Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті. Мемлекеттік рәміздер. Сабақтың әдісі: Сұрақ -жауап, әңгімелеу


Сабақтың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі



жүктеу 2.04 Mb.
бет3/11
Дата04.03.2018
өлшемі2.04 Mb.
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
84. Сабақтың тақырыбы Ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: Ф дыбысы туралы түсінік беру.Сөздерде кездесетін мысалдар туралы білімдерін қалыптастыру ә) Ф дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып логикалық ойын,есте сақтау қабілетін дамыту б) спортпен шұғылданып, денелерін шынықтыруға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы тізбектей отырып, пысықтау

ІІІ. Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.Жалпы қанша дауысты дауыссыз дыбыстарды білеміз. Ойын «Кім зерек?»

ІҮ. Жаңа сабақАл, балалар бүгінгі өтетініміз Ф дыбысы мен әрпі. Ф- дауыссыз дыбыс

Оқулықтағы суретке қарай отырып, сөйлем құрату.Сергіту сәті

Ү. Жаңа сабақты бекіту.Дәптермен жұмыс. Футбол өлеңін оқу - Өлеңде айтылғандай жолдың бойында доп ойнауға бола ма ? - Дұрыс, жоқ.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтау

ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау
85. Сабақтың тақырыбы: . Е дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: Е дыбысы туралы түсінік беру.Сөздерде кездесетін мысалдар туралы білімдерін қалыптастыру ә) Е дыбысы бойынша сөздерге мысалдар келтіре отырып логикалық ойын,есте сақтау қабілетін дамытб) Еңбек етуге , үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріп, кеспе буын, суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрауҮйге берілген тапсырманы тізбектей отырып, пысықтау

ІІІ .Өткен сабақта алған білім дағдысын тексеру.Қазір біз сендермен Ф дыбысыныа байланысты сөздерге мысал келтіре отырып, «Кім жылдам?» ойынын ойнаймыз.

ІҮ. Жаңа сабақ Ал, балалар бүгінгі өтетініміз Е дыбысы мен әрпі. Е- дауысты дыбыс

Оқулықтағы суретке қараймыз. Ол кім? - Ол монтер.Шахтер қайда жұмыс істейді? Кім біледі? Хормен оқытуСергіту сәті

Ү. Жаңа сабақты бекіту.Дәптермен жұмыс

ҮІ Сабақты қорытындылау: Біз өткен сабақтан алған білімімізді тиянақтау

ҮІІ. Үйге тапсырма. ҮІІІ. Бағалау
86. Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Э дыбысы мен әрпін таныту.2.Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың қауіпсіздік техникасын айту, түсіндіру, сақтау 3.Дұрыс оқу машығын қалыптастыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ё дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ё қандай екі дыбыстан тұрады. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Сурет бойынша жұмыс.ә) Экран,экскаватор, элеватор сөзіне буындық талдау жасату.б) Э дыбысы қандай дыбыс екенін анықтау. в) Ё әрпімен таныстыру. г) Жұмбақ шешу:

Темір жол тірек,

Дүрсілдеп жүрегі

Аспанға керіліп

Сымды ұстап жүреді. (электровоз.) д) «Хат тасушы» өлеңін оқи отырып, түсіндіру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.- Э қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? «Электр» өлең оқып беру.«Экскаватор» мәтінін оқу.

Тақтамен жұмыс: Электр, экипаж, элеватор, аэроплан, экскаватор, экспресс электор, Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?


87. Сабақтың тақырыбы: Щ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты: 1 Щ дыбысы мен әрпін таныту. 2 Тазалыққа баулу 3.Щ әрпіне қатысты сөз, сөйлемді дұрыс оқуға машықтандыру.

Сабақтың көрнекілігі:Щёткалар

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Э дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту. -э әрпіне қатысты сөздер жазғызу. «Шахтер» өлеңін мәнерлеп оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а) –Балалар, тұздың дәмі қандай? -Ащы ә) Ащы сөзіне дыбыстық талдау жасау б) Дыбыстау. в) Әріп таңбасымен таныстыру.

Ү. Жаңа білімді бекіту.г) Ащы, плащ, щётка тұщы борщ сөздерін оқу. -Щётка не үшін керек? -Қандай щёткалардың түрлерін білесіңдер? д) Мәтінді оқи отырып түсіндіру е) Дәптермен жұмыс: Ээ әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.-Щ қандай дыбыс? -Қандай сөздерде жазылады? -Қазақстандағы ең үлкен көлді ата?-Оның суы қандай? Щёткалар өлеңін жаттату.

Диктант: Вокзал үлкен және сәнді. Қалада автобус көп. Балалар футбол ойнады. Дәптермен жұмыс: Щщ ащы, тұщы, борщ, щи щетка

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау


88. Сабақтың тақырыбы: Ц дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1 Ц дыбысы мен әрпін таныту. 2 Өнерді үйренуге баулу . 3.Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Э, Щ дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-э,щ әрпіне қатысты сөздер жазғызу. «Щеткалар» жатқа сұрау «Экскаватор» өлеңін мәнерлеп оқып жаттығу. «Балқаш» мәтінінің мазмұнын әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. ә) Цех, цирк, цемент авиация, офицер сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасау б)Ц әрпін бөліп алып дыбыстау. в) Әріп таңбасымен таныстыру.

г) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту. д) Мәтін мазманына түсінік беру.

е) «Клоунның сыры» өлеңін жаттату.

Ү. Жаңа білімді бекіту. е) Дәптермен жұмыс: Цц әрпін жазып үйрену.

ҮІ Жаңа материалды түсінгенін тексеру.-Ц қандай дыбыс? -Қандай сөздерде жазылады?

-Балалар қайда барды? -Циркте нелер көп? Диктант: Ферма, фото, Факс, монтёр шахтёр, Электр, Экипаж, щётка ащы тұщы, борщ, щи, аэроплан.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау


89. Сабақтың тақырыбы: ч дыбысы мен әрпі.

Сабақтың мақсаты: 1. ч дыбысы мен әрпін таныту. 2 Салауаттылыққа баулу . 3.Сөздерді дұрыс оқып, жаңа сөздермен сөз қорын молайту.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ц дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ц әрпіне қатысты сөздер жазғызу.

ІІІ .Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. ә) Чемпион, Чемпионат чек сөзіне буындық, дыбыстық талдау жасауб) ч әрпін бөліп алып дыбыстау. в) Әріп таңбасымен таныстыру.г) Баған түрінде жазылған сөздерді хормен оқыту. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү. Жаңа білімді бекіту.е) Дәптермен жұмыс: ч әрпін жазып үйрену.

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру. 1) Өлең оқып беру. 2) «Чемпион» мәтінін оқыту.

Көру диктанты монтёр шахтёр, щётка ащы тұщы, борщ, щи, аэроплан.Цех, цирк, цемент,авиация, офицер.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау


90. Сабақтың тақырыбы: Ь белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды жіңішкелік белгісімен таныстыру. 2. Жіңішкелік белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру.3. Е дыбысы мен әрпі.Тазалыққа баулу .Дұрыс оқу дағдысын арттыру

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.-Ч дыбысы қандай дыбыс ? Жеке оқушымен жұмыс: жеке-жеке оқыту.-Ч әрпіне қатысты сөздер жазғызу.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Балалар, біз сендермен барлық дыбыс,Әріпті оқып біттік. Енді біз сендермен әңгіме ,ертегі жаңылтпаш, жұмбақ оқып аталарымыздыңәр түрлі шығармаларын өзіміз оқи алатын болдық.ә) Ь белгісімен таныстыру. б) Ол кейбір дыбыстарды дұрыс жіңішке етіп айтуға көмегін тигізеді. Мысалы: лагерь, рояль, альбом коньки. д) «Болашақ чемпиондар» өлеңін жаттату.

Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Лагерь,альбом,фильм,, конки ,рояль ,циркуль ,рельс ,компьютер. 2) «Лагерь» мәтін құрау.3) «Лагерь жыры» өлеңін жаттау. 4) Дәптермен жұмыс: ь белгісін жазып үйрену.5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу. Көру диктантын жазу.Лагерь.альбом, рельс, компьютер

ҮІ. Жаңа материалды түсінгенін тексеру.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -Ь белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?

ҮІІІ. Үйге тапсырма. Бағалау
91. Сабақтың тақырыбы: Ъ белгісі.

Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларды айыру белгісімен таныстыру. айыру белгісі дыбысталмайтынын ұқтыру. 2. Тазалыққа баулу 3.Дұрыс оқу дағдысын арттыру

Сабақтың көрнекілігі мазмұнды сурет.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

ІҮ. Жаңа сабақ:а)Кіріспе әңгіме. Біздің үй (мәтін) оқып, ъ дыбысының ролін түсіндіру.

Ү .Жаңа білімді бекіту.1) Хормен оқыту. Ъ жуандық белгісі. Ешқандай дыбыстың таңбасы емес. Дауыссыз дыбыспен кейбір дауысты дыбысты ажырататын таңба ретінде қазақ тілінде, орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Мысалы: разъезд, подъезд,Подъезд сөзіне дыбыстық талдау жасату.2) Оқулықпен жұмыс: а) Разъезд, подъезд сөздерін дұрыс оқытып жаттықтыру.

ә) «Біздің үй» мәтінін оқып беру.1.Іштей оқыту. 2.Дауыстап оқыту. 3.Әңгімелету. 4.Сұраққа жауап алу.Сергіту сәтін өткізу.4) Дәптермен жұмыс: Ъ белгісін жазып үйрену. 5) Тақтамен жұмыс: сөз, сөйлем жазу.Көру диктантын жазу. лагерь. альбом, рельс, компьютер.подъезд,разъезд.

ҮІ Сабақты қорытындылау: -Біз бүгін немен таныстық? -ъ белгісі дыбыстала ма? -Оны не үшін қолданамыз?


92. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Разъезд, подъезд, съезд сөздерін тақтаға жазу

ІІІ. Білімді тексеру.1.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ән ұранымен таныстыру. Авторларын білу. 2.Бір шумағын жаттату.

ІҮ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау

Ү. Қайталау1. Жұмабақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру

Әсетте жоқ, Көлде бар, Жазуда бар, Маусымда бар,

Әселде бар. Сайда жоқ. Сызуда жоқ. Мамырда жоқ.

Әкетте жоқ, Төлде бар, Жылуда бар, Қауырсында бар,

Әкелде бар. Тайда жоқ. Қызуда жоқ. Қамырда жоқ.

(Л) (Ө) (Ж) (С)

2. Л,Ө,Ж,С, дыбыстары қандай дыбыстар?

3. Қазанда бар, Шкафта бар, Алмада жоқ, Шайнекте бар,

Қақпақта жоқ. Түймеде жоқ. Қиярда бар. Құманда жоқ.

Өзенде бар, Жирафта бар, Пайда да жоқ, Әйнекте бар,

Батпақта жоқ. Күймеде жоқ. Зиянда бар. Тұманда жоқ.

(З) (Ф) (Я) (Й)

4. З, Ф, Я, Й қандай дыбыстар? Й қандай дыбыстан кейін жазылады?

Я дыбысы қандай екі дыбыстың орнына дыбысталады? 5. Жаңылтпаш айту.

Ақ лағым семіз,

Ала лағым сегіз .

Ала лағым да семіз,

Ақ пағым да семіз.

6) Дәптермен жұмыс: Лл Өө Жж Зз сс Фф Яя и әріптерін дұрыс жаз.Ландыш, өрік ,жидек, қаз,сағат, ферма, тақия, айна.

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


93. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: 1 Бұрынғы өткен сабақтан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, білімдегі олқылықтарды жою.

Сабақтың түрі: қайталау

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау.Өтілген тақырыптар мәтіндер бойынша сұрақтар қойып «Кім жылдам » ойыны арқылы білімдерін пысықтау.

ІІІ. Білімді тексеру. ИУ әріптерінің орынына қай әріп жазылады? Ю Айдаһар, қаһарман сөздерінің жазылуына мән беріңдер. Сөздік диктант алу Ою, қою, дәріхана, асхана, шахмат, Нұрхат, жиһаз, трамвай, футбол, монтер,шахтер.

ІҮ. Мақсат қою- Бүгін , біз, сендермен өтілген дыбыстар бойынша алған білімдеріңді тексеру ретінде қайталау сабағын өткіземіз.

Ү. Қайталау 1. Жұмбақтар шешу арқылы әріптерді және дыбыстарды еске түсіру. Э, Е, Ф, В, һ Х, Ю дыбыстарына жұмбақтар айту. 5. Жаңылтпаш айту.

Торта қойдым, Орта қойдым

Орта қойдым Жорта қойдым

Тапқырларға тапсырма

Қанша қойым бар? Былтыр болды жалқы қойым,

Егіз қозы тапты оным Биыл және өзі туды

Тағы екі қозы туды Қос қозысы былтыр туған,

Бір-бір қозы биыл туған Сонда бәрі неше деші?

Жүйріктерің есептеші? (жетеу)

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


94. Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1 1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра отырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:бекіту

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау1.-Орыс тілінен енген әріптерді ата. (в,ф,ё,э,щ,ц,ч) 2. Хат ,айдаһар сөзіне дыбыстық талдау жасау ә) Сөздердің жуан, жіңішке айтылуы

А-Ә

Сан-сән ары-әрі ап-әл



Бары-бәрі татты-тәтті ар-әр

О-Ө


Бол-бөл тол-төл ор-өр

жон-жөн тос-төс оң-өң

тор-төр от-өт он-өн

Ы-І


Ыстық-істік жық-жік ыс-іс

Қиық-киік сыз-сіз тыс-тіс

Ұ-Ү

Тұр-түр сұр-сүр ұн-үн



Тұз-түз ұру-үру ұш-үш

Тұс-түс бұр-бүр ұю-үю

Мазмұны неге өзгеріп кетті?4. Сөйлем құрату: Бірінші сыныпта он бес парта бар.Көшеде жүру ережелерін есіңе сақта. Қажымұқан- әлем чемпионаты.Он алтыншы желтоқсан Тәуелсіздік күні5. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл. Бала,шала,сурет,кілем, ұлан, дәптер кітап, қыс, баға. 6 Дәптермен жұмыс:

ІІІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?
95. Сабақтың тақырыбы: Салыстыру.

Сабақтың мақсаты: 1 1. Мағынасы өзгерген сөздерді салыстыра орырып, түсіну. Сөздердің жуан жіңішкелігіне байланысты оқушылардың дұрыс оқу дағдысын қалыптастыру. 3. Танымдылық қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі:Бекіту

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ .Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауӨтілген тақырыптарды пысықтау.

ІІІ. Бекіту

К-Г қ-ғ П-Б

Елек-елегі оқ-оғы бап-бабы

Шелек-шелегі жоқ-жоғы доп-добы

Бесік-бесігі суық-суығы шап-шабу

Осы сөздердегі к неге г-ге , қ-ғ-ға, п б-ға айналып кетті Себебі оларға дауысты і,ы дыбысы жалғанды.Ол сөздер тәуелдік жалғауының ІІІ жағы болып кетті.(Оның шелегі)2. Сөйлем құрату: 3. Үлестірме қағазбен жұмыс: Сөздерді буынға бөл.4 Дәптермен жұмыс:

ІҮ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


96. Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: 1. Алфавит туралы түсінік беру 2. Көркем,әдемі жазуға баулу.3. Есте сақтау қабілетін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) Алфавит туралы түсінік беру. ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау. б) Хормен оқытып жаттықтыру в) Ретімен айтып, жаттату. г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту. ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімін бекіту.д) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.е) Дәптермен жұмыс: Алфавитті көшіріп жазғызу.ё) Диктант жазғызу. Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІ. Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

97. Сабақтың тақырыбы: Алфавит

Сабақтың мақсаты: 1. Алфавит туралы алған бідімін пысықтау.2. Көркем , әдемі жазуға баулу.

3. Есте сақтау қабілетін сақтау.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталауАлфавитті жатқа сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Алфавитті ретімен дұрыс оқуға жаттықтыру ә) Әр әріпті дұрыс дыбыстау.б) хормен оқытып жаттықтыру. в) Ретімен айтып, жаттату. г) Берілген сөздерді алфавит ретімен айту. ғ) Әр дыбысқа жеке-жеке сөз ойлату.

Ү. Жаңа білімін бекіту.д) Оқулықпен жұмыс: Әріп тізбектерінің баспа және жазба түрін дұрыс оқып жаттығу.е) Дәптермен жұмыс: Сөздерді алфавит ретімен жазу.ё) Диктант жазғызу.Алматы, машина, мектеп, тай, алау, мектеп,қоян , мысық, айна. ҮІ .Сабақты қортындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


98. Сабақтың тақырыбы: Қайталау.

Сабақтың мақсаты: а) Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін пысықтау ә) логикалық ойын, есте сақтауын дамыту. б) Дұрыс жазуға, буындап оқи алуға үйрету.

Сабақтың түрі:бекіту, саяхат, ойын сабақ.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауӨтілген дыбыстар мен әріптерге сөздік диктантын алу

ІІІ. Әріптер еліне саяхат1.Дыбыстар дауысты дауыссыз болып екіге бөлінеді


дыбыстар




дауысты

дауыссыз



жуан

жіңішке




қатаң

ұяң

үнді

2. Сөздер құрастырып, буынға бөлдіру, сөйлем құру. 3.Жұмбақ, әріптерге байланысты

4. Жаңылтпаш

Есет атам ет асатар

Ет асатса бес асатар.

Ү.Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта не істедік?


Әліппеден кейінгі кезең
1. Сабақтың тақырыбы: Отан Астана

Сабақтың мақсаты: 1. Отан .Астана туралы түсінік беру 2. Елін, жерін сүюге баулу 3. Мәнерлеп оқуын дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықта, қайталауАлфавит ретін сұрау.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) Отан, астана туралы түсінік беру

Біздің Отанымыз, Отан анамыз-Қазақстан Республикасы.Біздің бабаларымыз

әкелеріміз Қазақстанда туып өмір сүрді. Сондықтан оны біз Отанымыз дейміз.

Қазақстан біздің Отан-анамыз, бізді нанымен, суымен асырайды.

Астана-біздің еліміздің бас қаласы. Отанымыздың астанасы. Астана еліміздің қақ ортасына, аса маңызды жолдардың торабына орналасқан.ә) 16-желтоқсан- Тәуелсіздік күні. б) М. Хакімжанова: «Отан» өлеңінБ.Ысқақов: «Отан» өлеңін, Т Жексенбай: «Астана» өлеңін оқи отырып мазмұнын түсіндіру. в) «Астана» өлеңін жаттату. г) «Отан» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.

Ү. Жаңа білімін бекіту.ғ) «Отан» өлеңін жаттату. д) Дәптермен жұмыс: е) Диктант жазғызу.

Астана халқы алдағы жылдары үнемі өсіп өркендеп отыратын болады. Қалада көптеген өнеркәсіп орындары жұмыс істейді.

ҮІ. Сабақты қортындылау:Отанымыз жайында не білдік?
2. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдер туралы түсінік беру 2. Адамгершілік тәрбие беру.

3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталау Салыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ Жаңа сабақ: а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру. ә) Мәнерлеп оқу. б) Алфавиттік жұмбақ шешу.

Жер өлшейтін саржан Білезікке қарайық

Белін буып алған. Ұқсайды оған қай әріп

Ата-анаңмен барып сен, Түн шымылдық ашқаннан

Пілді көрдің парктен. Жымыңдайтын аспаннан

Осы атаулар зер салшы, Көп шырақтың аты не,

Басталған қай әріптен. Қайсы әріптен басталған

в) «Әліппе» өлеңін хормен жаттату.

ҮІ. Жаңа білімін бекіту. г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру. -Мұғалім -ол қандай адам? е) Дәптермен жұмыс: ё) Диктант жазғызу: Астана, әтеш, балапан, вагон, гүл Ғалия доп, елік ёлка жастық.

ҮІІ .Сабақты қортындылау: Оқығанымыз бойынша не білдік?

3. Сабақтың тақырыбы: Алфавит сыры .Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдер туралы түсінік беру 2. Адамгершілік тәрбие беру.3. Оқу жылдамдығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауСалыстырып оқыту.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) «Алфавит сыры Әліппе. Жарқын жүзді ұстазым» Өлеңдерінің мазмұнын түсіндіру.ә) Мәнерлеп оқу. б) Алфавиттік жұмбақ шешу.в) « Әліппе» өлеңін хормен жаттату.

Ү.Жаңа білімін бекіту.г) Тарыдай, таудай сөздерінің мәнін түсіндіру. -Мұғалім -ол қандай адам?е) Дәптермен жұмыс: Мұғалім туралы сөйлемдер жазғызуё) Диктант жазғызу: Алма, тоқаш, торғай, мал, торай, арман, мектеп, сана, жайна.

4. Сабақтың тақырыбы: Бір уыс мақта.

Сабақтың мақсаты: 1. Мәтін мазмұнын түсіндіру. 2. Ұқыптылыққа баулу.3. Дұрыс оқып, әңгімелеп беру машығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау,қайталау

Санамақ оқыту Өлеңді жатқа айтқызу: «Әсемпаз болма әрнеге»

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ: а) «Бір уыс мақта» оқи отырып түсіндіру.ә) Дауыстап тізбектей оқытуб) Жұмбақ шешкізу:

Тамның басында, Ұзақ тектес құс

Жемі бар қасында. Шіркей жеп.

Там тұр саялы. Ауыл маңынан

Достарға аялы. ( Ұя) Ұзап кетпес құс. (қараторғай)

Ү. Жаңа білімін тексеру.1. Әңгімелеу. 2. Шешесі қызына қандай ақыл айтты? 3. Әңгіме мазмұнынан қандай қорытынды шығаруға болады

ҮІ. Сабақты қортындылау:Біз бүгінгі сабақта нені үйрендік және білдік?


5. Сабақтың тақырыбы: Сал, сал Білек, сал Білек.

Сабақтың мақсаты: 1. Өлеңдердің мазмұнына түсінік беру. 2. Ұлтық тәрбие беру.3. Білім алуға , оқуға деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару.

ІІ. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау, қайталауБір уыс мақта» әңгімесін әңгімелету.

ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа сабақ:а) А. Байтұрсынов: «Оқуға шақыру» М Жұмабаев: «Сал,сал Білек, сал Білек.өлеңдерінің мазмұнымен таныстыру. ә) Өлеңді түсініп оқу б. Мәнерлеп оқуға жаттықтыру.г) Оқу-білім, еңбек туралы мақал айту.


Каталог: uploads -> doc -> 005f
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
005f -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Өмірден алған білімдерін, түсініктерін жетілдіру
005f -> Білімділік. Оқушылардың өздерінің білімдерін өздеріне талдатып, өз-бетінше білімді қалыптастыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру. Дамытушылық


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет