Сабақтың мақсаты : Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланылуы туралы түсінік беру



жүктеу 44.03 Kb.
Дата25.02.2019
өлшемі44.03 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы: Өзендер

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өзен және оның бөліктері, өзендердің қоректенуі, шаруашылықта пайдаланылуы туралы түсінік беру.

Сабақ міндеттері:

  • 1. Білімділік: Өзендер бөліктері, шоңғалдар мен сарқырамалар, өзен суның толығуы, режимі мен шаруашылықтағы маңызы туралы білім қалыптастыру.

  • 2. Дамытушылық: Өзендердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызына баға бере білуін, шығармашылығын және картамен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

  • 3. Тәрбиелік: Оқушының өз бетімен,топпен жұмыстануға, ойын еркін жеткізе білуге, жаңа ұғымдарды меңгерте отырып, ой-тұжы рым жасауға жетелеу, өмірде пайдалана білуге үйрету, экологиялық тәрбие ге баулу.

  • Күтілетін нәтиже:

1. Өзен бөліктерін, шоңғалдар мен сарқырамалар,өзендердің қоректенуі мен маңызын білуі

2. Картадан ірі өзендерді көрсете алуы,топта жұмыс жасай алуы,өз ойын жеткізе білуі

3. Қосымша ақпараттармен,оқулықпен,топпен,картамен жұмыс істей білуі

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, ой шақыру, тест, ойындар, "Ассоцация" стратегиясы","Фишбоун"әдісі,"Венн диаграммасы", Географиялық сызба-сурет.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақ типі : аралас сабақ

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, карта, глобус, плакат, балмұздақ таяқшалары, бағалау парақтары, суреттер, карточкалар(балықтар), видео.

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі



Еске түсіру бөлімі:

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үй тапсырмасын бекіту кезеңі

Ой шақыру бөлімі:

Мақсат қою кезеңі



Жүзеге асыру бөлімі:

Жаңа сабақты меңгерту кезеңі

Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Қорытынды бөлімі:

Рефлексия



Бағалау бөлімі:

Үйге тапсырма беру кезеңі



Сабақ барысы:

  • І. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)

Сәлемдесу. Қатысым тексеру. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындық.

  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі (3 мин)

  • Балмұздақ таяқшаларын қолдану арқылы оқушыларды қатыстыру.

"Бұл не? Ол кім?" ойыны:

Өткен тақырыптар бойынша терминдердің мәнін ашу,анықтама,сипаттама беру.



  • ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту кезеңі (2 мин)

Тест тапсырмасы (ауызша)

  • IV. Мақсат қою кезеңі (1 мин)

-Қане, бәріміз экранға назар аударайық:

-Бұл ненің суреттері?(Сурет арқылы жаңа тақырыпты хабарлау)

-Яғни, бүгінгі сабағымыз не жайлы болмақ? ...

-Өзен дегеніміз не еді? Ол туралы өткен курстардан қандай мәліметтер естеріңде? Өзен қандай бөліктерден тұрады?

-Біздің Қазақстанның, өз қаламыздың қандай өзендерін білесіңдер?

-Ендеше бүгінгі жаңа тақырыпта біз өзендер туралы, бөліктері туралы, қоректенуі мен суының толығу, тасу кезеңдері мен жалпы шаруашылықтағы, адам өміріндегі маңызы туралы білетін боламыз, ол үшін алдымен тағы да экранға назар салып, "Өзендер қалай пайда болады?" видео көріп алайық.

Жақсы, енді сабағымызға кіріспес бұрын әр топтан топ басшылары келіп, өз топ атын хабарлай қойыңдар. (Мұғалім столынан келіп қағаздан топ атын атайды). Топ аттары осы өзендер тақырыбына байланысты, олар Жер шарындағы өзендердің ең ерекше өзен атаулары болып табылады. Соның бірі видеода да айтылып кетті: (топ аттарына жеке тоқалу,картадан көрсете отырып)

1-топ аты "Ертіс" - бұл Қазақстанның ең ірі өзені, трансшекаралық өзен ,елдің солтүстік,солтүстік-шығысымен өтеді.

2-топ "Амазонка" - дүние жүзіндегі ең суы мол өзен, Оңтүстік Американың орталығында орналасқандығын бідіңдер.

3-топ "Конго" - экваторды екі рет кесіп өтетін сызық, Африканың ең мол сулы өзені, дүние жүзінде Амазонкадан кейінгі орынды иеленеді.

4-топ "Ніл" - дүние жүзіндегі ең ұзын өзен, Африка материгінің солтүстігінде орналасқан.

-Енді әрі қарай білім толықтыру мақсатында дәл қазір оқулықтан §43-ті ашып мітңнмен жұмыс жасаймыз...



  • V. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі (22 мин)

  • 1.Мәтінмен жұмыс:(3 мин)

  • 1-топ: Өзен бөліктері

  • 2-топ: Шоңғалдар мен сарқырамалар

  • 3-топ: Өзендердің суға молығуы және режимі

  • 4-топ: Өзендердің шаруашылық маңызы

  • 2.Топтық жұмыс:(5-7мин)

  • (берілетін тапсырмалар түрлері)

  • 1-топ: Географиялық сызба(өзен бөліктерін бейнелеу)

  • 2-топ: “Венн диаграммасы”(салыстыру)

  • 3-топ: “Фишбоун” әдісі

  • 4-топ: “Ассоцация” әдісі

Постер әр топ оқушылары қорғау, "Үш шапалақ" арқылы бағалау.

Сергіту сәті: (1 мин)

Видеодагы жаттығуларын, қимылдарын қайталап,билеп, көңілдену.

3.Картамен жұмыс:(5-7 мин)

1-топ: Анхель сарқырамасы, Волга (Еділ) өзені, Хуанхе, Янцзы өзен-і, Жайық өзені

2-топ: Игуасу сарқырамасы, Амазонка өзені,Тигр, Евфрат өзен-і , Ертіс өзені

3-топ: Ниагара сарқырамасы, Конго өзені, Сырдария,Әмудария өзен-і , Тобыл өзені

4-топ: Виктория сарқырамасы, Ніл өзені, Ганг,Үнді өзен-і, Іле өзені


  • VI. Жаңа сабақты бекіту кезеңі (6 мин)

1."Тауып көр" өзен бөліктерін суретте дұрыс тауып айту.

2."Балық аулау" ойыны,бекіту сұрақтары жасырылған, оларға жауап беру?

3. Дәптермен жұмыс. Проблемалық сұраққа эссе жазу.

(Әр топтан бірінші аяқтаған бір оқушыға эссесін оқыту)



  • VII. Қорытынды бөлімі: (3 мин)

Рефлексия

-Топ басшылары топ мүшелерін бағалауға дайын болыңыздар.

"4 қалпақ" 4 топқа бүгінгі сабақта алған білімдеріне байланысты 4 түрлі сұрақ беру, жауап алу.

Ақ қалпақ - бүгінгі сабақтың өздеріңе ұнаған ұнамды, тиімді тұстарын айтыңдар

Қара қалпақ - сабақтың сендерге ұнамаған тұстары, қандай қиындықтар болды?

Қызыл қалпақ - сабақтан қандай ісер алдың, қандай сезімде болдыңдар?

Көк қалпақ - сабақта нені білдің, нені білгің келеді?


  • VIII. Бағалау бөлімі:(2 мин)

Бағалау парақшаларын толтырып отыруы,топ басшылары бағаларын хабарлау.

IX. Үйге тапсырма беру кезеңі(1 мин)



§43, оқу, кескін картамен жұмыс, сұр/р мен тапс/р
Каталог: uploads -> konspekt -> geografiya
konspekt -> Сабақтың тақырыбы: Қ
geografiya -> Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы
geografiya -> Сынып: 7 Күні: Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы Мақсат-міндеттер: Білімділік мақсаты
geografiya -> Сыныбы 10 кїні Та›ырыбы
geografiya -> Сабақтың тақырыбы: Ресейдің экономикалық-географиялық жағдайы. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
geografiya -> Муханбетжанова Кулшат Рысбековна Еңбек өтілі 5 жыл Мамандығы География пәні мұғалімі Деңгейі ІІІ деңгей Орта мерзімді сабақ
geografiya -> Білімдіден шыќќан сµз


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет