Сабақ тақырыбы: 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Дата13.01.2022
өлшемі219.69 Kb.
#169688
түріСабақ
Бөкей Ордасы
Байланысты:
КТЖ АКТ 1 сынып

Сабақ тақырыбы:

1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі

Оқу мақсаты:

7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау;

7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға беру

Бағалау критерийі:

Қолдану- Тарихи оқиға орнын картаға түсіреді;

Сыни ойлау мен талдау- Көтерілістің басталуын, барысын, нәтижесін, тарихи мағызын талдайды;

Бағалау- Көтеріліс басшыларын бағалайды

Көтерілістің басталу себептері:

  • 1) Бөкей ордасындағы қауымдық жерлерді ірі орыс помещиктері Юсупов пен Безбородко және хан туыстарының иеленіп алуы нәтижесіндегі жер тапшылығы;
  • 2) Жәңгір хан өзінің қайын атасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы;
  • 3) алым-салықтың өсуі, бұқара шағымдарының қаралмауы, халық мүддесімен санаспауы.

Көтеріліс 3 кезеңнен тұрады:

  • 1) 1833—1836 жылдар — көтерілістің алғышарттарының қалыптасуы;
  • 2) 1837 жыл — көтерілістің етек алған кезеңі, патша үкіметі әскерлерімен қақтығыстар;
  • 3) 1838 жылғы шілдеге дейін көтерілісшілер күшінің әлсіреп жеңілуі.

Көтерілістің қозғаушы күші — қатардағы қарапайым малшы-шаруалар, сонымен қатар оған ру ақсақалдары, старшындар, билер қатысты. Исатай төңірегінде көбінесе ру старшындары басым болды.

Көтерілістің қозғаушы күші — қатардағы қарапайым малшы-шаруалар, сонымен қатар оған ру ақсақалдары, старшындар, билер қатысты. Исатай төңірегінде көбінесе ру старшындары басым болды.

Исатайдыц жауынгер серігі, белгілі ақын Махамбет Өтемісұлы да беріш руының Исатай сияқты старшыны болды. Орысша да, ана тілінде де сауатты Махамбет Орынбор әкімшілігі мен казак арасында белгілі еді. Алғашқыда Жәңгір сарайында жүрген кезінде-ак халықтың ауыр тұрмысы ақынды бей-жай қалдырмады. «Хан емессің қасқырсың, «Жәңгір қолшоқпары Баймағамбет сұлтанға айтқаны», т.б. осы сияқты өлеңдерден көтерілістің мақсаты мен талаптарын көруге болады.

1836 жылғы ақпанда көтеріліс ұлт-азаттық сипат алды. Исатайдың серіктері Қабыланбай Қалдыбайұлы, Ұса Төлегенұлы, Смайыл Өтемісұлы (Махамбеттің інісі), Тінәлі Тайсойғанұлы, т.б. халықты көтеріліске шақырған үндеулерін таратты.

Тапсырма.

Тастөбе түбіндегі шайқасқа сипаттама беріңіз.

Қашан болды?

Шайқастың барысы

нәтижесі

Көтерілістің жеңілу себептері.

  • Көтеріліске қосылған үстем тап өкілдерінің опасыздығы;
  • Кіші жүз бен Ішкі ордадағы және Кенесары Қасымұлы жасақтарының басының қосылмауы;
  • әскери қаруланудың төмен дәрежесі.

Көтерілістің 3 кезеңін талдау.

  • 1-қатар. 1833—1836 жылдар
  • 2-қатар.1837 жыл
  • 3-қатар. 1838 жылғы

Тарихи маңызы

Жәңгір хан өлген соң 1845 жылы Бөкей ордасындағы хандық билік жойылды. Көтеріліс идеологы, XIX ғасырдағы Қазақстан тарихындағы жарқын тұлға, ақын Махамбет Өтемісұлының шығармаларында айтылғандай көтеріліс тек Жәңгір ханға қарсы бағытталған жоқ, бұл отаршылдыққа қарсы бағытталған азаттық көтерілісі болды.

Достарыңызбен бөлісу:

©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет