Сабақ тақырыбы Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы



жүктеу 174.88 Kb.
Дата22.09.2018
өлшемі174.88 Kb.
түріСабақ

Оқу ісінің меңгерушісі: ________________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тамақтану мәдениеті

Мектеп: Еңбекші ауылындағы орта мектеп




Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Алиханова С Б




Сынып: 5

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:




Сабақ тақырыбы

Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.2.4.4. Жемістер мен көкөністерден әзірлеу технологиясын білу және қолдану

5.3.4.1. Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру

5.1.3.1. Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу (оның ішінде АКТ қолданып).





Сабақ мақсаттары

  • Жұмыс жасау кезінде АКТ ақпараттарын қолдану

  • Жемістер мен көкөністерден әзірлеу технологиясымен танысу және практика кезінде жасау.




Жетістік критерийлері

  • Оқушы оқыту мақсатына қол жеткізе алады.

  • Адам денесіне зиянды және зиянсыз тағамдарды айыра алады,

  • АКТ ақпараттарын қолдана алады,

  • Жемістер мен көкөністерден әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады,

  • Жемістер мен көкөністерден әзірлеу үшін керекті құралдар мен тағамдарды қолданады.

  • Жұмысты ұқыпты орындай біледі.




Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

  • академиялық тілдік дағдыларын қолдана отырып, өзінің шығармашылық жұмыстарын орындалу үдерісінің сатылы кезеңдерін түсіндіреді (сөйлеу дағдылары) және сипаттайды;

  • өзінің іс-әрекетіне және дайын жұмыстарды орындау бойынша нәтижелеріне талдау жасап, таныстыра алады;


Тілдік мақсатқа байланысты талқылауға арналған сұрақтар:

  • Мен жемістердің … пайдалы қасиеттерін білемін.

  • Мен … өзгертер едім не жақсартар едім.

  • Менің ойымша ... тиімді болады.







Құндылықтарды дарыту

Өзіне және өзгелерге құрмет

Оқушылар мен мұғалім бір-бірімен амандасады. Негізгі ұғымдарды талдау кезінде мұғалім мен оқушылардың және оқушылардың бір-бірінің пікірімен санасып құрмет көрсетеді.



Еңбек және шығармашылық

Жұптық және топтық жұмыс жасауда бірігіп еңбек етеді, оқушылар жаңа идея ұсынады.






Пәнаралық байланыстар

Биология, жаратылыстану, химия-тағам өнімдерінің құрамы мен ерекшеліктері, пайдалы және зиянды тағамдарды талқылау




АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша қажетті ақпараттарды іздеу, өңдеу.

Презентация жасау барысында АКТ құрылғыларына жүгіну және топта/жұпта бөлісу.






Бастапқы білім


Оқушылар жалпы асүй жабдықтарын танысып, материалдар мен құралдарды дұрыс қолданудағы қауіпсіздік техникасымен танысты. Асханалық құрал-саймандармен, құрылғылар жұмыс істеу және оларды қолданудың қауіпсіздік ережелері туралы мәліметтер мен білім алды.




Сабақ барысы




Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сабақ басында:

  • Оқушылармен амандасу/ тексеріс жүргізу/ оқушылардың зейінін шоғырландыру.

  • Шаттық шеңбері.

  • Топқа бөлу.

  • Сабақ барысында керекті құрал жабдықтарын тексеру.





Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы


Оқу мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру.

көрсетіліп оқушыларға жемістер мен көкөністерден жасалған салаттар жайлы бейнеролик көрсетіледі.




  • Салат туралы нені білдік?

  • Сендер үшін не жаңалық болды?

  • Адам денсаулығына қандай салаттар пайдалы?



Оқушылар өзара топта немесе жұпта өз ойымен сынып ішінде бөлісіп, шағын 1 беттік презентация жұмысын жасайды.

бейнероликте пайдалы салаттардың жасалу жолдары көрсетіліп, төмендегі кестені толтыру қажет.



  • Бұл бейнероликтің ерекшелігі

  • Аспазшы қандай азық-түлікті қолданды?


Жемістер

Көкөністер

Адам ағзасына тиімді жақтарын жазу














Практикалық жұмыс

Әр топқа жасырынған көкөністер мен жемістерден тез уақыт аралығында салаттар жасауы керек.

Қалыптастырушы бағалау:

Әр топ жұмысты орындау кезінде барлық байқаған үдерістерін сұрақтар қоя отырып қорғайды.



  • Салаттарды әзірлеу технологиясын біледі және практика кезінде қолданады,

  • Салаттарды әзірлеу үшін керекті құралдар мен тағамдарды қолданады.

  • Берілген уақытты ұтымды пайдаланады

  • Қорытынды жасайды

Рефлексия:

оқушылардың назарына келесі сурет көрсетіліп, сабақ барысында түсінбеген мағұлматтары болса, сұрақтарын қойып талқылай алады.





Наутбук, интерактивті тақта.


«Көкөністерден салат дайындау»



Тақырыбы: Көкөністерден салат дайындау

Мақсаты: Көкөністің пайдасын түсіндіріп , қолдану ерекшеліктерін айтып өту. Салат дайындауды үйрету.

Б) еңбекті ұйымдастырып ,олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.

В) шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше салат жасатып үйрету.

Сабақтың типі: білім мен іскерлікке үйрету.

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі иллюстративті, ВЕНН диаграммасы, кубизм БҰҰ әдісі.

Сабақтың түрі: Көкөністер туралы білімдерін жинақтау.

Көрнекі құралдар: нұсқау карта, тест, плакат, журнал.

Сабақтың барысы.

1 Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу түгендеу, қауіпсіздік ережелерін қайталау.

2 оқушылардан өткен сабақты тест бойынша сұрау. Ас мәзірі бойынша бірнеше мақал айту.

А) Таңғы асты тастама, кешкі асқа қарама.

Б) Асыңа тойғызбасаңда ақ ,тілегіңе тойғыз

Жаңа сабақ.

Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақтан келеді, оның ішінде көкөніспен жеміс-жидектің пайдасы өте зор. Себебі олар әртүрлі дәрумендерге бай. Дәрумен жетіспегеннен кейбір адамдар ауруға шалдығады. Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен дайындалатын салқын тағам, ол қаймақпен, майонезбен, тұздықпен дайындалады.

Салат жаңа піскен, тұздалған немесе қайнатып пісірілген, маринадталған көкөністен, піскен ет, жұмырқа қосып жасалатын жеңсік тағам. Көкөністі күнделікті пайдалану түрлері одан тағам пісіреді , тұздайды, тосап қайнатады, кептіреді, дәруменге бай дәрі жасайды, маринадтайды, салат жасайды, шырын дайындайды.

Салат дайындаудың нұсқау картасы.

Ыдысқа стаканды төңкеріп жан-жағына қажетті азықты қабаттап салады, әр қабатына майонез жағып отырады, анармен сыртын әсемдеген соң стаканды алып тастаймыз. Сонда ортасы қуыс дөңгеленген анар білезігі салаты шығады.

«Анар білезігі салатына қажетті азық түлік» 2-картоп,1-қызылша, жаңғақ, тауық еті,2сәбіз, анар, сарымсақ, тұз, дәміне қарай бұрыш, майонез.

Дайындалу реті:

1 қабат картоп, 2қабат сәбіз, 3 қабат тауық еті, 4қабат жаңғақ, 5қабат анар саламыз

«Нәзік салаты» Азық түлік 2-сәбіз, 100г мейіз, 150г сыр, 1қызылша, 50г жаңғақ,5 ас қасық майонез.

Дайындалу реті.

1қабат сәбізді майонезбен араластырады.

2 қабат сыр мен сарымсақ, 3-қабат қызылша, 4сәбіз бетіне жаңғақ қоямыз. Әр қабатқа майонез жағамыз. Енді балалар тақтадағы кіші саннан үлкенге қарай оқысақ, сөйлем шығады.

Ол қандай сөйлем?

Тәбетіңіз ашылсын!

ВЕНН диаграммасы арқылы сабақты бекіту.

Картоп

Сәбіз


Ет

Қызылша


Анар

Сәбіз


Қызылша Салат Мейіз

Сыр


Жаңғақ

Ет
Білемін-Салаттың пайдасы.

Білгім келеді-Маринадтау.

Үйрендім-салат жасауды.



Бағалау: Жасаған жұмыстарын тексеріп,сұрақ арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: Үйден салат жасау.

Көкөністерден салат дайындау

Загрузка...



Сабақ тақырыбы: Көкөністерден салат дайындау.

Сабақ мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға көкөністің маңызын, қолдану ерекшеліктерін айтып өту. 

Дамытушылық:еңбекті ұйымдастыра отарып, денсаулыққа пайдалы көкөніс түрлерінмен таныстырып, дүниетанымын,  өз бетінше еңбектену қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау.



Сарамандық жұмыс

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

Ас мәзірі туралы мақалдар айту.

1. Таңғы аста тастама, кешкі асқа қарама.

2. Асыңа тойғызбасаң да, ақ тілегіңе тойғыз.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіру, үй тарсыпмасын пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Мұғалім сөзі:

Адам ағзасына қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс-жидектің пайдасы өте көп. Себебі олар дәруменге бай. Дәрумен жетіспегендіктен кейбір адамдар ауруға шалдығады. 

Салат бір немесе бірнеше көкөніс түрлерінен, жаңа піскен, тұздалған немесе ұайнатылып пісірілген маринатқа салынған, көкөніс пен піскен ет, жұмыртқа қосып жасайтын салқын тағам.

 

Нұсқау картасы «Білезік» салаты



№ Азық-түлік мөлшері

1 Картоп 2 дана

2 Сәбіз 2 дана

3 Қызылша 1 дана

4 Тауық еті 1 аяқ

5 Жаңғақ 150 гр

6 Майонез 1 банка

7 Тұз, бұрыш Дәміне қарай

 

Нұсқау картасы «Нәзік» салаты 



№ Азық-түлік мөлшері

1 Қызылша 1дана

2 Сәбіз 2 дана

3 Мәйіз 100 гр

4 Жаңғақ 150 гр

5 Сарымсақ 1 бөлік

6 Сыр 150 гр

7 Майонез 1 банка

 

Салатты дайындау технологиясы «Білезік» салаты



Ыдысқа стаканды төңкеріп қою.

1 қабат - жан-жағына айналдыра картопты үккіштен өткізу.

2 қабат - майонез жағу сәбізді үккіштен өткізіп салу

3 қабат - майонез тауық етін турап салу

4 қабат - майонез қызылшаны үккіштен өткізу

5 қабат - жаңғақпен әсемдеу

 

«Нәзік» салатын дайындау технологиясы



1 қабат - Үккіштен өткізілген сәбізді мейізбен араластырып бетіне майонез жағу.

2 қабат – сырды үккіштен өткізу, сарымсақты да үккіштен өткізіп бетіне себелеу.

3 қабат – қызылшаны үккіштен өткізіп, бетіне майонез жағу.

4 қабат – сәбіз бетіне жаңғақ қою.

 

Мұғалім сөзі:



Сарамандық жұмыс. Салаттарды технологиялық карта бойынша дайындау керек. 

Біз салат жасауды 5 сыныптан бастап үйрендік. Бүгін салаттың жаңа түрін және әсемдеуді үйрендік. Енді дәмін татып қараймыз. 

Бағалау. Оқушылардың жасаған жұмыстарын бағалау.

Үй тапсырмасы: үйде салат жасау

Тақырыбы: Көкөніс салаттарды даярлау және әшекейлеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға көкөністің маңызын, пайдасын түсіндіріп, қолдану ерекшеліктерін айтып өту.
Дамытушылық: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі, сұрақ жауап
Сабақтың түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау
Көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, қажетті құрал жабдықтар

Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру


1) Бөлме тазалығына көңіл бөлу
2) Қияр, қызанақты маринадтау. Оқушылардан өткен сабақты тест бойынша сұрау

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру


Оқушыларға көкөністерді пайдалану және салат дайындау түрлері туралы мағлұмат беру.
Көкөністердің маңызы мен пайдасы туралы қысқаша айтып өтемін. Адам организміне қажетті бүкіл энергия тамақпен келеді. Оның ішінде көкөніс пен жеміс жидектің пайдасы өте мол. Дәрумендердің жетіспеушілігінен адамда әртүрлі аурулар пайда болады.

Көкөніс — тамаққа қолданылатын бақша жемістері мен көктер (қияр, сәбіз, помидор, қызылша, т.б.). Барлық көкөністер, негізінен, мынадай топтарға бөлінеді: тамыр-жемістілер — тарна, сәбіз, ақжелек түйнегі, ботташық, шалқан, тұрып, шомыр, балдыркөк түйнегі; жапырақтылар — қырыққабат, салаттар, саумалкөк, аскөк, жапырақты және сағақты балдыркөк, жапырақты ақжелек, рауғаш, қымыздық; жемістілер — томаттар, баклажандар, көкөніс бұрышы, қияр, қарбыз, қауын, асқабақ, гүлдікапуста, бұршақ,лобия, атбас бұршақ, қант жүгерісі; жуашықтылар (тамаққа басы мен жапырағы пайдаланылады)— басты пияз, сарымсақ, порей, батун жуалары, шнитт жуасы.Картоп пен хош иісті дәмді көкөністер: анис, кориандр, кресс салат, тмин, жалбыз, майоран қияр шөбі, эстрагон. Көкөністер — бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағы тез сіңгіш заттардың, ішінара көмірсутектердің болуына байланысты көкөністерде ас қорытуға пайдалы әсерін тигізетін, адам организміне қажетті витаминдер мен минералды тұздар, сондай-ақ ақуыздар, әр түрлі органикалық қышқылдар, эфир майымол. Мысалы, картоп — крахмалға, ал қызылша — қантқа бай; капустада С витамині, ал сәбізде — организмде А витамині құрылатын — каротин (А провитамині) көп; рауғашта органикалық қышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға; аскөк — хош иісті заттарға бай. Сондықтан да тамақ құрамына көкөністерді неғұрлым көп енгізіп, оларды пісірмей де, сондай-ақ әр түрлі тағамдарды дайындаған кезде де пайдалану керек. Еттен, балықтан және басқа азықтардан дайындаған тағамдарға көкөністі қосу тағамды жақсы қорытып, жаксы сіңіруге жәрдемдеседі. Кокөністердің диета тамағын дайындаудағы рөлі де зор (емдік тағамдар).

 Тамыр жемістері мен картопты бетіндегі топырағы кеткенше жуады. Содан кейін қабықтарын жұқалап аршып, шіріген, бүлінген жерлерін алып тастайды. Көкөністерде витаминдер мен минералды тұздар тікелей қабықтың астында болады, сондықтан олардың қабығын жұқалап аршу керек. Таз аршылған көкөністерді қайтадан жуып, тек содан кейін барып турау қажет. Оларды неғұрлым ірілеу кессе, витаминдері солғұрлым азырақ жойыл ады; картоптық кішігірім түйнектерін бөлмей тұтас пісірген жөн. Көкеністерді пайдаланар алдында тазалап, ұсақтап кескен жөн; ондай мүмкіншілік болмаса, таза, дымқыл орамалмен бетін жауып қояды, сонда олар ластанбайды және құрғап кетпейді. Тазартылған көкөністерді су ішінде қалдыруға болмайды, өйткені олардың бойындағы нәрлі заттары жойылып, дәмі бұзылады. Тазартылған көкөністерді 3 сағаттан артық (12°С аспайтын температурада) сақтауға болмайды. Жас қиярды, тұрыпты, сәбізді қабығын аршымай пайдаланған жөн. Салат, винегрет жасау үшін картоп, қызылша, сәбізді тазартпай-ақ пісіре береді. Қабығымен пісірген картоп С витаминін 22 % жоғалтса, тазартылған картоп екі есе артық жоғалтады. Тағам дайындау процесінде пайдалы, жұғымды заттардың жойылуын азайту мақсатымен тазартылған көкөністерді бұқтырып немесе буда пісіру керек. Көкөністерді пісірген кезде үстіне қайнаған ыстық су құйған жөн, өйткені С витаминін жоятын ферменттердің әрекеті жоғары температура кезінде тоқтайды. Көкөністердегі С витаминін сақтап қалу үшін оларды кастрюльге салып қақпағын нығыздап жауып пісіреді, қатты және ұзақ қайнатпау керек. Көкөніс пісірген суды басқа тағамдарды (сорпа, тұздық) дайындау үшін пайдалануға болады. Жаңа жиналған көкөністі дайын тағамға салған жөн, оларды 10 минуттай артық қайнатпау керек. Оны дайын болысымен пайдалану керек, ұзақ сақталып, қайтадан жылытса, жұғымды заттары жойылады. Салаттар мен винегреттерді дайындағаннан кейін, тұздық қоспай тұрып 6 сағаттап астам, ал тоңазытқышта 12 сағаттай сақтауға болады. Көкөністер тез семіп, тез бұзылады. Бірақ көкөністі, төмен температурада (0°С төмен) ауа ылғалдығы 90—95% және көлеңкеле жаңа жиналған күйінде ұзақ сақтауға болады. Картоп, тамыр жемістер, пияздың бастары бұзылмайды да, жемісті көкөністер нашар сақталады, жапырақты көкөністерді сақтау мүмкін емес. Консерві өнеркәсібі әр түрлі көкөніс консервілерін шығарады. Консервілеудің қазіргі қолданып жүрген тәсілдері көкөністердегі пайдалы заттар мен витаминдерді сақтауға мүмкіндік туғызады.

Капуста – қартаюды кешіктіреді және терінің саулығын жақсартады. 

Сәбіз – күш-қуат береді. Бауырдың өт сұйықтығын (запыран) бөлуіне және холестериннің реттелуіне көмектеседі. 

Қияр – бұлшық етті жасартады, тері жасушаларына иілгіштік қасиет береді. 


  
Сарымсақ – қан қысымын төмендетеді, қанның ұйып қалуын азайтады. Асқазанның қатерлі ісігіне қарсы жақсы, иммунитет жүйесін күшейтетіні анықталған.

Қанттан ақ, бүйірі тоқ,


Жерден алар керегі көп.
Киетіні қызыл, жасыл көйлектер
Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр?
/Пияз/.

Жаздай інге тығылып,


Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.
/Сәбіз/.

Мысалы: А - дәруменінің жетіспеушілігінен көз аурулары пайда болады. А дәрумені алма, сәбіз, өрікте болады. В дәрумені жетіспеушілігінен жүйке жүйесі аурулары – анемия, асқорыту сияқты аурулар пайда болады. В дәрумені картопта, орамжапырақта, қызанақта кездеседі. Көкөністерді әсіресе жаңа піскен кезде жеген дұрыс. Тосап қайнатуға, кептіруге, тұздауға, маринадтауға, пісіруге күнделікті көкөністерді пайдалануға болады. Сабақты түсіндіре отырып оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ассоциация құрамыз.


Көкөністі күнделікті пайдалану түрлері
Шырын, сусын дайындайды, салат жасаймыз, тосап қайнатады, дәруменге бай дәрі жасайды, тұздаймыз, кептіреміз

Салат туралы   Венн диаграмассы арқылы білеміз


Мысалы: қызылша салаты мен күздік салаттың ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқталсақ. Оқушылар тақтаға салат туралы өз ойларын жазады
Қызылша салаты
Қызылшаны төрт бұрыштап турайды майға қуырамыз 30 - 40 м қайнатылады әр түрлі банкаға салуға болады
Күздік салаты
Орамжапырақты ұзыншалап туралады. Бірдей банкаға салынып, сыртынан 1 сағ. қайнатылады
Айырмашылығы
Екеуі де қысқа сақталады. Екеуіне де қызанақ, сәбіз, тәтті бұрыш заттар қосылады
Сабақты теория түрінде қорытындылай отырып ББҮәдісін қолданамыз.
Оқушыларға сұрақ карточка берілді.
1. Сабақтан алған әсеріңқандай? Не үйрендің?
2. Мұғалімге қоятын сұрағыңқандай?

Сарамандық жұмыс жүргізу.


1. Қажетті құралдар: пышақ, тақтай, көкөністер, тәрелке, шанышқы
2. Жұмыс орнын дайындау
3. Оқушылардыңөз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт бағдар беру
4. Олардың жұмыстарын бақылай жүріп, сұрақтарына жауап беру
Жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау
Сабақты қорытындылап, үйге тапсырма беру. Үйден  салат  дайындап келу

                               

Көкөністер– бағалы тағам. Олардың тағамдық мәні бойындағыөте сіңімді заттардың, ішінара көмір сулардың болуына байланысты. Көкөністердеадам орнанизміне қажетті дәрумендер мен минералды тұздар, сондай-ақбелоктар, әр түрлі органикалыққышқылдар, эфир майы мол. Мысалы, картоп – крахмалға, алқызылша – қантқа бай; қырыққабатта С дәрумені, ал сәбізде – организмде А дәрумені түзілетін – каротин (А продәрумені көп); рауғашта органикалыққышқылдар басым; көк бұршақ белоктарға, аскөк – хош иісті заттарға бай.

         Көкөніс шөптесін өсімдікке жатады. Көкөністер 1 жылдық және 2 жылдық болып бөлінеді.

1 жылдық көкөністер тұқым арқылы гүлдеп, жеміс береді де, күзде тіршілігін жояды. 1 жылдық көкөністерге: картоп, қызанақ, баклажан, қияр, асқабақ жатады.

2 жылдық көкөністер осы жылы тұқымға қажетті қор затын жинақтап, келесі жылы гүлдеп, жемісін береді. 2 жылдық көкөністерге: пияз, орамжапырақ, сәбіз, сарымсақ жатады.

Көкөністер жылу сүйгіш және суыққа төзімді болып келеді. Мысалы, қауын, қызанақ, қияр жылуды жақсы көреді. Ал, сәбіз, қызылша суыққа төзімді болады. Көкөністер бақшада өсіріледі.

 

Көкөніс туралы мағлұмат беру.


Көкөніс тағамға пайдаланатын өсімдік. Тағамға олардыңәр түрлі мүшелерін пйдаланады. Түйнек-топырақ арасындағы сабақтың жуандаған бөлігі. Орамжапырақ-тығыз оралып өскен жапырақ. Жемтамыры-қоректік заттыңжиналуынан жуандаған өсімдік тамыры. Қияр, қызанақ-жемістері гүлден пайда болады.
Көкөністің кейбір түрлерін жерге тұқым себу арқылы өсірсе, кейбірін көшет түрінде отырғызады. К

Общая информация
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет