Ресей халқы такси жүргізетін тәжік ұлтының өкілдеріне бойкот жариялаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Наша газета сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Клиенттер мен жүргізушілердің диалогы әлеуметтік желіде тарады. 

"Егер тәжік болсаң, мен сенімен бармаймын. Сапардан бас тарт", – деп жазған клиенттердің бірі. 

Ал жазылушылардың бірі "Крокустағы" қырғынды ұйымдастырғандардың да мақсаты осы екенін айтты. Сөзінше, бұл жағдайдан кейін ұлтаралық қарым-қатынас ушығып кеткен. 

Еске салайық, бұған дейін Мәскеудегі “Крокус сити холлдағы” терракт салдарынан 152 адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қанды қырғын 22 наурызда болған еді. Лаңкестер ғимаратта 18 минут болған.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.