Сабақ тақырыбы Жасалу жолдары, түрлері



жүктеу 38.4 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі38.4 Kb.
түріСабақ

Ақмола облысы

Қоянды ауылы

Қоянды орта мектебінің

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Кенжетай Бердігүл
Сыныбы: 8

Пәні: Қазақ тілі



Сабақ тақырыбы Жасалу жолдары, түрлері.
Сабақ мақсаты: а) білімділік – оқушыларды салалас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдарымен таныстыра отырып, оның құрылысы мен құрылымының ерекшелігін ұғындыру;

Тәрбиелік – оқушылар бойындағы имандылық сезімдерін тереңдету.;

Дамытушылығы – ой-өрісін, таным деңгейін кеңейте отырып, еріктілік, өз күшіне сенуін қалыптастыру, өткен тақырып пен жаңа тақырыпты өздігінен іздене отырып байланыстыра білу дағдысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, сын тұрғысынан ойлау

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушыларды түгендеу



ә) үй тапсырмасын сұрау
Жаңа сабақ. а) Сабақ мақсатымен таныстыру,ә) мағынаны тану в)ой қозғау г) Қорытынды д) үйге тапсырма е) Бағалау

І. Ой шақыру.

- Салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер қандай жолдармен байланысады?

ІІ. Мағынаны таны.Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ.

Жай сөйлем

Тұрлаулы мүшелер интонациясы

Салалас құрмалас сөйлем

Тұрлаулы мүшелер интонациясы

Салаласа құрмаласу тәсілдері

1.Ең жақсы тіл – ана тілі.
2.Оның осындай екендігі жөнінде маған сеніңіздер.

Баст. Баян. Бір ғана интонация

Ең жақсы тіл – ана тілі, оның осындай екендігі жөнінде маған сеніңіздер.

1 баст. 2 баян. ұласпалы интонация

Компоненттері, орын тәртібі, интонация арқылы

3.Еңбектің наны тәтті.
4.Жалқаудың жаны тәтті


Баст. Баян. Бір ғана интонация

Еңбектің наны тәтті де, жалқаудың жаны тәтті.

2 баст. 2 баян. ұласпалы интонация

Жалғаулық да, бірақ шылаулары арқылы

5.Жалынды болу керек.
6.Лап етіп жанып кетпеу керек.


Баст. Баян. Бір ғана интонация

Жалынды болу керек, лап етіп жанып кетпеу керек.


1 баст. 2 баян. ұласпалы интонация







  1. Олар төмен түсіп еді, жол екіге бөлінді.

  2. Күн жауып кетті, бірақ елеген ешкім болмады.

  3. Уәде бергеніме өкінген сияқтымын, жеңгесі үйіне кісі барғанды ұнатпайтын.

  4. Олар бірде тоқтап демалады, , бірде тынбай жүреді.

  5. Ертерек дәрігер шақыру керек немесе, ауруханаға бару керек

  6. Бабамнан қалған асыл бар: ол – мына кең дала.


ІІІ. Кубизм. Жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас сөйлемдерді бөліп жазыңдар.
1. Мейрам күліп еді, оған қоса Қанабек те күлді. Қол жетпес зәулім терек те бір күні қурайды да, құлайды, әуелеп ұшқан ақ сұңқар да бір күні топ етіп жерге түседі. Осы екі жылдың ішінде талай білік сыналады. Арқа бусанды, маңдай терледі, шықырлаған аяз естен шықты. Сағыныш бар дүниеде, жұбаныш бар, көңілді көтеретін жұбаныш бар.
Мәтінмен жұмыс. М. Әуезов « Көксерек» әңгімесінен өздеріңе ұнаған үзінділер алып,

  1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңдар.

  1. .Қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екендігін ажыратыңдар.

  1. Тыныс белгінің қойылу себебін анықта.


ІҮ. Шығармашылық қосымша тапсырма

Мақал –мәтелдерден, өздеріне таныс әдеби шығармалардан сөйлемдерге синтаксистік талдау жасату.



Үй ішінің қарбалас жүрісі саябырлады, барлық үлкен-кіші қонақтардың айналасына жиылды.

  1. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай – хабарлы сөйлем. Себебі ой баяндай айтылады.

  2. Құрылысына қарай - құрмалас сөйлем, себебі екі жай сөйлемнен құралып, күрделі бір ойды білдіріп тұр.

а) құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдеріне қарай – салаласа байланысқан құрмалас сөйлем. Себебі бірінші жай сөйлемнің баяндауышы тиянақты тұлғада келіп, екінші жай сөйлемнің баяндауышы мен тең дәрежеде салаласа байланысып тұр.

ә) құрмалас сөйлемнің мағыналық түріне қарай – жалғаулықсыз байланысқан ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.



  1. Құрмалас сөйлемнің алғашқы жай сөйлеміндегі сөздерді сөйлем мүшесіне талдаймыз. Ол үшін ең алдымен баяндауышты тауып аламыз.

а) не істеді? – саябырлады – дара, жіктік тұлғалы – баяндауыш

ә) не саябырлады – дара, етістік, тура толықтауыш

кімнің жүрісі саябырлады? – үй ішінің – күрделі анықтауыш.

4. Енді сөйлемдегі сөздерді байланысу түрлері мен тәсілдеріне қарай талдаймыз.



а) жүрісі саябырлады- жанасу тәсілі

Ү. Сабақты бекіту: пысықтау сұрақтар.

Үйге тапсырма: Әдебиет оқулығынан 10 құрмалас сөйлем жазып, сөйлем мүшелеріне талдау.

Бағалау:
Каталог: uploads -> doc -> 0fda
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет