АҚШ-та әйел бір жарым жасар қызын үйде жалғыз қалдырып, он күнге демалысқа кетіп қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі People сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кливлендте 2023 жылы 6 маусымда 32 жастағы Кристель Канделарио қызы Джейлинді үйінде қараусыз қалдырған. Америкалық әйел саяхатқа шығып, Чикагоға, Мичиганға, сондай-ақ Пуэрто-Рикоға барды.

  • Балаға қандай есімдер беруге болмайды: Әділет министрлігі айтып берді
  • "Ұйықтап жатып бір жаққа кетіп қалатын": Таныстары екі баласын тұншықтарып өлтірген қызылордалық келіншек туралы айтты

16 маусымда демалыстан кейін үйіне оралған кезде ана сәбидің тыныс алмай жатқанын байқап, жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер 16 айлық баланы аман сақтап қала алмады. Джейлин қатты сусызданып қалған екен. Сәби манежде жатып, шетінеп кеткен. 17 маусымда Канделарио қамауға алынды.

Канделариоға соңғы үкім 18 наурызда шығады. Огайо заңы бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.