Сабақта релаксация әдістерін пайдаланудың тиімділігі Әдістемелік құрал Шолаққорған 2017 Өтепов Т. Р



жүктеу 89.77 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі89.77 Kb.
түріСабақ

Түркістан облысы

Созақ ауданы

«Шолаққорған» жалпы орта мектебі



Сабақта релаксация әдістерін

пайдаланудың тиімділігі
Әдістемелік құрал

Шолаққорған 2017

Өтепов Т.Р.

Сабақта релаксация әдістерін пайдаланудың тиімділігі. Шолаққорған 2017

«Шолаққорған» жалпы орта мектебінің әдістемелік кеңес отырысында талқыланып, 2017 жылғы ________ №.___ хаттама негізінде мектеп мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде таратылды.

Пікір жазғандар:


Т.Ахатаева- мектеп директорының инновация істері

жөніндегі орынбасары

Р.Айтбаева- қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

ҚР білім беру ісінің үздігі.

Шығаруға жауапты:
В.Әлімбекова- қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің

жетекшісі




Өтепов Талғат Рәзімханұлы

1966 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы,Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген.

1992 жылы Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогика университетінің филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірген. Жоғары санатты мұғалім.

2002 жылы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық пәндік олимпиадасында «Әдіскер мұғалім» номинациясын иеленген.Сонымен бірге «Теріскей таланттары-99» өнер фестивалінің аясында өткен жазба ақындар мүшайрасының дипломанты,2002 жылы өткен «Теріскей айналайын келбетіңнен» атты ән байқауының

2-орын иегері,аудан,облыс әкімдерінің Құрмет грамотасының

иегері атанған.2012 жылы білім беру саласындағы еңбегі үшін «Кәсіподаққа еңбегі сіңген қызметкер» төсбелгісімен марапатталған.

3

2013 жылы Қазақстан республикасы педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші (ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсын аяқтады.



Оқушылары аудандық,облыстық пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалар жарысының,шығармалар байқауының жеңімпаздары.

Т.Өтеповтің түрлі тақырыптағы мақалалары,өлеңдері, әдістемелері баспасөз беттерінде жарық көріп тұрады.

4

Сабақта релаксация әдістерін пайдаланудың



тиімділігі
Бүгінгі педагогикада сабақта қолдануға тиімді тәсілдердің бірі – релаксация . Релаксация дегеніміз не?Релаксация дегеніміз- шаршау мен күйзелістен арылтатын мамыражайлылық,босаңсу.Релаксация жүргізудің мақсаты- оқу материалын жақсы меңгеруі үшін балаларды тынықтыру,шаршағандарын басу,көңілдерін көтеру,жағымды ахуал туғызу.

Денсаулық – адамның ең басты байлығы.Мамандар соңғы жылдары оқушылардың денсаулығының күрт төмендеп бара жатқанын айтады.Ұзақ уақыт компьютер алдында отыру,қимыл-қозғалыстың азаюы,түрлі экологиялық мәселелер азаматтардың денсаулығына кері әсерін тигізіп жатыр.

Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында денсаулығының ақауы бар балалар саны күндеп қатары өсуде. Бұған болар себептер заман ағымындағы әлеуметтік, экологиялық, техногендік, ақпараттық факторларды атауға болады. Сонымен қатар білім жүйесінде оқытудың мазмұны бойынша оқу бағдарламаларының жоғары деңгейлі болуы және жүктеме сабақтардың көбеюі   немесе оқушылардың санитарлық нормасының сақталмауы денсаулыққа кері әсерін тигізді. Мектептегі шамадан тыс оқытудың нәтижесі ретінде түлектердің 2/3-сі мектеп қабырғасынан созылмалы аурумен және физикалық дамуындағы ақауымен шығатынын атауға болады.

Аталған мақсатқа жету бүгінгі таңдағы мектептерде денсаулық сақтау педагогикасы арқылы мүмкін болып отыр. Өз кезегінде денсаулық сақтау педагогикасы оқу-тәрбие

5

үдерісін мектеп оқушылары мен педагогтардың денсаулығына нұқсан келтірмейтін әдістер мен тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады. Заманауи педагогикалық білімді игерген педагог  оқушылармен, олардың ата-аналарымен, медицина қызметкерлерімен және өз әріптестерімен тығыз қарым-қатынаста педагогикалық үдеріске оқушылардың денсаулықтарын сақтау мен нығайтудың артықшылықтарын ескере отырып, өз жұмысын жоспарлайды.



Қазіргі заманның баласы үнемі дерлік келесі себептерге байланысты күйзелісті сезінеді: сабақ үстінде және сабақтан тыс уақыттың шектелуі, жауаптарына, мінез-құлықтарына және т.б. мұғалімдердің қанағаттанбауы, ата-аналарының білім сапасына, баланың сабақ оқу қарқынына және т.б. көңілі толмауы. Қайда барса да еститіні айқай, ескерту, мін тағу, психологиялық қысым. Бұл қалыпты жағдайдай болды, ал ересек адамдар бұдан да маңызды нәрселерге назар аудармайды. Ал үнемі ұрсып жазғыра ма деген қорқыныш, қобалжу, орынсыздығын айыптау – күйзеліс көзі болып табылады. Мұғалімі салмақты, мейірімді, өзара түсіністік ахуалы орнаған класқа қарағанда,   педагогы қатаң, мейірімсіз болған кластарда балалардың ауруы 3 есеге жоғары, невроздық аурулар 1,5-2 есеге көп.

Релаксация- оқытуда тыңдаушының да, оқытушының да денсаулығын сақтандыра отырып білім беру технологиясы.

Релаксацияның түрлері өте көп: қимыл-қозғалыстар,ойындар,ән айту т.б. Мұғалім өз шеберлігіне байланысты бұдан басқа да жаңа,тың нәрселерді ойлап табуға болады.

6

Пайдаланған әдебиеттер:



1.С.К.Сексенбаева.Денсаулық сақтау технологиясы арқылы жасөспірімдердің денсаулығын нығайту. /Интернет материалы/
2.С.Альменова.Қазақ тілін әлемдік стандарт негізінде оқытудың тиімділігі.Астана-2009

3.И.Ю.Артемова.Приемы релаксации на уроках английского языка./Интернет материалы/

4.Ю.Б.Бакулина.Музыкатерапия на уроках русского языка и литературы.Молодой ученый.-2012.-№11.

11

Қорыта айтқанда релаксация элементтері қосылған сабақ барысында: 
- қорқыныш түрткілерін жойып, жағымды эмоция тудырады, шығармашылықты арттырады; 

- мидың қос сыңарының жұмыстарын сәйкесінше күшейтеді;

- оқыту процесін жеңілдетіп қана қоймай, оның ажырамас бір бөлігі болып табылатын тәрбиелеу процесін де жеңілдетеді;

- көру, есту, сипап сезу, кинестетика/кинестика – адам сезімдері мен эмоциясы/, моторика /дене қимылы/ сияқты сезім мүшелері іске қосылады; 

- оқушыларда патриоттық сезім қалыптастырып, ұрпақтар жалғастығының сақталуын жүзеге асырады; 

- оқушылар мен оқытушылар денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді;

- мұғалім тұлғасына баса мән береді, өйткені мұғалім тұлғасы таным процесіндегі негізгі кілт.

10

Бір ескеретін нәрсе – релаксацияны қолданған кезде өтіп жатқан оқу материалыңызды оқушыларыңыздың санасына сіңіруді мақсат тұтпау.Релаксация оқушыларды миға салмақ түсіретін жұмыстардан азат ету керек.


Зерттеушілер тұтас ойлау қабілетін қалыптастыруда, тіл үйретуде жалпы жаратылыс заңдылықтарына сүйенуді, тыңдаушының психологиялық ерекшеліктерін ескеруді , ол үшін адамның денсаулығын сақтандыра отырып, білім беру технологиясының (Н.В. Маслова. «Ноосфералық білім беру») релаксация әдісін қолдану тиімді деп санайды. Мәліметтерді қабылдау, қорыту, меңгеру кезінде тыңдаушының миында қандай процестер жүретінін білетін мұғалімнің сабағы қызықты және нәтижелі болады.

Оқытуда тыңдаушының да, оқытушының да денсаулығын сақтандыра отырып білім беру технологиясының релаксация әдісін қолдану адамның табиғи мүмкіндіктерін, яғни тұтас ойлау қабілетін ескереді. Бұл жағдайда мидың жобалау қызметі (проектная функция) де іске қосылады.

Мен өз сабақтарымда релаксация тәсілдерін қалай қолданып жүргенімнен мысалдар келтіремін.

1. Ғибратты әңгімелер.

Сабақ басталар кезде үзілістен келген оқушылардың қимыл-қозғалыстарын біраз уақытқа дейін баса алмай,олардың назарын сабаққа аудару қиынға соғып жатады.Кейбір мұғалімдер оқушыларға ұрсып,тыныш отыруын талап етеді.Мұғалім мен оқушының арасында жағымсыз ахуал қалыптасады.Осындай келеңсіз әрекеттерді болдырмаудың әрі оқушылардың назарын сабаққа аударудың ең тиімді тәсілінің бірі- қысқа әрі нұсқа тәмсілдер,әпсаналар айтып беру.

Сабақтың "Қызығушылықты ояту" кезеңінде қолданылатын мұндай тәсілдер оқушыларды тыныштандырып қана қоймай,

7

олардың зейінін сабаққа шоғырландыруына,рухани тәрбие алуына ықпал етеді.Тілге,әдебиетке,салт-дәстүрге,түрлі адами қасиеттерге баулитын мұндай әпсана,тәмсілдерді тыңдап өскен балалардың ой-өрісі, сана-сезімі арта түседі.



2.Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын релаксация элементтерінің тағы бір түрі – « Әуенді терапия».

Балалардың өткелі отырған материалды жақсы қабылдауына, шаршағандарын басуға,шығарма жазу алдында шабыттарын оятуға ән тыңдатудың да маңызы зор.Мәселен С.Сейфуллиннің өлеңдерін өтіп жатқанда,тақырыпқа сай слайдтарды ақын әндерінің ырғағымен балаларға көрсетіп отыруға болады. Ақынның «Көкшетау», «Тау ішінде», «Ақсақ киік» т.б.өлеңдеріне жазылған әндерін тыңдау оқушылардың өлең мәтінін қызыға оқуына,тез түсінуіне ықпал етеді.Сонымен бірге лирикалық шығармаларды баяу қойылған музыка ырғағымен оқытудың да әсері мол. Релаксация әдісін қолдану кезінде тыңдаушылар әдемі музыка ырғағымен ой-өрісі мен қиялының шарықтауына мүмкіндік туады.



3. «Өміршеңдік ережелері». Мұндай тәсілді қазақ тілі сабақтарында қолдануға болады. Мәселен, «Есімдік» тақырыбын өтіп жатқанда балалардың өзіне деген сенімсіздігін,қорқынышын,шаршауын басу үшін мынандай сөздерді айтқызуға болады:

Жігер деген – Мен.

Күш деген – Мен.

Махаббат деген – Мен.

Кешірім деген – Мен.

Құдірет деген – Мен.


8

Жасөспірім деген – Мен.

Жастық деген – Мен.

Даналық деген – Мен.

Денсаулық деген – Мен.

Жарқындық деген – Мен.

Бар ғажайып деген – Мен.

Бәрі маған байланысты.

Бәрі менің қолымда !!!

Мәтінде қаншама есімдіктер аталады.Оқушылардың көңілдері көтеріліп,өздеріне деген сенімділігі артады әрі есімдіктерді де меңгере түседі.



4.Жаттығу жасау

Сабақта оқушылардың шаршауы мен жалығуын басатын ең тиімді тәсілдің бірі- түрлі дене жаттығуларын жасау.Мәселен, «Сан есім» тақырыбын өтіп жатсаңыз, оқушыларды тұрғызып, 1-ден 5-ке дейінгі сандарды мұрынмен,иықпен,тіземен жаздыруға болады.Көзге арналған жаттығулардың да түрлі тәсілдерін пайдаланып,балалардың тынығуына оң әсер етуге болады.



5.Түстер терапиясы.Түстер терапиясына жасалған әуенді слайдтар да релаксация-ның керемет түрі.Барлық түстердің  арасында  ең емдік қаси-еттері бар түстер-көгілдір,ақ,қара, жасыл, көк болып санала-ды.Бұлар балалардың қисынды ойлауларын дамытып, жүйке-жүйесіне оң әсер етіп, асқазан-ішек жұмысын жақсартып, тыныс алу жолдарымен, қоршаған ортадағы  жағымсыз әрекеттерден  қорғайды.

6.Түрлі слайдтар

Оқушылардың түрлі ашық сабақтарда тосыннан түсірілген фотосуреттерінен жасалған әуенді слайдтар,ғибратты әңгіме-лерге құрылған слайдтар да релаксацияның жағымды түріне жатады.



9
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет