Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев журналистердің “министрлер кабинеті кетуі мүмкін бе?” деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Айта кетейік, 2024 жылдың 7 ақпанында Астанада үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетіні туралы сенат кулуарында палата спикері мәлімдеді 

"Біріншіден, мен мұндай сұрақтарға (жауап беруге) құзыретті емеспін және құзырлы емеспін. Бұл жерде қандай да бір пікір берсем, дұрыс болмайды. Жалпы, менің ойымша, үкімет белсенді жұмыс істеп, өз міндетін орындап жатыр. Әрине, сіздер, БАҚ жазып жатқан кемшіліктер бар", – деді Мәулен Әшімбаев.

  • Үкімет отставкаға кетіп, жаңа құрам жасақталады — Мәулен Әшімбаев 

  • Мұхамедиұлының кінәсі дәлелденсе, Абаев отставкаға кете ме? Министрдің өзі жауап берді

Палата спикері бүгінде үкімет мемлекет басшысы бастаған кешенді реформаларды жүзеге асыру үшін қажеттің барлығын жасап жатқанын атап өтті.

"Парламент тарапынан, атап айтқанда, сенат тарапынан біз қажет құқықтық базаны жасаймыз", – деді Мәулен Әшімбаев.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.