Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



жүктеу 3.98 Mb.
бет18/30
Дата13.09.2017
өлшемі3.98 Mb.
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Футбол


Мақсаты

Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

  • :Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі:оқулық, Жиренше шешен туралы аңыз әңгімелер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару



II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге берілген тапсырманы сұрау, пысықтау.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі: Сөздік диктант: ветер, быстрый, движение, уровень, тройной.

IV. Мақсат қою кезеңі:- Балалар, қандай спорт тұрлерін білеміз?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

1. Диалогті өзара оқу

2. Диалог ішінде кездесетін сан есімдерді жазып алу, реттік сан есімге айналдыру.

Үлгі: 11- он бір, он бірінші

100- жүз, жүзінші т.б.

3. Ортақ етістің жұрнағын , оның ережесін еске түсіру. Диалогтан етістіктерді теріп жазып, оларға ортақ етістің жұрнағын жалғап жазу.

Үлгі: білесің- білістің

Шыққан- шығысты

Өзгерді- өзгерісті

Болады- болысты т.б.

.2- тапсырмадағы сөйлемдерді оқып, тіркесті сөздерді жазып алу.


1.Футбол ойыны қарсластырының қақпасына допты көбірек соғуды, сонымен бірге өз қақпаларына доп өткізбеуді көздейді.

2. Алаңда ойыншыларға қолын допқа тигізуге тыйым салынады.

3. Ойынның ұзақтығы- әрқайсысы 45 минут болатын екі кезеңнен тұрады.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Жазылым- 4- тапсырмадағы сөздердің қосымшаларын қойып жазыңдар.

1. Мен қызықты футбол ойыны... көрсем бе деп едім.- Мен қызықты футбол ойынын көрсем бе деп едім.

2. Футбол ойыны... билет... қай жерден алуға болады? – Футбол ойынына билетті қай жерден алуға болады?


Үйге тапсырма

Мазмұнын айту 49-50 бет.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Шахмат әліппесі


Мақсаты

Шахмат әліппесі туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

.- Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:оқулық, суреттер, мақал-мәтелдер

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу.


II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
IV. Мақсат қою кезеңі:Балалар мәтінді оқиық. Мәтін Шахмата туралы болмақ.

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ. Мұғалім мәтінді өзі оқып береді.

1 Кіріспе сөз: - Балалар, бүгін біздер сендермен жаңа тақырып өтеміз. Шахмат әліппесі тақырыбын өту арқылы біздер мәтін оқып, аударамыз. Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамытамыз.



Викториналық сұрақтар. Кім жылдам ойыны

Әр топқа бес - бестен сұрақ қойылады. Соған жауап берейік. Әрбір дұрыс жауапқа І ұпай беріледі.

І топқа:

І. Шахмат ойынында қанша түрлі тас бар? (Пешкі, піл, ат, тура, уәзір, патша)

2. Ми жұмысына арналған қазақтың ұттық спорт түрін атаңыз? (Тоғызқұмалақ)

3. Шахмат ойынында қандай тас және қай жағдайда басқа тасқа айнала алады? (Пешка. Жаудың төріне шыққанда)

4. Шахмат тақтасында неше тор көз бар? (64)

5. Билярд ойынында шарды ұратын таяқ қалай аталады? (Кии)

ІІ топқа:

6. Шахмат ойынында пат ұғымы нені білдіреді? (Тең түсу)

7. Қазақстандық шахмат жұлдыздары кім? ( Динара, Жансая)

8. Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақта неше тас, неше отау, неше қазан болады? (162 тас, 18 отау, 2 қазан)

9. Шахмат ойынының үш бөлігін атаңыз? (Дебют, миттельшпиль, эндшпиль)

10. Шахмат ойынының тұмар белгісінде қандай фигура бейнеленген? (Ат)



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Жаңа материалды пысықтау. Әке мен баланың іс-әрекетін

. Жорға. Ойыны

Шахмат тақтасындағы этюдтерді аяқтау, ойынды жалғастыру. Әр топтан бір - бір баладан шығып, магнитті шахмат тақтасындағы қысқа этюдті әрі қарай жалғастырады, үш пар ойыншыдан қатысады, жеңген топ сайыскеріне 5 ұпай беріледі.

. Шахмат жарысы. Әр топтан бес ойыншыдан шығып, арнайы дайындалған үстел үстінде шахматшының уақытын есептегіш сағаттарды белгілеп отырып, екі топ жарысқа түседі.

Сайысты қорытындылау: Әділқазыларға сөз беріледі. Шахмат жарысындағы сағат бойынша іріктелген жеңімпаздармен, ұпай бойынша жеңген топ марапатталады.

Шахмат ойыны қай елдерге ауысқан?

- Шахмат деген атау қайдан алынған?

- Ойынның мәні неде?

- Бұл ойын әуелі қай елде пайда болған?

-Қандай әлем чемпиондарын білесің?



Дәптермен жұмыс. Мақалдар.
Бекіту кезеңі. Балалардың «Әке мен бала» мәтінінен түсініктерін талдау.Әке мен балаға сипаттама беру.

Үйге тапсырма

Мазмұнын айту 57-58 бет.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Күрес


Мақсаты

Ұлттық ойын туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

  • Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік,сұрақ-жауап,

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу, зейіндерін сабаққа аудару.


II.Үй тапсырмасын сұрау.

А) ұлттық спорт түрлеріне берілген мәтінді мазмұндау;

Ә) сөздік диктант: зеректік, аңға байланысты, бес түрге бөлінеді, икемділік, түрлі заттармен ойналатын, ойындар, ата- бабаларымыз, тоғызқұмалақ.

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін пысықтау.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ.

1.Интербелсенді тақтадан қазақша күрес туралы бейнекөрініс көрсету.

2.Сыныпты 3 топқа түстер бойынша біріктіру . Сары, қызыл, ақ түстер арқылы бөліп, оларға шағын мәтіндер тарату. Мәтіндерді оқу, түсіну.

Қазақстанда күрестің қазақша күрес, грек- рим күресі, еркін күрес, дзю-до және самбо сияқты жекпе- жек түрлері кең тараған. 1928 жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданып, ол 1938 жылы республикалық спорттық жарыстың бағдарламасына енгізілді.


Сарылар :

Грек- рим күресі, классикалық күрес- қол және тұтас дене қозғалысына негізделген тәсілдерді пайдаланатын спорттық күрес түрі. Бұл күресте қарсыласын белден төмен ұстауға, аяқтан шалуға т.б. болмайды. Грек- рим күресінің мақсаты- қарсыласының жауырынын жерге тигізу не күрес тәсілдерін шебер қолдана отырып, ұпай санымен жеңу.Қазақ халқынан шыққан Қажымұқан Мұңайтпасов, Шәміл Серіков, Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов, Бақтияр Байсейітов, Нұрбақыт Теңізбаев сияқты Дүниежүзілік олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлерінің есімдері көпшілікке белгілі.

Ақ:

Дзю-до (жапонша дзю- жұмсақ, до- жол)



19 ғасырдың аяғында Жапонияда джиу- джицу күресі негізнде пайда болған. 1956 жылдан дүниежүзілік чемпионаттар өткізілді. Дзю-дошылар арнайы кілем (татами) үстінде күреседі. Киімдері- кимоно, белбеу, шалбар. Күрес ережесі бойынша қылқындыруға, қолды бұрауға болады. Жаңадан қатысып жүргендер беліне ақ белбеу, ал жоғары разрядшылар қара белбеу орап шығады. 1995 жылдан Алматыда Ораз Жандосов атындағы халықаралық турнир өтіп келеді.
Қызылдар:

Самбо ( орыстың самозащита без оружия - қарусыз қорғану деген сөзінің қысқартылған түрі) Күрестің бұл түрін қазақ, грузин, татар, әзірбайжан халықтардың ұлттық күрестерінің айла- тәсілдері негізінде белгілі маман Аркадий Харлампиев (1938 ж) құрған.Самбоның спорттық және әскери түрі бар.Самбодан КСРО біріншілігі 1939 жылдан бастап өткізілген. Ал Еуропа чемпионаты 1972 жылдан өткізіледі.Асхат Шахаров әлемнің үш дүркін чемпионы, Қанат Байшолақов, Бауыржан Садықанов, Асқар Шайхиев әлем чемпионы.

3. Грамматикалық тақырыптарды бекіту, пысықтау мақсатында тапсырмалар орын

51-жаттығу. Сөздерді салыстырып оқыңдар.



От-өт ор-өр он-өн оң-өң тол-төл қол-көл

тоқ-төк тор-төр тос-төс

2. Сөз жұптарындағы о, ө дауысты дыбыстарының өзара ұқсас дыбысталуын байқау.

3. Сөздерді жуан, жіңішке етіп тұрған дауыстыларды атаңдар.


Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Оқулықпен жұмыс.

«Қазақстанда күрестің қандай түрлері жақсы дамыған?

-Қандай күрес түрін классикалық деп санайды?

-Қай жылы қазақша күрестің бірыңғай ережесі қабылданды?

- Грек- рим күресінде қандай әдістерді қолданбайды?

-Дзю-до күресі қай ойынның негізде құралған?
-Дзю- до күресінде қандай киім киеді?

- Самбо күресін кім құрған?

- Самбодан кімдердің есімін есте сақтадың? Т.б.

VI. Жаңа материалды пысықтау. Жуан-жіңішке жұп дауысты дыбыстарға

мысалдар келтіру.


VII. Бекіту кезеңі. Көкемнің ақылы өлеңін оқып талдау.Тізбектей оқыту.


Өлеңді мәнерлеп оқып келу 61 бет.



Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Спорт

.


Мақсаты

Оқушыларға спорт тақырыбындағы сөздерді таныстыра

отырып, өз ойын еркін айта білуге меңгерту, тақырыпқа сай тапсырмаларды орындата отырып, диалогтік сөйлеу дағдыларын дамыту.(жіктік дұрыс жалғануын бақылау)



  • Оқушылар тақырыптың жалпы сипаттамасы туралы түсініктерін дамытып, оқып үйрену арқылы тілдері дамыйды


Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап,



Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау. «Спорт» өлеңін оқушыларға мәнерлете

оқытып, сұрақтар қою арқылы үй жұмысын қорытындылау.


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.м

Ойынның мәні неде?

- Бұл ойын әуелі қай елде пайда болған?

-Қандай әлем чемпиондарын білесің?


IV. Мақсат қою кезеңі:

алалар , бүгін біз сіздермен жуан, жіңішке дауысты

дыбыстарды талдаймыз.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ.

Тақтада спорт тақырыбына бейнесюжет көрсетіледі. Осы сюжетке сай біздің бүгінгі тақырыбымыз «Спорт — денсаулық кепілі»

Лексикалық минимум:
Пайдалы, Спорт пайдалы, секіреміз, жүгіреміз, жаттықтығамыз, велосипед, коньки тебу, допты тебеміз, айналысамын, ұнайды, намыс, намысын қорғаймын, былғары қолғап.

Сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастыру.

Спорт адамға пайдалы. Спорт үйірмесінде секіреміз, жүгіреміз. Мен допты тебемін. Арман велосипед тебеді.

4.Диалог «Спорт» тақырыбына байланысты диалог құрастыр.

Сәлем!

Сәлем!


Сен қайдан келесің?

Мен ….. спорт кешенінен келемін.

Онда не істедің?

Онда футболға бардым. Сен волейболға бардың. Ол хоккейге барды.

Үйірмеге қатысасың ба?

Мен футбол үйірмесіне барамын. Сен волейбол үйірмесіне барасың. Ол хоккейге барады.

Спорт үйірмесінде не істейсіңдер?

Мен секіремін, жүгіремін, жаттығамын. Сен жүгіресің. Сен жаттығасың. Ол жаттығады.

Сен …. спорттан жарысқа қатыстың?

Мен футболдан жарысқа қатыстым. Сен футболдан жарысқа қатыстың. Ол футболдан жарысқа қатысты.

Сергіту сәті.

Шынықтырып денені «Қара жорға» билейік.

Мәтінмен жұмыс.

Тыңдалым. Балалар мына суретте қай қаланы көріп отырмыз. «Медеу» бұл жерде қандай жарыстар болады?


Бұл жерде қысқы олимпиада болды.

Енді Алматы қаласынан Абылай хан деген бала сендерге хат жазып жіберіпті.



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке?

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Берілген сөздердің аудармасын сәйкестендіріңдер.пайдалы Упражнение

секіреміз Полезно

жүгіреміз Прыгаем

жаттығамыз Катаься на коньках

коньки тебу Занимаюсь

айналысамын Бегаем

намысын қорғаймын Защищаю честь

былғары қолғап Спортивный

2-тапсырма. Суреттерді пайдаланып, сөйлем құрастырыңдар.

Балалар …. алды. Мен …. тебемін. Біз таудан … сырғанаймыз. Мұз айдынында …. тебеміз. Айбек …. киді. Мен … сатып алдым. Мен …. спортымен айналысамын.


(Балалар доп алды. Мен велосипед тебемін. Біз таудан шаңғымен сырғанаймыз. Мұз айдынында коньки тебеміз. Айбек былғары қолғап киді..

VI. Жаңа материалды пысықтау:

VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі

сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.

2.Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.


Үйге тапсырма

Спорт туралы әңгіме жазу.


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0523 -> Сабақтың тақырыбы Сызықтық спектр. Атом ядросының үлгісі Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет