Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін көпір бетінің арасы 15-20 сантиметрге ажырап кеткен. Жергілікті тұрғындар желіде дабыл қағуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет желі кадрларынан

Аbainewskz Telegram арнасында жергілікті тұрғынның видеосын жариялады. Мұнда автор көпірдің арасы 15-20 сантиметрге ажырап кеткенін айтқан.

Осыдан кейін полицейлер көпірге тексеру жүргізген. 

"Зерттеу нәтижелері бойынша әкімдікке деформациялық тігістерді мұздан тазарту қажеттілігі туралы нұсқама берілді. Деформациялық тігістердің кеңеюіне ауа температурасының төмендеуі себеп болған", — деп хабарлады Абай облысының полиция департаменті.

Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тексеруден кейін көпір бетінің ажырауы шамамен 6-7 сантиметрм екенін айтты.

  • Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылатын болды

  • "Қандай жабайылық": Желіде туристің Шымкентке рейсі кезінде ұшақтың шамды корпусы құлаған видеосы тарады

"16 ақпанда -29°C ауа температурасында бөлім өкілдері аспалы көпір тіректерінің деформациялық тігістері мен көрінетін конструкцияларына визуалды тексеру жүргізді. Нәтижесінде деформациялық жіктердің жоталары арасындағы №1 тіректе шамамен 70 миллиметр және №10 тіректе 60 миллиметр саңылаулар табылды", — делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.

Мамандар көпір тіректерінің жағдайын "қанағаттанарлық" деп бағалады және құлау қаупін анықтамағанын айтты. Олар сондай-ақ төмен температурада көпірді тәулік бойы бақылайтындарын жеткізді.


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.