Кафедра: Ішкі аурулар
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
051301 – Жалпы медицина мамандығы бойынша «Клиникалық ЭКГ негіздері» пәні бойынша студенттердің практикалық сабақтарына арналған
Тақырыбы: «ЭКГ элементтерінің өзгеруі. ЭКГ қорытындысы».
Курс: 5
2021 ж.
Талқыланды кафедраның отырысында
№ ___ хаттама «__» _______ 2021 ж
Бекітілді кафедра меңгерушісі
м.ғ.д., проф. А.Қ.Жаңғабылов _________
1. Тақырыбы: «ЭКГ элементтерінің өзгеруі. ЭКГ қорытындысы».
2. Мақсаты: «Клиникалық ЭКГ негіздері» пәнінің мақсаты студенттердің электрокардиографияның теориялық мәселелері саласындағы құзыреттілігін дамыту және электрокардиографиялық таспаларды декодтау және сипаттау саласында практикалық дағдыларды меңгеру болып табылады.
3. Оқу мақсаттары:
1. Денсаулық жағдайындағы және әртүрлі патологиялық жағдайларда электрокардиографияның негізгі көрсеткіштері мен параметрлерін білу;
2. Электркардиографияның қалыпты көрсеткіштерінен ауытқу кезіндегі диагностикалық алгоритмді және дифференциалды диагностиканы үйрету.
4. Оқыту нәтижелері
Оқушы білуі керек:
ЭКГ электрофизиологиялық негіздері
ЭКГ түсіру техникасы
қалыпты ЭКГ
ЭКГ талдауы
ЖЭО-ің орны
жүрекшелер мен қарыншалардың гипертрофиясының белгілері
ЭКГ-да:
синусты тахикардия
синусты брадикардия
синусты аритмиялар
экстрасистолалар
пароксизмальды тахикардия
жүрекшелер мен қарыншалардың толқуы және фибрилляциясы
синоатриальды блокада
AВ блокада
Гис шоғыры тармақтарының блокадасы
жүректің ишемиялық ауруы
басқа аурулар
Достарыңызбен бөлісу: |