№ 1 сабақ
|
Тақырыбы: Қайталау сабақтары. Геометрияға бастама
|
|
|
Мақсат:
|
|
|
|
Жаңа білім
|
7-сыныпта өткен тақырыптарды есіне түсіреді. Кесінді нүктелердің жиынтығынан құралғандығын тұжырымдайды. Сәуленің қаншама нүктелердің жиынтығынан құралғандығын біледі.
|
|
|
Жаңа түсінік
|
Вертикаль, сыбайлас бұрыштардың қандай болатындығына мысал келтіреді. Вертикаль, сыбайлас бұрыштардың ең көп дегенде қанша градусқа тең екендігін болжайды.
|
|
|
|
Қолданым әрекеті
|
Екі түрлі жазықтықта жатқан фигуралардың тең болып, болмауының сырын ашады. Вертикаль бұрыштар мен сыбайлас бұрыштарының арасындағы байланысты анықтайды.
|
|
|
Талдау әрекеті
|
Берілген теореманың кері теоремасының бар екендігін қорытып шығарады.
|
|
|
Шығармашылық әрекет
|
Өздері қалаған бір теоремаға кері теорема жазады
|
|
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Геометрия ғылымындағы нүктенің, түзудің және жазықтықтың өзара байланысын анықтайды. Терминдердің дұрыс түсіндірмесін береді.
|
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
|
|
|
Сабақ типі: фронтальді, жұптық
|
|
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
|
Оқушыға жол сілтеу, бағыт беру және оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту.
|
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
|
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
|
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
| -
Қайдасов, Ж., Досмағанбетова, Г., Абдиева, А. Геометрия 7 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп», 2012.
-
Жаров, В.А., Марголите П.С., Скопец, З.А. Геометрия бойынша Сұрақтар мен Тапсырмалар. Москва, Просвещение, 1965.
-
Вертикаль бұрыштар. Онлайн сурет. http://www.fxyz.ru/
-
Жазықтықтың анықтамасы. Онлайн информация. http://kk.wikipedia.org/wiki/
|
|
|
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын
|
|
|
|
орындауына байланысты баға қойылады.
|
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
|
Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісіне қарағанда 8 есе кіші. Сыбайлас бұрыштардың үлкенін табыңыз.
|
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ ○
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
| Тақырып жоспары:
1. Нүкте, түзу, сәуле, кесінді және жазықтықты қайталау
2. Фигуралардың теңдігі
3.Геометрия аксиомалары
4.Теорема
5. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері
Слайдтар:
1 – слайд (титул)
|
|
2 – слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3 – слайд Тақырып жоспары
|
|
4 – слайд Қайталау сабақтары. Геометрияға бастама
|
|
5 – слайд Нүкте – фигуралардың негізгі құраушы бөлігі
-
Нүкте геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Нүкте – кеңістікте орналасқан белгілі бір көлемі, ауданы, ұзындығы және басқа да өлшем бірлігі жоқ объект.
-
К ез келген басқа геометриялық фигуралар нүктелердің жиынтығынан құралады
|
6 – слайд Түзу
-
Түзу геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Түзу деп нүктелердің бір қисық емес сызық бойындағы жиынын айтамыз.
-
Нүктелерді біріктіріп түзу кесіндісін салу үшін біз сызғышты қолданамыз.
|
7 – слайд Сәуле
-
Түзудегі қандай да О нүктесімен бірге оның бір жағында орналасқан нүктелер жиыны сәуле деп аталады.
q сәулесі
|
8 – слайд Кесінді
-
Түзудің берілген екі нүктесі мен олардың арасында жатқан барлық нүктелерінен тұратын бөлігін кесінді деп атайды.
|
9 – слайд Жазықтық
Ж азықтық — геометрияның негізгі ұғымдарының бірі. Геометрияның жүйелі курсын тұжырымдағанда жазықтық ұғымы бастапқы ұғым ретінде алынады. Ол екі өлшемді бейнелейді.
|
10 – слайд Фигуралардың теңдігі
-
Өлшемі және пішіні тең екі фигура тең фигуралар деп аталады
Мысалы:
Екі кесінді тең, егер олардың ұзындықтары тең болса.
|
|
11 – слайд Геометрия аксиомалары
Ақиқаттығы дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем аксиома деп аталады.
Мысалы:
-
Қандай түзуді алсақ та, ол түзуге тиісті нүктелер де, оған тиісті емес нүктелер де бар болады.
-
Kез келген екі нүкте арқылы бір ғана түзу жүргізуге болады.
|
|
12 – слайд Теорема
-
Теорема – дәлелдеуді қажет ететін тұжырымдама
-
Теоремалардың кері теоремасы болады. Бірақ, барлық теореманың кері теоремасы жоқ.
|
13 – слайд Теорема
Мысалы:
1) Егер үшбұрыштың бір төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы, беттессе, онда бұл үшбұрыш – теңбүйірлі үшбұрыш.
Осы теоремаға кері теорема:
2) Егер үшбұрыш теңбүйірлі болса, онда оның екі тең бүйірі қиылысқан төбесінен түсірілген биссектрисасы, медианасы және биіктігі, барлығы, беттеседі.
|
15 – слайд Вертикаль бұрыштар
-
Е кі қабырға қиылысып, пайда болған төрт бұрыштың тең бұрыштарын – вертикаль бұрыштар дейміз.
∠AOC мен ∠DOB вертикаль бұрыштар
∠COB мен ∠AOD вертикаль бұрыштар
Олар өзара тең!
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Сыбайлас бұрыштар мен вертикаль бұрыштардың айырмашылығы
|
Геометрияның негізгі ұғымдарын атаңыз
|
Теорема мен аксиоманың айырмашылығы
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
-
Кесінді нүктелерден жиынтығынан құралған ба?
-
Бір сәуле неше нүктелердің жиынтығынан құралған деп ойлайсыз?
-
Егер кесінді нүктелерден құралған болса, жазықтық кесінділердің жиынтығынан құралған деуге бола ма?
-
Сыбайлас бұрыш бола алатын екі бұрышты атаңыз
-
Вертикаль бұрыш бола алатын екі бұрышты атаңыз
-
Сыбайлас бұрыш ең көп дегенде қанша градусқа тең бола алады?
-
Вертикаль бұрыш ең көп дегенде қанша градусқа тең бола алады?
ІІ деңгей тапсырмалары
-
Екі түрлі жазықтықта жатқан фигуралар тең бола ала ма?
-
Екі кесінді бір нүктеде қиылысып, төрт бұрыш пайда болды.
Сол бұрыштардың ішіндегі сыбайлас бұрыштардың бірі 60o-қа тең, ал вертикаль бұрыштардың бірі 120o-қа тең. Осы айтылған тұжырымдама дұрыс па? Осындай вертикаль және сыбайлас бұрыштар табылады ма?
ІІІ деңгей тапсырмалары
-
“Сыбайлас бұрыштардың қосындысы 180o-қа тең”. Осы тұжырымдаманы теорема деп алып, осы теореманың кері теоремасын жазыңыз.
Топтық жұмыс.
Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.
І топ
|
ІІ топ
|
ІІІ топ
|
Сыбайлас бұрыштардың қатынасы 2:7 қатынасындай. Сыбайлас бұрыштардың кішісін табыңыз.
|
Екі түзу қиылысқанда шығатын бұрыштардың екеуінің айырымы -қа тең. Осы бұрыштардың кішісін табыңыз.
|
Сыбайлас бұрыштардың біреуі екіншісіне қарағанда -қа артық. Сыбайлас бұрыштарды табыңыз.
|
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№ 2 сабақ
Тақырыбы: Үшбұрышты қайталау.
|
Мақсат:
|
|
Жаңа білім
|
7-сыныпта өткен үшбұрыштардың теңдік қасиеттерін есіне түсіреді. Үш қабырғасы тең үшбұрыштың, тең бүйірлі үшбұрыш болып, болмауын анықтайды. Катет пен гипотенузаны салыстыруды есіне түсіреді.
|
Жаңа түсінік
|
Екі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары тең болса, олардың тең үшбұрыштар болып, болмауын айырып таниды. Үшбұрыштардың бұрыштарының қандай градусқа тең бола алатындығын түсінеді.
|
|
Қолданым әрекеті
|
Үшбұрыштың қабырғаларын берілген бір бұрышы мен қабырғасын қолдану арқылы есептеп шығарады. Үшбұрыштың бұрыштары мен қабырғалары арасындағы байланысын анықтайды.
|
Талдау әрекеті
|
Тең қабырғалы үшбұрыш пен тең бүйірлі үшбұрыштың теңдік белгілерінің байланысын анықтайды
|
Шығармашылық әрекет
|
Үшбұрыштардың ішкі бұрыштары туралы теореманы қайта қарайды.
|
|
Бағамдау әрекеті
|
Үшбұрыштардың теңдік белгілерін ерекшелейді. Теңбүйірлі үшбұрыштардың түсіндірмесін береді. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарын есептейді.
|
Сабақ құрылымы:
|
|
І. Ақпарат алмасу (14 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (4 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (16 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (8 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
|
Сабақ типі: фронтальді, жұптық
|
Оқыту әдісі: репродуктивті, ішінара ізденушілік.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
Оқушыға жол сілтеу, кей кездері көмектесу және оқушының индивидуалдық қасиеттерін дамыту.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Үшбұрыш, үшбұрыштың теңдігі, тікбұрышты үшбұрыш, бұрыш, қатынас, тікбұрышты үшбұрыштың теңдігі, параллель түзулер.
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
Тақырып бойынша әртүрлі ерекше сұрақтарды шешу, белгілеген мақсатқа қол жеткізу, өзін-өзі дамыту, топпен жұмыс істеу және топ жұмысының нәтижесін көру, өз ойын сынып алдында қорғай білу, өзгелердің жауабын көңіл бөліп оларды талдау.
|
Ақпарат көздері: Қайдасов, Ж., Досмағанбетова, Г., Абдиева, А. Геометрия 7 сынып оқулығы. Алматы «Мектеп» 2012
|
|
Оқушы жетістігін бағалау: Оқушыға сабақ блоктарының деңгейлік тапсырмаларын уақытылы орындауы, топтық жұмысқа қатысуы мен үй жұмысын орындауына байланысты баға қойылады.
|
|
|
Үй тапсырмасы:
Үшбұрыштың периметрі 12 сантиметрге тең. Оның қабырғаларының орталары біртіндеп кесінділермен қосылған. Пайда болған үшбұрыштың периметрін табыңыз.
|
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ ○
|
Тақырып жоспары:
1. Үшбұрыштар теңдігінің белгілері
2. Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамасы
3. Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері мен қасиеттері
4. Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар
5. Параллель түзулердің белгілері мен қасиеттері
Слайдтар:
1 – слайд (титул)
|
|
2 – слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3 – слайд Тақырып жоспары
|
|
4 – слайд Үшбұрыштар теңдігінің бегілері
-
Егер бір үшбұрыштың екі қабырғасы және олардың арасындағы бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес екі қабырғасы мен олардың арасындағы бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
|
|
5 – слайд Үшбұрыштар теңдігінің бегілері
-
Егер бір үшбұрыштың бір қабырғасы мен оған іргелес жатқан екі бұрышы екінші үшбұрыштың сәйкес қабырғалары мен оған іргелес жатқан екі бұрышына тең болса, онда мұндай үшбұрыштар тең болады.
|
|
6 – слайд Үшбұрыштар теңдігінің бегілері
-
Екі үшбұрыштың сәйкес үш қабырғасы да тең болса, онда ол екі үшбұрыш тең.
|
12 – слайд Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының арасындағы қатынастар
Үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары бір-біріне тәуелді. Мысалы: екі бұрышы тең болса, онда екі қабырғасы тең болады. Үш қабырғасы тең болса, онда үш бұрышы тең болады. Егер, бір бұрышы үлкен болса, онда оған қарама-қарсы жатқан қабырғасы да үлкен болады
|
|
13 – слайд Параллель түзулердің белгілері мен қасиеттері
Параллель түзулер деп ешқашан қиылыспайтын түзулерді айтамыз.
Екі параллель түзу басқа бір түзумен қиылысса, екеуі де бірдей бұрыш жасап қиылысады.
|
|
14 – слайд Үшбұрыштың бұрыштарының қосындысы
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
|
Үшбұрыштардың теңдігінің неше түрі бар. Атап бер
|
Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің неше түрі бар.
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
-
Екі үшбұрыштың үш қабырғасы және үш бұрышы тең, олар тең үшбұрыштар ма?
-
Барлық қабырғасы тең үшбұрыш тең бүйірлі үшбұрыш па?
-
Екі тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштары тең, олар тең
үшбұрыштар ма?
-
Бір катеті және бір бұрышы (сүйір бұрышы болмауы да мүмкін) тең тікбұрышты үшбұрыштар, тең үшбұрыштар ма?
-
Катет гипотенузадан үлкен болуы мүмкін бе?
-
Екі тікбұрышты үшбұрыш тең егер олардың сәйкес екі катеттері тең болса. Осы берілген теоремаға кері теорема жазыңыз.
-
Үшбұрыштың бір бұрышы 179o-қа тең болуы мүмкін бе?
ІІ деңгей тапсырмалары
-
Үшбұрыштың екі бұрышы 60o-қа тең және бір қабырғасы 1 см-ге тең. Қалған қабырғаларының ұзындықтарын табыңыз.
-
Егер ВС>AC>AB болса, онда үшбұрыштың бұрыштарын өсу ретімен жазыңыз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
-
Тең қабырғалы үшбұрыштың теңдік белгілерінен біреуін атаңыз.
Топтық жұмыс.
Сыныптағы оқушылар үш топқа бөлініп келесі тапсырманы орындайды.
І топ
Үшбұрыштың периметрі 36 см, ал қабырғаларының ұзындықтарының қатынасы 2:3:4 қатынасындай. Үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз.
ІІ топ
Үшбұрыштың барлық қабырғалары берілген. 3, 4, 5. Оған ұқсас үшбұрыштың периметрі 24-ке тең. Екінші үшбұрыштың үлкен қабырғасын табыңыз.
ІІІ топ
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 7,5 м-ге тең, ал бүйір қабырғасы 2 см-ге тең. Табанын табыңыз.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз. ____________________________________________________________________________________________________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |