Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларды ҚР саяси жүйесі туралы білімдерін кеңейту, оның не үшін қажет екендігін түсіндіру



жүктеу 25.66 Kb.
Дата23.04.2019
өлшемі25.66 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды ҚР саяси жүйесі туралы білімдерін кеңейту, оның не үшін қажет екендігін түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, сұрақтарға дұрыс жауап беруге баулу

Тәрбиелік: Билік органдарына ел басына деген құрмет , сыйластық мақтан тұту сезімдерін тәрбиелеу .Отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу Ел намысы дегенді ұғындыру

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың материалдық-техникалық жарақтандыру: компьютер, интерактивтік тақта, кітап көрмесі, кеспелер.



Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезені :

  • Сәлемдесу

  • Сабаққа назар аудару

  • Топты 2 топқа бөлу.

II. Үй жұмысын қайталау:

«Ақпарат құралдары» тақырыбына класстер құрастыру. (топпен жұмыс)



III Жаңа тақырып:

Оқытушының кіріспе сөзі: Балалар бүгін сабағымызда ҚР саяси жүйесімен танысамыз.

Әрбір азаматтың өз елі, өз жері және оның тыныс тіршілігін, қоғам дамуын ондағы болып жатқан жағдайларды біліп отыру яғни күнделікті ақпаратпен танысу міндеті болып саналады.

Өйткені ел тағдыры, ел дамуы оның билігі барлық азаматтарды да ойландыруы тиіс және білгеніміз жөн. Жер шарында 240 астам әр түрлі мемлекеттер болатын болса, солардың барлығының өзіндік даму жүйесі бар. Осы саяси жүйеге байланысты барлық мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, саяси, сауда-саттық, ынтымақтастық, қарым-қатынастар жасайды.

Ел билігі-ел дамуы

Ел билігі- ел тағдыры

Ел билігі- қуаттылығымыздың айнасы

Ел билігі- болашағымыздың болжамы

1. Сөздік қормен жұмыс:

Президенттік жүйемен басқарылу-президентской формой правления

Тармақтардан тұрады –состоит из таких ветвей

Заң шығарушы билік –законодательная власть

Атқарушы билік –исполнительная власть

Өзіне берілген өкілдіктер шегінде –в пределах своих полномочии



Тапсырма: берілген сөз тіркестерімен тақырыпқа сай сөйлемдер құрастыру.

Мәтінмен жұмыс: (слайдтар қосымша беріледі)



Қазақстан Республикасының саяси жүйесі.

Қазақстан мемлекеті – бүгінгі таңда президенттік жүйемен басқарылатын демократиялық мемлекет. Мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.

Республикамызда мемлекеттік билік біртұтас.

Еліміздегі билік жүйесі мынадай тармақтардан тұрады : Президент, Үкімет және Парламент. Парламент – заң шығарушы, ал Президент және Үкімет атқарушы билік болып саналады.

Парламент екі палатадан тұрады : Мәжіліс – төменгі палата , Сенат – жоғарғы палата.

Республика үкіметі өзіне берілген өкілдіктер шегінде мемлекет атынан билік жүргізеді.

Мәтін бойынша тапсырма:


  • Мәтін оқу, аудару;

  • Мәтін бойынша сұрақтар құрастыру;

Тапсырма: берілген сөздердің, сөз тіркестерінің мағынасын басқа сөздермен жазыңдар.

Бүгінгі таңда

Билік біртұтас

Мынадай тармақтардан

Еліміздегі

Билік жүргізеді



IV Жаңа тақырыпты бекіту:

Сұрақ - жауап



V. Сабақты қорытындылау, бағалау: оқушылардың дайындықтарын тұжырымдау арқылы бағаларын қойып шығу.

VI. Үйге тапсырма беру: «Егер мен сенат депутаты болсам...» шағын бағдарлама құрастыру
Каталог: uploads -> konspekt -> biologiya
biologiya -> Сабаќтыњ таќырыбы
biologiya -> Эволюциялық ілім
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: §28. Өзгергіштік түрлері Сабақтың мақсаты
biologiya -> Сабақ мақсаты : Оқушыларға «Отан» ұғымын түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Міндеттері
biologiya -> Сабақ №1. Тақырыбы: Кіріспе
biologiya -> Сабаќтыњ технологиялыќ картасы № к‰нi
biologiya -> Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»
biologiya -> Сабақтың тақырыбы: Құстарды топқа бөлу
biologiya -> Сабақ тақырыбы: Өсімдіктердің тыныс алуы (6 сынып) Пән: биология Пән мұғалімі: Косанова Айжан Умиткалиевна


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет