Сабақ түрі: Жаңа сабақ Сабақтың жоспары: кезең -ұйымдастыру кезең -үйге тапсырма беру



жүктеу 431.15 Kb.
бет1/3
Дата22.09.2017
өлшемі431.15 Kb.
түріСабақ
  1   2   3

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Абишева Г.С

Сынып:5


Тақырыбы: Гидросфера-Жердің су қабығы

Мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың Гидросфера-Жердің су қабығы екендігі туралы түсіктерін қалыптастыру.

Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-үйге тапсырма беру

2 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 5 кезең- бағалау

3 кезең- бекіту 6 кезең- қорытынды

Сабақ барысы:




Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті


1

Оқушыларды тыныштыққа шақырады.

Тәртіпке келеді.

2

Сабақтың келесі кезеңінде гидросфера сөзіне түсінік беріледі. Оның бөліктерін оқушыларға түсіндіріп картадан көрсетеді. Мұхит және теңіз суларының қасиеттерімен оқушыларды таныстыру.

«Арасан» сөзін оқушыларға түсіндіреді. Қазақстанның емдік қасиеті бар санаторилерінің маңызын айту.



Жаңа тақырыпты дәптерлеріне жазады. Мұғалімді тыңдайды керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.


3

Тақырыпты бекіту үшін оқушыларға мұғалім 3 минут уақыт беріп параграфты оқытады. Сосын карточка таратылады.

Оқушылар тақырыпты оқиды. Карточка сұрақтарына жауап береді.

4

Үй жұмысы: §19 оқып мазмұндау . Кескін картаға мұхиттар мен ірі теңіздерді түсіру.

Оқушылар үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады, түсінбеген жерлерін сұрайды.

5

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейіне байланысты бағалайды.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады.

6.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктеріне тоқталады.

Қоштасады.



Қоштасады.



Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Абишева Г.С

Сынып: 5 Күні:

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Ауыз суды тазалау, Судың маңызы

Мақсаты:

Білімділік: Су- ерекше қайталанбас зат екенін әңгімелесу арқылы түсіндіру.

Дамытушылық: Судың пайдасын, қорғау туралы түсініктерін қалыптастыру, тәжірибе келтіру арқылы ой-іскерліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Суды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  3. Сабақты бекіу.

  4. Үй тапсырмасын беру.

Үй жұмысын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Табиғаттағы су айналуы қалай болады?

2.Су табиғатта қандай күйде болады?

3.Таудағы мұздықтар неден түзіледі?

4.Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл шаруышылығында, көлікте қандай маңызы бар?

Жаңа тақырыпты түсіндіру:



  1. Адамдардың суды пайдалануы.

  2. Су-ерекше қайталанбас зат.

  3. Суды қорғау.

Тұщы таза су баға жетпес байлық. Жер жүзіндегі барлық тіршілік суға байланысты. Сусыз тіршілік жоқ. Себебі жер шарындағы барлық судың 2% ғана тұщы, ал қалған 88 пайызы ащы су. Дүние жүзінде тұщы суды пайдалану жыл сайын өсіп келеді. Тұщы суды тек адамдар ішу үшін ғана пайдаланады, егін суаруда, мал шаруашылығында, өндірістің әртүрлі салаларында пайдаланылады. Сумен жуынамыз.

Тұрғын үйлерде, қоғамдық ғимараттарда, көшелерде тазалық сақтау үшін де су қажет.

Адам су жолдарымен қайықтар, теплоходтарға мініп сапарға шығады, азық-түлік, ағаш және машиналарды тасымалдайды. Ата-бабамыз ұлттық дәстүрімізде суды қадірлеу, суды ластамау, суды сабамау, былғамау туралы өсиет сөздерді көп айтқан. Балаларға ата-анасы «Суды сабама-балығын шошытасың», «бұлақты майлама-құсын кетіресің», деп өсиет айтқан. Суды таза ұстау-оны қорғау деген сөз. Қазіргі дүние жүзіндегі халықты тұщы сумен қамтамасыз ету, табиғи тұщы су көздерін таза ұстау, оны ластамау, тиімді пайдалану бүкіл халықтық мәселеге айналып отыр.

Бекіту кезеңі:

1.Су табиғатта қандай күйде кездеседі?

2.Сұйық, қатты және газ күйіндегі судың қасиеттерін салыстырыңдар?

3.Судың көлемі қыздырғанда және салқындатқанда қалай өзгереді?

4. Қыста су өсімдіктері мен жануарлардың тіршілігін сақтауда мұздың қандай 5.қасиеттері септігін тигізеді?

6.Суда еритін бірнеше заттарды атаңдар. Олардың суда еритінін немен дәлелдейсіңдер?

7.Суда ерімейтін заттарды атаңдар?

8.Суды неліктен және қалай қорғайды?



Үй тапсырмасы:§20 оқу, сұрақтарға жауап беру.

Тақырыбы: Мұхиттар

Мақсаты: Төрт мұхиттар туралы қысқаша сипаттама беру.

Карта арқылы түсіндіру білімдерін кенейту.

Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ


Барысы: 1.Үй жұмысын тексеру.

2.Жаңа материялды баяндау

3.Сабақты бекіту

4.Үй жұмысын беру

1. Судың ел шаруашылығында, өнеркәсіпте, ауыл-шаруашылығында, көлікте қандай маңызы бар?

2. Судың қасиеттері бар?

3. Табиғатта қандай жағдайларда су қатты, сұйық және бу күйінде болады?

4. Не үшін суды қорғау керек ?

5. Таудағы мұздықтар неден түзіледі?


  1. Дүниежүзілік мұхит.

  2. Тынық мұхиті.

  3. Атлант мұхиті.

  4. Үнді мұхиті.

  5. Солтүстік мұзды мұхиті.

Мұхиттар өзара жалғасып жатады, ал барлығы бірігіп біртұтас Дүниежүзілік мұхит құрайды. Мұхиттардың ішіндегі ең үлкені және ең терең Тынық мұхиті.

Көлемі жағынан оның бір өзі жер шарының барлық құрлығынан асып түседі.

Үлкенді жағынан екінші орында Атлант мұхиты алады, ал Тынық мұхиттан екі ені ең кіші.

Солтүстік Мұзды мүхиті басқа мұхиттардан, анағұрлым кіші, оның орта бөлігінде Солтүстік полюс бар.

Камчатка түбегі мен Куриль аралдары тізбелі охот теңізін Тынық мұхиттан бөліп тұр.Сахалин аралы Охот теңізі мен Жапон теңізінің аралығында жатыр.

Жапон теңізін мұхиттан Жапон аралдары бөліп тұр. Азияның шғыс жақ жағалауынан Тынық мұхиты арқылы Америка мен Австралияның жағалауларына баратын теңіз жолы өтеді.

Тынық мұхит суларында балық аулаумен теңіз кәсіпшілігі дамыған, лосось балықтарын, майшабақ, треска, сардиналарды, сондай-ақ крабтарды көп аулайды. Беинг тнңізінен киттер ауланады.


  1. Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?

  2. Батыс жарта шарлар картасына қарай отырып, бұл аймақтын негізгі бөлігін қандай мұхит алып жатқанын анықта.

  3. Көлемі жағынан ең үлкен және ең терең жайлы түсінік бер.

  4. Қай мұхиттын суының температурасы жылы?

  5. 217 1-4 сурет, 57 бетте


Тақырыбы: Теңіздер мен көлдер.

Мақсаты:

Білімділік: Теңіздер мен көлдер туралы және шеткі және ішкі теңіздері туралы сипаттама беру. Шығанақ, бұғаз жайлы анықтама беру.

Дамытушылық: Карта туралы жұмыс жасау арқылы іскерліктерін, білімдерін дамыту.

Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4.Бекіту.

5. Үй тапсырмасын беру.
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

1.Дүниежүзілік мұхит дегеніміз не?

2.Көлемі жағынан ең үлкен және ең терең мұхит жайлы түсінік беру.

3.Қай мұхиттың суының температурасы жылы?

4.Төрт мұхит туралы айтып беріңдер.

5.Батыс жарты шарлар картасына қарай отырып, бұл аймақтың негізгі бөлігін қандай мұхит алып жатқанын анықта.
Жаңа тақырып.


  1. Теңіз дегеніміз не?

  2. Ішкі теңіздер.

  3. Шеткі теңіздер.

  4. Шығанақ

  5. Бұғаз

Теңіз дегеніміз-дүние жүзілік мұхиттың бөлігі. Дүние жүзінде 30 теңіз бар. Ең үлкені Саргасс теңізі,Атлант хитының Солтүстік Америка жағалауына орналасқан. Бұл теңіздің Саргасс деп аталуы оның су бетін Саргасс балдыры жауып жатыр. Теңіз соның атымен аталған. Барлық теңіздер 4 мұхит алабына бөлінген. Теңіз түбінен ең бірінші 19 ғасырда Каспий теңізінің Баку маңында құдықтан алған.


Ішкі теңіздер- құрлықтың ішіне қарай тереңірек еніп мұхитпен немесе жақын теңіздермен бұғаз арқылы жалғасады. Оларға Жерорта, Қара, Азов, Балтық, Қызыл теңіздер жатады.

Ең үлкен көл –Каспий, ең терең- Байкал.

Сабақты бекіту үшін келесі сұрақтарға оқушылар жауап береді.

1.Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?

2.Еураияның жағалауларын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

3.Қазақстанда қандай көлдер бар?

4.Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?

5. Көл дегенді қалай түсінеміз? Көлдің теңізден қандай айырмашылығы бар?


Үй тапсырмасы: § 22 . 61 беттегі 1-5 сұрақтар.

Сынып: 5а

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Судың тірі ағзалар үшін маңызы және оны қорғау.

Мақсаты:

Білімділік: Суды қорғаудың маңыздылығын түсіндіру, суды қадірлеуді үйрету. Өмірмен байланыстыру. Елбасының жолдауында ауылды жерлерді құбыр арқылы келетін сумен қамтамасыз ету, ал шағын қалаларда тұрғындардың 100 пайыз таза сумен қамтылатындығы туралы айтқандарын түсіндіру.

Дамытушылық: «Сусыз тіршілік жоқ» екендігін айта отырып, судың табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы туралы оқушылардың ойлау қабілетін, ізденімпаздығын дамыту.

Тәрбиелік: Суды үнемдеуге, қорғауға, таза сақтауға, әртүрлі ластанулардың алдын алуға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1 кезең-.Ұйымдастыру кезеңі.

2 кезең- Үй тапсырмасын тексеру.

3 кезең- Жаңа тақырыпты түсіндіру.

4 кезең- Бекіту.

5 кезең- Үй тапсырмасын беру.
1.Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
2. Жаңа тақырып.

Су –тіршіліктің қайнар көзі. Онсыз жер бетінде тіршілік болмайды. Адамның 70 жасқа дейінгі суға деген қажеттілігі ғалымдардың айтуынша 50 тонна. Қазіргі кезде қалалық жерде 1 адамға деген су шығыны 300-500 литр. Соның өзінде де суды ластаушы адамның өзі.



4 кезең- Бекіту.

Оқушылар алдымен тақырыпты оқып шығады, содан соң деңгейлік тапсырмалар орындайды.

1-деңгейлік тапсырма.

А) Адам және табиғат үшін судың маңызы және «Қорғау» деген тақырып бойынша оқушылардың ойларын тыңдау.


2-деңгейлік тапсырма.

А) оқу кабинетінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктеріне тәжірибе жүргізе отырып, судың тіршілік үшін қандай маңызының бар екендігін әңгімелеу;

Ә) су және оның маңызы туралы мақал-мәтел айтудан жарыс.

3-деңгейлік тапсырма:

А)адамның суды күнделікті үй тапсырмасында және халық шаруашылығында қандай мақсаттарда пайдаланатындығын әңгімелеу;

Ә)Қазақстанның физикалық картасынан Отанымыздағы теңіздерді, көлдерді, өзендерді, қоймаларды көрсету.

4-днңгейлік тапсырма:

А)өз бетінше жұмыс. Судың маңызы және қорғау тақырыбына шағын әңгіме жазу;

Ә)біздің облысымызға ұласып жатқан Каспий теңізі суының ластануының алдын алу үшін жүргізілетін жұмыстар туралы ойларын айту.

Тест тапсырмасын орындау.

1.Судың қасиеті.

А)мөлдірлігі

Ә)ағуы


Б)иісі

В)түссіз болуы

Г)еруінде

2. су қоймасы емес.

А)көл

Ә)өзен


Б)сарқырама

В)мұхит


3.Қандай температурада су мұзға айналады?

А)0-тан жоғары

Ә)0

Б)0-тан төмен



4.Суды тазалау процесі қалай аталады?

А)қыздыру

Ә)сүзгіден өткізу

Б)суыту


5.Судың неше агрегаттық күйі бар

А)1 Ә)5 Б)3

6. Судың қасиеті.

А)ағынды болуы

Ә)жанғыштығы

Б)еруі


В)мөлдірлігі

Г)сынып кетуі



Сынып: 5а

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Өзендер.

Мақсаты:

Білімділік: Өзендер туралы түсінік беру. Өзендердің теңіздерден айырмашылығын айту. Қазақстанның ірі өзендеріне тоқталу.

Дамытушылық: Атласпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, картамен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Суды қорғауға, үнемдеуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы: 1. Үй жұмысын тексеру.

2. Жаңа материалды меңгерту.

3. Бекіу.

4. Үй тапсырмасын беру.

Үй тапсырмасын сұақ-жауап арқылы тексеру:

1.Теңіз дегеніміз не? Орналасуына қарай теңіздерді қалай ажыратамыз?

2.Көл дегенді қалай түсінесің?

3.Адам өмірі үшін көлдер мен теңіздердің қандай маңызы бар?

4.Мұхитта мен теңіз суларының ластануы неге байланысты?

5.Еуразияның жағалауын қандай теңіздердің сулары шайып жатыр?

Жаңа сабақ.


  1. Географиялық карталардан өзендердің белгіленуін қарастыру.

  2. Өзен дегеніміз не?

  3. Бастау.

  4. Өзен аңғары.

  5. Өзен жайылмасы.

  6. Өзеннің саласы.

Географиялық карталарға мән беріп қарасңдар, материктердің үстінде жіп сияқты жан-жаққа созылып жақан көкшіл бояуларды көресіңдер. Бұлар жай сызылып қойылған бояулар емес, өзендер. Өзен дегеніміз- табиғи жолмен жасалған арна арқылы ағатын су. Өзеннің басталар жерін бастау деп атайды. Өзен басталар жерінен құяр жеріне дейінге аралықты өзен алабы дейді. Өзен аңғары- өзен албындағы, ұдайы ағып жатқан судың әсерінен төмен түскен жер. Көбінесе лкен өзендерге екі қапталынан кішігірім өзендер келіп құяды. Оларды өзеннің саласы деп атайды. Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен –Ніл. Оның ұзындығы 6671 км. Ал ең суы мол өзен –Амазонка. Қазақстандағы ең ұзын өзен-Ертіс.
Бекіту.

Алдымен тақырыпты оқып шығып, атласпен жұмыс жасау. Картадан Ніл, Амазонка, Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу өзендерін тауып алып кескін картаға белгілеу.



Сұрақтарға жауап беру:

1.Өзен дегеніміз не?

2.Судың ағыны қалай пайда болады?

3.Өзеннің құрамдас бөліктерін ата?

4.Өзің тұратын ауыл, қала арқылы ағатын өзенге мысал келтір.

Үй тапсырмасы: § 23 оқу, 1-3 сұрақтарға жауап беру.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Абишева Г.С

Сынып: 5а Күні:

Пән:Жаратылыстану

Тақырыбы: Атмосфера-Жердің ауа қабаты.Ауа, оның құрамы

Мақсаты:

Білімділік: Атмосфераның бізді қошап тұрған газ қабығы екендігін түсіндіріп,ауаны ластаушы негізгі көздерді айту.

Дамытушылық: Атмосферадағы күнделікті болып жатқан құбылыстарды, климатты, ауа райын түсіндіре отырып, оқушының көзқарасын кеңейту.

Тәрбиелік: Ауаның бүкіл тіршілік үшін маңызын түсіндіру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары: 1 кезең-ұйымдастыру. 4 кезең-бекіту.

2 кезең- үй тапсырмасын сұрау. 5 кезең-үйге тапсырма беру.

3 кезең- жаңа тақырыпты меңгерту. 6 кезең- қорытынды, бағалау.

Сабақ барысы:




Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

1

Оқушымен амандасып, оқушының зейінін сабаққа аударады.

Амандасады Кітап, дәптерін шығарып сабаққа дайын отырады.

2

Үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы сұрау.

1.Жердің ауа қабаты (атмосфера)

2.Ауаның құрамында қандай газдар бар? (азот, оттегі,басқа газдар)

3.Оттегін бөліп шығарушы (өсімдіктер)



Жаңа тақырыпты дәптеріне жазады. Мұғалімді тыңдап, керек жерлерін дәптерге қысқаша жазып алады.


3

Атмосфераны ластаушы көздердің бірі автокөліктер мен ұшақтар. Дүние жүзінде 500 млн-ға жуық автокөліктер бар. Олардың ауаны ластаудағы үлесі 60 пайыз. Оның түтіндерінің құрамында адам өміріне зиянды 200-ге жуық улы компоненттер бар. Реактивті ұшақ 1 сағат ұшу барысында 6-10 тонна оттегін жағады. Атмосфера ластануының нәтижесінде Антарктидадағы азон қабатының жұқаруы мысал бола алады.

Оқушы тақырыпты оқиды. Керек жерін дәптеріне жазып алады.

4

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім келесі сұрақтарды қояды:

1.Атмосфераның ластануын қалай азайтуға болады?

2.Өздерің тұратын елді мекендерде атмосфераны қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізіледі?

Одан кейін тақтаға сұрақтар жазылады, сол сұрақтарға оқушылар жауап беруі тиіс.



Мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. Тапсырмаларды орындайды.

5

§22 оқу, « ауаны ластанудан сақтау үшін не істеу керек» атты тақырыпта өз ойын жазу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

6.

Сабаққа қатыскы бойынша бағалау.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады. Күнделіктеріне баға қойғызады Қоштасады.

Бекітемін: Оқу ісінің меңгерушісі Абишева Г.С



Сынып: 5

Пән:Жаратылыстану

Күні:

Тақырыбы: Бақылау жұмысы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – балалардың ІІ тоқсанда алған білімдерін еске түсіру және бекіту

Дамытушылық мақсаты – Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: Қайталап, қорытындылау сабағы

Сабақ жоспары:

І кезең – ұйымдастыру кезеңі

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады да, кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылардың бақылау дәптерлері бар-жоқтығын тексереді.



Оқушылар мұғаліммен амандасады және сабаққа дайындалады.

ІІ

І. Сұрақтарға жауап беру.

1.Мұхиттарды ата. 2.Ауа қабығы. 3.Су қабығы.



ІІ. Тест.

1.Экватор дегеніміз не?

А) Жер бетіне ойша жүргізілген сызық

Ә)Үлкен дөңгелек

Б)Жер бетіндегі белгілі бір жазық

2.Географиялық карта

А)Жер бетінің кішірейтілген бейнесі

Ә)нысан


Б)ара қашықтықты өлшегіш

3.Жердің серігі

А) А Ә)Күн Б)Шолпан

4.Қайсысы судың қатты күйі

А)шық Ә)бұлт Б)мұзтау

5.Өзеннің басталар жері

А)бастау Ә)арна Б)саға

6.Өзеннің ағып жатқан жерін қалай атайды

А)бастау Ә)арна Б)саға

7.Адамның және жануарлардың тыныс алу үшін не қажет?

А)оттегі Ә)сутегі Б)көмірқышқыл газы

8.Ауа ластануының негізгі факторы

А)жануарлардың дем шығаруы

Ә)өсімдіктер Б)автокөлік түтіндері

9.Оттегін бөліп шығарушы

А)адам Ә)тау жыныстары Б)өсімдіктер

10.Белгілі жерде, белгілі бір уақыт ішінде болған атмосфераның жағдайы

А) ауа райы Ә)климат Б)табиғат зонасы



Тапсырмаларды орындайды.

ІІІ

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Сосын оқушыларды үзіліске жібереді.

Оқушылар үзіліске шығады.

Каталог: uploads -> doc -> 0f11
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0f11 -> Сабақтың тақырыбы: 1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің жеңілу себептері,тарихи маңызы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет