"Қазгидромет" 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Болжамға сәйкес, елімізде тұрақсыз ауа райы сақталады. 

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қатты жауын-шашын болады. Еліміздің солтүстік өңірлерде қар жауса, ал оңтүстік аймақта қар аралас жаңбыр жауады. Сондай-ақ бұрқасын желдің күшейіп, көктайғақ пен тұман болады. Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.

  • "Халық кептелісте тұр, хандар талтаңдап жүр": Алматыда тоқтаусыз жауған қардан көшелер жабылып, тұрғындар шағымданды
  • Шымкентте мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберілді

Бұған дейін ауа райының қолайсыздығына байланысты бес облыста тас жолдар жабылған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.