Жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедов Бекзатқа қарсы жекпе-жегі туралы ойымен бөлісті.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

UFC рейтингінде 13-орында тұрған Омар Нұрмағамедов лига матчмэйкерлері өзіне қарсы шығатын Бекзат Алмаханнан басқа ешкімді таппағанын айтты. 

“Ұзақ уақыт бойы жекпе-жек сұрап жүрдім. Олар міне, осымен шығасың деп Бекзатты ұсынды. Әрине, үш ай бойы жекпе-жек сұрап жүргендіктен кіммен болса да шығуға дайын болдым. Тек ең бірінші, “ол менімен жекпе-жек өткізуге келісті ме?” деп сұрадым. Олар Бекзат келісімін бергенін айтты. Үш ай бойы жекпе-жек беріңдер деп жүріп, онымен жұдырықтасудан бас тарта алмаймын ғой.  Егер Бекзат келісімін берсе, мен дайынмын дедім” – дейді Омар. 

Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз

"Бекзат Омарды жеңсе, өзін чемпион ретінде санауына болады": Нұрмағамедовтың бапкері Бекзатқа қарсы жекпе-жек туралы пікір білдірді

Айта кетейік, Бекзат Алмахан мен жеңілістің дәмін татпаған Омар Нұрмағамедов  3 наурыз күні өтетін UFC Vegas 87 турнирінде жұдырықтасады.   


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.