Сабақтың мақсаты : АҚШ-тың туристік нысандары және сыртқы экономикалық қарым- қатынастарын анықтау. Міндеті



Дата01.10.2017
өлшемі46.8 Kb.
#2402
түріСабақ


11 сынып. География.

Тақырыбы: Туристік нысандары, сыртқы экономикалық байланыстары.

Сабақтың мақсаты : АҚШ-тың туристік нысандары және сыртқы экономикалық қарым- қатынастарын анықтау.

Міндеті:

1.АҚШ мемлекеті жайлы алған білімдерін бір жүйеге келтіру.



2. АҚШ- тың туристік саладағы орны және Қазақстанмен арадағы экономикалық байланысын анықтау.

3. Қоршаған ортаны қорғай отырып, еліміздегі туристік нысандарды дамытуды болжамдау.

Күтілетін нәтиже:

- Оқушылар өз бетімен жұмыс істей алу дағдыларын қалыптастырады;

-АҚШ пен Қазақстанның экономикалық байланысын бір-бірімен салыстырып, сипаттай алады;

- туризм туралы алған білімдерін жүйелей алады;

- еліміздегі туристік нысандар туралы ойын, пікірін ашық айта алады;

- сабаққа деген қызығушылығы артады.



Пәнаралық байланыс: тарих, экология.

Сын тұрғысынан ойлауға қолайлы орта туғызу:

1.Ойлануға уақыт беру.

2.Әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.

3.Жәрдем беру.

4.Сын тұрғысынан ойлауды бағалау

Сабақты жүргізудің формалары:


  1. Жеке жұмыс

  2. Жұптық

  3. Топтық

  4. Ұжымдық

Сабақ мынадай бөлімдерден тұрады:

1. «Аукцион» оқыта үйрету әдісі.

2.Сәйкестендіру кестесі.

3.Географиялық диктант

4.Жарнама постер қорғау.

5. Викториналық сұрақтар.

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың ынтасын, назарын аудару. 2 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау. (1 мин)



  1. Білімді жан-жақты тексеру. «Аукцион» оқыта үйрету стратегиясы. (5 мин)

1) Жерінің ауданы – ( 9 млн. 363 мың км\2 )

2) Халқы – (323,3 млн адам 2014 ж)

3) Астанасы – ( Вашингтон )

4) Мемлекеттік құрылымы – ( федерациялық республика )

5) Мемлекеттің басшысы – ( Президент )

6) Заң шығарушы органы – ( конгресс )

7) Мемлекеттік тілі – ( ағылшын )

8) Ұлттық валютасы – ( доллар )

9) Әкімшілік-аумақтық бірлігі –( штаттар, федерациялық округтер )

10) АҚШ жер көлемі бойынша нешінші орында? ( 4 )

11) Жер көлемі бойынша АҚШ-тың алдында қандай елдер бар? ( Ресей, Канада, Қытай )

12) АҚШ-та неше штат бар? ( 50 )

13) Ел астанасы Вашингтон қаласы қай штатта орналасқан? ( Колумбия федерациялы округінде )

14) АҚШ-тың 50-ші штаты қалай аталады? ( Гавай аралы )

15) АҚШ-тың президенті кім? ( Барак Обама )

16)Темір кені – ( Чикаго, Кливленд, Питсбург )

17)Автомабилдер астанасы – ( Детройт )

18) АҚШ-тың автомабиль жасау саласындағы әйгілі корпорациялар – («Дженерал моторс», «Крайслер»)

19) Ғарыштық техника жасау орталығы – ( Лос-Анджелес )

20)«Боинг» фирмасының алғашқы авиациялық зауыты – ( Сиэтл )



2. «АҚШ-тың ауыл шаруашылығы» (Сәйкесін тап ) (3 мин)

1. Бидай белдеуі А) Мексика жағалауы

2. Жүгері белдеуі Ә) Ұлы көлдер

3. Мақта белдеуі Б) Ұлы жазық

4. Сүт белдеуі В) Монтана, Дакота Оклахама

5. Мал шаруашылығы Г) Айова штаты

6. Балық, аң терісі Ғ) Гавай аралдары

7. Қант қамысы, ананас Д) Аляска





  1. Постер қорғау. (15 мин)


1 топ. Туристік обьектілер.

2 топ. Сыртқы экономикалық байланыстары.

4. «АҚШ-тың экономикалық аудандары» ( Географиялық диктант ) (5 мин)



Экономикалық аудандар

нұсқа

1.

Орта Батыс аудан

1,5,9

2.

Оңтүстік аудан

3,6,8

3.

Батыс аудан

2,4,7,10

  1. АҚШ-ғы ең биік ғимарат – «Сирс Тауэр» .

  2. АҚШ-тың әскери- өнеркәсіп орталығы – Калифорния .

  3. «Кока-кола» фирмасы Атланта қаласында.

  4. Әйгілі Голливуд «Кино фабрикасы» - Лос-Анджелесте.

  5. Ірі көл маңы мегаполисі – «Чипиттс».

  6. Мұнай байлығымен әйгілі – Техас штаты.

  7. Мұнда кино жұлдыздары тұратын атақты Беверли-Хиллз ауданы орналасқан.

  8. Хьюстонда АҚШ-тың ғарышқа ұшу барысын басқару орталығы – НАСА орналасқан.

  9. Бұл аудан Ұлы көлдер маңы мен Ұлы жазықтың негізгі бөлігінде.

  10. Аляска, Гавай штаттары осы ауданға енеді

5.Қорытындылау: «АҚШ-тың туристік объектілері» ( Викториналық сұрақ «Иә» + «Жоқ» - ). (5 мин).

1 топ сұрағы:

1) Йеллоустон ұлттық саябағы 1882 жылы құрылды. ( 1872 ж )

2) Әлемдегі ғажайып табиғат ескерткіші бар Колорадо каньоны-Колорадо үстіртінде орналасқан.

3) Әлемдегі ең әдемі Ниагара сарқырамасы Онтарио және Эри көлдері аралығында орналасқан.

4) Диснейленд 1956 жылы құрылған. ( 1955 ж. )

5) Дүние жүзіне әйгілі курот- Майами қаласында.



2 топ сұрағы:

6) 2002 ж. Қысқы Олимпиадалық ойындар Солт-Лейк- Сити қаласында өтті.

7) АҚШ жерінде 40-тан аса ұлттық саябақ бар. ( 50 )

8) Қабылданатын шетелдік туристердің саны жөнінен АҚШ д.ж алдыңғы орынды алады.

9) Ниагара сарқырамасының үндіс тілінен аударғандағы атауы «Зырылдауық» деген мағынаны білдіреді. ( «Күркіреуік су» )

10) АҚШ-ғы көптеген мультипликациялық фильмдердің авторы- Уолт Дисней.



6. Шағын эссе: «АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастың болашағы». ( 5 мин)

«Автор орындығында» оқу. (3 мин )

7. Бағалау: Өзара және өзін-өзі бағалау, бағалау парақшасы. (3 мин)

8. Үйге тапсырма: Презентациялау: « ҚР-дағы туристік агенттік сіздерді шақырады». Туристік обьектілерді кескін картаға түсіру.
Каталог: uploads -> doc -> 033d
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет