Алматы облысында 30 жастағы әйел өз баласынан айырылып қалған. Айтуынша, оның нәрестесін өзге отбасы еркінен тыс алып кетіп, көрсетпей отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Көреміз” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Гүлшат Аманалиева 5 айлық баласын көре алмай жүр. Айтуынша, анасы оның рұқсатынсыз ұлын біреулерге беріп, сол үшін ақша алған. 

Әйелдің 5 айлық Тәуекелден басқа 3 жасар қызы бар, осыған дейін некеде болыпты. Кейін ажырасыпты. 2022 жылы желтоқсан айында зорлықтын құрбаны болып, салдарынан Тәуекелді көтердім дейді. 

“Қарақалпақстанда анам танысымен төсектес болуға мәжбүрледі. Сол үшін 15 мың теңгедей алды. Содан кейін 3 айдан соң жүкті екенімді білдім. Анама айтуға қорқып, нағаш әпкеме айттым, ол баланы алдыру кеш екенін түсіндіріп, сәбиді оның келініне беруді сұрады”, – деді ол.

Анасы жағдайды естіген соң шу шығарып, Гүлшатты ұрып-соққан көрінеді. Баланы алдыртуды немесе босанып, перзентханаға тастап кетуді талап етіпті. 

“Анам баланы алдырасың немесе мен өлемін деп қорқытты. Онымен қоймай, 3 жасар қызыма бірдеңе істеп қоятынын айтып, әлсіз тұсымнан басатын. Оның ойынша, мен өгей әкемнен, яғни оның азаматтық некедегі жұбайынан көтеріп қалдым. Сол себепті қызғанып, ұрыс шығарды”, – деді 30 жастағы әйел. 

Кейін оның бөле жеңгесі Мөлдір баланы асырап алғысы келетін жұпты тапқан. Сөзінше, оның құрбысы 8 жылдан бері балалы бола алмапты. Тіпті жасанды ұрықтандыру нәтижесін бермеген дейді.

Гүлшат Аманалиева жүкті кезінде баланы беруге дайын болса да, босанған соң Тәуекелді қимапты. Солай райынан қайтып, перзентханадан баламен қашып кеткен. Соған қарамастан Гүлшатты туыстары қорқытып, “бала саудасымен айналысты деп шағымданамыз” деп айтқан. Осылайша 2 күннен соң баланы тараздық ерлі-зайыпты алып кетті дейді. Содан бері ол баласымен жүздесе алмапты. Құжат бойынша Тәуекелдің анасы Гүлшат болғанымен, әкесі сол баланы алып кеткен отбасының отағасы екен.

Алайда баланы асырап алған Гүлшат баланы өз еркімен бергенін айтады. Тіпті видеохабарламамен де сөйлестік дейді. Осы жағдайлардан кейін олар баланы туған анасына қайтарып беруге келісті. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.