Сабақ тақырыбы: Көмекші лекалдар бойынша бұйымды құрастыру



Дата24.11.2022
өлшемі21.74 Kb.
#179341
түріСабақ
Байланысты:
сабақ №5


5
Пән: «Киімді құрастыру»
Сабақ тақырыбы:Көмекші лекалдар бойынша бұйымды құрастыру.
Киімді пішу үшін алдыңғы конструкция бөлімінің дайын үлгілерін әзірлеу қажет. Дайын үлгілердің Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады. Лекалдар сызбасының құрастыруы салалық стандарттарды ұсынылған нормативті-техникалық құжаттары негізінде орындалады.
Лекалдар сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның үлгілік ерекшеліктері тұрғызылған. Техникалық сызба, бұйымды дайындауға ұсынылатын маталар қасиеттері, технологиялық өңдеу тәсілдері пайдаланылады.
Арнайы міндетіне байланысты лекалдар келесі түрлерге бөлінеді:


  • оригинал лекалы;


    эталон лекалы;
    жұмысшы лекал;
    көмекші лекал.

Оригинал лекалы бұйымның негізгі өлшеміне дайындалған үлгісіне сәйкес болып келеді. Түрін белгілейді:





  • негізгі даяр үлгілер;
    туынды;
    көмекші.

Түпнұсқа дайын үлгілер – базалық өлшемдегі киім моделінің шын мәнісіндегі үлгілеріне толық сай келетін және олардың конструкция бөліктерін сызбадан көшіріп, әр бөлшектің қиығына керекті технологиялық қосымшаны қосып орындауға арналған үлгілер.

Тігіске қосымша;
Көмкермеге қосымша;
Сетінеуге;
Бүгілуіне;
Түзетілуіне;
Бұйымның қиыстыруына қосымша.
Эталон лекалы- градация (көбейту) арқылы барлық бой өлшемдер үшін лекал-оригинал негізінде дайындалады. Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.
Эталон (фр. etalon , stalo – үлгі) – ғылым мен техника дамуының белгілі бір кезеңіндегі ең жоғары дәлдік деңгейіне сай өлшеу бірліктерін алу, сақтау және беру үшін қолданылатын үлгі өлшемдері мен өлшеуіш приборлар. Оның бастапқы, қосалқы, арнаулы, мемлекеттік, куә, салыстыру, жұмыстық және көшірме эталон деп аталатын түрлері бар.



  • Бастапқы эталон бірлікті ең жоғары дәлдікпен алуды қамтамасыз етеді.
    Қосалқы эталон – белгілерінің мәні бастапқы эталонмен анықталатын эталон.
    Арнаулы эталон бірліктің ерекше жағдайдағы дәлдігін қамтамасыз етеді әрі сол жағдай үшін бастапқы эталонды алмастыра алады.
    Мемлекеттік эталон белгілері бір ел үшін негізгі эталон ретінде ресми түрде тағайындалып, бастапқы эталонның не арнаулы эталонның қызметін атқарады.
    Куә эталон – мемлекеттік эталонның сақталу дәрежесін тексеруге және оны бүлінген кезде (не жоғалғанда) алмастыруға арналған қосалқы эталон.


Салыстыру эталоны – эталондарды бір-бірімен салыстыруға мүмкіндік жоқ жағдайда, оларды өзара салыстыру үшін пайдаланылатын қосалқы эталон.
Жұмыстық эталон бірліктің дәл өлшемін дәлдігі жоғары үлгілік құралға түсіру үшін қолданылады.
Көшірме эталон – бірліктің өлшемін жұмыстық эталонға түсіруге арналған қосалқы эталон;

Сұрақтар:


1. Лекалдар түрлері
2. Эталон лекала д/н
3. Бастапқы эталон 

Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет