Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы ер адам шабуыл жасаған балалардың жағдайы туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото видеодан алынған

Дәрігерлердің айтуынша, төрт бала 15 ақпан күні кешке жедел жәрдем бригадасымен Жамбыл аудандық орталық аудандық ауруханасына жеткізілген.

8 жасар бала түрлі дене жарақатын алған.

"Облыстық балалар клиникалық ауруханасында 8 жасар баланы жауапты хирург, кезекші анестезиолог және травматолог тексеріп, бала ауруханаға жатқызылды. Мидың компьютерлік томографиясы және іш қуысы мүшелерінің УДЗ жасалды. Балада көптеген жұмсақ тіндердің көгерулері, тері астындағы гематомалар, бетінің, жоғарғы ерінінің және мойын аймағының жарақаттары бар", – делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдемесінде

12 және 13 жастағы екі баланың жұмсақ тіндері көгергені анықталды. Барлық медициналық тексерулерден өткеннен кейін олар амбулаторлық емдеуге жіберілді.

Тағы 10 жасар бала хирург-травматологқа қаралған, дене жарақаттары анықталмады. Бала сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысы Жамбыл ауданында белгісіз ер адамның төрт баланы байлап, ұрып-соғып, азаптағаны туралы жазған едік. Кейіннен балаларға шабуыл жасады деген күдікті ер адам қамауға алынды. 


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.