Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет1/35
Дата22.02.2022
өлшемі95.03 Kb.
#171078
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Дәрістер (4)


1 дәріс. Психология пәні

Сабақтың жоспары:

  1. Психологияға ғылым ретінде анықтама.

  2. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы.

  3. Психологияның даму кезеңдері.

  4. Психикалық құбылыстарды жіктеу.

  5. Қазіргі психология ғылымының алдында тұрған басты міндеттер.

  6. Психологияның салалары мен тармақтары.

Психика мен психология туралы жалпы ұғым

Кез-келген адам өз тәжірибесіне негізделіп, қоршаған дүниені, әртүрлі заттар мен құбылыстарды қабылдауға, тануға қабілетті екеніне есеп береді. Мысалы, біздер құстардың әнін, музыкалық аспаптардың дыбысын, адамның сөзін, ұшып бара жатқан ұшақтың шуын естиміз. Әртүрлі заттарды, ағаштарды, басқа адамдар мен жануарларды, машиналар мен ғимараттарды, түстер мен пішіндерді көреміз. Біздер гүлдер мен бензиннің иісін сеземіз және еш уақытта қант пен тұздан алған дәм сезімдерін шатастырмаймыз. Әр адам оқылған кітап, өзінің ертеңгі әрекеті, қиын есептің шешімі туралы ойлану дегенді біледі. Біздер өзіміз білетін адамның бейнесін, оқу материалын еске түсіре аламыз. Еш уақытта қабылдамаған заттарды, мысалы тропикалық ормандар немесе жойылып кеткен жануарларды елестете аламыз, сондай-ақ дүниеде жоқ – еретегі кейіпкерлері немесе таңғажайып машиналар туралы қиялдай аламыз.

Адам тек қоршаған дүниені танып қана қоймайды, сонымен қатар осы дүниедегі заттар мен құбылыстарға өзінің қатынасын білдіреді. Ол қоршағанды салқынқанды, сабырлы қабылдамай, қандайда бір сезімдер тудыртады: бір заттар мен құбылыстар оны қуантып, қанағаттандырса, басқаларға ол бейтарап қарайды, үшіншілері оны қынжылтады, қорқытады, ашуландырады. Жақсы кітап бізді рақаттандырады, адамның лайықсыз мінез-құлқы бізде наразылық тудыртса, қайсарлы қылығы – таңдану тудыртады.

Адам тек қоршаған дүниені қабылдап, қандайда бір қатынас білдіріп қана қоймай, осы дүниеде әрекет етеді, белсенділік танытады, шешім қабылдайды, мақсатқа ұмтылады, қиындықтарды жеңуде ынта мен табандылық танытады, ерік іс-әрекетін жүзеге асырады.

Сондай-ақ, әр адам басқалардан ерекшеленеді: бір адам музыкаға қызығады, басқасы – спортқа; біреу математика саласына қабілет танытса, басқасы әдебиет саласына; біреу қызба, ашушаң, ұстамсыз, басқасы сабырлы, ұстамды; біреу еңбекқор және қарапайым, басқасы жалқау және менменшіл. Мұның бәрі – қабылдау, ес, ойлау, қиял, сезім мен ерік, темперамент пен мінез көріністері – адамның психикасының көріністері. Ал психикалық құбылыстарды зерттейтін ғылымды психология деп атайды. «Психология» сөзі гректің екі сөзінен пайда болған: «псюхе» - жан, және «логос» ғылым, ілім. Олай болатын болса, психология – адамның жан дүниесін зерттейтін ғылым.

Бастапқыда «жанды» (қазіргі кезде де идеалистердің, діни көз-қарасы бойынша) өлмейтін, өшпейтін адам денесінде өмір сүріп өлген кезде ұшып кететін нәрсе деп есептеген. Жоғарыда суреттелген психикалық құбылыстар осы «жанның» қасиеттері мен көріністері деп есептелген. Ғылымның ескі атауы, «жан» деген сөз біздің тілде де сақталған, алайда басқа мазмұнда: «жан құбылыстары» дегеніміз психикалық құбылыстар болып түсіндірілсе, «жан» деген сөз адамның психикасын, оның ми іс-әрекетінің өнімін білдіреді.

Адам психиканың байқалуы өте алуантүрлі. Және де олар бір-бірінен ажыратылып өмір сүрмей, өзара байланыста болады, бір-біріне әсер етеді. Бұл байланыс жеке психикалық көріністердің жиынтығы, қарапайым қосындысы ретінде емес, психикалық іс-әрекеттің біртұтас, бірыңғай көрінісі болып саналады. Мысалы, бастауыш сынып оқушысының шынайы ақыл-ой іс-әрекетінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, өзара қатты байланысқан.

Қазір сіздер менің ауызша айтып тұрған материалымды тыңдап отырсыздар. Айтылған материалды сіздер есту түйсігі арқылы қабылдайсыздар. Қабылданып отырған материалды сіздер түсінуге, есте сақтауға тырысасыз, ол үшін оған зейін қоюға шоғырлануға тура келеді, сізге таныс кейбір анықтамалар мен хабарларды еске түсіруге тырысасыз. Бұл кезде сіздің қиялыңыз да жұмыс істейді, өйткені көрнекі түрде бір нәрсені елестету керек болады. Қабылданып отырған материал сізде оған деген қандайда бір қатынас тудыртады, сезім пайда болады. Түсінуге байланысты туындайтын қиындықтарды жеңу үшін сіздер ерік күшін жұмсайсыздар. Ақыл-ой іс-әрекетінің жылдамдығы, жетістігі сіздің кейбір тұлғалық қасиеттеріңізге байланысты: белсенділік, еңбекқорлық, жауапкершілік.



Сонымен, психология – психиканың қалыптасу және даму зандылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыштасқан ғылымдардың қатарына жатады: ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегi Грецияда пайда болған.

Ертедегi гректің данышпан ғалымы Аристотель өзiнiң "Жан туралы" атты еңбегiнде алғаш рет психикалық құбылыстарға жүйелi талдау жасайды. Аристотелдi психологияның негiзiн салушы деп атауға болады. Екiншi жағынан, психологиялық құбылыстарды және оның заңдылықтарын ғылыми эксперименталдiк түрде зерттеу шын мәнiңде XIX ғ. ортасынан бастап, қалыптаса бастады.

Психикалық құбылыстарды 3 үлкен топқа жiктеуге болады:

Психикалық үрдicтер - бұл объективтiк шындықты субъективтiк бейнелеудiң әртүрлi формасы. Психикалық үрдiстердi сонымен қатар психикалық функциялар деп атайды. Психикалық үрдiстердiң көмегімен қоршаған ортаны тану iскe асады, бiлiм мен дағдыны, оқыту мен ic-әрекеттi меңгередi. Темендегiдей психикалық үрдiстердiң негiзгi түрлерi қарастырылады: түйсіктер, қабылдау, ес, елес, қиял, ойлау, сезiм және эмоция, epiк.

Психикалық қасиеттер - бұл адамдардың бiр-бiрiнен айырмашылығын бiлдiретiн жеке тұлғаның дара психологиялық ерекшелiктерi. Психикалық қасиеттерге темперамент, мiнез, қабiлеттiлiк жатады.

Психикалық қалып - психикалық iс-әрекеттiң уақытша дамуын сипаттайды. Оқыту мен iс-әрекеттің жемiстi орыңдалуына ерекше ықпал ететін адамның iшкi дүниесiнiң негiзгi саласы болып табылады. Мәселен, белсендiлiк немесе енжарлық, шаршау, стресс т.б. психикалық жағдайлар. Барлық психикалық құбылыстар бiр-бiрiмен өзара байланысты.

Психология ғылымының ең негiзгi мiндеттерiнiң бiрi барлық психикалық құбылыстарды зерттеу және түсіндіру болып табылады, демек олардың пайда болу, қалыптасу және даму негiзiне жататын объективтiк заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарды бiлy, оны оқыту және тәрбие тәжiрибесiнде пайдалану үшiн қажет. Тек қана психикалық үрдiстер мен құбылыстардың заңдылықтарын бiлу және оларға арқа сүйеу, белгiлi-бiр шәкiрттiң дара психикалық ерекшелiктерiн ескере отырып, оқыту және тәрбие үрдiсiн дұрыс ұйымдастыруға болады.

Fасырлар бойы адам ғалымдардың көптеген ұрпақтарының зерттеу пәнi болып келдi. Адамзат өзiнiн тарихын, пайда болуын, биологиялық табиғатын, тiлiн және салт-дәстүрін танып бiледi және оны танып бiлуде психология ғылымына ерекше орын бередi. "Адам үшін басқа адамдардан қызықты нысана болуы мүмкін емес" деген екен ертедегi бiр данышпан, Ол қателеспептi. Психологияның дамуының негiзiне адамзаттың тұрмыс табиғатына, адамзат қоғамдағы оның дамуы мен қалыптасу жағдайларына, оның басқа адамдармен өзара қарым-қатынасы ерекшелiктерiне әpyaқыттa да өсiп отырған қызығушылық жатады.

Қазiргi кезде өндiрicте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды бiлмей және түсiнбей көптеген ic-әрекеттiң түрлерiн іске асыру мүмкін емес. Адамның даму зандары туралы ғылыми бiлiмдердiң жүйесi, оның потенциалдық мүмкiншiлiктерi туралы барлық қоғамдық даму үшiн қажет. Бірақ адам әртүрлі ғылымдардың кешенді зерттеу құралының нысаны болып табылады. Олардың әрқайсысының өзiндiк ерекшелігі бар мәселелері болады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттегенде психологиялық факторларды ескеру қажетiгi туындайды, әрбiр ғылым басқа ғылымдардан өз пәнiнiң ерекшелiгiмен сипатталады. Кезiнде белгiлi психолог-ғалым С.Рубинштейн "Жалпы психология негiздерi" атты кiтабында былай деп жазды: "Психологияның зерттейтiн өзiндiк құбылыстардың iшiнен анық та айқын, ерекше бөлiнiп тұрғандары - бiздiң қабылдауларымыз, сезiмдерiмiз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажеттiлiкктерiмiз және т.б., демек, бiздiң өмiрiмiздiң iшкi мазмұнын құрайтындар жатады".





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©kzref.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет