Сабақ тақырыбы: Пішіндер және нысандар (объектілер) Жалпы мақсат пен міндеттері



жүктеу 24.18 Kb.
Дата19.09.2017
өлшемі24.18 Kb.
түріСабақ

10 сынып




Пән мұғалімі:


Оқу ісінің меңгерушісі


Сабақ тақырыбы:

Пішіндер және нысандар (объектілер)

Жалпы мақсат пен міндеттері

Оқушыларға пішіндер мен нысандар туралы түсінік қалыптастыру.

Оқушылардың ойлау қабілетін, бағдарламамен

жұмыс жасауын одан әрі дамыту, жетілдіру.

Оқушыларды ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.




Сілтеме

10 сынып оқулығы

Сабақта қолданатын әдіс-тәсілдер:

АКТ – ны пайдалану

Құрал-жабдықтар:

проектор, мультимедиапрезентация (көзге арналған сергіту жаттығулары), ДК, дәптер, оқулық,

Ұйымдастыру



Өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру. Мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды:

  1. Visual Basic программасын қалай іске қосамыз? (Пуск→Visual Basic)

  2. Жаңа жобаның аты қалай аталады? (Project1)

  3. Visual Basic программасы терезесі қандай басқару жолдарынан тұрады?




Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

Дәптерге сабақ тақырыбын жазады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен міндеттері анықталады



Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын компоненттердің орналасуы және оның дизайнін жасау үшін қызмет атқаратын басты терезе – пішін деп аталады.

Егер бір жобаға бірнеше пішім орналастыру керек болса, онда Project→Add Form бұйрығын орындаймыз. Егер экранда пішін көрінбесе, онда оны келесі амалдарды орындауға болады:

Бас мәзірден View Object бұйрығын шеру;

Shift+F7 функционалды батырмаларан қатар шерту;

Project терезесіндегі сәйкес батырманы шертк арқылы.

1 – кесте (62 бет) сызу.

Қолданбаның интерфейсін жасау үшін түрлі нысандар орнатамыз. Нысандар Toolbox құрал-саймандар тақтасында орналасқан.

16 – сурет. 63 бет.

Pointer (нұсқаушы) – бұл нысанды шерту арқылы элементтің қасиетін өзгертуге болады.

TextBox (мәтіндік өріс) – қосымшаға әртүрлі ақпарат енгізу және шығару үшін қолданылатын компонент.

Label (Жазу) – жазуды басқаратын элемент, пішінге ақпаратты шығару үшін қолданылады.

CommomButton (Бұйрықтық батырма) – бұл программаны іске қосу немесе өшіру мақсатанда пайдаланылады.

OptionButton (ауыстырып қосқыш) – бұл кезек – кезек немесе біреуі ғана орындалатын әрекет.

PictureBox (графикалық өріс) – пішінге графикалық файлдарды енгізеді.




Сабақты бекіту сұрақтары

Экранға пішіндерді шығару?

OptionButton міндеті

Нысандар қайда орналасқан?




Оқушы әрекеті

Сұрақтарға жауап береді



Үй тапсырмасы

Пішіндер және нысандар (объектілер)

тақырыбын оқу. Өз бетінше ғаламтордан қосымша мәлімет іздеу




Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Сұрақтары болса сұрайды.

Каталог: uploads -> doc -> 0a89
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a89 -> Билет №1 Физикалық география нені зерттейді?


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет