Сабақ: Математика Мектеп: Қазалы №98мектеп Сабақ тақырыбы: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу



жүктеу 104.31 Kb.
Дата20.12.2018
өлшемі104.31 Kb.
түріСабақ


Қысқа мерзімді жоспар


САБАҚ: Математика

Мектеп: Қазалы №98мектеп

Сабақ тақырыбы: Таңбалары әртүрлі екі санды қосу

Оқытушының аты-жөні: Қазбекова Гузелья

СЫНЫП: 6

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар:-0

Осы сабақ арқылы іске асатын оқыту мақсаттары

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу туралы мәлімет беру; Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін қолдануға үйрету; Өзара бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Таңбалары әр түрлі сандарды қосу туралы білетін болады;

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін айта алады;

Кейбір оқушылар:

Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін есептер шығаруды толық қолданады;



Тілдік мақсат

Оқушылар:

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін:



  1. Модулі үлкен саннан модулі кіші санды азайту керек;

  2. Шыққан санның алдына модулі үлкен санның таңбасын қою керек екендігін білетін болады.

Пәнге негізгі сөздер мен тіркестер:

Рационал сан, координаталық түзу, теріс сан.



Диалог / жазылымға арналған пайдалы тіркес (тер):

  • Сонымен бізде таңбалары қандай сандар бар екен?

  • Таңбалары бірдей сандарды қосу туралы мағұлматтар алдық және есеп шығару барысында қолданып көрдік енді біздер тағыда қандай сандарды қосуымыз болады?

Жазылым үшін:

Қарама –қарсы сандардың қосындысы 0 тең.

(- 9 ) + (+ 9) = 0

Әріппен жазатын болсақ: а + ( - а) = 0; а – а = 0

Қарама –қарсы сандардың қосындысы нөлге тең болғандықтан, оларды «жойылды» деп үйлесімді сызықтармен сызуға болады.

( - 0,5) + 0,5 + (- 2,7) = - 2,7

Алгебралық қосындыдағы жақшамен жазылған қосылғыштардың жақшасыз жазғанда қосылғыштар өз таңбаларымен ғана жазылады.

(- 8,5) + (+ 2,5) + ( - 3,7) + ( + 1 ) + ( - 9,3) = - 8,5 + 2,5 – 3,7 + 1 – 9,3 = - 18


Алдыңғы білім

Теріс сандарды қосу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған әрекеттер (төмендегі жазбаларды өзіңіздің жоспарлаған әрекеттеріңізбен алмастырыңыз)

Ресурстар

Басы:

3 минут


5 минут

3 минут


15 минут

5 минут


І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.

Мұғалім: Оқушылар бүгінгі күнімізді біздер «Жақсылық хабар жауған күн» деп атайық.

2. Топқа бөлу. Сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді.

Оқушыларға математикалық «Қосу», «Азайту» амалдары бейнеленген үлестірмелі қағаздардан өздеріне қалағанын алуын өтінеміз. Оқушылар үлестірмелі қағаздың суреттеріне қарап сыни тұрғыдан ойлау арқылы 2 топқа бөлінеді. Топ мүшелері өздерін «Көшбасшы» «Хатшы» «Баяндамашы» «Уақыт сақшысы» «Бақылаушы» ролдеріне бөледі.

Топ бақылаушысы жұмыс барысында топ мүшелерінің жұмыстарын бағалап бақылау парағына жазып отырады. Топ мүшелерінің жұмысын формативті бағалайды. ( топтарға топ мүшелерін ролдерге бөлуге 1 минут уақыт беріледі)



ІІ. Жеке жұмыс «Кестемен жұмыс»

Үйге берілген тапсырманы үлгі тапсырмаға қарап бағалау.


№174 Кестені толтырыңыздар:


х

-15

-3,5

-8,4

0

-25,7

у

-23

-4

-10

9,999

-8,2

х + у















Топ мүшелері өз жұмыстарын үлгіге қарап өзін-өзі бағалайды. Және бағалаудың формативті түрі арқылы бағаланады.


ІІІ. Ашық сұрақтар.

Сұрақ: Сонымен бізде таңбалары қандай сандар бар екен?

Сұрақ: Таңбалары бірдей сандарды қосу туралы мағұлматтар алдық және есеп шығару барысында қолданып көрдік енді біздер тағыда қандай сандарды қосуымыз болады?

ІV. Жұппен жұмыс «Көрші қуанышын бөлісу»

Әр топқа хат келеді, хатта жаңа сабақтың түсіндірмесі, мысалы есебімен бірге беріледі.

Берілген мәтінді жұп болып оқып, топта бірлесе отырып талқылайды. Сосын топ баяндамашылыры кезектесіп баяндайды.


Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табуды үйренейік.

Таңертең ауаның температурасы – 30 С болды, ал түсте +40 С-қа өзгерді (40 С-қа жоғарлады) Түсте ауа температурасы неше градус болды? Түстегі ауаның температурасын табу үшін (-3) санына (+4) санын қосу керек. Демек (-3) + (+4) қосындысын табу керек. Бұл қосындыны координаталық түзуде орындайық.

Координаталық түзуде (-3) санын А нүктесімен кескіндейік: А(-3) . (-3) санына (+4) санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыту керек. Сонда қосынды В нүктесінің координатасына тең болады. В (1)

(-3) + (+4) = + 1 немесе ( - 3) + 4 = 1

Қосындының модулі 4 және ( -3) сандарының модульдерінің айырмасына тең:

| 4 | - | 3 | = 4 – 3 = 1

Қосындының таңбасы модулі үлкен санның ( + 4 –тің) таңбасындай.

( - 3) + (+ 4) = + 1 Түсте ауаның температурасы + 1 0 С

Термометрдің де көрсетуі бойынша түсте ауаның температурасы + 10 С




Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санның қосындысын табуды үйренейік.

Түсте ауаның температурасы + 3 0 C болды, ал кешке – 50 С-қа өзгерді. (50 С-қа төмендеді) Кешке ауаның температурасы неше градус болды?

Кешкі ауаның температурасын табу үшін (+3) +(-5) қосындысын табу керек.

Координаталық түзудегі (+3) + (-5) қосындысы D нүктесінің координатасына тең, D (-2)



Термометрдің көрсетуі бойынша да кешкі ауаның температурасы – 2 0 С

Қосындының модулі ( - 5) және (+3) сандарының модульдерінің айырмасына тең:

| - 5 | - | 3 | = 5 – 3 = 2

Қосындының таңбасы модулі үлкен санның (- 5 –тің) таңбасындай: (+3) + (-5) = - 2





Көшбасшы

Баяндамашы

Хатшы

Уақыт сақшысы

Бақылаушы































































Сергіту сәті : Математикалық логикалық әзіл есептер шығару

Үлестірмелі қағаздар

Бақылау парағы

Бағдаршам

Екі жұлдыз, бір ұсыныс



Ортасы

10 минут



VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандар дегеніміз қандай сандар?




Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосу үшін қолданылатын ереже




Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес сандарды қосуға мысал келтіріңіз




Таңбалары әр түрлі сандарды қосу мен теріс сандарды қосу тақырыптарының айырмашылығымен ұқсастығы?




Тұжырымдамалық тапсырма

а

18

5,1

-25

-8,3

0,56

0,78

в

- 9

-10

30

5,6

-0,89

-2

а + в





















Математикадан оң және теріс сан ұғымдарын алып тастауға бола ма?






Екі жұлдыз бір ұсыныс




Аяқталуы:

2 минут


2 минут


VІІ. «Рефлексия»жазу

Оқущылар өтілген сабақ бойынша рефлекция жазады.

Бағалау: жиынтық баға

Үйге тапсырма : Таңбалары әр түрлі екі санды қосу

Есептер орындау № 471


Барлық оқушы кері байланыс жасап, әр топтан бір –екі оқушы қорытынды айтады.

Сабақ соңында топ басшыларының бағалауын ескере отырып жиынтық баға қойылды.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.


Рефлекциялық парақ
Бағалау парағы

Қосымша ақпарат

саралау

Бағалау:

формативті бағалау: бағалау парағы, бағдаршам арқылы, екі жұлдыз, бір ұсыныс , смайлик , критерий бойынша

суммативті бағалау: мұғалімнің бағасы


Пәнаралық байланыс:

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері: сыныпта қауіпсіздік жағдайы жасалған.

АКТ мен байланыс: интерактивті тақта, электронды оқулық.

Құндылықтармен байланыс: топтық жұмыс барысында бірін-бірі тыңдап өз ой, пікірлерін толық жеткізе алды.



Рефлекция






Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет