Шымкенттің 3 мыңға жуық тұрғыны жарықсыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: bryansknovosti.ru

Шымкент қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының хабарлауынша, бүгін төтенше жағдайға байланысты Достық, Нұршуақ, Солтүстік-Батыс және Солтүстік Саяжай шағын аудандарында 3 мыңнан астам тұрғын электр қуатынсыз қалды.

  • Степногорсктегі ЖЭО-де апат болып, тұрғындар жылу мен жарықсыз қалды
  • Ақтөбе облысында бораннан кейін 20-дан астам ауыл жарықсыз қалды

Қазіргі уақытта ақауларды жою үшін арнайы топ тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Тұрғын үйлер 2 сағат ішінде электр қуатына қосылады.

Айта кетейік, бұған дейін Ірі апатқа байланысты Рудный орталығы жарықсыз қалғаны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.