Сабақ. Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары



Дата24.01.2023
өлшемі0.57 Mb.
#181874
түріСабақ
Байланысты:
№12 (1)
Биохимия ЛЕКЦИЯ 3, каз экз вопросы цит гист эмбр, 34ко

12 дәріс Сабақ. Сабақтың морфологиялық және анатомиялық құрылыстары.

Дәрістің жоспары:

1. Сабаққа жалпы сипаттама

2. Морфологиялық ерекшеліктері

3. Сабақтың анатомиялық құрылысы

1. Сабаққа жалпы сипаттама

  • Сабақ – жоғары сатыдағы өсімдіктердің вегетативтік мүшесі, өркеннің өстік (тірек ) бөлімі. Сабақ ұшында төбе меристемасының болуына байланысты үнемі ұшынан өсіп отырады. Сабақта жапырақ пен бүршік жетіледі.
  • Қызметі: Сабақ тамыр мен жапырақты байланыстырып тұрады. Сабақ арқылы фотосинтез процесінің нәтижесінде пайда болған органикалық заттар (төменгі ағыс жолымен) тамырға қарай, ал тамыр арқылы қабылданған су және онда еріген минералдық тұздар мен органикалық заттар (жоғарғы ағыс жолымен) жапыраққа қарай жылжиды. Тіректік қызмет атқарады.
  • Негізгі қызметтерімен қатар көпжылдық өсімдіктердің сабағында қор заттары жиналады, шөптесін өсімдіктердің сабағында фотосинтез жүреді және көптеген өсімдіктердің сабағы вегетативті көбею мүшесі болып табылады.

2. Морфологиялық құрылысы

Сабақтың кеңістікте бой түзеуіне байланысты:

Сабақтың кеңістікте бой түзеуіне байланысты:

  • Тік - емен, қайың, жүгері, күнбағыс және т.б
  • Көтеріңкі - құлмақ жоңышқасы, қызылбас беде, күміс қазтабан және т.б.
  • Төселмелі - қияр, қауын, қарбыз, асқабақ және т.б.
  • Өрмелегіш - лианаларға сабағы жіңішке, арқаулық ұлпасы біршама нашар жетілген, әрі ұзын болып келетін жүйелілік (систематикалық) тұрғыдан әр түрлі таксондардың өкілдері жатады.
  • Өрмелеу тәсілдеріне қарай лианалар:

  • Таянып өсетіндер –ротанг пальмасы, кейбір тропикалық фуксиялар жатады;
  • Жармасып өсетіндер –жабысқақ, қызыл бояу шөп, раушанның түрлері, таңқурай;
  • Мұртшалар – жабайы жүзім, асқабақтар тұқымдасы мен бұршақ тұқымдасының көбі;
  • Шырмалғыштар - құлмақ, шырмауық, дала шырмауығы, көпгүлді үрме бұршақ.

Өсу бағытынына байланысты


Тік
Қысқарған
Өрмелегіш
Шырмалағыш

Сабақтың консистенциясы

Өсімдік сабақтарының жұмсақ-қаттылығын, жуан-жіңішкелігін, жұқалық-етженділігін, борпылдақ-шымырлығын, мықтылық-морттығын, бітеу-қуыстығын сабақтың консистенциясы деп атайды.

3. Сабақтың анатомиялық құрылысы

Алғашқы құрылысы

  • Сабақтың ұшында алғашқы меристема орналасады (өсу конусы). Өсу конусының ұшындағы клеткалардың қабатынан эпидермис пайда болады. Осы жерде жапырақтың алғашқы бастамасының деңгейінде прокамбий түзіледі. Одан алғашқы флоэма мен ксилема пайда болады. Прокамбийден сыртқа қарай алғашқы қабық, ал ішке қарай өзек орналасады. Осылайша сабақтың алғашқы құрылысы қалыптасады.

Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды 2 комплекске:

Сабақтың алғашқы құрылысында ұлпаларды 2 комплекске:

Алғашқы қабықты мынадай ұлпалар түзеді:

  • Колленхима;
  • Паренхимасы;
  • Эндодерма (крахмал қынабы)
  • Орталық цилиндрдің сыртқы қабатын перицикл деп атайды. Ол паренхималық клеткалардан тұрады. Олардан камбий және феллоген пайда болады. Перициклден ішке қарай прокамбийден пайда болатын өткізгіш системасы орналасады. Ортасында үлкен паренхималық клеткалардан тұратын өзек орналасады. Онда артық қор заттары жиналады.

1-эпидерма

  • 1-эпидерма
  • 2-хлоренхима
  • 3-перицикл склеренхимасы
  • 4-жабық коллатеральды шоқ
  • 5-алғашқы ксилема
  • 6-алғашқы флоэма
  • 7-шоқтың склеренхималық қаптауы
  • 8-паренхима

Жүгерінің алғашқы анатомиялық құрылысы:

Сабақтың соңғы анатомиялық құрылысы

  • Сабақтың соңғы құрылысы – камбийдің пайда болуымен байланысты.
  • Камбий орталық цилиндрде алғашқы флоэма мен алғашқы ксилеманың арасында түзіледі. Ол прокамбийден және алғашқы өзектік сәулелердің паренхимасынан пайда болады.
  • Камбий сабақтың шетіне қарай соңғы қабықтың элементтерін сүзгілі түтіктері, серіктік клеткалары, тіндік талшықтары, тіндік паренхималары және өзектік сәулелердің паренхималары бар, соңғы флоэмадан (екінші реттік тін) тұрады.
  • Өзекке қарай соңғы ксилеманы бөліп шығарады.
  • Камбийдің белсенділігінің нәтижесінде сабақ қалыңдап жуандайды.
  • Сонымен сабақтың соңғы құрылысы эпидермистен немесе тоздан, алғашқы және соңғы қабықтан, камбийден, соңғы және алғашқы сүректен, өзектен тұрады.
  • Сабақтың соңғы құрылысының мынадай типтері ерекше кең таралған: шоқсыз, аралық, шоқты.

қабық
Флоэма
камбий
сүрек
Өзек

Сабақтың алғашқы және соңғы құрылысының бөлінуі

1.Төбелік меристема; 2.Жапырақ бастамасы; 3.Меристемалық цилиндр; 4.Өзек; 5.Прокамбий; 6.Алғашқы қабық; 7.Алғашқы флоэма; 8.Алғашқы ксилема; 9.Камбий; 10.Эпидерма; 11.Перицикл; 12.Эндодерма; 13.Соңғы флоэма; 14.Соңғы ксилема; 15.Алғашқы қабықтың флоэмасы; 16.Колленхима;

СӨЖ

  • Қарағайдың,жөкенің ,зығырдың сабағының құрылысы.
  • Күнбағыстың, кирказонның сабағының құрылысы.
  • Дара жарнақты жабық тұқымдылардың:қара бидайдың, жүгерінің сабағының құрылысы.


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет