Сабақтың мақсаты: Білімділік. Асқорыту мүшелерінің құрылысы, ерекшеліктері, олардың маңызы туралы түсінік беру



жүктеу 78.94 Kb.
Дата22.09.2017
өлшемі78.94 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: § 45. Асқорыту мүшелерінің құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік. Асқорыту мүшелерінің құрылысы, ерекшеліктері,

олардың маңызы туралы түсінік беру.



Тәрбиелік: Асқорыту мүшелерінің гигиенасын түсіндіре отырып,

олардың гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.



Дамытушылық: Оқушылардың талдау, синтездеу, салыстыру,

қорытындылау, ойлау қабілеттерін жетілдіру.



Сабақтың әдісі: ойындар, РАФТ, түртіп алу жүйесі, бес жолды өлең, эссе жазу

стратегиялары



Сабақтың көрнекілігі: Интерктивті тақта, слайдтар, флипчарттар

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Күтілетін нәтиже:

  1. Асқорыту мүшелерін атау.

  2. Олардың орналасу ретін білу.

  3. Асқорыту мүшелерінің құрылысын білу.

  4. Асқорыту мүшелерінің құрылысын білу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру.

ІІ. Ой қозғау.

  1. «Ғажайып алаң» ойыны

  1. Асқорыту деген не?

Жауабы: Тамақ өнімдерінің едәуір қарапайым , организмге сіңірілетін заттарға ұсақталу және ыдырау процестері. (500 балл)

  1. Фермент деген не?

Жауабы: Нәруыз текті заттар (100 балл)

  1. Тамақ деген не?

Жауабы: Адам рационының құрамына кіретін өсімдіктекті, жануартекті өнім.

(600 балл)



  1. Өсімдіктекті өнімнің негізгі құрамы қандай заттар?

Жауабы: Көмірсулар (700 балл)

  1. Жануартекті өнімдер құрамына қандай заттар кіреді?

Жауабы: нәруыз, майлар (800 балл)

  1. Организмдегі негізгі құрылыс материалы

Жауабы: Нәруыз (300 балл)

  1. Организмде көмірсулардың артық мөлшері қалай жиналады?

Жауабы: артық мөлшері гликоген түрінде қорға жиналады, ал бір бөлігі майларға айналады. (1000 балл)

  1. Негізгі энергия көзі болып табылатын қоректік заттар

Жауабы: Майлар (200 балл)

  1. Организмде витаминдер жетіспеушіліген пайда болатын ауру.

Жауабы: Авитаминоз (700 балл)

  1. Организмде әртүрлі заттардың еріткіші рөлін атқаратын зат

Жауабы: Су ( 400)

  1. Асқорыту мүшелерінде күрделі органикалық заттар қандай өзгерістерге ұшырайды?

Жауабы: Қан мен лимфаға сіңірілетін едәуір қарапайым заттарға ыдырайды.

(1100 балл)



  1. Жануартекті тағамдарды ата

Жауабы: ет, жұмыртқа, сүт өнімдері, балық) ( 800 балл)

  1. Өсімдіктекті тағам өнімдерін ата

Жауабы: нан және ұннан жасалатын басқа өнімдер, көкөністер, жеміс-жидектер, жармалар) (700 балл)

  1. Қанға өзгеріссіз сіңірілетін заттар

Жауабы: витаминдер, минералды тұздар, су (1000 балл)

2.«РАФТ» әдісі.

Роль Нәруыздар

Аудитория Адамдар

Форма Әңгіме

Тақырып Нәруыздың маңызы

Роль Көмірсулар

Аудитория Адамдар

Форма Әңгіме

Тақырып Көмірсулардың маңызы

Роль Бейорганикалық заттар

Аудитория Адамдар

Форма Әңгіме

Тақырып Бейорганикалық заттардың маңызы

ІІІ. Мағынаны тану. «Түртіп алу жүйесі» бойынша оқушылар тақырыпты өз беттерімен оқып шығып, әртүрлі таңбалар қояды.

Асқорыту жүйесі асқорыту жолы мен асқорыту бөлімдерінен тұрады. Адамда асқорыту жолының ұзындығы шамамен 8-10м. Ол ауыз қуысы , жұтқыншақ, өңеш, асқазан, аш ішек және тоқ ішек, тік ішек болып бөлінеді. Асқорыту жолы ұзына бойы кеңейіп қуыстар түзеді және тарылады. Асқорыту жолының қабырғасы ішкі, ортаңғы және сыртқы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты эпителий ұлпасынан тұратын сілемейлі қабық болып табылады. Сілемейлі қабық жасушалары ішек арнасына сілекей бөледі, ал төмен орналасқан ұсақ бездер асқорыту сөлін өндіреді. Ішкі қабатта қан тамырлары мен лимфа тамырлары көп. Ортаңғы қабат тамақтың асқорыту жолымен қозғалысын қамтамасыз ететін бірыңғай салалы бұлшықеттен тұрады. Сыртқы қабат шажырқай бекінетін дәнекер ұлпалы сірнелі қабаттан тұрады.



Ауыз қуысының құрылысы: алдыңғы жағында ерін мен ұрт, жоғарғы жағы-қатты және жұмсақ таңдай, төменгі жағы-тіл мен ауыз түбінен, артқы жағы-жұтқыншаққа өтеді. Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі кішкене тіл болады.

Тіл сілемейлі қабықпен жабылған көлденең салалы бұлшықет ұщлпасынан тұрады. Ол мынадай аймаққа: түбір дене және ұшы болып бөлінеді. Оның бетінде дәм сезу рецепторлары болатын пішіні әртүрлі бүртіктер орналасқан. Тіл түбірі –ащы, тіл ұшы-тәтті, ал бүйір жағындағы рецепторлар қышқыл және тұзді дәмге сезімтал. Тіл ерінмен және жақпен бірге ауызекі сөйлеу функциясын атқарады. Ауыз қуысының бүйір және артқы жағында жұмсақ таңдай қатпарлар түзеді, олардың арасында таңдай бадамшасы орналасады. Бадамша тіл түбірі мен аңқада да бар. Бадамшада тамақпен бірге ауамен енетін микробтарды фагоцитоздайтын лейкоциттер болады. Ауыз қуысының артқы жағы ауызды өңешпен жалғастыратын шұңғыма тәрізді жұтқыншаққа өтеді.



Жұтқыншақ- ұзындығы 11-13 см бұлшықетті мүше; онда асқорыту және тыныс алу жолдары қиылысады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тарылып өңешке өтеді.

Өңеш- ұзындығы, шамамен 25 см бұлшықетті түтік. Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады.

Асқазан- асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы 2-3л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді. Асқазанда өңештің кіреберіс саңылауы мен ұлтабар басталатын шығу саңылауын ажыратады. Кішкене қарынның сілемейлі қабығы қатпарлар түзеді, олар тамаққа толғанда асқазанның созылуына мүмкіндік береді. Асқазан қабырғасының бірыңғай салалы бұлшықеттері асқазанды қозғалтатын сопақша, қиғаш және сақина тәрізді бұлшықеттерден тұратын үш қабат түзеді Сақина тәрізді бұлшықеттер асқазанның ұлтабарға өтетін орнында сфинктер түзеді Сфинктер тамақтың қоймалжың сұйық ботқасының асқазаннан ішекке өтуін реттейді. Асқазанның ортаңғы бөлігінде бездер болады. Олар не ферменттер , не тұз қышқылын, не сілемей бөлетін жасушаның үш түрінен түзілген. Тамақ асқазаннан аш ішекке түседі.

Аш ішек (ащы ішек)- асқорыту жолының едәуір ұзын бөлігі. Оның ұзындығы 5-7 м және үш бөлікке: ұлтабар, аш ішек және мықын ішекке бөлінеді. Ұзындығы шамамен 25см болатын ұлтабардың пішіні таға тәрізді, оған ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылады. Аш және мықын ішектің сілемейлі қабығында ішек сөлін бөлетін түтік тәрізді көптеген бездер және жіңішке өсінділер –ішек бүрлері болады. Ішек бүрлерінің жалпы мөлшері 4 млн-ға жетеді, бүр биіктігі шамамен 1мм, жалпы сіңіретін беті 200м2 . Ішек бүрлері бір қабатты эпителийден тұрады. Оның ортасынан қан тамырлары мен лимфа тамырлары өтеді. Ішек бүрлері рефлексті жиырылуға қабілетті Аш және мықын ішекте астың қорытылуы аяқталады да, негізінен астың сіңірілуі жүзеге асады. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ ішекке өтеді.

Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2м және ол соқырішек, жиек ішек және тік ішекке бөлінеді. Соқырішектің құрт тәрізді өсіндісі-қзындығы 8-15см аппендиксі болады. Ол иммундық жүйенің мүшесі болып табылады. Оған қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі-аппендицит пайда болады. Тоқ ішек қабырғасында бүрлер болмайды, аз мөлшерде сөл өндіретін бездері бар. Тоқ ішек тік ішекпен аяқталады.

Ұйқыбез. Ұйқыбез асқазанның астыңғы жағында екінші бел омыртқасының деңгейінде орналасқан. Ұйқыбез өндіретін сілтілік реакция көрсететін ұйқыбез сөлі ас қорытуда маңызды рөл атқарады. Бездің басты шығаратын өзегі ұлтабарға ашылады. А қорыту қызметінен басқа ұйқыбез ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Онда безді жасушалардың ерекше шоғыры-аралшықтар бар. Олар өз секретін ұлпа сұйықтығына, содан кейін қанға бөледі.

Бауыр –ең ірі без. Массасы, шамамен 1500г. Ол қызыл қоғыр түсті. Оның көп бөлігіоң жақ қабырға астында орналасады. Бауыр-күрделі түтікшелі без. Оның секреті-өт.

Өт қабына бауыр үздіксіз өндіретін өт жиналады. А қорыту кезінде өт қабы және бауыр өзегі арқылы өт жалпы өт өзегңне ағады. Ол ұлтабар арнасына ашылады. Бауыр көптеген улы заттарды тқтып, зиянсыздандырады. Бауырда көмірсулар қоры гликоген – жануар крахмалы түрінде жинақталады.



ІV. Бекіту:

А) «Кубик» ойыны. Ойын сүйегіндегі сандарға байланысты жауап береді.

  1. Асқорыту мүшесі қайдан басталады? Ауыз қуысынан

  2. Сілекей бездері қайда орналасқан? Ауыз қуысында

  3. Өт қабы орналасқан жер. Бауыр

  4. Ұзындығы 25 см бқлшықетті түтік Өңеш

  5. Асқорыту жолының көлемді ұлғаюы Асқазан

  6. Ұйқыбез бен бауыр өзектері ашылатын мүше Ұлтабар

  7. Аш және мықын ішекте болатын жіңішке өсінділер Ішек бүрлері

  8. Астың қорытылуы қайда аяқталады? Аш және мықын ішекте

  9. Астың қорытылмаған қалдығы аш ішектен қайда өтеді? Тоқ ішекке

  10. Асқорыту жүйесіндегі ең ірі без. Бауыр

  11. Ұйқыбез өндіретін сөлдің ортасы қандай? Сілтілік

  12. Аш ішек қандай бөлімдерден тұрады? Ұлтабар, аш ішек, мықын ішек

  13. Тоқ ішек қандай бөлімдерден тұрады? Соқырішек, жиек ішек, тік ішек

Ә) «Адасқан мүшелер» ойыны. Араласып жатқан мүшелер суреттері арасынан тынысалу және асқорыту мүшелерін тауып алып, ретімен орналастыру керек және мүшелердің аттарын атау керек.

Б) «Сандар сөйлейді» ойыны. Берілген сандардың қандай мағына беретінін айту керек.

1,5-2м 11-13см 5-7м 4 млн

1500г 8-15см 200м2 1мм

25см 2-3л 8-10м



В) Тестировщикпен тест өткізу.

1. Адамда асқорыту жолының қзындығы :

А) 3-5м В) 8-10м С) 15-18м Д) 15-20м

2. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) жұмсақ таңдайда В) ұрттың сілемейлі қабығында С) тілде Д) асқазанда

3. Асқорыту және тыныс алу жолдары қай жерде қиылысады?

А) жұтқыншақта В) ауыз қуысында С) өңеште Д) ішекте

4. Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасады?

А) тоқ ішек В) тік ішек С) аш ішек Д) ұлтабар

5. Соқырішек, жиек ішек, тік ішек қай ішектің бөлімдері:

А) аш ішек В) тоқ ішек С) тік ішек

6. Ұлтабар, аш ішек, мықын ішек қандай ішектің бөлімдері:

А) аш ішек В) тоқ ішек С) тік ішек

7. Тілдің ұшы қандай дімді сезеді?

А) ащы В) қышқыл С) тәтті Д) тұзды

8. Қоректік заттарды сіңіретін ішек құрылымы:

А) бездер В) ішек бүрлері С) капиллярлар Д) лимфа тамырлары

9. Соқырішек қай ішекте болады?

А) аш ішекте В) тік ішекте С) тоқ ішекте Д) мықын ішекте

10. Бауырдың секреті:



А) адреналин В) инсулин С) сілекей Д) өт

V. Ой толғау.

«Бес жолды өлең» стратегиясы. Бауыр, асқазан сөздеріне.

Не?

Қандай?

Не істеді?

Сөйлем.

Синоним

VІ. Үйге тапсырма: § 45. Эссе жазу.

VІІ. Бағалау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> 1 қыркүйек – Білім күніне арналған Сыңғырла, күміс қоңырау
attachment -> «А. Имановтың жастарды патриоттық және азаматтық тәрбиелеу негізі ретіндегі рөлі» Карашинова Алмагүл Серікбайқызы
attachment -> Б. С. Батешова, Т. Н. Малдыбаев
attachment -> Сабақтың тақырыбы: «Қауіпсіз ғаламтор»
attachment -> Сабақтың түрі: Жаңа білімді хабарлау Уақыты: 90 мин Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақтың тақырыбы: ежелгі тас дәуірі Сабақтың мақсаты
attachment -> Сабақтың атауы XX ғасырдағы қазақ әдебиеті жалпы шолу Мақсаты Күтілетін нәтиже
attachment -> Туєан жер, алтын бесіік
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ибрагим Бегімхан Керімханұлы Қазақ әдебиеті, 9-сынып Тақырыбы: Қожа Ахмет Йасауи «Диуани хикмет»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет