Сабақ тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері



жүктеу 29.65 Kb.
Дата17.02.2018
өлшемі29.65 Kb.
түріСабақ

Қазақ тілі 10 сынып

Сабақ тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері

Сабақ мақсаты: білімділік – оқушыларды сөздердің байланысу түрлерімен толықтай таныстырып, білімдерін кеңейту; дамытушылық– жаттығу жұмыстары кезінде білік дағдыларын қалыптастыру; тәрбиелік – тапсырмалар арқылы оқушының сезіміне әсер ет, жан дүниелерін байыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды оқыту сабағы

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, өз бетімен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, тірек сызбалар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

- Оқушыларды түгендеу, сәттілік тілеу.

- Сабақтан не алғың келеді?

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

237-жаттығу. Мәтіннен сөздердің байланысын бөлек-бөлек жазып, олардың байланысу тәсілдерін анықтаңдар.



ІІІ. Жаңа сабақ.

Сөздер сөйлемде әр түрлі ыңғайда, әр түрлі сипатта байланысады. Бірде сөйлемдер бірі екіншісіне бағына, сабақтаса байланысады. Енді бірде сөйлемде бір сөз екінші сөзбен қиыса байланысады.



Қиысу - бастауыш пен баяндауыштың жіктік жалғаулы байланысы немесе жіктік ретімен жақ жағынан үйлесе байланысу түрі. Мысалы: Мен оқимын, Сен келдің, Ол сөйлейді. Ашынған әйел мән жайын айтады. Мұнда әйел айтады деген - қиысу, әйел ІІІ жақтағы зат есім, атау тұлғада тұр, айтады сөзі ІІІ жақ жіктік жалғауда (-ды) қолданылған. Қиысу сөйлемнің негізі, екі жақты байланыс арқылы көрінеді. Сөздердің жіктеліп барып қолданылуы қиысу болып табылады.

Матасу бір сөздің ілік септік жалғауы, екінші сөздің тәуелдік жалғауы арқылы жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы: Төлеубектің столына таман барды. Бұл сөйлемде Төлебектің столы бірінші сөздегі ілік септік жалғауы (-тің) мен екінші сөздегі тәелдік жалғауы (-ы) арқылы байланысқан.

Асан+ның аға+сы,

Ауыл+дың бала+сы

Қазақ+тың дара+сы

Үш жақта тәуелденген сөздің барлығы матасу арқылы байланысқан.

Меңгеру сөйлемде сөздердің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулары және септеулік шылаулар арқылы байланысқан түрі.

Мысалы: Б: Ауыл+ға келді. Ш: Мектеп+тен барады.

Т: Терезе+ні сүртті. К: Апам+мен сөйлестім.

Ж: Үй+де отырмын. Ш: Үйге қарай жүгірме.



Қабысу сөйлемдегі сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі жағынан тек іргелес тұру арқылы байланысқан түрі, яғни сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының орнын ауыстыруға болмайтын, орын тәртібі қатаң сақталатын, жалғаусыз сөздер байланысын айтамыз.
Мысалы: Екі сөйлеу - сөйлеу екі?

Қарқ-қарқ күлу - күлу қарқ-қарқ?

Тас жол - жол тас?

Қатты ашулану - ашулану қатты?

Көтерілген су - су көтерілген?

Жанасу сөйлемдегі сөздердің ешбір жалғаусыз, орын тәртібі жағынан іргелес тұрып та, алшақ тұрып та байланысқан түрі. Жанасуды бұл жағынан қабысудың бір түрі деп қарауға болады. Жанаса байланысатын тіркестің бір сыңары көбіне үстеу, екінші сыңары етістік болады. Мысалы: Бүгін таңертең азғана ас құйылған екен. Ол Асанға таңдана қарады. - Ол таңдана Асанға қарады.

Ол ертең ауылға барады. - Ол ауылға ертең барады.

Кейде септеулік шылаулар арқылы байланысады. М: Көпір арқылы өту, түске дейін бітіру, сабақтан соң келу.

Оқулықпен жұмыс. 238-жаттығу. Сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсетіп, байланысу тәсілдерін анықтап, байланысу түріне талдау. 239 - байланысу тәсілі мен түріне қарай ауызша талдау. 241- Сөздердің байланысын анықтап, әрбір сөз байланысының түрін бөлек-бөлек жазып, байланысу тәсілін анықтаңдар.

ІV. Бекіту кезеңі. Бүгінгі сабақ несімен ұнады?

Оқушыларға қорытындылатамын.



V. Бағалау. Оқушылардың жұмысты орындау ерекшелігіне қарай бағалаймын.

VI. Үйге тапсырма: 242-жаттығу. Қарамен жазылған етістіктерді байланысатын сөздерімен бірге теріп жазып, байланысу түрін анықтаңдар. 243-Сөздердің әрбір байланысу түріне өздерің оқып жүрген кітаптарыңнан үш сөйлемнен тауып, дәптерлеріңе жазыңдар.
Каталог: uploads -> doc -> 0a9d
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a9d -> Іі кіші топќа ўйымдастырылєан оќу іс-јрекетініѕ
0a9d -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет