Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



жүктеу 3.98 Mb.
бет21/30
Дата13.09.2017
өлшемі3.98 Mb.
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тісті күту


Мақсаты

Тқырып бойынша мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

  • Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: кеспе сурет «Қыс »,Ж.Аймауытов суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап,

Пән аралық байланыс: дүниетану

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау-Үйге қандай тапсырма берілді?-Ұйқы туралы кім, не айтады?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі-Мәтіндегі кейіпкерлердің іс әрекеті туралы кім не айтады?-Балалар, сөз неден құралады?-Дыбыстар мен әрпітердің ережесін кім айтады?

IV. Мақсат қою кезеңі-Балалар, ұйқц туралы кім сипаттап береді?-Ең қызығы не?

Тіс деген не?



V. Жаңа сабақ-

- Балалар бізде неше тіс бар?

- Сендер оларды қалай тазалайсыңдар?

- Ненің көмегімен?

- Тамақтан соң жуып - тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?

Отыз екі мықты,

Қаз –қатар болып шықты,

Он алтысы асты,

Он алтысы үсті. (тіс)

Тіс щеткасын таңдағанда:

Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.

- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.

- Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.

- Басының ұзындығы 25-30мм тіс щеткасымен күрек тістердің қуысын жуа аласыз.

Тістегі дақтарды қалай кетіруге болады?

Қызыл шай, тәтті соктан , шоколад жегеннен тістеріңе дақ түседі.

Тісті қалай жуу керек?

күніне неше рет жуу керек?

Тісті кем дегенде 3 мин жуу керек.

Міне ,үлкен азамат!



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Төменде берілген сұрақтарға жауап беру:

- Қос сөз деген не?

- Қос сөздердің қандай түрлері бар?

3. Мәтінмен танысу. Оқылым

Тісті күту

Әдемі- тіс- адам көркі. Тісі жоқ адам дұрыстап шайнай алмайды.Тамақты әбден шайнап жұту қажет, әйтпесе адамның асқазаны ауырады. Тісті үнемі тазалап, күту керек. Тісті жақсы күтпесе, бұзылады. Сондықтан тісті 3-4 жастан бастап- ақ күткен дұрыс. Тісті щеткамен , тіс пастасымен тазартқан жөн. Тазартқан соң, ауызды бірнеше рет таза сумен шаю керек. Тісті тазарту үшін қылы жұмсақ щетканы пайдаланған жөн. Ал сен тісіңді тазалайсың ба? Қалай тазалайсың?




Үйге тапсырма

Мазмұндау

- Балалар бізде неше тіс бар?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тіл дамыту

Мақсаты

а) Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру.

ә) Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, логикалық ойлау қабілетін дамыту

б) Тілді құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу .

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: плакаттағы сурет, ана тілі туралы нақыл сөздер, автордың портреті, автордың өмірбаяны

Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме, магнитофон немесе баян

Пәнаралық байланыс: музыка


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Оқулықпен жұмыс:

-Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Тіл және сөйлеу». -Балалар, сөйлеу не үшін қажет?Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?

Бүгінгі өтетін тарау бастамасы С.Торайғыровтың «Сүйемін туған тілді анам тілін » өлеңімен басталады.Өлеңді мен сендерге мәнерлеп оқып берейін, содан кейін талдаймыз.

Сүйемін туған тілді-анам тілін, Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім

Оқушылардың өздеріне тізбектей оқытамын

Анамның тілі-аяулы үні Ш.Смаханұлы, өлеңді оқи отырып әнімен айтқызу.Өлең арқылы ақын не айтқысы келді?



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

-Балалар , өлеңде не туралы айтылған? Сөз неден құралады? Сөйлеу қалай жүзеге асырылады? -Дұрыс .Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз? -Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?

.Бекіту кезеңі -Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Өлең не туралы айтылады?-Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?


Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Жаны саудың - тәні сау


Мақсаты

Балалардың «денсаулық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

- денсаулықты сақтау, нығайту қажеттігі туралы түсініктерін кеңейту.

- денсаулықтарын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру.

- денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу..

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап

Көрнекілігі: оқулық,қыс мезгілінің суреті


Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып

бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,

оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру,

олардың назарын сабаққа аудару.



II.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Дыбыс пен

әріп туралы сұрақтар қою.



II.Үй тапсырмасын сұрау-Балалар, үйге берілген тапсырманы қатар –

қатар бойынша бір-бір оқушыдан оқып,

қалғанымыз тексеріп шығайық.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жаны саудың – тәні сау» халық даналығын дәптерге жаздыру.

Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.

Денсаулық құпиялары туралы жазайық.

1. Дайексөз

«Дені сау адам- табиғаттың ең қымбат жемісі».
2.- Балалар, біздің келесі аялдамамыз «Спорт-біздің досымыз» деп аталады. Денсаулықты сақтау мен нығайтудың үлкен бір құпиясы-спорт. Спорт арқылы денемізді шынықтырамыз, сергітеміз, тәнімізге сымбаттылық, жаныңа күш-қуат береді, аурудың алдын алады. Спорт жайында кім қандай тақпақ біледі?

Оқушылар білетін өлең-тақпақтарын айтады.

Оқушылар екі топқа бөлініп, дене жаттығуларын орындайды. ( Үнтаспадан көңілді әуен ойналады)

Шығармашылық жұмыс

- Келесі аялдамамыз «Жан сұлулығы» деп аталады. Өйткені, жаныңның сұлулығы деніңе саулық, тәніңе сымбаттылық береді. Сонымен денсаулықтың тағы бір құпиясы жан сұлулығы жайында кім не айтады?

Жақсылық айтып басқаға,

Ортаға ойды салғайсың.

Тек мақтанба, жасқанба,

Сұлу жанды болғайсың.

- Ендеше, балалар өздерінің табиғаттағы, тіршіліктегі неге теңейсіңдер, ұқсатасыңдар. Сол суреттерді салып, не сурет салғандарынды жариялап айтасыңдар.(Оқушылар сурет салған кезде жай әуен ойналып тұрады)

«Галереяны шарлау» әдісі

Оқушылар салған суреттерін ортаға шығарып не салғанын айтып, тақтаға іліп көрме жасайды. Бір-бірінің суреттерін тамашалап баға береді.

Бір-бірін бес шапалақпен мадақтайды.

Дәйексөз: «Жаны саудың – тәні сау» халық даналығын дәптерге жаздыру.

Адамның ішкі ойы таза болса, дені де сау болады. Барлық уақытта адамдар мен айналаң туралы жақсы ойласаң және оларға жақсылық тілесең, өзіңді әрқашан жақсы сезінесің. Сондықтан адам тәнінің амандығы үшін ғана емес, жанының сау болу үшін де әрекеттер жасауы керек. Ол үшін өз бойыңдағы жағымсыз қасиеттерден арылу керек.

4. Денсаулық құпиялары туралы жазайық.



Сергіту сәті

Бір, екі, үш бойға жинап күш.

Қолға қалам аламыз, әдемі етіп жазамыз.





Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

«Топтастыру»әдісі

Оқушылар денсаулық құпияларын топтастырып жазады.

7. Жүректен-жүрекке

- Балалар, біздің соңғы аялдамамыз - «Жақсылық кені» аялдамасы деп аталады жақсылық – жақсы істерден, жақсы әрекеттерден, жақсы сөздерден құралады. Жақсы сөз де – денсаулықтың құпиясы. Жаныңның жақсы болғаны, саулығыңның жақсы болғаны. Бұл аялдамаға тоқтау арқылы бір-бірімізге жақсылық тілейік. Ендеше, бәріміз ортаға шығып, бір-бірімізге, айналамызға жақсы тілек айтайық.

- Денің сау болсың;

- Спорт сенің досың болсың;

- Күндей шуақты бол;

- Жаның сұлу болсын;

- Таза су саған күш-қуат берсін!

- Күнің ашық болсын!

- Жеріміз кең болсын!

- Ауамыз таза болсын!

- Суымыз таза болсын!

- Гүлдей жайнайық!

- Спортпен шұғылданайық!

- Жайдары жүрейік!

- Аман болайық! т. б


Үйге тапсырма

Өлеңді оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Емханада


Мақсаты

Денсаулық тақырыбына байланысты алған білімдерін жетілдіру,

тақырыпқа сай түсінік қалыптастыру, топтық жұмыстағы өз мүмкіндігін пайдалана білуге үйрету, белсенділік пен ойлау қабілеттерін дамыту, ауызша және жазбаша сөйлеу тілдерін жетілдіру.



Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, тоқылдақ, торғай суреті

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа

дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге берілген тапсырманы пысықтау, ережелерді еске

түсіру.


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. Өткен -Қандай тақырыптарды өтіп жатырмыз?

Денсаулық тақырыбына байланысты мақал-мәтелдерді жатқа айт



IV. Мақсат қою кезеңі-?

V. Жаңа сабақ- 4-қадам - Тақырыпты тақтаға жазбас бұрын мотивация жасау.

Диалог оқу. Оқушылар қандай тақырып екендігін өздері табулары керек.

Емхана

Енді осы сөзге сөздік талдау жасап көрейік (ауызша) ем-хана



Ем- түбір, не? зат есім.

хана – зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ.

Қазақ тілінің үндестік заңына бағынбайтын жұрнақ. Неге? Алғашқы буын жіңішке болғанымен, жуан қосымша жалғанып тұр.

Осыған байланысты бірнеше мысалдар ауызша келтіру (дәріхана, асхана, шайхана т. б.)



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Сөздік жұмысы. Жаңа сөздермен жұмыс..

емхана-оликлиника

ауыру-болеть

мән бермеу-не обращать внимание

дәрігер-врач

өмір салты- образ жизни

6-қадам - Тыңдалым әрекеті. Мәтінмен жұмыс. Оқылым.


Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Жаңа материалды пысықтау Сөзге тиісті жалғауларды қойып, сөйлем құрастыру және синт. морф. талдаулар жүргізу.

А. үшін, емдел (тұйық етістік) , барады, емхана (Б. с.)

Б. Дәрі (Табыс септігі) , алады, дәріхана (Шығыс септігі)

10-адам – Ойнайық та ойлайық. Шашылған әріптер.

Мект е п д әптер

м ұғалім ә ріп

ас х ана па р та

кіт а п і лгіш




Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0523 -> Сабақтың тақырыбы Сызықтық спектр. Атом ядросының үлгісі Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет