Сабақ Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген Сабақтың тақырыбы



жүктеу 1.62 Mb.
бет1/8
Дата14.04.2018
өлшемі1.62 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8


1 сабақ

Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының ережелері. Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз талғанда жасалатын жаттығулар.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыны қауіпсіздік ережесімен, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережелерімен, көз жаттығуларымен, төтенше жағдайдағы іс-әрекет ережелерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны ұқыптылыққ , жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, тақта, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

Оқушыны ұйымдастыру



  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  2. Сабақты бекіту

  3. Үйге тапсырма


1. НЕПЗП ҚАГИДАЛАР

ҚазССР халыққа білім беру министрлігінің 08.02.90 жылғы бұйрығына сәйкес, барлық оқушылар оқу процесінде есептеу техникасын қолдану алдында қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алып, апат жағдайдағы әрекеттер ережелерімен, электр тоғымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдерімен және шаршағанда, көз талғанда дем алу үшін орындайтын жаттығулармен танысулары қажет, Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау берілгеннен кейін оқушылар сынақ, тапсырулары керек. Бұл жөнінде сәйкес үлгідегі журналға тіркеу керек.

ЕТ кабинетінде сабақ өткізу кезіндегі оқушылар білуі тиісті еңбек қауіпсіздігін сақтау таланттарына қауіпсіздік техникасының ережелері, компьютер сыныбындағы тәртіп ережелері, электр тоғымен зақымданғанда көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек тәсілдері, жалпы шаршағанда және көз талғанда қолданылатын жаттығулар жатады.

ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Қауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:



  1. Жалпы

  2. ДК - де жұмысты бастау алдында

  3. Жұмыс істеу кезінде

  4. Авариялық жағдайларда

  5. Жұмысты аяқтағанда

Жалпы қауіпсіздік талаптары:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, шетеуге тиісуге тыйым салынады.

  2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.

  3. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.

  4. Корпусы мен сымдарының бүтіндігі бұзылған (ашық) ДК- де жұмыс істеуге тыйым салынады.

  5. Үстелге, ДК - дің жанына сөмке, портфель, кітап қоюға болмайды. Үстелде тек дәптер мен қалам ғана жатуы керек.

  6. Пернетақтаның үстіне ештеңе қоюға болмайды.

7. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.

ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:



  1. ДК электр тоғына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.

  2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

ДК- мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:

  1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60-70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.

  2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.

  3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.

  4. Оқушылар электр тоғымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.

  5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.

Апат жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары:

  1. ДК - де жұмыс істеу барысында ақауларын байқағанда, түтін немесе әдеттен тыс дыбыстар пайда болғанда жұмысты тоқтатып, аппаратураны өшіру және оқытушыға хабарлау керек.

  2. Қажет болса, өртті сөндіруге көмектесу керек.

  3. Қажет болса, электр тоғымен зақымданғандарға алғашқы көмек көрсете білу керек.

  4. Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білу керек. Мұнда құмды немесе көбікті өрт сөндіруге пайдалануға болады.

  5. Егер зақымданған адам тоқтың әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушыны электр тоғын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК - де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:



  1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

  2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

  3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.

АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ

Электр тоғымен зақымданғанда көмек көрсету:



  1. Тоқты ажырату

  2. Зақымданған адамды электр тоғының әсерінен электр тоғына өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;

  3. Зақымданған адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету;

  4. Дәрігер шақыру {мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Күйгенде көмек көрсету:

  1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (аналгин, валерьянка);

  2. Күйген жеріне май жағу (ванилин);

  3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын-ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;

  4. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Талып қалғанда көмек көрсету:

1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;

2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

Демі тоқтағанда көмек көрсету:



  1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса, қолмен орнына келтіру;

  2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).

  3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру (ауыздан-ауызға) керек.

КӨЗ ТАЛҒАНДА ЖАСАЙТЫН ЖАТТЫҒУЛАР
1-жаттығу

  • Көздеріңнің бұлшық етін қатайтып, бірнеше секунд жұмыңдар.

  • Көздеріңнің бұлшық етін босаңсытып, ашыңдар.

Бұл кезде бірқалыпты дем алыңдар. 4-5 рет қайталаңдар.

2-жаттығу



  • Кеңсірікке қарап тұрып, 3 рет терең дем алыңдар.

  • Көздеріңді талдырмаңдар.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

3-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ОҢҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

4-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, СОЛҒА қарап, көз тіккен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

5-жаттығу

  • Бастарыңды көтермей, ЖОҒАРЫ қарап, көздерің түскен нүктені белгілендер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

6-жаттығу

  • Бастарыңды бұрмай, ТӨМЕН қарап, көздерің түскен нүктені белгілеңдер.

  • Алысқа қадалып қараңдар.

7-жаттығу

- Көздеріңді 20-30 секунд бойы жиі-жиі жыпылықтатыңдар.


Үйге тапсырма: Қауіпсіздік ережелерін, көз жаттығуларын жаттау. Жұмыс дәптеріндегі 4-5 беттердегі тапсырмаларды орындау.
2 сабақ

Сыныбы: Күні: Тексерген

Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы ақпарат түсінігі. Ақпарат түрлері. Ақпарат формалары мен оларды өңдеу түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушының табиғаттағы ақпарат туралы түсінігін қалыптастыру, сипаты мен қабылдау тәсілдері бойынша әр түрлі ақпарат түрлерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны ұқыптылыққа, жүйелілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикасын, мәдениеттілігін дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

Оқушыны ұйымдастыру .

Үйге берілген тапсырманы тексеру .

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Тапсырмаларды орындау

Сабақты бекіту.

Үйге тапсырма беру.

Жаңа түсініктер:

"Ақпарат" сөзі латынның түсіндіру, баяндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін informatio сөзінен шыққан. Қазіргі кезде ақпарат күнделікті тұрмысқа, ғылымның әр түрлі: философия, экономика физика, математика, информатика т.б. салаларында кеңінен енді. Ақпаратты біз жазбаша немесе ауызша, тіпті қимыл-қозғалыс түрінде бере аламыз. "Ақпарат" деген сөз белгілі бір хабардың, жаңалықтардың өткен оқиғалардың мазмұнын білдіреді. Тірі организмнің құрылысын зерттеу де бізге көп ақпарат береді.



Ақпарат материямен және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның құрамды
I бөліктерінің бірі болып саналады.

Ақпарат түрлері

Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық – әлеуметтік - экономикалық ғылыми-техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:статикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы) ;алғашқы (кірістік), туынды (аралын.) немесе шығыстық;басқарушы және мәлімет беруші;объективті және субъективті болуы мүмкін.

Сигналды бірнеше типтерге бөлуге болады:

Физикалық табиғаты бойынша электромагниттік, жарық, жылылық, дыбыс, механикалық, биохимиялық;

Қабылдау тәсілі бойынша көру, есту, дәмді сезу, аурулық, физиологиялық.

Белгі деп кез келген тілдің алфавитін, им-ишарат тілдерінің белгілерін, кез келген кодтар немесе шифрларды, ноталық белгішелерін т.б. санауға болады. Ақпаратты өндеу процесі ақпаратты тасушы мен ақиқатты беру мен ақпаратты өндеу құралдарының болуы ескереді.

Адам ақпаратты кем дегенде үш деңгейде өндей алады, атап айтқанда: физиологиялық деңгейде (сезім мүшелері), ақылмен ойлау деңгейде, аңдаусыздық деңгейде. Бұдан басқа адам өз ұрпақтарына гендер арқылы тұқым қуалау ақпараттарын береді.

Ақпарат туралы былай айтуға болады: ақпарат - бұл бізді қоршаған әлемді таңбалар мен сигналдардың көмегімен бейнелеу деп пайымдауға болады.

Кім ақпарат хабарласа сол ақпарат көзі болып табылады. Мысалы, мұғалім, оқушы, сарқырама шуылы, т.б. Кімде-кім ақпаратты қабылдай алса, онда ол ақпарат қабылдаушы болып табылады. Мысалы, адам, жануар, өсімдік, т.б. Ал ақпарат тасушы: сынып тақтасы, журнал, ауа бөлшектері, радиотолқындар, қағаз, ағаш, металл, тас, кассета, дискет, сурет, слайд, перфокарта, ген т. б. бола алады. Ақпарат көзі мен қабылдаушы арасындағы байланыс арнасы телекоммуникациялық арна да, ауа да дыбыс толқындарын тасушы бола алады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады.



Адам ақпаратты жеткізе алады. Ақпарат алмасу үшін жолдаушы, қабылдаушы болады. Хабар жеткізуші құралдарды ақпаратты жеткізу арнасы деп аталады. Олар телевизор, радио, газет, компьютерлік желі т.б.

Адам ақпаратты өңдей алады. Ақпаратты өңдеу деп – ақпарат алуды, оның мазмұнын өзгертпей, ұсыну түрін өзгертуді, алынған ақпаратты бір ретке келтіруді және жаңа ақпарат іздене толықтыруды айтады.

Адам ақпаратты сақтай, жеткізе, өңдей алады. Бұл процесті ақпараттық процестер деп атайды.

Адам ақпараты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радио, теледидардан. газет-журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.



Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.

Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады себебі әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, он алтылық болады.

Тапсырмалар:

Жұмыс дәптеріндегі 1.1.1, 2, 3, 4, 5, 6 тапсырмаларды орындау



Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  • Адам ақпаратың қандай түрлерін қабылдай алады?

  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

Үй тапсырма: 3-бет. 1.1 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.1.7, 8, 9 тапсырмаларды орындау

3 сабақ



Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Ақпаратты түрлендіру. Ақпаратты кодтау. ASCII коды
Сабақтың мақсаты: Ақпаратты қабылдауды, жеткізуді өѕдеуді, және

сақтаудың тәсілдерін үйрету. Кодтауды түсіндіру.



Білімділік: Оқушыны ақпаратты техникалық құралдар мен дербес компьютердің

Көмегімен беру, сақтау және ұсыну тәсілдерімен, қабылданған екілік санау

жүйесімен, ASCII кодтарымен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері
Сабақтың өту барысы:


  1. Оқушыны ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

  4. Тапсырмаларды орындау

  5. Сабақты бекіту

  6. Үйге тапсырма


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Ақпарат деген сөзге қандай мағына бересіңдер?

  • Адам ақпараттың қандай түрлерін қабылдай алады?

  • Байланыс тілі деп нені айтады?

  • Қандай тілдерді білесіңдер?

  • Адам ақпаратты қалай және қайда сақтайды?

  • Адамның ақпаратты өңдеуіне мысал келтір

Жаңа түсініктер:

Ақпаратты белгілі - бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты сақтау, қабылдау, ұсыну, және өңдеу әдістері іс жүзінде ақпараттың ұсынылу (код талу) түріне байланысты болады. Ақпараттың кодтау кейде шифрлау деп те айтылады, оның кері кодтау декодирование процесімен тікелей байланысты. Екілік алфавиті 0 және 1 таңбаларымен ұсынылады. Ақпаратты екілік код пен көрсету үшін, құрылғы екі күйді айыра білуі керек, мысалы: 1-құрылғыда ток бар, ал 0-жогын, немесе 1-жоғары кернеу, 0 төмен кернеу. Тек екі түрлі мәні немесе оған сәйкес код разряды бар, 0 немесе 1 мәндерін ғана қабылдай алатын сигналды бит деп айтады. Символдарды кодтау үшін 8 биттен тұратын яғни 8 екілік таңбалардан тұратын тіркестерді қолдану қабылданған. 8 биттен тұратын кодты байт деп атайды. 8 нөл мен бірлердің көмегімен яғни бір байттың көмегімен 256 символ код талады. Символдарды код талу комбинацияларының жиынтығын кодтау кестесі деп атайды. ASCII коды.

Есептеуіш техникасында ең көп пайдаланатын код - ASCII коды - американдық ақпарат алмасудың стандартты коды.

Кодтау кестесінің 16 жолы 16 бағаны бар. Кесте екі бөліктен тұрады: стандартты, баламалы.




Стандартты бөліктегі - бірінші 128 символдар, 0-ден 127 -ге дейінгі кодтар: цифрлар, латын алфавитінің әріптері мен компьютер жұмысын басқаратын арнайы символдар.
Баламалы бөліктегі - 128-ден 255-ке дейінгі кодтар ұлттық алфавиттер (орыс, қазаќ). Ондық, екілік, он алтылық санау жүйелерінің сәйкестендіру кестесі 2-суретте келтірілген. Парта сөзін кодтау үшін

•Мәтіннің әр символының кодын ASCII кестесінен табу керек. Оның коды – екі он алтылық сан, оның біріншісі - осы символ орналасқан көлденең жолдың номерін, ал екіншісі тік баған номерін көрсетеді. Сосын сәйкестендіру кестесінен оның екілік жүйеге ауыстыру керек.


Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.1,2, 3,4, 5 тапсырмаларды және оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау
Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау деген не?

  • Бит, байт деген не?

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

  • Оқулықтағы 14 беттегі тапсырмаларды орындау


Үйге тапсырма : 1.2 тақырыпты оқу, жұмыс дәптеріндегі 1.2.6, 1.2.7 тапсырмаларды орындау

4 сабақ



Сыныбы: Күні: Мұғалімі: Тексерген
Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай қабылдайды. Ақпарат және оны бағалау

Сабақтың мақсаты: Ақпараттың өлшем бірліктерімен таныстыру, ақпаратты жеткізудің,өңдеуші техникалық құрылғыларымен таныстыру.
Білімділік: Оқушыны ақпарат түсінігіне адамның және техникалық көзқарасы бойынша қандай мән берілетінімен таныстыру. Хабардың ақпараттық көлемін есептеуге үйрету;
Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.
Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық – абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: компьютер, оқулық, жұмыс дәптері Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыны ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Тапсырмаларды орындау.

  5. Сабақты бекіту.

  6. Үйге тапсырма беру.


Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Кодтау мен кері кодтау деген не?

  • Бит, байт деген не?

  • Техникалық жүйелерде неге екілік алфавитті пайдалануды таңдайды?

  • ASCII коды дегеніміз не? Оның қызметі қандай?


Жаңа түсініктер:

Ақпарат оны тіркейтін құрылғыға дыбыс, электромагнитті сәуле, физикалық әрекет түрінде келін түседі. Бұл әрекеттер сигнал деп аталады.

Сигнал дегеніміз - оның көмегімен адам немесе, құрылғы ақпарат қабылдайтын процесс. Сигнал ақпарат тасуға. Ақпарат жіберу дегеніміз - сигналдар жіберу.

Сигналдар аналогтық (үздіксіз), дискретті (үзілісті) болуы мүмкін. Аналогтық сигналдарға мысалдары: температура, ток, кернеу. яғни уақыт аралығында үздіксіз өзгеретін процесс. Сигналды дискретті түрде ұсынғанда ол сан қатары, алфавит әріптері, музыкалық нота оған мысал бола алады. Уақыт аралығы неғұрлым көбірек алған сайын, кернеудің уақыт аралығында өзгеру процесін соғұрлым дәлірек сипаттаймыз. Керісінше дискретті процесті аналогтық процеске айналдыруға болады. Адам сезім мүшелері арқылы сигналдарды аналогтық түрде қабылдайды, ал есептеуіш техникалары негізінде дискті түрдегі сигналдармен жұмыс істейді.

Ақпарат адам үшін жаңа, белгісіз болу керек. Хабар бізге ақпарат алу деген бізге жаңа түсінікті болуы керек. Сол салада біліміміз жеткілікті болуы керек. Егер ақпарат біз үшін толық, объективті, жаңа, пайдалы, әрі нақты болса ол біз үшін бағалы болады. Хабардың ақпараттың көлемі деп - хабардың ұзындығын, яғни символдар санын білдіреді. Ендеше техникада кез-келген сақталатын, берілетін ақпарат көлемі ондағы берілетін ақпарат көлемі ондағы ең кіші өлшем бір екілік разрядқа немесе 1 битке тең болады. Ақпаратты өлшеу бірлігі бір байтқа тең. Одан кейін 1 байт. Хабардың ақпараттың көлемі - бит немесе байтта өлшенетін оның ұзындығы.

1 бай=8 бит;

1 кбайт(килобайт)=1024 байт;

1 мбайт(мегабайт) =1024кбайт;

1 гбайт(гигабайт) =1024 мбайт.



Тапсырмалар: Жұмыс дәптеріндегі 1.2.8, 9, 10, 11 тапсырмаларды орындау 1.2.9: Жауабы: 22 символ, 22 байт, 176 бит.

1.2.10. Шешуі:


Бір беттің ақпараттық көлемі 39*67=2613 символ=2613 байт

Кітаптың ақпараттық көлемі2613*290= 757770 байт = 757770 : 1024 = 740Кбайт

740:1024 = 0,722 Мбайт

0,722 < 1,44 Жауабы: кітапты бір дискетке сыйғызуға болады.
1.2.11. Оқу жылдамдығы мен сөйлеу жылдамдығының анықтау үшін оқушыларға екі-екіден
жұмыс істеу ұсынылады.


Шешу үлгісі: Минутына 1140 символ Секундына 1140:60—19 символ 19баіоп 19x8 =152 бит 19:1024 =0,0185 Кбайт

Жауабы: секундына 19 байт, 152 бит, 0,185 Кбайт.

Сабақты бекіту сұрақтары:

  • Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеуге, қай кезде есептемеуге болады?

  • Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  • Ақпараттың көлемін екілік түрде өлшеу бірліктерінің туындыларын атаңдар.

  • Кітапта 290 бет бар, бір бетте 39 жол, ал әр жолда 67 символ бар. Бұл кітапты сыйымдылығы 1,44 Мбайт дискіге сыйғызуға бола ма?


Үйге тапсырма: 15-16-17 беттерді оқу, жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау, сөз жұмбақ құрастырып келу.

5 сабақ



Сыныбы: Күні: Тексерген

Сабақтың тақырыбы: Компьютер деген не? Бағдарламалық жабдықтар. Ақпаратты компьютерде сақтау.

Сабақтың мақсаты: Компьютердің - әмбебап ақпараттық машина екенін, информатиканың не екенін түсіндіру.

Білімділік: Оқушыны информатика пәнімен, негізгі ақпараттық процестермен, компьютер өңдейтін ақпарат түрлерімен таныстыру. Бағдарлама және бағдарламалық жабдықтама түсініктерімен таныстыру;

Тәрбиелілік: Оқушыны тәрбиелілікке, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа үйрету.

Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілетін, логикалық - абстракциясын дамыту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтақќолданылатын көрнекті құралдар: Оқулық, компьютер, жұмыс дәптері

Сабақтың өту барысы:

  1. Оқушыларды ұйымдастыру .

  2. Үйге берілген тапсырманы тексеру .

  3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  4. Сабақты бекіту.

  5. Үйге тапсырма беру.

Өткен материалды қайталау сұрақтары:

  • Сигнал дегеніміз не?

  • Аналогтық сигналды дискреттік сигналға қалай ауыстыруға болады?

  • Алынған хабарды қай кезде ақпарат деп есептеген, қай кезде есептемеуге болады?

  • Ақпараттың қандай қасиеттері бар?

  • Хабардың ақпараттық көлемі деген не?

Жаңа түсініктер:

Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпараттық процесті жүзеге асыратын негізгі құрылғы компьютер деп аталады. Ақпаратты автоматты түрде өѕдеу - адамның қатысусыз өңдеу, бұл кезде компьютер алдын ала берілген бағдарлама бойынша ақпаратты өңдеуді алғашқы мәліметтерді енгізуден бастап нәтиже алғанға дейін жүргізіледі.

Кірістік мәліметтердің түрі мынадай болуы мүмкін:


Мәтіндік ақпарат

Оқулықтағы мәтін, дәптердегі шығарма, ауа райын болжау, радио арқылы хабар.

Сандық ақпарат

Көбейту кестесі, арифметикалық мысал, хоккей ойындағы есеп. .



Графикалық ақпарат

Суреттер, схемалар, сызбалар, фотосуреттер.

Музыкалық ақпарат

Дыбыстар, музыка, сөз

Бейне ақпарат

Түрлі түсті графика, дыбыс, фильмдер, екі және үш өлшемді жылжымалы объект ілер.

Компьютердің ақпараттық құралдары:

Бағдарламаларды компьютердің жадына екілік көрсетілуде ұсынуда арналған енгізу құрылғыларынан;

Ішкі және сыртқы болып бөлінетін, деректерді, бағдарламаларды сақтауға арналған компьютерлер жадынан;

Мәліметтерді өңдеу процесін басқаратын процессордан; өңдеу нәтижелерін шығаратын - шығару құрылғылардан;


барлық құрылғылар арасында ақпарат жеткізу қызметін атқаратын ақпараттық кең арнадан тұрады.
Бағдарламалық құралдар - әр түрлі мақсаттарға арналған бағдарламалар жиынтығы. Компьютердің бағдарламалық құралдарын бағдарламалық жасақтама деп те атайды. Олар:

Жүйелік деп аталатын, к-ң барлық құрылғылары мен мәліметтерді өңдеуді жасақтау қорларының жұмыстарын басқаратын;

Қолданбалы деп аталатын, мәліметтерді өңдеуге арналған; ►► Бағдарламалау жүйелері деп аталатын, басқа бағдарламаларды өңдеу қызметін атқаратын бағдарламалардан тұрады.


Каталог: uploads -> doc -> 00d1
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
00d1 -> Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда географиялық есептерді қолдану
00d1 -> Сабақтың тақырыбы: Сүйекті балықтар Сабақтың мақсаты: білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет