Сабақтың мақсаты: Білімділігі: оқушыларға ауылшаруашылық еңбегі, оның түрлері



жүктеу 101.6 Kb.
Дата08.05.2019
өлшемі101.6 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарларын бағу және өсіру ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: оқушыларға ауылшаруашылық еңбегі, оның түрлері,

соның ішінде мал шаруашылығы жайлы түсінік беру,

білімдерін арттыру.

Дамытушылығы: қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы; төрт түлік

малды өсіру, күту, одан алынатын өнімдер жайлы түсіндіріп,

білімдерін кеңейту, дамыта түсу, өзіндік ойын жеткізу арқылы

шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

Тәрбиелілігі: еңбекті бағалай білуге, төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді

үйрету арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеу, оқушының

шығармашылық, ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: аралас, топпен жұмыс.

Сабақтың әдісі: іздендіру, түсіндіру, сұрақ- жауап, ой- қозғау, топтастыру,

шығармашылық, көрнекілік семантикалық карта, сәйкестендіру

стратегиялары.

Сабақтың көрнекілігі: нақыл сөздер, буклеттер, суреттер, интерактивті тақта,

оқулық.Мақал-мәтелдер жинағы, тыйым сөздер, үнтаспа .

Пәнаралық байланыс: әдебиет, қазақ тілі, бейнелеу, еңбекке баулу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың төрт түлік малды өсіріп , күтуін және ауыл шаруашылық еңбегін бағалай білуі, қазақ халқының салт-дәстүрлерін үйренуі белсенділігі, сұраққа жауап беру, бірін-бірі тыңдау, ортақ қорытынды шығару.

Шығармашылық қабілеті артады.

Салыстыру, анықтау, сәйкестендіру, жинақтау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,

Сыныпты түгендеу,

Зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Күн шуағын сезіну.

а)Психологиялық дайындық.

Үлкенге де «сіз»

Кішіге де «сіз»,

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

ә)Сабаққа қойылатын ереже.

-Бірін-бірі тыңдау,қатысу;

-Уақытты үнемдеу, қатысу;

-Ойды еркін айту;

-Тақырыптан ауытқымау:

-Бәсең сөйлеу.

б)Сабақтың міндеті:

Іздеймін, табамын

Ойланамын, біліп аламын.

в)Топтарға бөлу:

І топ: Зеңгі баба.

ІІ топ: Ойсылқара.

ІІІ топ : Қамбар ата .

ІVтоп : Шопан ата.

- Енді топ болып жұмыс жасаймыз. Біз қандай тарауды өтіп жатырмыз ?

«Туған ел » тарауын өтіп жатырмыз.

-Дұрыс-ақ ,ендеше осы тарау бойынша білімімізді тексеріп көрейік.

Қазір топ болып «Бәйге » ойынын ойнаймыз.

Қай топ көп жауап береді екен. Сол топқа ұпай саналады.

«Бәйге» ойыны (Әр топқа екі сұрақтан )

30 20 10

10 30 20

20 10 30

30( жоғарыдағы) ҚР рәміздерін ата.

Елтаңба, Ту, Әнұран.

20 (ортадағы) Конституция деген не?

Еліміздің басты құжаты, бұл мемлекеттегі барлық адамдар ұстанатын

Заңдар кітабы.

10 (жоғарыдан сол) Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

1991 жылы 16- желтоқсан.

30 (ортадағы) Қазақстанда қандай ұлттар тұрады?

Орыстар, өзбектер, корейлер, татарлар, қырғыздар,украиндар,ұйғырлар.

20 (ортадағы) Қазақстанның астанасы қалай деп аталады?

Астана.

10(төменгі орта) Қандай көліктерді арнаулы деп атайды?



Арнайы машиналар жауапты жұмыстар үшін қажет.Мысалы : жедел жәрдем,

өрт сөндіру, полиция т.б.

20( төменгі оң) Қазақстанның егіс далаларында қандай дәнді дақылдар өсіріледі ?

Бидай, қарабидай, арпа, күріш,сұлы, тары.

30(төменгі сол) Бақтарда қандай өсімдіктер өсіріледі?

Алма, алмұрт, шие, алхоры, өрік ағаштары, қарақат, таңқурай.

20(жоғарыдағы орта) Қандай өсімдіктерден ұн алынады?

Бидай, қарабидай, жүгері.

-Өте жақсы жауап бердіңдер.Енді маған айтыңдаршы, ертеден келе жатқан ата кәсібіміз қандай еді?

- Мал шаруашылығы және егін шаруашылығы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мал шаруашылығы» деп аталады.-Ал мақсатымыз: қазақ халқының ата кәсібі мал шаруашылығы, төрт түлік малды өсіру, күту, одан алынатын өнімдер жайлы білімдерімізді кеңейту, еңбекті бағалай білу, төрт түлік малға байланысты салт-дәстүрлерді үйрену болып табылады.

2.Кіріспе әңгіме

Біздің жайлауымыз жазық, даламыз мал бағуға, егін егуге өте қолайлы. Сондықтан , ата – бабаларымыз мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.Қазақ жерінде б.з.б 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады.Оларды көбейту үшін жайылымдар іздеп, көшіп қонатын болды.. Бүгін біз ата кәсібіміз мал шаруашылығына кеңінен тоқталамыз.

3. «Ой қозғау» стратегиясы бойынша топтық жұмыс .

-Әр топ мына берілген тақырыптарға ой қозғау стратегиясы бойынша топтық жұмыс орындайды және суреттермен өз ойларын толықтырады.Топ басшылары оны қорғайды.

1-топ тапсырмасы.



Балық аң бұғы


Ауыл шаруашылық түрлері




мал бау-бақша

егін құс


2-топ тапсырмасы.



қой сиыр



жылқы түйе

3-топ тапсырмасы. бидай сұлы

жусан жоңышқа

Арпа ащы қурай



Алабота жүгері

4-топ тапсырмасы. К 700 трактор

комбайн ДТ



жүк машина

-Енді балалар,білімімізді толықтыру үшін оқулықтарымызды ашамыз.

ІV.Оқулықпен жұмыс.

Мәтіннен әр топ өз атауларына сәйкес сөйлемдерді тауып оқиды.

1-топ: Зеңгі баба – Қазақстанның барлық жерінде мүйізді ірі қара өсіріледі.



2- топ: Ойсыл қара – Түйе батыс аудандарда , ыстық жерлерде, шөл мен шөлейтте өсіріледі. Түйе сүтінен жасалатын шұбаттың да емдік қасиеті күшті.

3- топ: Қамбар ата – Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жылқы шаруашылығы өркендеген.Жылқының сүтінен жасалатын қымыздың емдік қасиеті зор.

4- топ: Шопан ата- Ақтөбе , Қызылорда ,Батыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы



облыстарында қой өсіріледі.Қойдың барлық түрлері дәмді еті, жібектей жүні, және терісін береді.

V. Сергіту сәті.

-Бәріміз шаршаған шығармыз.Бой сергітіп, қимылдар жасап денемізді сергітіп аламыз.Ол үшін әр топқа әр түрлі тапсырмалар орындайды.

1-топ: «Қаражорға» биін билеп, әнін қосылып айтады.

2-топ: Үнтаспадан төрт түлік малдың дауысын ажырата білу.

3-топ: «Менің сүйікті жануарым» тақырыбында қарсы топқа ыммен

жануардың қимылын көрсетеді.

4- топ: «Кім жылдам?» 3-минут ішінде қима қағаздан төрт түліктің суретін құрастыру.

VI.Шығармашылық жұмыс.


  • Бойымызды сергітіп алдық.Білімімізді әрі қарай жалғастыру үшін 1-ші нөмірлер бір топқа, 2-ші нөмірлер екінші топқа ,3-ші нөмірлер үшінші топқа,4-ші нөмірлер төртінші топқа отырады.Әр топқа әр түрлі тапсырмалар беріледі.Бір-біріңмен сол берілген тапсырмалар бойынша ой бөлісіп, білімдеріңді ортаға салу. Содан кейін білгендеріңді өз тобыңа келіп түсіндіресіңдер.

1-топ: Картамен жұмыс.( мал шарушылығымен айналысатын аудандарды белгілеу)

-Қазақстанның қай өлкесінде төрт түліктің қандай түрлері өсіріледі?



-Ақтөбе,Қызылорда,Батыс Қазақстанда, Жамбыл, Алматы облыстарында қой өсіріледі.

Қазақстанның барлық жерінде ірі кара (сиыр) өсіріледі.Ақтөбе ,Шығыс Қазақстан және Жамбыл облыстарында жылқы шаруашылығы өсіріледі.

Түйе Оңтүстік Қазақстанда, батыс аудандарда өсіріледі.

2-топ: Қай төлді қалай шақырады?

Қой-пұшайт-пұшайт.

Ешкі- шөре-шөре.

Сиыр-аухау-аухау.

Жылқы-құрау-құрау.

Түйе – көс-көс.

3-топ: Ойын тапсырма . «Әр атты өз иесіне тапсыр».

Алпамыс Тарлан

Тарғын Қарақасқа

Ақан Байшұбар

Қамбар Тайбурыл

Қобыланды Құлагер

Кендебай Керқұла

4-топ: Сүттен жасалатын тағамдарды тауып , қоршау.

Ірімшік, шұжық, май, алма, құрт, қаймақ, нан, қатық, қымыз, өрік, жүзім, шұбат.

VII.Көп білгім келеді.

1-топ: Зеңгі баба .

Малдан алынбайтын өнімдерді тап!


Сүт, қант, ет, түбіт, бидай, май, уыз, құрт, су, шұбат, көлік терек.

2-топ: Ойсылқара. Тыйым сөздер.

1.Малды басынан ұрма.

2.Малды теппе, ақты төкпе.

3. Малға теріс мінбе !

3-топ: Қамба ата . Сөзжұмбақ шешу.

1.Қамыс құлақ, тостаған тұяқ,

Мінсең – қанат, сүті- дәрі, еті- тамақ. (Жылқы- лощадь)

2. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.(қой- овца)

3. Үстінде екі тауы бар,

Қызық бір жануар.(Түйе- верблюд)

4.Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар.(Сиыр- корова)

4- топ: Шопан ата .

«Малдың төлін тап» семантикалық картаны толтыру.



Төрт түлік

түйе

жылқы

сиыр

қой

ешкі

құлын




+










бұзау







+







лақ













+

бота

+













қозы










+




VIII.Бекіту. Тест сұрақтары.

1-нұсқа


1.Мал бағатын қожалықтарда жұмыс істейді.

А) агроном, диқаншы, егінші.

Ә) тігінші , шебер, зергер.

Б) малшы, сауыншы, мал дәрігері.

2. Түйенің сүті.

А) Айран Ә) шұбат Б) қымыз

3. Шағын кәсіпорындардың шығаратын өнімі.

А) егін егу Ә) бау-бақша өсіру Б) киім тігу, сусын шығару.

4. Аша тұяқты төрт түлік

А) қой Ә) түйе Б) жылқы

5. Мақалды аяқта. «Ат ердің .................»

А) қанаты Ә) сусыны Б) қазынасы

2-нұсқа

1.Шөлге шыдамды жануар



А) қой Ә) Сиыр Б) түйе

2.Ішік, тон, тымақ – бұлар ........................

А) заттар Ә) киімдер Б) бұйымдар

3.Үй жануарлары төлдейді

А) жазда Ә)көктемде Б) күзде

4.Жеті қазынаның бірі

А) жылқы Ә) түйе Б) сиыр

5.Түйе малын қалай шақырады?

А) шөре-шөре Ә)көс-көс Б)құрау-құрау

Проблемалық сұрақтар.

1.Мал шаруашылығының пайдасы қандай?

2. Мал шаруашылығының дамуына не қажет?

3. Ауыл шаруашылық техникаларын ата.

4 Ауыл шаруашылық мамандарды ата.

ІХ. Үй тапсырмасы беріледі. Ауыл шаруашылығындағы егін және мал шаруашылығының қандай байланысы бар? Осы сұраққа жауап іздеп келіңдер
Х. Білімдерін бағалау парақшалары, оюлармен бағалау.



ХІ. Сабақты бекіту.

Ал, балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?

-Ендеше сабаққа белсене қатысқандарыңа мен өз ризашылығымды білдіремін.



-Рақмет.
Каталог: uploads -> doc -> 0d61
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0d61 -> Керемет жетілік


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет