлар жазық, мөлдір тор деп аталады. Осындай шыны торды алғаш (1822 ж.) неміс физиг І Фраунгофер жасаған.

Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындыгы өте дәл өлшеуге болады.


6. Жаңа материалды бекіту – 10 минут

1. Бекіту сұрақтары:

  1. Дифракция құбылысын қалай түсіндіруге болады? Ол қандай шарттарда байқалады.

  2. Дифракциялық тор дегеніміз...

  3. Дифракцияның максимумдар және минимумдар шартын жазыңыз.

  4. Жарықтың дифракциясы дегеніміз...


2. Есептер шығарту: Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1068, 1070, 1071 есептер.
3. Карточкалар тарату.

№1

Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықтың екінші реттік дифракциялық максимумы 30° бұрышпен байқалуы үшін, дифракциялық тордың 1мм-дегі штрих саны қанша?


№2

Бірінші реттік дифракциялық көріністің центрден ара қашықтығы 2,43 см, ал тор экраннан 1 м аралықта орналасқан. Жарық толқынының ұзындығы 486 нм болса, тордың периодын анықтаңыз.


№3

Дифракциялық тордың бетіне нормаль бағытта монохроматты жарық түседі. Тордың периоды d = 2 мкм. Осы тордың қызыл (λ = 0,7 мкм) жарық түсу жағдайындағы беретін дифракциялық максимумының ең үлкен ретін анықтаңыз.


7. Сабақты қорытындылау-5 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау-2 минут


Бағалар

Топтар













5













4













3













2















9. Үй тапсырмасы-5 минут:

  1. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. 1066, 1067 есептер.


10. Әдебиеттер:

  1. Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/ -Алматы:Мектеп,2006

  2. Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11 сыныптарына арналған оқулық/ - Алматы: Мектеп: 2001

  3. Рымкевич А.П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1998г


11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________________ Тексерушінің қолы: ___________________

Жарық дифракциясы. Дифракциялық тор.

Жарықтың дифракциясы деп жарық толқындарының жолындагғы бөгеті орап (айналып) өтуін айтады. Неғұрлым кең мағынада айтқанда, элоктромагниттік толқындар экранның саңлаудың немесе басқада да бір текті емес нәрселердің шетіне жақын жерден өткенде олардың таралу бағыты өзгереді. Дифракция құбылысы жарықтың түзу сызықпен таралуынан ауытқын көрсетеді. Жарық толқындары өлшемдері жөнінен жарық толқыны ұзындығымен шамалас бөгеттерді орғытып өтеді. Жарықтың дифрация құбылысы дегеніміз осы.

Дифракция құбылысы тек жарыққа ғана емес, басқа да толкындық процестерге тән құбылыс. Мысалы, дыбыс толқындары да жолында кездескен бөгетті айнала бұрылып таралады. Биік үйдің бір жағынан шыккан дыбыс оның екінші жағынан да естіледі, өйткені дыбыс толқыны үйдің бұрышына жетіп бұрылады да қалкаланып тұрған алқапқа барады, басқаша айтқанда дифракцияланады. Бұл ретте бір ескерте кететін нәрсе: жарықтың дифракция кәдімгі жағдайларда байқалмайды, оны тек ерекше жағдайларда ғана   байқауға болады.

Жарықтың толқын ұзындығы өте кішкене (10-5 см) болғандықтан, жарық дифракциясын байқау қиын, арнаулы құрал-жабдық керек. Жарық дифрациясы микроскоптың мүмкіндік қабілетіне шек қояды.

Геометриялық оптика заңдары жарық толқындарының жолындағы бөгеттердің өлшемдері толқын ұзындығынан көп үлкен болатындай жағдайда орындалады.

Дифракциялық құбылысқа байланысты есептерді шығару үшін, яғни бөгеті бар ортада тарайтын жарық толқыны интенсивтілігінің таралуын табу үшін Гюйгенс және Гюйгенс-Френель принциптері қолданылады.

Гюйгенс-Френелъ принципі:


  1. Кез-келген уақыт мезетіндегі толқындық бет дегеніміз-айналып өтетін екінші ретті толқындардың жай ғана өзі емес, олардың интерференцияларының нәтижесі болып табылады.

  2. Жарық толқындары келiп жеткен беттiң әрбiр нүктесi өз кезегiнде жаңа толқын көздерi болып табылады.

Тамаша оптикалық аспаптың-дифракциялық тордың құрлысы дифрациялық құбылысқа негізделген.

Дифракциялық минимумдар шарты: b sin γ= (2m +1) λ

2

Дифракциялық максимумдар шарты: b sin γ = m ∙λ



Тамаша оптикалық аспаптың-дифракциялық тордың құрлысы дифрациялық құбылысқа негізделген.

Дифракциялық тор толып жатқан өте жіңішке, мөлдір емес аралықтармен бөлінген көптеген саңылаулар жиынтыгы болып табылады. Дифракциялық тор деп бiр-бiрiне жақын, әрi параллель орналасқан тар жолақ саңлаулар жүйесiнен тұратын спектральдық құралды айтады.

Жазық параллель шыны пластинкадан осылай жасалған торлар жазық, мөлдір тор деп аталады. Осындай шыны торды алғаш (1822 ж.) неміс физигІ Фраунгофер жасаған, оның торында бір дюймнің бойына 8000 штрих сызылған болатын; осы кездегі шетелде жасалатын тордың бір дюйміне келетін штрих саны 30 000-ға дейін болады, басқаша айтқанда 1 мм-ге 1181,13 штрих келеді. Біздің елімізде жасалатын дифракциялык. торларда бір миллиметрге келетін штрихтар саны 1200-ге дейін болады.



Жақсы тор шыны пластинаға параллель штрихтар сызылған арнаулы бөлгіш машинаның көмегімен жасалады. Сапа жағынан ең жақсысы-шағылдырғыш торлар деп аталатындары. Олар жарықты шағылдырғыш және шашыратқыш бөліктердің кезектесуі болып табылады. Жарықтың шашыратқыш штрихтары кескішпен металл пластинаның тегіс өңделген бетіне сызылады. Дифракциялық тордың көмегімен толқын ұзындыгы өте дәл өлшеуге болады. Дифракциялық торлар жарықты спектрлерге жiктеу үшiн, сонымен қатар жарықтың белгiсiз толқын ұзындығын анықтау үшiн де қолдаылады.




Ақ жарықты дифракциялық тордың көмегімен спектрге жіктеу.



Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет