Соңғы 20 жылда әлемде жастар арасында қатерлі ісік жиі анықтала бастаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мамандардың айтуынша, қатерлі ісік 50 жасқа дейінгілер арасында жиі анықтала бастаған екен. АҚШ-та 2000 және 2019 жылдар арасындағы бұл көрсеткіш 12,8%-ға артыпты. Дәл осындай тенденция Аустралия мен Батыс Еуропа елдерінде байқалып отыр. 

АҚШ-тағы Мемориал Слоан Кеттеринг онкологиялық орталығының маманы Андреа Черчектің пайымдауынша, қатерлі ісік анықталғна науқастардың орташа жасының азаюы қоршаған ортадағы өзгерістер, тамақтар мен дәрі-дәрмекке байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар дәрігер бұл факторлар әлемде қалыптасқан жағдайды толық түсіндіре алмайтынын атап өтті. 

Андерсон онкологиялық орталығының колоректальді ісік бойынша хирургі Нэнси Ю нақты диагноз қойылмайынша науқастардың денсаулығында ешқандай кінәрат байқалмайды екен.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.