Сабаққа негізделген оқу мақсаттары



жүктеу 75.51 Kb.
Дата28.05.2018
өлшемі75.51 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Географиялық карталарда биіктіктер мен тереңдіктердің бейнеленуі



Мектеп: «Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп» КММ

Күні: 25.10.2017ж.

Мұғалім: Берикова Елизавета Исраилқызы

Сыныбы: 4

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

Жер беті көлемінің бейнеленуі, жер бедерінің бейнеленуі, түрлі сулардың бейнеленуі, елді мекендердің бейнелену ерекшеліктерімен танысып, олардың ұсақ масштабты карталарда сипатталуы туралы білімді қалыптастыру.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: Масштаб туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: Жер бедері бейнеленуі біледі

Кейбір оқушылар: карта арқылы түсінеді

Алдыңғы оқу: Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу



Жоспар:




Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқыту ресурстары




Басталуы:

10 минут


1.Ұйымдастыру.

Сынып ережесін түзу.

2.Психологиялық ахуал туғызу мақсатында

«Мен өмірді сүйемін себебі .......») оқушылар жалғасын айтып ізгі ниеттерін білдіреді.



Топқа бөлу

1 тапсырма. Үй жұмысы бойынша «Аквариум» әдісін қолданып, балық аулау арқылы сұрақтарға жауап беру

1. Карта дегеніміз не?

2. Карталарды мазмұнына қарай нешеге бөлінеді:

3. Тақырыптық карталарды ата

4. Масштабына қарай карталар нешеге бөлінеді?

5. Қандай картаның дәлдігі нақты болады?

6.


АКТ,


интерактивті тақта.






Ортасы:

20 минут

2 тапырма.«Өзара оқыту» әдісі бойынша бүгінгі өтетін тақырыпты үйде оқып келу және өз беттерінше ізденіп, оқулықтан бөлек қосымша мәліметтерге дайындалып келу берілген.

1 топ Жер бедерінің бейнеленуі

2 топ Түрлі сулардың бейнеленуі

3 топ Елді мекендердің бейнеленуі

3 тапсырма. Топтық жұмыс. Контур картасына жер бедерін, түрлі сулардығ елді мекендерді бейнелеу

4 тапсырма. Топтық жұмыс. Тапсырманы дәптерге орындау

1 топ- Каспий маңы ойпатының биіктігін анықтау

2 топ- Сарыарқаның биіктігін анықтау

3 топ- Солтүстік мұзды мұхитының Еуразия жағалауындағы теңіздердің тереңдігін анықтау



Сергіту сәті

Бұл қызық!

Ең, ең,ең

1.Дүние жүзінің ең биік шың

(Эверест – Азия–8848 м.)

2.Дүние жүзіндегі ең ұзын өзен (Ніл өзені – Африка)

3.Дүние жүзіндегі ең терең шұңғыма

(Сібір – көлемі 1,2 км)

4.Дүние жүзіндегі ең үлкен қорған

(Қытай – көлемі 3035 м, тереңдігі 175 м)

5.Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл

(Сахара шөлі – Орталық-Солтүстік Африка)

6.Дүние жүзіндегі ең үлкен тышқан

(Капибара – 140 см/66 кг)

7. Дүние жүзіндегі ең үлкен ит

(АҚШ – Геркулес – 1 м/128 кг)

8. Дүние жүзіндегі ең үлкен жанартау

(Тамбора – Индонезия)

9.Дүние жүзіндегі ең үлкен көл

(Каспий теңізі – Орта Азия – 394299 км²)

10. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал

(Гренландия – Солтүстік Атлантика – 2175597 км²)

11. Дүние жүзіндегі ең ыстық жер

(Әл-Әзизия – Ливия – 57,7 C0)

12. Дүние жүзіндегі ең суық жер

(Восток 2 - Антарктика -89,2 C0)



5 тапсырма Сандар сөйлейді

200, 500, 3000,6000



АКТ,интерактивті тақта.






Аяқталуы:

10 минут

6 тапсырма. «Автордың орындығы» әдісі арқылы, сабақты қорытындылау

- Картадағы түрлі-түсті бояулар не үшін қажет?

- Қала шаршыларын қандай картада көрсетуге болады?

- Биіктік шкаласы арқылы нені анықтаймыз және қалай анықтаймыз?

- Д.ж. ең терең жер қайда орналасқан және қалай аталады?

- Д.ж. ең биік жер қайда орналасқан және қалай аталады?



7 тапсырма Қорытындылау

Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы (Әр топ эссе жазады)

Карта мектепте география пәнін оқып үйренуде де баға жетпес құрал болып табылады. Ол – сендердің екінші оқулықтарың. Картаның түрлерін меңгерген жагдайда ғана географиядан тиянақты білім ала аласыңдар

Бағалау

Үйге тапсырма $ 13 оқып, мазмұндау






Қосымша ақпарат




Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс













Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосмпарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе ең табысты (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетіні туралы не білдім?






Қосымша мәлімет

Жердің бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтыгын геодезияда ситуация дейді.

Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады.

Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады.

Жер бедерінін түрлері

1) тау, төбе-айналадағы жазық кеңістікпен биік көрсетілген, күмбез, конус тәрізді жер береді. Оның төбесі, беткейі және етегі болады

2) қазаншұңқыр-жер бетіндегі қазанга ұқсас ойпаң. Оның түбі, бүйірлік беткейі, кернеуі болады

3) жота, тау-жотасы-бір бағытта созылып жатқан таудың, не төбенің көтеріңкі беті. Ол екі жақты болып келеді, яғни екі беткейден тұрады

4) өзек-екі таудың, жотаның арасындағы ылдилап созылып жатқан, су жататын ойыс. Оның екі қабағы болады, өзек дами келе сайға айналады. Озектің ең төменгі нүктелері арқылы жүргізілген сызықты-су ағар (тальвет) деп атайды .

5) қайқы, бел-асу, тау жотасы қырқаларының бөліктері арасындағы ойпаң. Олар тау жоталарының бір жағынан өтуге мүмкіндік туғызады .

6) жыра-жауын мен қар суларының бұзу әрекеттерінен пайда болған рельефтің ойық формасы. Жыралардың терендігі 10-15 м, ал ұзындығы бірнеше километрге дейін жетеді. Жыралар мен жарлардың тік бейнелері картада ұсақ, ирек сызықтармен белгіленеді.


Географиялық картаның адам өміріндегі маңызы.

1 топ Күнделікті өмірде географиялық картаның маңызы зор. Карта кез келген аумақтың жалпы ерекшеліктерін бірден көз алдыңа елестетеді. Одан жер бетіндегі заттар мен құбылыстардың бір-біріне орай орналасуы, қасиеті айқын көрінеді.


Географиялық карта белгілі бір аумақты зерттеу және игеруге көмектеседі. Пайдалы қазбаларды іздеу, егіншілікке жарамды жерді есепке алу, су электр станциясын, зауыт, фабрикаларды, жол құрылысын жобалау бәрінен бұрын картаға негізделеді. Теңізде жүзу мен әуе қатынасында міндетті түрде карта пайдаланылады.
2 топ Карта Отан корғау ісінде өте қажет. Әскер басқару, шабуылға шығу, қорғаныс шебін құру картаның көмегімен жүзеге асырылады.
Әркім-ақ күнде теледидар мен радиодан алдағы уақытқа ауа райы қандай болатынын тыңдайды. Ауа райының алдағы өзгерісі, жай-күйін білу үшін алдын ала болжам карталары жасалады.
3 топ Географиялық картаның көмегімен түрлі ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Жер бедерін, топырақты, өсімдікті, халықтың коныстануын, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық өндірісін және т.б. зерттеу картадан басталып, картамен аяқталады. Қарастырылатын аудан туралы
белгілі мағлұматтар алдын ала картадан алынады. Өз кезегінде зерттеу нәтижелері де картаға түсіріледі.

Берикова Елизавета Исрайловна



Гоеграфия пәні мұғалімі.

ОҚО Қазығұрт ауданы Атбұлақ ауылы

««Атбұлақ» жанында интернаты бар жалпы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет