Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орта ғасырлардағы Хорезмшах мемлекетімен таныстыру



жүктеу 43.19 Kb.
Дата22.04.2019
өлшемі43.19 Kb.
түріСабақ

Дүние жүзі тарихы 7 сынып
Тақырыбы: Хорезмшах мемлекеті.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды орта ғасырлардағы Хорезмшах мемлекетімен

таныстыру.



Білімділік:Оқушыларға орта ғасырлардағы Хорезмшах мемлекеті туралы түсінік

беру, Хорезмшах мемлекетінің өрлеуі, шаруашылығы туралы әңгімелеу.

Бухара және Самарқандағы көтерілістер туралы түсінік беру.

Дамытушылық:Оқушылардың орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы түсініктерін

дамыту. Белсенділігін, өз ойын ашық айту қабілеттерін дамыту.



Тәрбиелеу: Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Орта ғасырлардағы Орта Азия мемлекеттерінің картасы, слайдтер,

терминдер, хронология, карточкалар.



Әдісі: Интерактивті, көрініс, топтық жұмыс.

Сабақтың түрі:Аралас.

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру.

  2. Қайталау.

  • Сұрақ-жауап.

  • Хронология.

  • Терминдер.

  • Көрініс «Сұлтан Сүлейман».

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

1топ. Монғол шапқыншылығы алдында Хорезм.

2топ. Хорезм мемлекетінің шаруашылығы.

3топ. Бухара мен Самарқандағы көтерілістер.


  1. Сабақты бекіту.

  • Картамен жұмыс.

  • «Өз білімінді тексер».

  1. Қорытынды.

-Бағалау.

- Үй тапсырмасы $31, кесте толтыру.



Барысы:

  1. Ұйымдастыру.

  • Оқушылардың сабақа дайындықтарын тексеру, сәлемдесу.

  • Қоңырау соқты тағы да, бізді шақырды сабаққа.

Кел балалар, отырайық. Тарих сабағын бастайық.

  1. Қайталау.

Сұрақ -жауап.

  • Түрік – Осман империясы қай ғасырда құрыла бастады?

  • Осман империясы қалай құрылды?

  • Империя негізін қай жылы, кім қалады?

  • Қай жылдан бастап Осман империясы көрші елдерге жорықтар жасай бастайды?

  • Осман империясы қандай мемлекеттерге қарсы соғыс ашады?

«Тарихи хронология»

(Әр топқа бір хронологиялық дата беріледі)



волна 1волна 2волна 3
1363- Сұлтан І Мұрад Андрионопольды алып, өз астанасын сонда көшірді.

1389- Түріктер Сербияға шабуыл жасайды. Нәтижесінде Византия мемлекетінің астанасы Константинопольге жорық бастайды.

1453- ІІ Мехмед сұлтан 200 мың түрік әскерімен Константинопольды қоршайды. Түрік әскерлері Константинополь қаласын жаулап алады.
«Тарихи терминдер»

(Әр топқа 2 терминнен беріледі)

САНЖАҚ- облыс

БЕЙЛЕР- облыс басқарушы

СПАХИ- феодалдық жер иелігі

ВАКУФ- мешіт иелігіндегі жерлер

ХАРАДЖ- жер салығы

ҮШІР- өнімнің түсімінен алынатын салық


Көрініс «Сұлтан Сүлейман».

  • Сұлтан Сүлейман келе жатыр!

  • Бұл картаны мен аяғымның астына неге салдым?

Ия, солай! Бәр әлем біздің аяқ астымызда жатады! Енді біз Балкандағы империя емес, бүкіл Еуропаның қожайыны боламыз! Белград, Вена, Будда, Римде біз осы қылышпен кәпірлердің жүрегін қадап өтеміз! Бірақ Шығыстан да біз теріс қарамаймыз. Каспийге дейін шекарамызды кеңейтеміз!

  • Мүдір шешім! Алла өзі қолдасын!

(Тағына барып отырады)

  • Мен, Сүлейман, Селих султан мен Валиде ханымның баласы, Осман империясының 10 – шы билеушісі. Менің жерім Египет, Сирия, Палестина, Парсы мен Ұлы Жібек жолы, Осман мұрагерлігінің жалғыз билеушісі!

Мен, Сүлейман, өз ата-бабаларымның жерлерін кенейтуге уәде беремін, Шығыстан Батысқа дейін, менің аяғым басқан жерге бейбітшілік пен молшылық орнатамын. Мен жорықтан аман келіп, қуанышта өмір сүремін!

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Орта Азиядағы жері бай, мәдениеті өркендеген мемлекеттердің бірі Хорезмшах мемлекеті болды. Х ғасырдың соңында Солтүстік Хорезм билеушісі Мамун-ибн-Мухамед елді біріктіріп, біртұтас құатты мемлекет құрады. Хорезм мемлекетінің астанасы Үргеніш қаласы болды. Мамун-ибн – Мухамед өлгеннен кейін Хорезмде оның інісі ІІ Мамун-ибн-Мамун (999-1017) билік жүргізді.

Хорезм мемлекетін сұлтан Махмұд Ғазнауи (998-1030) жаулап алуға әрекет жасады. 1017 жылы Хорезм мемлекетіне бірнеше мың әскерімен Махмұд Ғазнауи шабуыл жасап, Хорезді бағындырды.

ХІІғасырдың бас кезінде Ануш-тегин-Атсыз (1127-1156) Хорезм мемлекетін біріктіру үшін күрес жүргізеді. 1156 жылы Хорезмшах Атсыз өлгеннен кейін , Хорезм тәуелсіздігінен қайтадан айырылады.

Атсыз шахтың ісін алға қарай жалғастырып, Хорезм мемлекетін күшейтуге күш салған оның баласы Арслан (1156-1172)

Арслан өлгеннен кейін оның баласы Текеш (1172-1200) Хорезм тағына отырып, Нишапур, Мерв, Шығыс Иран жерін бағындырады.

Топпен жұмыс.

1топ. Монғол шапқыншылығы алдында Хорезм.

2топ. Хорезм мемлекетінің шаруашылығы.

3топ. Бухара мен Самарқандағы көтерілістер.

(Оқушылар жаңа тақырып бойынша тірек сызбалар сызып, қорғайды)


  1. Сабақты бекіту.

  • Картамен жұмыс.

А) Бұхара, Самарқанд, Үргеніш қалаларын картадан тауып көрсет.

Б) Шыңғыс ханның Орта Азияға жорықтары, жаулап алған қалалары мен мемлекеттері.



  • «Өз білімінді тексер».

Сұрақтарға дұрыс жауаптарын тап.

Үргеніш

Хорезм мемлекетін жаулап алуға әрекет жасады

Махмұд Ғазнауи

Феодалдық жер иелігінің негізгі түрі

Ануш-тегин-Атсыз

Шығыстың ғұлама ғалымы

Сойырғал

Хорезм мемлекетінің орталығы

Ибн -Сина

Хорезм мемлекетін біріктіру үшін күрес жүргізеді




  1. Қорытынды.

-Бағалау. Әр топ басшысы оқушылардың сабаққа қатысуын бағалайды.

- Үй тапсырмасы $31, кесте толтыру.
Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет