Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



жүктеу 3.98 Mb.
бет19/30
Дата13.09.2017
өлшемі3.98 Mb.
түріСабақ
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Спорт түрлері


Мақсаты

Оқушылардың тақырыпқа сәйкес сөйлеу әрекетін дамыту; өз бетінше оқу, есте сақтау, сұрақтар қою, жоспар құру, деректерді анықтау т.б. сияқты тапсырмаларды орындау арқылы сыни ойлауға үйренеді.

  • топта ынтымақтастықпен жұмыс жасайды, бірін – бірі реттейді, сыни ойлай отырып сыныптастарын бағалайды.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, мақалдар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

II.Үй тапсырмасын сұрау. «Мен споршымын» тақырыбына жазған әңгімені оқытып
III.Өткен материалдан білімдерін тексеру. Ережелерді еске түсіру.
IV. Мақсат қою кезеңі:-

І топ Қазақстан чемпиондары туралы мәлімет дайындайды.

ІІ топ Футболшылардан сұхбат алады.

ІІІ топ Спорт туралы крассворд дайындайды.

Шахмат ойыны неге тәрбиелейді деп ойлайсыңдар?

-Балалар арасында Шахматтан әлем чемпионы?

Шахматшы Жансая туралы мәлімет алады.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Мағынаны тану

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс.

Тапсырма. Артық сөзді тап.

1.Драма театры, қыр мұрынды, кешке дейін, он бес, сенімді;(тіркесті сөздер ережесі)

2. Алтыншы, алғашқы, бір мың тоғыз жүз қырық бесінші, оныншы; (реттік сан есімдер ережесі)

3.Сөйлесті, жинасты,айтты,күресті, жұптас(ортақ етіс ережесі)

4.Экология, квадрат, әнұран, әуежай,оптика, ағаш (термин сөздер ережесі)

Тапсырма. Мозаика

1.Топтарға «Шахмат әліппесі» мәтіні бөлініп беріледі. Оқиды, талқылайды, өзіне қажет жерін түртіп алады.

2. Жаңа топ құрап, өз мәтін бөліктерін әңгімелейді.

3.Топ мүшелері өзінің бастапқы тобына оралады. FILA кестесін толырады.

4.Топтық жұмысымен таныстырады.

5. Бағалау



Пысықтау

Жаңа материалды пысықтау. «Әке көрген оқ жонар» деген

нақыл сөз беріліпті кім қалай түсінеді?



Ақсақалдың ақ батасы

Оқуда алғыр бол,

Ойлауға даңғыл бол.

Өмірде әділ бол,

Ашуда сабыр бол.

Ісіңде шебер бол,

Ақылға кемел бол.

Қиынға батыл бол,

Еңбекте батыр бол.

Уәдеңе берік бол,

Ауылыңа көрік бол.
VII. Дәптермен жұмыс. Мақалдарды көшіріп жазу.

Тапсырма.


1.Берілген мәтін бөлігін талқылайды.

2.Жаңа топ құрайды. Әрқайсысы өз мәтін бөлігін түсіндіреді.

Ақ түсті үстелге №1-лер келіп отырады.

Сары түсті үстелге №2-лер

Қызыл түсті үстелге №3-тер

Жасыл түсті үстелге №4-тер

Нөмірсіз үстелге №5-тер келіп отырады.

3.Өз тобына қайта оралып FILAкестесін толтырады. (қосымша 1)

4.Топ мүшелерінің біреуі топтың жұмысымен таныстырады.

5. Төрт топ бір бірінің жұмысын бағалайды.



Үйге тапсырма

48-жаттығу. Жаттау 55 бет


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сіз спорттың қай түрін ұнатасыз

.

Мақсаты

Спорт жұлдыздары туралы мәлімет беру, салалас құрмалас сөйлемді қайталау; Оқушылардың ой — өрістерін кенейту, сөздік қорларын молайту; Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын ұстануға бағыттау

  • Тақырыптың идеясын орындау арқылы өзгелерді тыңдай білуге , тиянақтылыққа, ұқыптылыққа үйренеді

Сабақ тың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың оқу құралдарын түгендеп, зейіндерін, ынта

жігерлерін сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.Балалар, өткенсабақта қандай тақырып өткен едік? Кім мағанайтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы спорт деген не?-Спорт не үшін қажетт?

IV. Мақсат қою кезеңі:- І топ Топтың аты- «Көкпар ».Ұранымыз: «Талапты ерге-нұр жауар». «Көкпар»-ұлттық ойын түрі.

ІІ топ Топтың аты- «Тұлпар ».Ұранымыз: « Хас жүйрікте мін болмас!». Тұлпар төрт түлік малға жататын ,жүйрік ат.




Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқушылар сендер СПОРТ сөзін естігенде көз алдарына не елестейді?

— Қазір 30- ншы Жазғы Лондон олимпиадасы туралы Настя Базалева баяндап береді.

— Олай болса, қазір мәтінмен жұмыс жасаймыз. Әр кімнің алдында мәтін жатыр соны оқймыз.

/Мәтінді дауыстап оқу/

— Мәтін бойынша сұрақ даярлайды
— Сол сұрақтарды бір — біріне қою арқылы жауап алады.

— Ал балалар мәтіннен алған ақпаратты бекіту мақсатында



Венн диаграммасын толтырамыз. Жұппен жұмыс жасаймыз.

— Қазір мына шеңберлерге әр спортышың алдымен өзіндік ерекшеліктерін жазамыз. Содан кейін ортақ қасиеттерін көрсееміз.

ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕР — қазақстанның намысын қорғады

Алтын медаль игерлері

Қазақтан азаматтары

Ер жүрек


Мақтанышымыз

Дәптерде жұмыс

— Мәтін бойынша сөйлеммен жұмыс

— Мәтіндегі мына сөйлемге назар аударамыз: Илья Ильин ересектер арасындағы әлем жарысына қатысты және бұл көрсеткіш бойынша Гиннестар рекорд кітабына жазылды.

1 қатар — фонетикалық талдау

2 қатар — фонологиялық талдау

3 қатар — синтаксистік талдау




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Шынықтырып денені «Қара жорға » билейік

«Жасырынбақ» ойынын ойнаймыз.«Сиқырлы сандықтан» тапсырманы алып орындау.

Ұлттық ойын туралы әңгімеле.Әр топ тапсыманы алып орындайды.

Бәйге


Аударыспақ

«Көкпар»ойында екі топ мақал-мәтелдерден жарысады.

Тақтамен жұмыс

Сатылай талдау кешені бойынша

Әр топ тапсырмаларды орындайды

1 топ бәйге сөзіне фонологиялық талдау жасау

2 топ көкпар сөзіне фонетикалық талдау

Бес жолды өлең стратегиясы.


Үйге тапсырма

57-жаттығу. Мәнерлеп оқу 63-64 бет.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Азиада-2011


Мақсаты

Қазақстан Республикасында алғашқы қысқы Азия ойындарын өткізуді, олимпиадалық қозғалыс және саламатты өмір салты принциптерін насихаттау.

2. Міндеттері:

а) Азия ойындарын өткізу арқылы патриоттық сана негіздерін қалыптастыру,

б) өз еліне деген ұлттық мақтанышты тәрбиелеу;

в) «Азиада-2011» ашық сабағын өткізіп жатқан мұғалімге міндеттерді өздігінен құру ұсынылады.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер, кеспе әріптер.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік.


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге қандай тапсырма берілді?Біз бір-бірімізбен қалай

амандасамыз, қане көрсетейік.



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:

Дауысты, дауыссыз

дыбыстар туралы түсініктерін пысықтау

IV. Мақсат қою кезеңі:Б



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Азия ойындары – Азия елдерінің спортшылары арасында әрбір төрт жыл сайын өткізілетін спорттық жарыс. Азия ойындары Азиада деп те аталады.

Алғашқы Азия ойындары 1951 жылы Үндістанда өтті. Азия Олимпиадалық Кеңесі барлық Азия ойындарын өткізуге басшылық жасайды. Әрбір ойындардың эмблемасы, туы, ұраны және әнұраны бар.


Жазғы Азия ойындары - ең ірі кешенді спорттық жарыстар. 16-жазғы Азия ойындары 2010 жылғы 12-27 қараша аралығында Қытайда өтті.

Қсқы Азия ойындары Азия құрлығының спортшылары арасында өткізіледі.

1) 1-қысқы Азия ойындары 1986 жылы Жапонияда өтті. 7 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті.

2) 2-қысқы Азия ойындары да Жапонияда өтті. Оған 10 ел қатысты. Жарыстар спорттың 6 түрінен өтті.

3) 3-қысқы Азия ойындары 1996 жылы Қытайда өтті. 16 ел қатысты. Жарыстар спорттың 7 түрінен өтті. Үшінші ойындарға Қазақстанның спортшылары қатысып, жеңіске жете бастады. Олар 31 медаль иеленді.

4-қысқы Азия ойындары 1999 жылы Кореяда өтті. Оған 21 ел қатысты.

4) 5-қысқы Азия ойындары 2003 жылы тағы да Жапонияда өтті. 17 ел қатысты. Жарыстар спорттың 11 түрінен өтті.

5) 6-қысқы Азия ойындары 2007 жылы Қытайда өтті. 45 ел қатысып, жарыстар спорттың 10 түрінен өтті.

«Суреттің атын жаз» тапсырмасы Кім жылдам ойыны
Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы бойынша сурет салынған парақтарды таратып шығады (2-қосымша). Өз беттерінше суреттердің аттарын жазуды тапсырады. Мұғалім тапсырманың орындалуын тексереді (ауызша).

.2. «Тізбек» диктанты Ыстық орындық

Парақтарда (3-қосымша) оқушыларға «Азиада» тақырыбы бойынша сөздерді жазу тапсырылады. Әрбір сөз бірінші сөз аяқталған әріптен басталуы тиіс. Оқушылар өз еріктерімен (бірінен соң бірі емес) «тізбек бойынша» сөздерді атап шығады. Қалаған оқушы бастайды. Қажет болса, мұғалім сөз табуға көмек көрсетеді. Орындалу уақыты 5 минут.

Азиада, Астана, Алматы, ынтымақ, қола, атлет, трамплин, намыс, сайыс, спорт, турист ... т.с.с.)

Әрбір дұрыс айтылған сөз үшін оқушыларға бір-бір «медальдан» беріліп отырады (3-қосымша). Ең көп медальға ие болған оқушы «Алтын медальді» иеленеді.

3. «Картограф» әдістемесі (топпен жұмыс)

Орындау шарттары: «Азиада-2011» картасын толтыру қажет, яғни контурлық картаға Азиада «алаңдарының», «көшелерінің», «өзендерінің» атауларын жазады. Орындалу уақыты 10 минут.





Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Карточкада берілген тапсырмаларды орындау

Балалар бүгін біз сабақта қандай тақырыпты өттік?



  • Аизада туралы не айталамыз.

«Сөйлемді аяқта» әдістемесі (ауызша, тізбек бойынша):
Оқушыларға «Бүгін ...» сөзі айтылып, сөйлемді ауызша аяқтау тапсырылады. Дайындық уақыты 10 секунд. Одан кейін әрбір оқушы өз сөйлемдерін дауыстап айтады. Бұған мұғалім де қатысады.
VII.Бекіту кезеңі:-Балалар, өлеңдегі сауалдарға жауап беріп көрейікші- Бұдан басқа қандай сыпайы сөздерді білесіңдер?

Дәптермен жұмыс.

Үйге тапсырма

Егер мен спортшы болсам, ...» тақырыбында шығарма жазу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0523 -> Сабақтың тақырыбы Сызықтық спектр. Атом ядросының үлгісі Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет