Сабақ№ Сыныбы Күні



жүктеу 1.85 Mb.
бет12/15
Дата17.03.2018
өлшемі1.85 Mb.
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының аймақ құрамы?

2. Латын Америкасының саяси картасы?

3. Латын Америкасының геосаяси жағдайы?

4. Латын Америкасы елдерінің мемлекеттік құрылымы?

5. Латын Америкасы елдерінің топтары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Латын Америкасының жер бедерін түсіндіру.


Латын Америкасының жер бедері






Таулары, үстірттері.

Мексика Кордильерасы, Кариб Кордильерасы, Анд тау, Бразилия, Гвиана, Патагония таулы үстірттері т.б..

Жазықтары, ойпаттары.

Амазонка, Ориноко, Ла-Плата ойпаттары, Гран-Чако, Маморе, Пантанал жазықтары.

3. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Латын Америкасының табиғат ресурстарын түсіндіру.



Минералды ресурстар

Мұнай-Венесуэла жерінде, көмір-барлық елде, уран, торий-Бразилия, Аргентина, Колумбия, Мексикада, темір-Бразилия, Боливия, марганец-Гвиана және Бразилия таулы үстірттерінде шоғырланған.



Түсті металлургия

Боливия, Перу, Бразилия аумағында «қалайы белдеуі» орналасқан, қалайы Кариб аралдарында да бар, алтын-Амазонка және Ориноко өзендерінің алаптарында, Аргентина жерінде шоғырланған, платина-Колумбияда, алмас-Бразилия, Венесуэла, Гайанада, боксит-Ямайка, Бразилияда, селитра-Чилиде барланған.

Агроклиматтық ресурстар

Аймақтың климатын қалыптастыруда географиялық орны мен жер бедері шешуші рөл атқарады.


Су ресурстары

Жер шарындағы ағын мөлшерінің 25%-ы тиесілі. Орталық Америкада тектоникалық көлдер, Венесуэла жерінде лагуналық көл, Перу мен Боливия шекарасында биік тау көлі бар.

Жер ресурстары

Аймақ жерінің басым бөлігін латеритті топырақтардың әр түрлі типтері алып жатыр, өңделетін жерлердің жалпы жер қорындағы үлесі 11%.

Орман ресурстары

Орман алқаптары д.ж. орман қорының 30%-ға жуығын құрайды.


Қорытындылау.


IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының минералды ресурстары?

2. Латын Америкасының агроклиматтық ресурстары?

3. Латын Америкасының су ресурстары?

4. Латын Америкасының жер ресурстары?

5. Латын Америкасының орман ресурстары?


V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Латын Америкасының табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Латын Америкасының халқы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Латын Америкасының халқы, ұлттық, діни, тілдік, жастық, жынысттық құрамдары, халық тығыздығы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Латын Америкасының халқымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру. 6. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының минералды ресурстары?

2. Латын Америкасының агроклиматтық ресурстары?

3. Латын Америкасының су ресурстары?

4. Латын Америкасының жер ресурстары?

5. Латын Америкасының орман ресурстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Латын Америкасы халқын түсіндіру.



Халық саны

Халқы 518 млн адам.

Тығыздығы

1 км2-ге 24 адамнан келеді. Тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы-70 жас.


Тілдік құрамы

33 елдің тәуелсіз елдің 18-інде мемлекеттік тіл испан тілі; Бразилияда португал; Кариб алабындағы 12 аралдық мемлекетте ағылшын; Гаитиде француз; Суринамда нидерленд тілі қабылданған.

Діни құрамы

Халықтың 90%-дан астамы католиктер.


3. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Латын Америкасы халқының ұлттық құрамын түсіндіру.


Латын Америкасы халқының ұлттық құрамы











Бразилия, Мексика, Венесуэла, Колумбия және Кариб алабы елдерінде африкалықтардың ұрпақтары мен мулаттар үлесі едәуір көп.

Суринам мен Гайанада тұрғын халықтың жартысынан астамы-азиялықтар.

Кариб алабындағы елдерде үндістердің африкалықтармен некесінен туған метистердің саны өте аз.


4. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Латын Америкасындағы аса ірі қала агломерацияларын түсіндіру.



Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Латын Америкасының халқы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Латын Америкасының ауыл шаруашылығы,көлік қатынасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Латын Америкасының өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары, экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Латын Америкасының шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.

3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының халқы?

2. Латын Америкасының ұлттық құрамы?

3. Латын Америкасының діни құрамы?

4. Латын Америкасының нәсілдік құрамы?

5. Латын Америкасы халқының еңбек ресірстары?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.


2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Латын Америкасының өнеркәсібін түсіндіру.



Отын-энергетика

Энергетикалық шикізат негізін мұнай мен газ құрайды, олардың үлесіне бастапқы энергия көзінің 85%-ы тиесілі.


Машина жасау

Металл өңдеу мен машина жасау кәсіпорындары Венесуэла, Колумбия, Чили мен Перуде; Бразилияда автозауыттар Сан-Паулу мен Сантус порты аралығында, Мексикада Мехико маңында, Аргентинада Кордова қаласы айналасында орналасқан.

Қара металлургия

Болат балқытудан бразилия, Мексика, Венесуэла, Аргентина көзге түседі.


Тамақ өнеркәсібі

Жеміс консервілерін жасау, ет өндіру, балық өңдеу салалары айрықша көзге түседі. Еуропа мен АҚШ нарығына көп мөлшерде жеміс конфютерлері, шырындар, жүзім шарабы шығарылады.


2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Латын Америкасының ауыл шаруашылығын түсіндіру.


Латын Америкасының ауыл шаруашылығы







Мал шаруашылығы

Аймақтан экспортталатын сиыр етінің 2/3 бөлігі Аргентина мен Уругвайдың үлесіне тиеді. Бұл елдерде үлкен қалаларды қамтамасыз етуге маманданған шаруашылықтарда сүтті мал мен ет-жүн бағытындағы қой өсіріледі. Перу, Болививия, Эквадорда ламалар мен альпакалар бағылады. Жылқы шаруашылығынан Мексика д.ж. 2-ші орын, Бразилия 3-ші орын алады. Перу мен Чилиге д.ж. өндірілетін теңіз өнімдерінің 20%-ы тиесілі.

Өсімдік шаруашылығы

Ең негізгі дақылдары-қант қамысы, кофе, какао, банан, мақта т.б. Қант қамысы-Чили мен Уругвйдан басқа елдің барлығында өсіріледі. Какао-16 елде өсіріледі. Сыртқа шығарылатын мақта талшығының 70%-ы Парагвай, Мексика, Бразилия, Аргентинаның үлесіне тиеді. Колумбия мен Эквадор д.ж. нарыққа гүлдер шығарады.



3 Топтастыру.

Топтастыру арқылы Латын Америкасының көлігін түсіндіру.


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының өнеркәсібі?

2. Латын Америкасының ауыл шаруашылығы?

3. Латын Америкасының көлік жүйесі?

4. Латын Америкасының өндірістік емес салалары?

5. Латын Америкасының ішкі айырмашылықтары?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Латын Америкасының ауыл шаруашылығ,көлік кешені.

.


Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Бразилия.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Бразилияның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, салалары, таралуы, сыртқы экономикалық байланыстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Бразилиямен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Б.Ү.Ү. кестесі.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесімен жұмыс.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Латын Америкасының өнеркәсібі?

2. Латын Америкасының ауыл шаруашылығы?

3. Латын Америкасының көлік жүйесі?

4. Латын Америкасының өндірістік емес салалары?

5. Латын Америкасының ішкі айырмашылықтары?

Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Бразилияны толық түсіндіру.




Географиялық орны

Солтүстігінде Гвиана, Суринам, Гайана, Венесуэла, батысында Колумбия, Перу, Оңтүстігінде Боливия, Парагвай, Уругвай, шығысында Аталант мұхитымен шектеседі.



Табиғаты және табиғат ресурстары

Ел аумағында Гвиана таулы үстіртінің оңтүстігі, Бразилия таулы үстіріті мен Амазонка ойпаты орналасқан. Елде марганец, алмас, боксит, алтын, полиметалдардың д.ж. маңызы бар кен орындары барланған. Аса ірі Қаражас кен орнында темір, түсті және сирек кездесетін металдардың мол қоры табылған. Бразилия жері, негізінен, экваторлық және субэкваторлық белдеулерде орналасқан, оңтүстік тропиктік белдеуге енеді.



Халқы

Халқы 182 млн адам. Қала халқының үлесі 78%. Аса ірі қалалары-Сан-Паулу, Рио-де-Жанейро, Белу-Оризонти, Ресифи, Порт-Алегри. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 20 адамнан келеді.180-нен астам тілде сөйлейтін 200 үндіс тайпасы мекен етеді. Мемлекеттік тілі –португал тілі. Халқының көпшілігі-католиктер, протестанттар мен жергілікті діндерді ұстанушылар да бар.


Өнеркәсібі

Энергиясында су энергиясы мен мұнай мен газ басым орын алады. Басқа түрлерінен этил спиртінің маызы артуда. Алюминий өндіруден д.ж. 4-ші орында. Машина жасау өнеркәсібі жалпы өнеркәсіп өнімінің 30%-дан астамы тиесілі. Жылына 2,3 млн автомобиль шығарады, жүк машиналары мен автобус жасаудан д.ж. 5-ші орында. Бұл салада жұмыс істейтін 21 компания арасында «Фольксваген-ду-Бразил», «Дженерал Моторс», «Форд-Виллис», «Крайслер-ду-Бразил» жетекші орын алады.



Ауыл шаруашылығы


Басты ауыл шаруашылық дақылдары-кофе, күріш, қант қамысы, жүгері, қытайбұршақ, бидай, какао, мақта. Мал шаруашылығында ірі қара малдың үлесі жоғары. Жыл сайын Амазонка ормандарынан 50 мың т-ға дейін табиғи каучук өнімдері, балауыз, ақ жаңғақ жиналады, Оңтүстік аудандарда парагвай шайы мен араукария сүрегін дайындау жүргізіледі


Көлігі

Тас жолдардың жалпы ұзындығы-2 млн км-ден асса, темір жол 22 мың км созылып жатыр, Сыртқы қатынастар теңіз және әуе көліктері арқылы жүзеге асырылады.

Сыртқа экономикалық байланыстары

Экспортқа темір, машина жасау өнімдері, бұршақ пен ұн өнімдері, кофе, какао, қант, жеміс шырындары, боксит шығарады. Импорт мұнай, құрал-жабдықтар, көмір құрайды.


Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді











V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Бразилия.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________

Сарамандық жұмыс №3
Тақырыбы: Америка елдері.

Мақсаты: Америка елдерін, даму деңгейін, жекелеген аймақтарын анықтау.

Көрнекілік: Оқулық, қосымша деректер, американың саяси картасы т.б.

Жоспары.

1. «АҚШ-д.ж. жетекші ел» нақты деректер негізінде қорытынды жазу.

2. АҚШ-тың бір штатына (таңдау бойынша) карта бойынша саяхат жасап, ең басты ерекшеліктерін анықтау.

3. Латын Америкасы елдеріне сипаттама. Осы көрсеткіштер негізінде аймақтың жетекші елін анықтауға бола ма?

Америка



Аумағы үлкен үш ел

Халқының саны үлкен үш ел

ЖІӨ үлкен үш ел

Бразилия, Аргентина, Мексика.

Бразилия, Мексика, Аргентина.

Бразилия, Мексика, Аргентина.


Халқы тығыз үш ел







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет