Сабақ тақырыбы: Ана тілім Жалпы мақсат



жүктеу 3.98 Mb.
бет9/30
Дата13.09.2017
өлшемі3.98 Mb.
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар


Мақсаты

Ойын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту, талдау жұмыстары арқылы білім, білік дағдыларын жетілдіру; күрделі сөздер туралы алған білімдерін бекіту, оқушылардың тілін дамыту, сөз байлықтарын толықтыру.;

Сабақтың түрі: Ойын сабақ.



  • Тақырыпты түсініп оқуына орай ойын толық жеткізуге ,ауыз-екі сөйлеуге, тілдік қорлары дамыйды

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, шығармашылық тапсырма, сурет арқылы сөйлем құрау
Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріп, әріп таңбасы, суреттер, текшелер, ребустар пайдаланылады.

Күтілетін нәтиже

+Психологиялық ахуал

аПсихологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу.


II.Үй тапсырмасын сұрау.Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:
IV. Мақсат қою кезеңі:Б

Өткен сабаққа шолу ( Қазақ халқының салт –дәстүрлеріне байланысты лексиканы еске түсіру. Шағын әңгімелерін оқыту, тексеру)



Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.



Мағынаны тану

Сыйлы қонақтарға берілетін тағамдар» тақырыбын оқып, аудару. Мағынасын ашу. Оқушылардың оқулары, мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ-жауап.
Мәтін бойынша «Даналық ағаш» ойынын жүргізу. Оқушылар мәтінді оқып, әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің қолындағы сандықшаға оқушылар өз сұрақтарын салады. Әр оқушы сандықшадан сұрақ жазылған қағаз алып, жауап береді.

Семантикалық картаны толтыру (берілген сөздердің қай сөз таптарынан екенін анықтау):

Топтарға мәтін таратылады.

« Қазақша ет»

1-тапсырма

Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау . Бір сұрақ жеңіл ,екінші сұрақ –қиын. Жеңіл сұрақ кім?не?қайда?қандай? деген сұрақтардан басталу қажет.

Қиын сұрақтар неге?қалай?не үшін?не себепті?деген сұрақтардан басталу қажет. .

2-тапсырма

Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Қазы , ет

« Қазы»


1-тапсырма

Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау . Бір сұрақ жеңіл,екінші сұрақ –қиын. Жеңіл сұрақ кім?не?қайда?қандай? деген сұрақтардан басталу қажет.

Қиын сұрақтар неге?қалай?не үшін?не себепті?деген сұрақтардан басталу қажет. .

2-тапсырма

Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Табақ, бөлек

« Қуырдақ»

1-тапсырма

Мәтінді оқып, аударыңдар. Мәтін бойынша 2 сұрақ дайындау . Бір сұрақ жеңіл ,екінші –қиын. Жеңіл сұрақ кім?не?қайда?қандай? деген сұрақтардан басталу қажет.

Қиын сұрақтар неге?қалай?не үшін?не себепті?деген сұрақтардан басталу қажет. . 2-тапсырма

Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.

Қонақ ,өнер

Мәтінді тізбектеп оқиды, тізбектеп аударады. Топтан бір спикер шығып

« Горячий стул » деген стратегияны пайдаланамыз . 3 Оқушы орындыққа отырып сұрақтарға жауап береді ( Өз тобынын намысын қорғау үшін)

3-Тапсырма . Берілген сөйлемдерді түсініп, дұрыс мәтін құрап жазыңдар.

1.Қазақ отбасылары өздерінің сыйлы адамдарына ,туыстарына шұжықты сыбаға ретінде сақтайды.

2.Қазы-жылқы етінен жасалатын тағамның бір түрі.

3.Қазанда пісіріп жатқанда ,оның жағымды иісі мұрын жарады,тәбетті ашады.

4.Қазыны халық жоғары бағалайды.

5.Қазыны жасау, сақтау,пісіруді қазақ әйелдері өте шебер меңгерген.

6.Қазы-аса дәмді, сый табақтарға салатын тамақ.

(Мәтінді тыңдап, дұрыс нұсқасын тақтада көрсету) (Слайд)




Сергіту сәті

Солға, солға түзу тұр.
Оңға, оңға түзу тұр.
Алға қарай бір адым
Артқа қарай бір адым
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

Қадыр мырза Әли (слайд)

Қазақ осы –ашық-жарқын қабағы,

Қонақ келсе, шабылып бір қалады.

Байқа да тұр, кетерінде ол саған

Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.

- Балалар,бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?

- Қазақ халқы қандай халық?Дұрыс, Сыйлы қонақжайлы.

- Ол қонағын қалай күтеді?

- Сыйлы қонақтарға қандай тағам беріледі?

Олай болса алдарында жатқан сызбанын үшініші парағын толтырыңдар.

Содан соң мына Блоб ағашына өздерін қай жерде тұрғанын тауып алыңдар да, бояп, аты-жөндерінді жазуларыңды сұраймын.



Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау, жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Сабаққа қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау Топпен орындаған жұмыстары бағаланады


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Нан тағамдары


Мақсаты

Нанның адам үшін маңыздылығы, нанның бидайдан жасалатынын, оның дастарханға үлкен еңбек нәтижесінде келетіні, бидайдың өсуі, нан пісіру кезеңдері, бидайдың құндылығы туралы түсінік беру.

Бақылағыштығын, қиялын, есте сақтау, желілі рөлді ойынға, кейіптендіруге арналған атрибуттарды дайындау іскерліктерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін, ересектер басшылығымен әрекет ете білуге іскерліктерін жетілдіру, шығармашылық ой қиялын

дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу


Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау.

- Несімен ұнады?

- Қазақ халқы қандай халық?Дұрыс, Сыйлы қонақжайлы.

- Ол қонағын қалай күтеді?

- Сыйлы қонақтарға қандай тағам беріледі?

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі. алалар, бүгінгі сабағымыз өте ерекше. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Осы қонақтарға өзіміздің аттарымызды атап, бойыңдарыңда қандай жақсы қасиеттеріңіз бар екенін айтыңдар. (Оқушылар өз аттарын атап қасиеттерін айтады. Мысалы: Миша – мейрімді, Аминат - ақылды)


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Балалар, сабағымызға бір ғажайып ағаш пайда болыпты (ағашта нан тағамдарының суреттері ілулі тұрады)

Өтірік әңгімені оқып беру.

- Баяғы заманда бір патшалықтағы балалар бір дән тауып алыпты. Сол дәнді терезенің алдына отырғызыпты. Біраз уақыт өте келе ғажайып ағашта алма емес, алмұртта емес, апельсинге де ұқсамайтын нан, тоқаш, бауырсақ, печенье өсіпті. Балалар болса түскі асқа да, кешкі асқа да осы ағаштан жұлып жей беріпті.

- Балалар, бұл дұрыс па? Нан ағашта өсеме? Нан тағамдарын неден жасайды? Нан дастарханға қалай келеді?

- Оны білу үшін бүгінгі сабақта біз бірнеше тапсырмалар орындаймыз.Олай болса іске сәт балалар!

- Нан дастарханға қалай келеді? Біріншіден, бидай егіледі.

- Біз де жай отырмай бірінші тапсырманы орындайық

(Жаңа сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Әр түрлі әдіс – тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау. А) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.

Б) Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал ол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға шығып аудармасын жазады.)

(Балалар, осылай біз бидайды отырғыздық)

V. Бидай шайқалып жақсы өсу үшін біз келесі тапсырманы орындаймыз.

Соңғы өтілген тақырыптар бойынша қисынды ойлау қабілетіне берілген сызба бойынша жұмысты ұжымдық түрде орындау.

Адасқан сөздерді орнына қою.

Сүт, алма, нан, алмұрт, қант, қызанақ, тұз, орамжапырақ, картоп, сәбіз, ірімшік, шұжық.

Азық- түлік Жемістер Көкөністер


Жарайсыңдар, балалар! Біздің бидайымыз шайқалып өсті.

Енді, күз келісімен бидайымызды жинап алуымыз керек. Бидайды тез жиналу үшін келесі тапсырманы орындайық.



Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

VI.Жаңа материалды пысықтау.

иалогты оқу, аудару. (3 пар оқушы тақтаға шығып мәнерлеп оқиды)

Мұғалім қосымша сұрақтар қояды: 1) Дүкенге кімдер келді?

2) Сатушы оларға не берді?

3) Қыздар қандай нан алды?

Сергіту сәті: Жайқалады ақ бидай,

Басын иіп аққудай

Трактор мен комбайн

Жүргізуге дайын.....

Жақсы, бидайымызды жинап алдық. Келесі бидайымызды диірменге апарамыз. Онда бидайымызды тартып, ұн жасаймыз.

Жақсы, диірменнен ұнды алып наубайханаға апарамыз, әр түрлі нан тағамдарын дайындаймыз. Сөздерді берілген суреттермен салыстырыңдар.

Әр түрлі нан тағамдарын дайындадық . Сол нан тағамдарын үстелге әкелейік. Ол үшін «Қарлы кесек» ойыны бойынша 1нұсқа « наубайшы», 2 нұсқа «бидай» деген сөздермен сөйлем құрастырады.

?VII.Бекіту кезеңі. Қорытынды: Балалар, бүгін біз нан ғана емес , нан тағамдары біздің дастарқанымызға қалай келеді екенін білдік. Бүгінгі ғажайып ағашқа қарайық бұл ағашта қандай нан тағамдарын көріп тұрсыңдар?

-Нан ағашта өсеме?

-Сендер нан туралы қандай мақалдар білесіңдерОй толғаныс. Біз не білдік? Жылулық шеңбері.

1. Нанның бидайдан өсетінін.

2. Нанды қастерлеу керектігін.

3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.

4. Нан - адамның тіршілік қорегі.

5. Нан - дастарханға еңбекпен келе




Үйге тапсырма

Слайдтар жасау тақырыбы: Нан -ас арқауы


Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Тіл дамыту


Мақсаты

Тіл туралы мәтіндер, өлеңдер, мақал-метелдер, нақыл сөздер арқылы сана-сезімдерін ояту,

оқушыларды сауатты жазуға, ой-өрісін, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын нығайту;.




  • Оқушылар өткен тақырыптарды біледі, түснеді және шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорларын дамытуға пайдаланады

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, суреттер,сұрақтар

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің

тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.



II.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Нанның бидайдан өсетінін.

2. Нанды қастерлеу керектігін.

3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.

4. Нан - адамның тіршілік қорегі.

5. Нан - дастарханға еңбекпен келе



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

1. Балаларды 3 топқа бөлу.

2. Бағалау парақтарын тарату (Оқушылар әр тапсырмадан кейін бір-бірін бағалап отырады).

3. Бейнесуреттерді көрсетеді. /Ә.Қастеев,Ж.Қайрамбаев суреттері көрсетіледі./ Оқушының іс-әрекеті

1. Стикерлердің түстері бойынша топқа бөлінеді.

2. Көреді, ойланады, жауап береді

3.Оқушы жеке өзі оқып алады.


Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

V. Жаңа сабақ. Мұғалімнің түсіндіруі

Ой шақыру әдісі.«Олар кімдер?»

4. Мұғалім әр топқа суретшілер туралы мәтіндер таратады.

5.1-топ Ә.Қастеев

2-топ Ж.Қайрамбаев

3-топБ.Табылдиев

6 . Бақылайды. 2 Оқиды,ойлайды,өз ойларын қорытады

3 Топпен талқылайды.

4 Мәтінді оқиды.

5 Мәтін бойынша тірек сызба құрып,қорғауға дайындалу

Әр топқа жеке тапсырмалар беру. Топтық жұмыс. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау. І топ.Ә.Қастеевтің шығармашылығы сан қырлы. ІІ топ.Балтабай Табылдиев 1940 жылдың 6 наурызында Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында дүниеге келген. ІІІ топ.«Балдырған»балалар журналымен шығармашылық байланыс орнатады.

3-тапсырмадағы мәтіннен етістіктерді теріп жазып,қалау райға айналдыру.

Синквейнді жазу ережесі::

1. (бірінші жол – БІР сөз, зат есіммен көрсетілген өлеңнің тақырыбы);

2. (екінші жол – ЕКІ сөз, тақырыпқа байланысты сын есімдер);

3. (үшінші жол – ҮШ сөз, тақырыпқа байланысты етістіктер);

4. (төртінші жол – тақырыпқа қатысты ТӨРТ сөзден тұратын сөйлем);

5. (бесінші жол – БІР сөз – бірінші сөздің синонимі). Оқушылар бірігіп бес жолды өлең шығарады




Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады


Ой толғаныс

VI.Жаңа материалды пысықтау.

1.Сөйлемдер құрастырып жаз.

1. Аспаз.

2. ------ ------ .

3. ------ ------ ------- .

4. ------ ------ ------ ------ .

5. ------ ------- ------ ------ ------ .

2. Дәрігер.

2. ------ ------ .

3. ------ ------ ------- .

4. ------ ------ ------ ------ .

5. ------ ------- ------ ------ ------ .

3. Сөз жарысы

Әр топтан 3 оқушы қатысады. 1 минут ішінде әр оқушы неше сөздің аудармасын айтып үлгеретінін анықтау қажет. Қай топ көп ұпай жинайды, сол топ сөз жарысының женімпазы атанады.

4 Сөзжұмбақ шешу
1.Ұлт.

2.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

3.Көктем мерекесі (ай аты).

4.Қазақтың ұлы, ақыны.

5.Космодром.

6.Қазақстанның астанасы.

7.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.

8.Қазақстандағы теңіз.

9.Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі.


VII.Бекіту кезеңі.

- Бүгінгі сайыста қандай тапсырмалар әсіресе саған ұнады?

- Кім, сенің ойынша, ең белсенді қатысты?

- Қай топ жеңіске жетті деп ойлайсың?

Оны анықтау үшін әр топтың сайыс бойы жинаған текшелерін санайық.



Үйге тапсырма




Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау Оқушыларға бағу қою.Женімпаз топқа мадақтама бер


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Каталог: uploads -> doc -> 0523
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0523 -> Сабақтың тақырыбы Сызықтық спектр. Атом ядросының үлгісі Сілтеме Жоспар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   30


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет