"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев журналистердің билет бағасы қымбаттай ма деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: rail-news.kz

"Қымбаттамайды. Әзірше, мұндай жоспарымыз жоқ", – деп ол сенаттың жалпы отырысынан кейін жауап берді.

Бұдан бөлек, темір жол басшысы бүгінде жолаушылар тасымалы мемлекет тарапынан субсидияланатындығын еске салды.

  • Алматыда үшінші теміржол вокзалын кім және қашан салатыны белгілі болды
  •  Астанадағы "Нұр-Сұлтан" және "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" вокзалдарының атауы өзгертілмек

"Соңғы уақытқа дейін біздегі дизель отынының тарифі қандай болғанын білесіздер ме? Біз дизель отынын 350 теңгеден сатып аламыз. Ал біздің тарифімізде 250 теңгеден бекітілген", – деді Нұрлан Сауранбаев.

Еске салайық, бұған дейін “Қазақстан теміржолшысы” басылымы наурыз айына арналған теміржол билеттері неліктен сатылымға шықпай жатқанын түсіндірді. 2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының ауқымына байланысты қазір пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатқанын жаздық.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.