Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



жүктеу 3.98 Mb.
бет2/30
Дата13.09.2017
өлшемі3.98 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




Үйге тапсырма

Ті туралы әңгіме жинақтау.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Ертегі әлемінде


Мақсаты

1 қарапайым деңгей тыңдаушыларының танымдық қабілетін жетілдіре отыра, білім деңгейлерін анықтау, өтілген грамматикалық және лексикалық минимумды қайталау арқылы тексеру.

2. тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорын түрлі жағдаяттарда қолдану дағдыларын дамыту.



  • 3. ертегіні сахналау арқылы қазақ тілін үйрете отырып, тілге деген қызығушылықты арттыру.

  • --------------------------

  • Өткен тақырыппен байланыстырады;-Оқушының жеке ой- пікірінің құндылығы артады

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Оқушылардан өзі туралы ойларын ортаға салып баяндап бероедіу.



а) Өзің туралы не білесіңдер?

ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)

Сергіту сәті: б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.




Мағынаны тану

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс жүргізу.

Қосымша тапсырма.

Балалар, сіздер қазақ халқының қонақжай халық екенін жақсы білесіздер. Ендеше, сол қонақжайлылығымызды білдіріп, бүгінгі сабақта бар білген, тергенімізді қонақтар алдында паш етейік. Балалар,біз бүгін сайыс сабағын өткіземіз Жарысқа 2 топ түседі. Олар: «Мұрагер», «Құлагер». Сайысқа түспес бұрын ең алдымен оның шарттарымен танысып алайық.


• Сайысқа әр оқушы белсенді қатысуы тиіс;

• Әр топ бір-бірін тыңдауға тиіс;

• Сайыс кезінде шулап, дауласпау. Шулаған оқушының бағасы төмендейді.

• Сайыс жұлдызшалармен бағаланады, кім әр кезеңде көп жұлдызша жинаса, сол топ пирамиданың жоғары сатысына көтеріледі.

• Пирамиданың ең шыңына 1-ші болып жеткен топ жеңімпаз.
1 кезең: Сиқырлы ұяшықтар

Берілген ұяшықтарды әр топтың оқушылары бір-бірден келіп таңдап, карточкада берілген тапсырманы орындайды.

№10. Жеті ата деген не?

Жауап: Әр адам өзінің жеті атасын білу көрегенділік пен білімділігін, ата көрегендігін танытады. Білмесе, «жеті атасын білмеген жетесіз» деп сөккен.

№10 Бұл зат қыздардың бас киіміне тағылатын әсемдік зат. Бұл зат кейде домбыраның мойнына да тағылады. Бұл не? Не үшін пайдаланады?

Жауап: Қазақ қыздарының бас киіміне үкі тағылады. Бұл әсемдік берумен қатар, қыз баланы тіл-көзден сақтайды деген наным негізінде пайдалынылады.

№20.Шашу салты жайлы не білесіз?

Жауап: шашу – қуаныш айғайы ретінде жасалатын салтанатты дәстүр. Бала дүниеге келгенде, келін түскенде, құда келгенде тәттілермен, күміс-тиындармен әйелдер шашу шашады.

№20 Қазақ халқының салтында үлкен жиындарда сөз алудың өзіндік қатаң тәртібі болған. Тәртіп бойынша бір зат сөз алу қажеттілігін көрсететін болған. Бұл не?

Жауап: қамшы, оны ортаға тастау өтініш орнына жүрген.

№30 Қазақ халқының салт-дәстүр, той-томалақтарын атап шық, біреуін түсіндір.

Бесікке салу, қырқынан шығару, тұсау кесер, сүндетке отырғызу, беташар, көкпар, той бастар.

№30 Жүгіріп келген адамның «Сүйінші, сүйінші!» деген айқайы нені білдіреді?

Жауап: Бұл шын ризашылықтың, куаныштың белгісі. Мұндайда қуанған үй иесі қалағаныңды ал депйді. Немесе риза болатындай сыйлық ұсынады.

№40 Қазақ халқының тарихында қандай хандар, батырлар, билер, шешендер өткен?

Хандар: Абылай, Әбілхайыр, Тәуке, Жәңгір т.б.

Батырлар: Сыпатай, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай т.б.

Шешендер:Жиренше, Бөлтірік т.б.

Билер: Қаз дауысты Қазыбек, Төле би, Әйтеке би т.б.

№40 Үш ұғым туралы сұрақтар

1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші

2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі

3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал
№50. Жеті атаны талдап беру.

Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.


№50. 5 асыл мен 5 дұшпанды ата.

Бес асыл мыналар: талап , еңбек, терең ой, қанағат ету, рақым жасау.

Бес дұшпан мыналар: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.

№ 60. Ұлттық ойындардың түрлерін атап шық.

Ақсүйек, алтыбақан, арқан тарту, бес тас, қыз қуу,сақина салу т.б.
2-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр.

3-кезең: Сақина салу

Бұл кезеңде қазақтың ұлттық ойыны «Сақина жасыру» ойыны ойнатылады.

4-кезең: Келісіп пішкен тон,келте болмас

Презентацияда берілген суреттерден қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын анықтау, түсіндіру.

5-кезең: Жүйріктен жүйрік озар

«Дұрыс-бұры» ойыны

Қазақ ешқашан қонақжай болған емес.

Қазақ халқы семіз қойды қонақтарға соймаған.

Қонақтар құдайы қонақ, арнайы қонақ, қыдырма қонақ деп бөлінбейді.

Адамдар қыдырма қонақтарды сыйлы деп есептейді.

Арнайы қонақ – алыстан арнайы келген жақын, туыс, сүйікті дос, жақсы дос. Бұл –сыйлы қонақ.

Құдайы қонақ - өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден жолаушылап жүріп ат басын тірей қалған бөгде қонақ. Бұл – сауап қонақ.

Қыдырма қонақ – ерігіп, желігіп, үйден-үйге қыдырып жүрген сандалма қонақ. Бұл – сұғанақ қонақ.(далбаса)

Қылқима қонақ – үй арасындағы түтіні түзу шыққан үйді аңдып, құлқыны үшін жүрген көлденең қонақ. Бұл – далбаса қонақ. (сұғанақ)

6-кезең: Қоржындағы сарқыт

Ән: «Дастархан»


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Өзі туралы қағазға жаза отырып баяндап беру

Үйге тапсырма

Өзіңе ұнайтын достары туралы айту.

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Қай тіл көп тараған

Мақсаты

оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, өз ойын тиянақты, дәл жеткізуге үйрету, сөздік қорын байытып, қызығушылық белсенділіктерін арттыру, сөйлеу дағдыларын дамыту.


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

- Балаларды сабаққа ынталандыру, белсенділігін арттыру.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы күн болсын.

Бейсенбі күннің әр кезі,

Сәттілікке толсын.

Біздің алар бағамыз,

Кілең «бестік» болсын.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс

Қосымша тапсырма

Тіл әрбір адамға өмір бойы керек. Жер бетінде халық та, тіл де көп. Қазіргі

кезде көп тіл білу - өмір талабы.


Полиглот» мәтіні бойынша жұмыс (қиықшалар таратылады). Мәтінді оқимын.

Оқушылар мәтінді тізбектеп оқиды. Мәтін бойынша берілген сұратарға жауап береді.

Тапсырманы интерактивті тақтаға шығып орындайды.


Мәтін бойынша әңгімелесу. «Қай тіл көп тараған?» (қиықшалар таратылады). Сұрақтарға жауап беру: Дүние жүзінде ең көп тараған тіл қайсысы? Қытай тілінің сөйлеушілерінің саны шамамен қанша? Ағылшын тілінің сөйлеушілерінің саны қанша? т.б.

Интерактивті тақтада жұмыс.




Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

Сергіту сәті

Сергіту сәті.(2 мин) Жұмбақты дұрыс оқып, шешуін табу.

1)Бар білімнің бастауы,

Бар ғылымның бастауы,

Жас балаға нұр шашқан

Қандай кітап тіл ашқан? (Ә…е)

2) Қабат- қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

Бұл не? (К…п)

.


Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Балалар, бүгін біз бос уақытымызды қалай өткізетінімізді айтып көрейікші.

Топтық жұмыс (10 мин)

Әр топ берілген тақырыпқа диалог құрастырады.

I топ: «Қазақ тілі сабағында» 17 бет 3 тапсырма (Ұ.Қ. Қосымованың оқулығы)

IIтоп: «Полиглот» мәтіні бойынша (қиықшалар таратылады).

III топ: «Қай тіл көп тараған?» (қиықшалар таратылады).



Топтастыру: диалог, өлең

компьютер



Сабақта сурет бойынша

шығарма,

мазмұндама

диктант


интерактивті тақта мақал - мәтел, жаңылтпаштар


Үйге тапсырма

Менің күн тәртібім әңгімелеу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілін үйренейік

Жалпы мақсаты

Қазақ тілінің грамматикасы -морфология және синтаксис салаларын біледі, өз бетімен білім алу дағдыларын пайдаланады, шығармашылық қабілеттерін пайдалану арқылы өз ойларын креативті түрде жеткізеді. Бүтінді бөліктерге жіктеу, арасындағы байланысты айқындайды. Іздене ,бірлесе оқу әрекетін ұйымдастыра біледі, өзін –өзі реттеп, бірін –бірі тыңдап,ойын толықтыра оқиды. Бір-біріне сыйластық қарым-қатынаспен қарайды. Мемлекеттік тілді біліп, қадірлейді.

Міндеттер

1.Оқушылардың белсенділігін арттыру;

2.Оқушылардың білетін білімін жаңғырту;

3.Өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлауын дамыту арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау;бағалау қабілеттерін дамыту.

4. Қайталау сабағынан белгілі бір ой қорытындылар жасау;

Оқу нәтижелері 1. Сөздік қорларын пайдаланады, қазақ тілін үйренеді.

2. Тілді пайдаланып өз ойларын еркін жеткізуге тырысады.

3. Негізгі түйінді таба біледі.

4. Теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алады.

5. Құрмалас сөйлемдерді ажыратады.

Сабақтың түрі,әдіс тәсілдері Жаңа білім беру сабағы

сұрақ -жауап, әңгімелесу,талдау, салыстыру,тірек сигнал әдісі,


Сабақтың көрнекілігі Интерактивті тақта, әдістемелік құралдар,тест тапсырмалары,бағалау парағы

Ұйымдастыру

кезеңі - Сәлемдесу, әнұранды жатқа айту.

- 4 топқа оқушылар топтасады. 1 мин

Үй жұмысын тексеру 2 мин.

1. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

1.Оқушылардан үйде берілген тапсырманың орындалу барысын сұрайды. 1.Үй жұмысын қалай орындағанын көрсетеді.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті 32 мин

1.Тақырыпты анықтау (интерактивтік тақта арқылы кішігірім үзіндіні көрсету)

-Балалар қай тілде сөйлеп тұр?

-Қазақ тілі қандай тіл?

Білімдерін ортаға шығару

-Қазақ тілі сабағына қатысты қандай сөздерді білесіздер? Осы тақырыпқа байланысты сөздік құрастырыңдар

2. Қазақ тілін үйрену үшін не істеу керек?

Өз ойларын ортаға шығарады, бірақ кластерлері қазақ тілінде болу керек.

( өз ойларын өздерінің ана тілінде шығарады, кейін ережені қазақ тіліне аударады).

3. ДЖИГСО стратегиясы арқылы топтар бір-бірімен өз білімдерімен бөліседі.

5. Топтарды тыңдайды. Бір-бірін формативті түрде бағалайды.

Грамматикалық тақырыпқа көшу.

Топтағы бір оқушы көшбасшылықты қолына алып жай сөйлемнің синтаксистік талдауды еске түсіруін ұйымдастырады.

6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір түрін беремін оқушылар оны талдап, жай сөйлемнің қандай айырмашылығы бар екенін анықтайды.

7. Рефлексия:

«Қазақ тілін үйренейік» салалас құрмалас сөйлемдерді пайдаланып диалог құрастыру . 1. Оқушылар өз топтарында кезек-кезек жауап береді.

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтын тақырыбын анықтайды, білімдерін ортаға салады.

Сөздік құрастырады.

2.Қазақ тілін білу үшін не істеу керек? Кластер жасайды.

Бір-бірін тыңдайды, формативті бағалайды.

Жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

1. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай жай сөйлемнің түрлерін түсіндіреді,мысалмен дәлелдейді.

2. Салалас құрмалас сөйлемдерді анықтап,мысалмен дәлелдейді,салыстырады.

Топ қайтадан бірігіп диалог құрастырады.

Қорыту Күтілетін нәтиже 3 мин

4 . Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Топ оқушыларына бүгінгі сабақтан алған білімнің қаншалықты өмірде қажет екенін өз ойларымен қорытқызу; Ойларын дәлелдейді, қорытады.

Бағалау 1 мин

5. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

Бағалау:

-Оқушылардың тиісті тапсырмаларды орындаудағы қателерін келесі топ оқушыларына тапқызу;

-Топ оқушыларының жұмысын келесі топ оқушыларына бағалату; Бір-бірін бағалайды.

Үйге тапсырма 1 мин

6. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті

3. Үй жұмысын беру: мәтінді жатқа мазмұндау, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасау.

Үй жұмысын күнделікке жазады.




Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тіл мен Әліппе


Мақсаты

  • Оқушылардың өтілген тілдік материадарды қаншалықты меңгергендігін білу мақсатында түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту, мәтіннен ең негізгісін таба білу, сұрақтарға дұрыс, нақты жауап бере алу.

- Сұрақтарға нақты жауап береді,

-ынтымақтастықта жұмыс істейді, оқиды, түсінеді, ізденеді, талдайды, орындайды, бағалайды.



Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Дыбыстық жаттығу: Балалар, біздің мақсатымыз қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту және асты сызылған дыбыстарды оқу.

Қ - Жоқ

Ұ – сұрақ

Ә –мәселелер

Ғ – ғалым

- өйткені

І – келісу

Ң – адамның

Ү - жүрсеңіз 1.Мұғалім оқиды 2. хормен оқу 3. сөз тіркесті құрастыру 4. сөйлем құрастыру 5. Жоқ сөзінің антонимі қандай? -Балалар, асты сызылған сөздерді оқысақ қандай сөз шығады? -Дұрыс, жарайсың деген сөз шығады, жарайсыңдар, балалар, дыбыстарды дұрыс айтыңдар. Тіл дамыту кезеңі: -Ал қазір, балалар, « Бақытты оқиға» ойынын ойнаймыз. Мақсаты: ойлау қабілеттерін арттыру, өткенді қайталап еске түсіру. Ойынның ережесі: әр топтан оқушы шығып қоржыннан лото алады, оның нөмірін айтады. Нөмір бойынша топқа сұрақ қойылады.

Сұрақтар: 1. Неше септік бар? Қандай? 2. Тұйық етістік қалай жасалады? 3.Үндестік заңына бағынбайтын септік? 4. Қолайлы – неше буынды сөз? 5. Реттік сан есімнің жұрнақтары 6. Қазақ тілінде неше жалғау бар?


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы белгісіз, ал сабақтың тақырыбын білу үшін біз буындарды алфавиттік жүйеде жинау керек.

Ә – Б, пе- Г, мен – Ә, тіл – А, ліп – В

Дұрыс, сонымен сабағымыздың тақырыбы: Тіл мен Әліппе.

Мәтіннің мазмұнын ашу үшін ең бірінші мәтінде кездесетін қиын сөздерді, таныс емес сөздермен жұмыс жасап, тілашар дәптерімізге жазып алайық:

Бүршік атып - распустив почки

Қабылдау – принимать

Бас сұқпайды – не просунув голову
Мәселе – проблема
Осы кезге дейін – до этих пор


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

«Ыстық орындық» стр  бойынша.Қима қағаз дағы сурет бойынша сөйлем құрау.

І топ


Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.

2 жуан сөзді тауып алу.

Күрделі сөз.

Сын есімді тауып алу.

Үндестік заңына бағынбайтын сөз.

ІІ топ


Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.

Жыл мезгіліін тауып алу.

Сұраулы сөйлемді тауып алу.

Табыс септігіндегі сөз

Бітеу буынды 2 сөзді тауып алу.

ІІІ топ


Абзацты оқу, аудару, сұрақ құрастыру керек.

Тұйық етістікті тауып алу

Күрделі етістікті тауып алу.

Тәуелдік жалғаулы ІІІ жақтағы сөзді тауып алу.

Жіктеу есімдігін тауып алу.

Карточка беру.

№ 1 карточка Сан есімнің түрлерін пайдаланып, 4 сөйлем құрастырыңдар. (Коненко В, Федосенко В, Шишкин В, Савчук М, Виноградов Г)

№ 2 карточка Көп нүктенің орнына сөздерді қойып жазындар.

Олар б....гін ауылдан келед... Мені.... жақын досым шет елБ.С. кетед....

Мен оны т...сінбед..м. Б...л адамны.... өм....рі қызық екен. (Скрицкая В, Тенизбаева А, Межевика И, Бочкарева Р, Бакуревич Г )

№ 3 карточка Бос орынға І, Ы әрпін қойып жазындар.
Келед..., олард...ң, әдепт..., жақ....н, дос...., әдем...., әл...ппе, ғал...м, ғ...лым, жүрд..... .
(Марков Н, Гальцев М, Ример А, Батаева Х, Мансветов Т, Гопп В, Збарская В ).

Бұл тапсырманы 3-4 минут орындайды. Бағалау.




Үйге тапсырма




Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Менің ана тілім туралы қайталау


Мақсаты

Оқушылардың өтілген тақырыптарды қайталау арқылы меңгерген білімдерін

жүйелеу,бекіту.Тақырыптарға байланысты өз ойларын айта


- Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, талқылайды, күрделі тасырмаларды орындауға дағдыланады.
Сабақтың көрнекілігі: әліпби,суреттер, текшелер, торсық, торғайдың суреті. 
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелеу, ойын, түсіндіру. 


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Қуан, шаттан, алақай! 
Қуанышты күн келді. 
Күліп шықты күн бүгін. 
Қайырлы таң, Қайырлы күн 
Балақай! 

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Киімдер туралы өз ойланын жеткізуге дайындау Ойларын қағазға салып көөрсеткізу  

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

— Ненің суреті? Не байқадыңдар? 
— 1 - Топқа

Ана тілім

Дана

Құдіретті



Мақтаныш
2 - Топқа

Тіл


Қазына

Білім


Сыйлау


Сергіту сәті

Шаршасаңдар, балалар, 
Қолдарыңды созыңдар. 
Саусақтармен ойнаңдар, 
Қолдарыңды сермеңдер. 
Денелерiң шынықсын, 
Саналарың тынықсын. 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Ана тілім - ардағым

«Тіл дегеніміз қай халықтың болмасын кешегі, бүгінгі тағдыры емес, ертеңгі тағдыры»- дейді Бауыржан Момышұлы.

Адам сияқты ұлттың да жаны бар. Оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады және жоғалады. Біріншіден, ол – қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір - бірінің ойын ең алдымен, ана тілі арқылы түсінеді, бір – бірімен ана тілінде сөйлейді. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып білім алады, тәрбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихы мен әдет - ғұрпымен танысып, тұрмыс - тіршілігін танып біледі.

Адам баласы дүниеге келіп, есі кіре бастағаннан – ақ адамдық қасиеттерді қалыптастыратын әдептілікті, ізгілік пен ізеттілікке толы халықтың нұрлы, асыл сөздерін, тілдің жан тербетер әсер - күйін ана тілінде ұғып үйренеді.

«Ана тілім менің, Сен маған ризасың ба білмеймін, бірақ менің тілегім сенсің, сені мақтан етемін» - деп жырлайды ақын Расул Ғамзатов.

«Уа, туған тіл... ата - анамның тілі. Ең әуелі осы тілмен шешем бесікті тербеген, ұзақ түнге әжем менің хикаялар сөйлеген. Уа, туған тіл, әр уақытта көмегіңмен бір сенің, Сәби күннен сезілетін шаттығым менің»- деп тебіренеді Ғабдолла Тоқай.


4 - кезең. «Мәтінмен жұмыс». Мәтінді оқып, түсініктерін айту. Сұрақтар дайындау.

5 - кезең. Жаңа сөздермен жұмыс. Жаңа сөздерді буынға бөлу, түрін анықтау.

Ана тілі – родной язык

Тағдыр - судьба

Ұлт - нация

Қатынас құралы - средство общения

Адамдық қасиеттер - человеческие качества

Уақыт - время. 



Үйге тапсырма

Киімдер жайлы айтып,жаттығу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Сабақтың тақырыбы: Сыйлықтар

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: «Сыйлықтар» деген тақырыпта өтілген

материалдарын қайталау арқылы оқушылардың ойын айта білуге үйрету.

ә) Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін, ой - өрістерін сын тұрғысынан ойлау, тапсырмаларын орындату арқылы дамыту, сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, пікір алысуға үйрету

б) Тәрбиелік: «Алтын қақпа» ойыны арқылы сыйлықтар сөзінің мағынасын меңгерту, әдеп-ғұрыпты, салт – дәстүрді үйретуге, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: «Алтын қақпа» макеті, сөзжұмбақтар, слайд, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: «Алтын қақпа» ойын сабақ.

Сабақтың типі: қорытынды сабақ

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

ә) Оқушылармен сәлемдесу

а) Оқушыларды түгендеу

б) Оқу құралдарын тексеру

II Үй тапсырмасын тексеру

I топ Мерекелерде, мерейтойларда айтылатын тілектер.

II топ Ата – аналарыңа, достарыңа берілетін сыйлықтар

III Жаңа сабақ

Балалар, бүгін біз «Сыйлықтар» деген тақырыпта өткен қорытындылауға нәтиже сабағымызды «Алтын қақпа» ойыны түрінде өткіземіз. Сынып екі топқа бөлініп әр қақпаның тапсырмаларын орындау арқылы өз білімдеріңді көрсетесіздер.

1. Оқушылар алдымен «Тас қақпа» тапсырмаларын орындаймыз

I топ

Жауабы: «Сыйлық»



1. Сыйлық берілетін қуаныштар

2. – Сәуле сен апама не сыйлайсың?

- Әкем дүкеннен иісмай әкеп беремін деді, соны сыйлаймын.

Апай иісмайды жақсы көреді, - деді

Үзіндіні оқы қай мәтіннен екенін айт

II топ. Сөйлемдердің мағынасын түсініп, көп нүктенің орнына сәйкес керекті жалғауларын қойып көшіріңдер. Тұйық етістіктерді белгілеңдер.

1. Сыйлық . . . қалай ұсын . . . , ол сондай әсер қалдырады - ға, - ты

2. Алыстағы адам . . . сыйлық . . . басқа кісіден беріп

жіберуге болады - ты

3. Сыйлық . . . бірге хат жолдап, құттықтау айтқан жөн - ты, - саң

4. Сыйлық . . . кешіктірмей жеткізу керек - пен

III Автор орындығы

Оқушылардың авторға қойған сұрақтары:

1. Сіз бұл әңгімені не себепті жаздыңыз?

2. Сәлім не үшін сыйлық сатып алмады?

3. Сәуленің сыйлығына анасы қуанды ма?

II топ. Кітапқа немесе тарту етіп отырған картинаға арнап туған күн иесіне құттықтау сөзін жазыңдар.

IV Кейіперлер орындығы

1. Мұнда оқушылар «Сәуле» бейнесінде бір оқушыға өз сұрақтарын қойды.

1. Сәлім сен неге анаңа сыйлық алмадың?

2. Сыйлық тұралы неге Сәліммен ақылдаспадың?

3. Неге Сәлімнің айтқанын орындамадың? т.б

1. топ. Тапсырмалар. Тест сұрақтарына жауап бер.

1.Нұсқаулардың қайсысы дұрыс берілмеген?

А) әйелдерге – иісмай В)балаларға – жүзік С) ерлерге – галстук Д) қыз балаларға – парфюмерия

2. тұйық етістіктің жұрнағы

А) ны, - ні, - ді, - ді В) – лар, -лер, - дер, - мін С) – у Д) – ыу, іу

3.Лепті сөйлемді табыңдар

А)Жақыныңды жаралама В) Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін С) Түу, таңда күн күркірегені қандай қорқынышты Д) Не жазып жүрсіз

4. Берілген сөйлемге қандай тұйық етістікті қойғанда сыйлықты тарту мәні шығады. Сыйлықты . . .

А) сату В) ұту С) сыйлау Д) бөлу

Сөздерді буынға бөліп жаз, түрлерін ажырат

Мерекелер, талғамы, қызықтар

Қатені тап

Си - лы - ғым, сур – ет – ші – сің, нау – рыз

«кластер» әдісін құра

II топ. Суретте бейнеленген заттардың ішінен қайсысын анаңа сыйлар едің?

Сөздерді орыс тілінен аудар

Туған күн, мерейтой, 8 наурыз, мұғалімдер күні.

Алтын қақпа

I топ. Тапсырма: 1 Сөзжұмбақтың илеуін тап

1. Жаман сөзінің антонимі

2. Құрметтеу, ардақтау, қадірлеу сөзінің синонимі

3. «Юбилей» сөзінің аудармасы

4. Сөйлемнің түрі

5. Сыпайылықты білдіретін гүл

6. Қызға сыйлайтын гүлдің аты (қызыл)

«Не сыйласам болады екен?» деген тақырыпта шағын әңгіме жазыңдар.

II топ 1.Сөзжұмбақты шеш.

1.Шақ түрі

2. «Биік» сөзінің антонимі

3. Тұйық етістіктің тәуелденуі

4. 1 желтоқсан қандай мейрам

5. Лепті сөйлемнің жасалу жолдары

6. Қыранның суреті салынған Рәміз түрі

«Не сыйласам болады екен?» деген тақырыпта шағын аңгіме жазыңдар

«Алтын сандық»

I топ. Мәтінді оқы, мазмұнын айт

Сыйлық таңдау

Сыйлықтың қымбат, пайдалы зат болуы міндетті емес. Бірақ алған сыйлығың ол адамға ұнайтындай болуы керек. Сыйлықты таңдағанда ол сенің де талғамыңды танытып тұратын болсын. Пайдалы немесе пайдасыз да сыйлықтар бар. Сенің жақсы көрген сыйлығың басқа адамға ұанамауы да, керексіз, пайдасыз болуы да мүмкін. Эстетикалық талапқа сай келмейтін заттар да сыйлыққа жарамайды. Қымбат сыйлық беру адамның материалдық жағдайына байланысты. Мұндай сыйлықтарды бірнеше адамның бірігіп алғаны дұрыс. Досына, туысына арнап шығарылған өлең, ән, салынған суреттен қымбат сыйлық жоқ.

II топ Ана

Ана ардақты есім. Өмірдегі ең асыл, мейірімі шексіз жан. Анамызға сыйлық сыйлау біз үшін үлкен бақыт болуы тиіс. Қаншалықты сыйлық берсең де, оның ақ сүтін ақтай алмаймыз. Ана үшін ең бақытты сәт – баласының аман болуы. Аналарды құрметтеу, сыйлау - бізге парыз. Оларға өз алғысымызды білдіретін мерекелердің бірі – халықаралық 8 наурыз мерекесі. Мереке қарсаңында аналарға сыйлық тартсаң та жарасады.

Қорытынды.

- Міне, балалар, өте жақсы. Бүгінгі «Алтын қақпа» ойын сабағымыз бойынша екі топ мүшелері де өте жақсы қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Ойынның шарты бойыншы сіздерге өз «Алтын» сандықтағы сыйлықты естелік ретінде табыс етемін.

V Үйге тапсырма: келесі «Жаз» модулі бойынша Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңін жаттап келу VI Бағалау


Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сыйлық берілетін қуаныштар


Мақсаты

Оқушылардың арасында жағымдықарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға , адал дос болуға және қоршаған ортамен досболуға үйрету, коминикативті өрісті дамыту

Адам қарым –қатынасындағы достық, сыйластық ұғымы туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың арасында достық сезімдерін д амытуға ықпал ету;

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, нан және нан өнімдері, нар, анар, науа суреттері, слайдтар мен флипчарттар, «Наубайхана» туралы видео.


Оқыту әдісі: көрнекілік, түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс: еңбекке баулу

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

-Балалар, келіңдер, біздің сүйіктішең берімізде тұрып бір-бірімізбен амандасайық  ( Мұғалімшеңберортасындатұрыпайтады, ал шеңбер құрған оқушылар қайталайды)

Оқушылархормен:

Амансың ба, алтын күн?!

Амансың ба, көкАспан?!

Амансың ба, Жер-ана?!

Амансың ба, достарым?!

Сіздердікөрсемқуанам!




Мағынаны тану

М.: ( топқа бөлу, тақтада слайд)

-Балалар, біз сыйлықтарды қандай мерекеде а лғанымызды ұнатамыз?

О.: Туған күнімізге

М.: Ал, енді туған күнің қай мезгілде болады, сондайтоқа бөлінеміз:

1 топ: Көктем-Жаз

                                                                    2 топ: Күз-Қыс

ІІІ.Кел, ойланайық, пікірлесейік. «Үндемес» ойынынөткізу

1        топқа  тапсырма: Берліген бірпараққаәроқушы «Сыйлықтысыйлау» эпизодынүндемейсуреттеу.Салғанжеке-жекесуреттерінбір эпизод қылып қорғау

2        топқатапсырма:Берілгенбірпараққаеңқымбаттысыйдыкімгеарнайды, сонысуреттеу.Салғансуреттеріңе топ болып сценарий жазып, көрініс көрсету

ІҮ. Мәтінмен жұмыс. «Ойдыжалғастыр», миғашабуыл                       Мұраттың сыйлығы

Апасымұраттыдүкенгежұмсады.Олкележатып, шөпүстіндемияулапжатқанмысықтыңбаласын көрді.Ол «өзіқандайсүйкімді» депойлады.

Мұратмысықтыүйгеалыпкелді.Жылыжердесүткетойғанмысықұйқығакетті.

МұраттыңдосыБақыттыңтуғанкүніеді.мұратдосынааппақмысығынсыйлаудыұйғарды.Өйткенідосыүйқұстары, үйжануарларынжақсыкөретін.Бақытмұраттың сыйлығына өте қуанып қалды.



Тапсырма:

1 топ: Мұраттың қылығын жақтайды, дәлелдейді

2 топ: Мұраттыңқылығынтеріскешығарады, дәлелдейді



Ү. «Сыйластық.Бірлік.Достық.Құрмет»-үйін салу

-Балалар, достар мен туыстардыңарасындасыйластық , бірлік, достық, құрмет болу үшінүлкенүйсалуымызкерек.Солүлкенүйдібәрімізбірігіпсалыпкөрейік.

1.Ел бірлігі-ел теңдігі.-В единстве народа-его свобода.

2.Бірлік болмайтірлікболмас.-Без единства жизни нет.

3.Ынтымақ жүргенжердеырысбіргежүреді-Единство и счастье едины

4.Бірлігі жоқ ел тозады, Бірілігікүшті ел озады.-Народ, не знающий единства, с нуждой дружит; Народ сильный единством со счастьем дружит

5.Бірлікті ел бұзылмас.-единство народа все беды отводит

6.Жұмыла көтерген жүк жеңіл.-Легка ноша поднятая сообща

7.Саусақ бірікпей, инеілікпейді.-пока пальцы не сойдутся и иголку не ухватишь

8.Ынтымақ болмайісоңбас.-Без единства ни в одном деле толку нет

9.Сыйласаң, сыйлыболасың-Если будешь уважать, будешь уважаемым



ҮІ.Тыныштық сәті.

-Балалар, орындарымызғаемін-еркінжайғаса отырыңыздар.Енді көзімізді жұмып, әркім өзініңсыйлықтыарнағандосынкөзалдынаелестетіп, оныңжалқықасиеттерітуралыойлаймыз.

-Балалар, ойлапболсақ, көзіміздіашайық.Параққааты-жөніміздіжазып, ойлағандосымыздыңесімін жазайық.

ҮІІ. Дәйек сөз

-Енді, балалар, бүгінгітақырыбымызғасаймынадәйексөздіжаттап, дәптерімізгежазыпалайық «Сыйласаң, сыйлыболасың»

ҮІІІ. Жүректен-жүреккежылылебізбілдіру.

-Балалар, шаттықшеңберінекеле қойыңдар.Енді қасымыздағы адамға жүрегіміздегіжақсы да жылылебізіміздібілдірейік.Мұғалімдергежүреккежылысөздержазып беру

ІХ.Қорытынды


Сергіту сәті

Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Шарлардың топтамасындағы буындардан сөздер құрау.
Сергіту сәтін өткізу.
Кәне, қанат қағайық
Қарлығаш болып ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық
Қайта отырып жазайық!

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Дәптердегі Адам сөзін баспа түрін бастырып жазу және толтыру. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасау. Оқулықтағы баған түрінде берілген сөздерді жазба түрінде көшіріп жазу.
Сабақты қорытындылау.
─ Бүгін қандай әріппен таныстық?
─ «Адамды қадірлеу» дегенді қалай түсінесің?
─ Адам қанда болады ата

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмалармен жұмыс

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Күні:




Сынып:

7

Сабақтың тақырыбы:

Сыйлықты қай кезде береді?

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыта отырып,сыйлық берілетін кездерге байланысты ұғымдарын тереңдету;

2. Оқушылардың сөздік қорын молайту, түрлі тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілетін, тілін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,ауызекі сөйлеу дағдыларын жетілдіру,топпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

3. Қазақ тілі сабағына қызығушылықтарын арттыру, белсенділікке,білімге тәрбилеу.


Оқытудың нәтижесі:

Оқушылар сабақтан соң:

1. Сыйлықтың берілу кездері жайлы мәлімет алады.

2. Сөздік қоры молаяды.

3. Шығармашылық, ойлау қабілеттерідамиды.

4. Топпен бірлесе жұмыс жүргізе алады.

5. Өз ойын еркін жеткізіп, дәлелдемелер келтіре алады.



Түйінді идеялар:

Өмірде айналадағыларға қуаныш әкелетін мүмкіндіктер көп. Соның бірі сыйлық , сый тарту. Сый тартып, қонақ етуге ықыласты бала жастан үйрету керек.. Сыйлықты тек мереке күндері емес, сонымен қатар жай күндері де істеу қажет. Шын пейілден жасалған сыйлық қанша тұратынына қарамайақ , адамның бойына мейірімділік туғызады. Бірақ сыйлықты таңдап , тарта білуі керек. Бұдан сый тартушының талғамы, тапқырлығы мен әдептілігі көрінеді.

Дереккөздер:

Интерактив тақта, «Алдар Көсе»мультфильмнен үзінді, плакат, маркер стикерлер,

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері:

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

1. Ұйымдастыру кезеңі

2 мин.

1. Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгендеу

3. Оқу-құралдарын тексеру

4. Зейіндерін сабаққа аудару.



1. Сәлемдесу.

2. Кезекші сабаққа келмеген оқушылардың жоқтамасын береді.

3. Оқу-құралдарын түгендеп қояды.


Сыныптағы психологиялық ахуал:

3 мин.

Стикерлердің түсіне қарай 2 топқа бөлемін.




Рефлексия

3 мин

Сұрақ-жауап арқылы:

1. Тұйық етістік дегеніміз не?

2. Біріккен сөз деген не?

3. Лепті сөйлем деген не?

4. Ол қалай жасалады?


Өз ойларын,пікірін ортаға салады.

Топқа бөлу

2 мин.

Топқа гүлдің атауларымен бөлемін: раушан, қызғалдақ,райхан.

Оқушылар өздері топтасады.


Топпен жұмыс
(СТО бойынша)

2 мин.

Оқушыларға «Сыйлықты қай кезде береді?» тақырыбы бойынша не білетіні туралы ассоциация құрғызу.

Оқушылар осы сұрақ бойынша топпен бір-біріне жауап береді. Бірақ жауаптары қайталанбауы керек.


Талқылау

(АКТ бойынша)



5 мин.

Интерактив тақтада топтастыру стратегиясын толтырады.

Жауаптарын дәптерге жазып алады



Тапсырмамен жұмыс

(Диалогтық оқыту)



10 мин.

Әр топқа үш түрлі тапсырмалар жазылған парақшалар беріледі.


Раушан тобы: 1-тапсырма

Қызғалдақ тобы: 2-тапсырма

Райхан тобы: Сөздікпен аударма жұмысы жүргізеді.

Топ болып орындап,қорғайды.



Деңгейлік тапсырмалар

(Жас ерекшелігіне қарай оқыту)




10 мин.

Оқулықтағы 3 тапсырмада берілген мәтін бойынша деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Раушан тобы: III деңгей тапсырмасы

Қызғалдақ тобы: II деңгей тапсырмасы

Райхан тобы: I деңгей тапсырмасы

Әр топ өз тапсырмасын қорғайды.



Қорытынды

Пікір алмасу

3 мин.

Бүгінгі сабақтан алған әсері бойынша INSERT әдісін пайдаланамын.

Стикерлер таратылады,толтырып оқиды, плакатқа жабыстырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді







Бағалау

3 мин.

Әр тапсырманы смайликтер арқылы формативті бағалап, барлығын жинақтап қорытынды бағамен бағалаймын.




Үйге тапсырма

2 мин.

4 тапсырма шығармашылық бойынша:

«Өз досыңа қандай сыйлықтарды таңдап алар едің?» берілген біріккен сөздердің бірін таңдап алып, суретін салу және онымен сөйлем құрастырып жазып келу.



Күнделікке үй тапсырмасын жазып алады.

Барлығы:

45 мин






Сабақтың тақырыбы: Сыйлық


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыру, грамматикалық тақырып туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін жетілдіру және олардың есептермен қатесіз жұмыс істей білу дағдыларын одан әрі дамыта білді.
Тәрбиелік: Сыйластыққа, адамгершілікке, достық қасиеттеріне тәрбиелеу.
Оқушылар үшін оқыту нәтижелері: тақырып төңірегінде әңгімелей білу, сұрақтарға жауап бере алады, тұйық етістіктерді ажарата біледі.
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, жеке, топтық, ЖигСо-2 әдісі.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Ынтымақтастық атмосфера жасау. (1-слайд)
Сәлем достым – қол беру.
Сенің халың қалай – иықтан қағу.
Қайда жүрсің – құлақтарынан тартады.
Сағындым сені – жүректерін береді.
Бәрі жақсы–құшақтасады.(құшақтасып, амандығын сұрастырып, орындарына жайғасады).
II. Үй тапсырмасын тексеру.
4-тапсырма. Берілген үлгіге қарап, өз аналарыңа тілек жазғандарын тексеру. Лепті сөйлемдердің жасалуына назар аударыңдар.
(2-слайд).- Берілген гүл шоқтарының қайсысын анаңа сыйлар едіңдер?
- Мен өз анама лалагүлін сыйлар едім. Өйткені ол әдемі гүл деп ойлаймын.
- Ал мен анама раушан гүлін сыйлаймын. Өйткені раушан гүл менің анама ұнайды...
ІІІ. Негізгі кезең. Балалар, бізде аптаның қай күндері қазақ тілі сабақтары болады? (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, сенбі күндері) Апта атаулары жазылған қима қағаздарды тарату арқылы сыныпты топтарға бөлемін.
IV. Миға шабуыл. Сөздік жұмысы. (3-слайд)
Мыңжылдық – тысячелетие Достықтың белгісі – знак дружбы
Орта ғасыр – средневековье Сыйлықты таңдау – выбрать подарок
Баға – цена Ыңғайсыз жағдай – неудобное положение
V. Топпен жұмыс. 1-тапсырма. «Сыйлық жасау дәстүрінің тарихы» мәтінін әр топ өз беттерімен оқып, түсінеді. ( ЖигСо-2 әдісі бойынша)
VІ. Сұрақ-жауап. 2-тапсырма бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңдер. (4-слайд)
1. Сыйлық ненің белгісі?
2. Сыйлық беру әдебі қай ғасырдан бастап қалыптасқан?
3. Сыйлық тарихы неше жылды қамтиды?
4. Сыйлықты таңдар кезде оның несіне көңіл аударған?
5. Сыйлықтың бір сомадан аспауы қай елде қадағаланды?
6. АҚШ-та «Қызметкерлердің этикалық кодексі» қай президенттің тұсында қабылданды?
(қай топ жауап береді, смайликтемен марапатталады)
VІІ. Тренинг ретінде «Гүл шоғы» ойынын ойнау. Ойын шарты: раушан, қызғалдақ, лалагүл, гүлдер дегенде орындарынан тұрып ауысу керек, сол сәтте жүргізуші бос орынға үлгеру керек. Кім орынсыз қалады, сол ойынды жалғастырады.
VІІІ. Кітаппен жұмыс. 3-тапсырма Берілген сөйлемге тиісті тұйық етістіктерді қойыңдар. Мәтіндегі түсініксіз сөздерді сөздіктен қарап аударыңдар.
ІХ. Сабақты қорытындылау. Х. Бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма беру. 4-тапсырма. Берілген диалогті кезектесіп оқып, өз пікірлеріңді қосуға дайындалып келіңдер.
ХІІ. Рефлексия: «Көңіл гүлі» «Ромашка эмоций»: Гүлдің әр жапырағында әр түрлі көңіл-күй жазулы тұрады, кім қандай күйде, сол жапырақты тартып алып, өз көңілін білдіреді. На листочках ромашки пишутся эмоции, каждый вытягивает и изображает свою эмоцию.


Пәні: География

Сабақтың аты



Кімге не сыйлау керек?


Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

Тақырыппен топпен жұмыс істеу арқылы түсініктерін дамытады ,бір біріне деген жақсы қарым қатынас қалыптастыды , өзін-өзі бағалауға дағдыланады

Күтілетін нәтиже

Оқушылар материк және мұхиттардың зерттелу тарихы туралы түсінеді. Топпен жұмыс жасап үйренеді.

Негізгі идеялар




Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Жигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман»

Тапсырмалар

Жеке жұмыс «тест тапсырмасын орындау»


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

    1. Сәлемдесу

    2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

    3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (Мозайка арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 минут) « Миға шабуыл»

  1. 7-сынып курсын еске түсіріп шолу жасау

Ой қозғау

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Сый

  2. Материктерді зерттелу әреккеттері?

  3. Картада орналасулары қалай?

Мағанананы ашу

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы




Бағалау өлшемдері

Көш

басшы


Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу













2

Міндетін атқару













3

Топтық жұмысқа атсалысуы

































Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.


Ү. Жұптық жұмыс «Пилот - Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Берілген сөздерге шағын эссе жазады


  1. Материктер

  2. Мұхиттар

  3. Мұхиттың зерртелуі

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Жеке жұмыс «тест жұмысын орындау» (10 минут)

1. .


Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)


Кейінгі тапсырмалар

Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты шағын эссе жазу.

Кейінгі оқу


Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0523 -> Сабақтың тақырыбы Сызықтық спектр. Атом ядросының үлгісі Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет