Сабақтың мақсаты: глюкоза мен фруктозаның қасиеттері, ұқсастықтары, айырмашылығын айту. Сабақтың міндеттері



Дата23.04.2019
өлшемі46.5 Kb.
#112812
түріСабақ

Сынып: 11

Тақырыбы: Моносахаридтер. Глюкоза мен фруктоза.

Сабақтың мақсаты: глюкоза мен фруктозаның қасиеттері, ұқсастықтары, айырмашылығын айту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Глюкозаның құрылысы, табиғатта түзілуі, алынуы, жалпы қасиеттері, маңызы мен қолданылуы туралы түсінік беру және білімдерін кеңейту;

Дамытушылық: Оқушылардың зейінін, танымдық белсенділігін, өзіндік пікірін қалыптастыру мүмкіндігін дамыту;

Тәрбиелілік: оқушыларды өз бетінше ізденуге, бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндірмелі, сұрақ – жауап, есептер шығару.

Көрнекіліктер:оқулық, дидактикалық тапсырмалар. Суреттер

Күтілетін нәтиже: Глюкозаның молекулалық құрылысын және оның көпатомды спирттерге тән қасиеттерін сипаттай алады. Глюкозаның химиялық қасиеттерін талдай алады. Есептер мен жаттығуларды өз бетімен орындай алады.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу, түгендеу).

Қызығушылықты ояту:

Мағынаны тану( дәріс).

Глюкоза (жүзім қанты) — Денеге тез және жеңіл сіңетін қанттың қарапайым түрі. Ол жеміс-жидектерде және балда болады, денедегі суды қалпына келтіруге пайдалануға арналған ақ ұнтақ түрінде сатылады. Глюкоза — моносахарид тобындағы көмірсутек. Тамақ өнеркәсібінде, медицинада және аналитикалық химияда реактив ретінде қолданылады. Өсімдік жемістерінде және жануар организмдерінде болатын жүзім қанты. Сахароза, лактоза құрамына кіреді және крахмал, гликоген, целлюлоза түзеді. Глюкоза маңызды зат алмасу азығы болып есептеледі, тірі тіндерді энергиямен қамтамасыз етеді. Адам организміндегі қандағы глюкозаның керекті мөлшері (100 мг % шамасында) гликогеннің синтезі мен ыдырауы арқылы тұрақтандырылады.

Глюкозаның табиғатта түзілуі мен алынуы

1. Табиғатта глюкоза фотосинтез реакциясы нәтижесінде түзіледі.

2. Қантты заттарды, ең алғаш A. M. Бутлеров (1861 ж.) кальций гидроксиді қатысында формальдегидтен синтездеді:

Химиялық қасиеттері

Глюкоза құрамында альдегид тобы бар көпатомды спирт болғандықтан, альдегидтерге және көпатомды спирттерге тән екі жақты қасиет көрсетеді.



Альдегид тобына тән реакциялары

Глюкоза жақсы тотықсыздандырғыш, жұмсақ тотықтырғыштардың әсерінен, мысалы, күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісімен альдегид тобы ғана тотығып, глюкон қышқылына айналады:

Мыс (II) гидроксидімен қыздырғанда, альдегид тобы тотығып, карбоксил тобына айналады және мыс (І) оксидінің қызыл түсті тұнбасы түзіледі: Тәжірибе:

Жаңа даяланған мыс гидро тотығына бірнеше тамшы жүзім және алма сөлін не аптека гюкозасымен араластырамыз. Қыздырамыз.

Қорытынды

Қоспаның түсінің өзгеруін алма және жүзім құрамында глюкоза бар екені анықталды. Глюкозаның альдегид тобы тотықсыздану реакциясына да түседі. Катализатор қатысында сутекпен тотықсызданғанда, глюкоза алтыатомды спирт — сорбит түзеді:

C6H12O6+H2=C6H8(OH) 6 сорбит

Глюкозаның көпатомды спирттерге тән қасиеттері

Күрделі эфирлер түзілуі. Қанттардың гидроксил топтары этерификация реакциясына оңай түседі. Кең таралған этерификация реакциясы ацилдеу, оны сірке ангидридімен катализатор (ZnCl2, H2SO4 натрий ацетаты) қатысында жүргізеді. Гексозалардың тұйық құрылымы тұйық пентаацетаттар түзеді. Қышқылмен әрекеттесу реакциясы глюкозаның құрамында бес гидроксил тобы бар екенін дәлелдейді. Мысалы, глюкоза сірке ангидридімен мырыш хлориді қатысында әрекеттесіп, α - пентаацетаттар түзеді: Спирттік ашуы. Ашытқы ферменті әсерінен ашып, глюкозадан этанол түзіледі. Бұл процестің химизмі өте күрделі. Жүретін өзгерістерді қысқаша былай жазады:

С6Н12O6 → 2С2Н5ОН + 2СO2

Сүт қышқылды ашуы. Глюкоза сүт қышқылды ашығанда, сүт қышқылы түзіледі. Процесс сүт қышқылды бактерия ферменттерінің әсерінен жүреді:

C6H12O6 → 2CH3 - CH - OH - COOH сүт қышқылы

Тотығуы. Органикалық қосылыс болғандықтан, глюкоза толық тотыға алады. Ең соңғы өнім ретінде көміртек (IV) оксиді мен су түзіледі. Бұл процесті ықшамдап былай жазуға болады:

С6Н12O6 + 6O2 → 6СO2 + 6Н2O + Q



Глюкоза адам организмінде зат алмасу процесіне қатысады. Тамақ арқылы қабылданған крахмал, қант сияқты күрделі көмірсулар ферменттердің әсерінен ас қорыту жолдарында глюкозаға ыдырайды. Адам организмінде глюкозаның негізгі бөлігі энергия қоры ретінде жұмсалады. Тірі организм клеткаларында глюкоза оттекпен бірнеше саты арқылы біртіндеп тотығады.

Көмірсулар тез ыдырап, организмді тез арада қажет болатын энергиямен қамтамасыз етеді. Ас қорыту каналында полисахариттер моносахариттерге дейін ыдырап, ішек бүрлерінің капилляраларындағы қанға өтеді. Егер қанттың қандағы мөлшері азайса (гипогликемия) организм шаршап, бас айналып, көз қарауытады. Бұл жағдайда қанға немесе тері астына глюкозаның ерітіндісін жіберсе, не кәдімгі қант жесе, аз уақыттың ішінде - ақ гипогликемиялық шок деп аталатын жоғарыда аталған жағдайдың барлығы жойылады.



Фруктоза (левулоза, жеміс қанты) - моносахаридтер тобына жататын глюкозаның изомері. Фруктоза сахароза мен инулиннің құрамдас бөлігі болып табылады. Фруктозаның жеміс қанты деп аталу себебі, ол табиғи күйінде барлық жеміс - жидектердің құрамында кездеседі. Балдың негізгі бөлігі фруктозадан тұрады.

Фруктозаның негізгі қасиеттерінің бірі – оның тәттілігі, ол сахарозадан 1, 5 - 1, 7 есе тәтті. Фруктозаны қолдану арқылы қанттың қабылдау мөлшерін 30 - 50 %- ға азайтуға болады. Фруктоза адам организмінде өте сіңімді, қорытылу кезінде инсулиннің қатысуын қажет етпейді. Сондықтан да, фруктоза диабеттерге арналған препараттар жасауда, диеталық тағамдар даярлауда және басқа да тамақ өнімдерін даярлауда кеңінен қолданылады.

Сонымен қатар, фруктозаның басқа да ерекше қасиеттері бар. Ол қандағы алкогольдің ыдырауын күшейтеді және де тамақтануда кәдімгі қантты фруктозамен алмастыру – тіс ауруларының алдын алуға септігін тигізеді.

Фруктозаны алудың өндірістік маңызы бар көздеріне инулин құрамдас өсімдіктер жатады. Мұндай өсімдіктерге жататындар: топинамбур, шашыратқы, түйежапырақ, георгин, бақбақ т. б.



Химиялық диктант.

1. Моносахаридтер..................... қарапайым қантты заттар.

2. Қантты заттарды, ең алғаш рет.............. 1861ж. кальций гидрооксиді қатысында.................... гидролиздеп алды.

3. Ашытқы ферменті әсерінен ашып,............. этанол түзіледі.

4. …................ – жеміс қанты деп атайды.

5. Көмірсулардың жалпы формуласы………………………

6. Дисахаридтер..............., моносахаридтердің.... молекуласына ыдырайды...........- сүт қантты.

7. Глюкоза ……….. - крахмалды өндірісте …………ерітіндісінде қайнатып алу.

8. Сахарозаны балқытып қатырса............ мөлдір масса түзіледі.

9. Глюкоза артық мөлшерде............. айналып,........... қор болып жиналады.

10. Глюкоза адам организмінде …………… процесіне қатысады.

Ой толғаныс: Топтық тапсырма I топ

1. Глюкоза молекуласының құрамындағы көміртегінің массалық үлесі қандай?

2. 400 г 20% – тік ерітінді дайындау үшін қажетті фруктоза мен су мөлшерін анықтаңдар.

3. Егер өнімнің практикалық шығымы 82% құрайтын болса, 171 г сахарозаның гидролизі нәтижесінде түзілген фруктозаның массасын есептеңдер.



II топ

1. 85. 5 сахароза гидролизінде алынатын фруктозаның массасы қандай?

2. 30 г глюкозаны 130 г суда ерітті. Алынған ерітіндідегі глюкозаның массалық үлесі қандай?

3. Глюкоза спирттік жолмен ашығанда 299 г этил спирті алынды, ол шығым 85 - ті құрайды. Ашуға алынған глюкозаның массасын есептеңдер.



Үйге тапсырма Моносахаридтер. № 13, “Адам организміндегі глюкозаның маңызы” – эссе.
Каталог: uploads -> doc -> 09b9
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
09b9 -> «Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында» Сабақтың мақсаты: Білімділік
09b9 -> Менің құқығым мен міндетім


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет