Сахнадан жиі көрінбей жүрген әншілердің бірі – Мақсат Базарбаев. Өнер иесі өнерден тыс немен айналысып жүргенін баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “ХабарLike” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Бағдарламадан скриншот

Әншінің өнерде жүргеніне – 23 жыл. “Музарт” тобының негізін қалаушылардың бірі әрі экс солисі. 

“Бала күнімнен бері сахнада жүрмін. Алғаш рет сахнаға шыққаным есімнен кетпейді. “Сыған серенадасын” домбырамен айтатын болдым. Менің атымды хабарлап жатқанда ортаға микрофон әкелді. Соған аяғым дірілдеп әрең жеттім. Жеттім-ау дегенде әнімнің сөзін ұмытып қалдым. Домбырамды бір-екі минут шерткеннен кейін есіме түсті. 1998 жылы үлкен сахнаға шыға бастадым. Алғашында "Бауыржан шоу" театрында әнші, актер болдым. 2001 жылы "Музарт" тобын құрдым. Топтың аты 6 айға дейін қойылмады. Үштік болдық. Ең алғаш "Сенің көзің" деген әнді жаздырдық. Студенттер арасында танымал болып, халық жақсы қабылдаса топтың ғұмырын жалғастырамыз дедік. Міне, топтың өмірі сүріп жатқанына – 25 жыл. Арамызда Мейрамбек Бесбаев көшбасшы, лидеріміз болды. Онымен бірге ән айтқаныма бақыттымын. Жігіттермен әлі күнге дейін араласамыз. Бет жыртысып кетпедік. Қандай қуаныш, қайғы болмасын, біргеміз. Байланыстамыз", – деп ағынан жарылды өнер иесі. 

  • "Ең қымбат кремім 450 мың теңге": Отандық шоу-бизнес өкілдері сұлулығы үшін қанша ақша жұмсайтынын айтты

  • "Жігітім қатты ренжіді": Мадина Оспан Төреғали Төрәлімен қарым-қатынасы туралы айтты

Өнер иесінің айтуынша, қазір мемлекеттік қызметкер. Мәдениет басқармасына қарасты “Алматы әуендері” ұжымында жұмыс істейтін көрінеді. 

“Мемлекеттік қызметте жүрсем де, сахнадан қол үзбедім. Былтыр жұмыстың жанынан АҚШ-қа барып келдік. Ол жақтағы қандас бауырларымызға концерт қойдық. Наурыз тойын тойладық. Сол жақта екі жас үйленіп жатыр екен, келіннің бетін аштым. Беташарға бәрі доллар берді. Қазақ өнері мен үнін сағыныпты. Керемет естен кетпестей жиын өтті”, – дейді әнші.

Еске салайық, эстрада жұлдызы соңғы кезде достарының азайып бара жатқанын айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.