2024 жыл Ресей мен Украина арасындағы соғыстың өршуімен басталды. Ресейдің екі қаласына қарулы соққы жасалып, көптеген адам қаза тапты. Сонымен қатар жылдың алғашқы аптасы Ирандағы террорлық жарылыс, Жапониядағы алапат жер сілкінісімен есте қалды. Stan.kz ақпарат агенттігі осы және өзге де әлемде болып жатқан саяси жаңалықтарға сараптамалық ақпарат ұсынады.

Ракеталық шабуылдар: Ресей мен Украина арасында соғыс өршіді

Фото: Reuters

Осы аптада Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс өрши түсті. Украина Ресей териториясындағы және шығыс Украинадағы оккупацияланған аймақтарға әуе шабуылдарын бастады. 

Сенбі күні Белгород қаласына шабуыл жасалды. Зымыран соққыларынан 25 адам қаза тауып, 100-ден астам адам жарақат алған. Сондай-ақ Украинаның зымырандары Ресейдің оңтүстігіндегі Курск қаласын және 2014 жылы аннексияланған Қырым түбегін нысанаға алғаны белгілі болды. 

Дүйсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин Белгородқа жасалған шабуылдардың жазасыз қалмайтынын жеткізді.

Ал сейсенбі күні Ресей Украинаның екі ірі қаласы – Киев пен Харьковке ондаған зымыран және пилотсыз ұшақтармен шабуыл жасағанын хабарлады. Салдарынан бес адам қаза тауып, 100-ден астам адам жараланған. Ресейдің қорғаныс министрлігі Telegram желісінде Белгород облысының үстінде украиналық 12 зымыранды – алты "Точка-У" баллистикалық зымыранын және алты басқарылатын зымыранын жойғанын мәлімдеген. Ресейдің Белгород губернаторы Вячеслав Гладков Украинаның аймаққа төрт рет зымырандық шабуыл жасап, бір бейбіт тұрғынның қаза тапқанын айтты.

Украина Белгородтың солтүстігіндегі Курск облысына да соққы беріп, инфрақұрылымға зақым келтірген. Аумақта электр қуаты өшірілді. Ал оккупацияланған Қырымда Ресей орнатқан Севастополь губернаторы Михаил Развожаев украиналық зымыранның сол түні түсірілгенін хабарлады.

Бастапқыда Украина тарабы оқиғаға қатысты пікір білдірмеді.

Соққының Украина тарабынан жасалғаны белгілі болған соң,  Украинаның аймақтық әскери басқармасының басшысы Юрий Малашко соңғы 24 сағатта Запорожье аймағына ресейлік күштердің 134 соққысынан екі адам қаза тапқанын хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей 5 күн ішінде 300-ге жуық зымыран мен 200 өздігінен басқарылатын ұшақты қолданғанын айтты. Ол сейсенбі күні Ресей әр түрлі типтегі жүзге жуық зымыран атқанын айтты. Зеленскийдің айтуынша, сейсенбі күні 10 гипер дыбысты баллистикалық зымыран атып түсірілген.

Украина шенеуніктері сейсенбі күнгі Украинаның Харьков пен Киевті қалаларына жасалған шабуылдардан 130-дан астам адамның қаза тапқанын және жараланғанын хабарлады.

Президент Владимир Зеленский "Ресей өлтірген әрбір адам үшін жауап береді" деп уәде берді.

Украинаның шабуылдауына не себеп болды?

Фото: В.В.Гладков/AFP

Ресейдің Украинаны қайта бомбалауы өткен аптаның соңында басталды.

Жұма күні Ресей соғыс басталғаннан бергі ең ірі шабуылдарының бірін жасаған. Ресейдің өздігінен басқарылатын ұшақтары мен зымырандары 31 адамды өлтіріп, инфрақұрылымға зақым келтірген. Нәтижесінде Украина тарабы қарсы соққы берді. 

Ресей әскери инфрақұрылымды ғана нысанаға алғанымен, бейбіт тұрғындардың да өліміне себепші болған.

Ресей мен Украина арасында әскери тұтқындар алмасылды

"200-ден астам жауынгер мен бейбіт тұрғындар қайтарылды. Оның ішінде солдаттар, сержанттар және офицерлер, қарулы күштер, ұлттық ұлан, әскери-теңіз күштері және шекара қызметі өкілдері бар", – деп хабарлады Украина президенті Владимир Зеленский Twitter парақшасында.

Ресей Қорғаныс министрлігі Telegram желісіндегі жазбасында 248 ресейлік әскери қызметкердің келіссөздерден кейін босатылғанын хабарлады.

Әскери тұтқындарды алмастыруға гуманитарлық делдалдықты қамтамасыз еткен Біріккен Араб Әмірліктері көмектесті.

Батыстан Украинаға қолдау

Шабуылдардың өршуі Украинаға Батыстың қолдауын арттырды.

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорски сәрсенбі күні Батыс елдерін Украинаға Ресейдің ұшыру алаңдары мен командалық орталықтарына соққы беруі үшін ұзақ қашықтықтағы зымырандарды беруге шақырды.

"Біз Украинаға жасалған соңғы шабуылға Путин түсінетін тілде жауап беруіміз керек", – деді ол. 

Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишель Еуроодақтың Украинаны қолдайтынын қайталап, Ресейдің әуе шабуылдары оның бейбіт келіссөздерге мүдделі емес екенін көрсетті деді.

Норвегия Украинаға тікелей қару сатудан бас тартқанын мәлімдеді. Алайда қолдау көрсететінін жеткізді.

"Ресейдің басқыншылық соғысынан туындаған төтенше қауіпсіздік жағдайында Украинаны қолдауды жалғастыру өте маңызды", – деді Норвегияның Сыртқы істер министрі Эспен Барт Эйде.

Украина Қорғаныс министрлігі Норвегияға украиналық ұшқыштарды оқытуға F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізгені үшін "алғыс" екенін айтты.

"Норвегия Данияда украиналық қызметкерлерді оқытатын екі F-16 жойғыш ұшағын береді", – деп жазды министрлік бұған дейін Twitter-дегі парақшасында.

"Біз норвегиялық достарымызға айнымас қолдаулары үшін алғыс айтамыз”, – деді украиналық тарап. 

Сәрсенбі күні таңертең Норвегияның қорғаныс министрі жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығу мақсатында берілетінін растады.

Бейруттағы шенеуніктің өлімі: Израиль Ливан аумағында жарылыс жасады 

Фото: Hussein Malla/AP

Сейсенбі күні Израильдің пилотсыз ұшақтары Бейруттың оңтүстігіндегі Ливанның "Хизболла" тобының бекінісіндегі Дахие қаласына соққы берді. Салдарынан Хамас жетекшісінің орынбасары Салех әл-Арури қаза тапты. Бұл оқиға Израиль мен Хамас арасындағы қақтығыстың әлдеқайда үлкен аумақты қамтуы мүмкін екенін көрсетті.

Ливан Ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, пилотсыз ұшақ Хамас ұйымының кеңсесіне соққы берген. Қауіпсіздік жөніндегі екі дереккөз бұл соққының ХАМАС пен Ливандағы сүнниттік-исламдық "Джама Исламия" тобының кездесуін нысанаға алғанын, барлығы төрт палестиналық пен үш ливандықтың қаза тапқанын хабарлады.

Израиль алғаш рет Палестина территориясынан тыс жерде ХАМАС өкілін өлтірді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңесшісі Марк Регев Израиль шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алмайтынын жеткізді. Алайда ол бұл шабуылдың Ливанға қарсы жасалмағанын алға тартты.

Өлтірілген ХАМАС өкілі Арури кім?

Арури ХАМАС саяси бюросы басшысының орынбасары және Кассам бригадасының негізін қалаушы болған.

Жақында ол Ливан мен Катарға барып, ХАМАС пен Израиль арасындағы келіссөздерге, соның ішінде 7 қазандағы шабуылда Хамастың кепілге алған адамдарына қатысты келіссөздерге делдал болды. Хамасты лаңкестік топ деп жариялаған АҚШ өткен жылы Арури туралы ақпарат үшін 5 миллион доллар ұсынған.

Хамас Аруридің өлтірілгенін растады. Сонымен қатар Кассам бригадасының шенеуніктері Самир Финди Абу Амер мен Аззам әл-Акра Абу Аммардың да қаза тапқанын да жеткізген. 

Хамас ұйымының басшысы Исмаил Хание сейсенбі күні Аруридің өлтірілуін "террорлық әрекет", Ливанның егемендігін бұзу және Израильдің палестиналықтарға қарсы дұшпандығын кеңейту деп атады.

Иран бұл шабуыл Израильге қарсы күресті одан әрі күшейтетінін айтты, ал йемендік хуситтер жағдайға байланысты ХАМАС-қа көңіл айтты.

Оқиғаны Ливан соғыс ашу деп қабылдады

Ливанның уақытша премьер-министрі Наджиб Микати бұл соққыны "Израильдің жаңа қылмысы" деп атап, бұл Ливанды соғысқа тарту әрекеті екенін жеткізді. Оның кеңсесі Ливанның сыртқы істер министрінен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіруді сұрағанын хабарлады.

Хизболла өкілдері “бұл шабуыл жауапсыз қалмайды” деп уәде берді. Оған қоса Израиль күштеріне шекара арқылы шабуыл жасайтынын жариялады. Алайда шекарадағы соққылардың Аруридің өліміне қатысы бар жоғы туралы нақты ақпарат жоқ. 

Хизболла жетекшісі Сайед Хасан Насралла тамыз айында теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Израиль Ливан жерінде кісі өліміне себепші болса, “қатты соққы жасалатыны” ескерткен болатын.

Еске салсақ, Хизболла – Иранның оңтүстіктегі Дахия маңындағы қауіпсіздікті бақылайтын топ. ХАМАС пен Израиль арасындағы қақтығыс басталғалы бері Хизбола мен Израиль шекарасында да жағдай ушыққан. Содан бері Израильдің әуе шабуылдары мен атқылауынан 100-ден астам Хизболла жауынгері мен жиырмаға жуық бейбіт тұрғын, соның ішінде балалар, қарттар және бірнеше журналист қаза тапқан болатын.

Ирандағы террорлық жарылыс

Фото: AFP

Осы аптада Керманда ирандық генерал Касем Сүлеймани бейітінің жанында екі жарылыс болды. Жарылыс салдарына 103 адам қаза тауып, көптеген адамдар жараланды. Оқиға Сүлейманидің өлтірілгеніне төрт жыл толуына байланысты еске алу уақытында болған.

Жарылысқа нақты кімнің кінәлі екені белгісіз. Алайда оқиғаға араб сепаратистері, "Ислам мемлекеті" тобы немесе басқа да сунниттік жиһадтық топтардың қатысы болуы мүмкін деп болжануда. 

Генерал Касем Сүлеймани  Революция Сақшылары – Құдс күштерінің қолбасшысы болған. Ол  Иран саясатын қалыптастыруда шешуші рөл атқарған. Жарылыстар Сахеб әл-Заман мешітінің жанындағы шеру кезінде орын алды, нақты кінәлілер белгісіз.

Жарылыстың аймақтағы жағдайға не қатысы бар?

Сүлейманидің Иранның сыртқы операцияларындағы маңызды рөлі, одақтас үкіметтер мен қарулы топтарға қолдау көрсету әртүрлі экстремистік топтар үшін ынталандырушы фактор болуы мүмкін.

Сүлейманидің өлімінен кейін шиеленістің күшеюі және жақында Хамас жетекшісі Салех әл-Аруридің өлтірілуі ортаның тұрақсыз болуына ықпал етіп отыр.

Иранның Таяу Шығыстағы геосаяси маңыздылығы оның стратегиялық орналасуына байланысты, бұл Тегеранға Ирак, Сирия, Палестина және Ливанға назар аудара отырып, аймаққа ықпал ету мүмкіндігін береді. 2014 жылдан бері Ислам мемлекетінің күшеюі аймақтық тұрақтылыққа кері әсер еткен. 

2021 жылдың тамызында АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуы Талибанның қайта жандануына және "Ислам мемлекетінің" күш-қуатын арттырды. Ауғанстан және Ирак аумақтарына жақындық Иранды шиіт қауымдастығын ықтимал зорлық-зомбылық шабуылдарынан қорғауды мақсат етіп, аумақтық бақылауды күшейтуге мәжбүр етеді.

Соңғы лаңкестік әрекеттер Иранның геосаяси маңыздылығына қарамастан, лаңкестік пен зорлық-зомбылық әрекеттеріне қарсы тұра алмайтынын тағы бір рет дәлелдеді.

Оқиға Иранның немесе оның одақтас топтарының қарсыластарына қарсы жауап беру әрекеттеріне түрткі болуы мүмкін, бұл аймақтық шиеленісті күшейтеді.

Сонымен қатар оқиға Ирандағы ішкі толқуларды тудыруы ықтимал. Бұл үкіметтің тұрақтылығына қауіп төндіріп, қауіпсіздік шараларын күшейтуді қажет етеді.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.