Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Қуыршақ театрымен таныстыру. Сабақтың міндеттері:Қуыршақ театрының музыкалық қойылымын ұғыну



жүктеу 27.07 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі27.07 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Қуыршақ театры         

Сабақтың мақсаты: 

Оқушыларды Қуыршақ театрымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:Қуыршақ театрының музыкалық қойылымын ұғыну

.

 

Сабақтың барысы:



  Қуыршақ театрықуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.

19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылдыҚазақ қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Өлкелік қуыршақ театры Алматы қ-нда 1935 ж. 10 қазанда ҚазАКСР ХАК-ның бұйрығы бойынша, балалар арасындағы мәдени жұмысты жақсарту мақсатымен құрылған. 1938 ж. театрға респ. қуыршақ театры дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О. Гасюк, Ю.Г. Рутковский, П.И. Поторока, т.б. көрнекті театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді. Қазақ және орыс труппалары қатар жұмыс істеді. Қуыршақ бейнесіне, артистің оны қимылға келтіру тәсіліне қарай бірнеше түрге бөлінеді: кигізілмелі, қолға киіп ойнайтын (петрушечный), сым, сырық арқылы қозғалатын (тростевой), жіп арқылы жүретін (марионетечный), көлеңке арқылы көрсетілетін (теневой). Әр жылдары театр сахнасында Н.Гернеттің “Алладиннің сиқырлы шамы” (реж. П.И. Поторока, 1958, реж. Қ.Ешмұратова, 1978), Ш.Құсайыновтың “Алдар көсе мен Шығайбай” (реж. Ә.Әсімжанов, 1967), О.Әубәкіровтің “Қожанасыр – чемпион” (реж. Поторока, 1967), “Тарқамайды тойымыз” спектакльдері мен муз.-концерттік бағдарлама (реж. Ешмұратова, 1988), “Қуыршақтар шоуы” (реж. С.Шүкіров, 2000), т.б. қойылды. Бүгінде театр репертуарында 30-ға тарта спектакль бар. Елімізде қуыршақ театрлары Ақтөбе мен Жезқазғанда (1985), Ақтауда (1981), Шымкентте (1983) және Қостанай мен Петропавлда (1992) ашылды. Театр Ташкент (1969) пен Бішкек (1975) қ-ларында өткен Қазақстан және Орта Азия республикаларының қуыршақ театрлары фестивалінің, Ташкенттегі Халықар. фестивальдің (1979) лауреаты. 1981 ж. гастрольдік сапармен Въетнам, Кампучияда болды. 2002 ж. Алматы қ-нда өткен Қазақстан қуыршақ театрларының 1 фестивалінде Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Петропавл және Шымкент қ. театрлары өнер көрсетті



Бағалау: Қорытындылау:

Үйге тапсырма:
Каталог: uploads -> doc -> 080d
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
080d -> В. Дуров. Как Лео учил Ваську
080d -> Интеллектуальная игра «Умники и умницы» «Наполеон Бонапарт»
080d -> Сабақтың тақырыбы: Сызықтық алгоритм Сабақтың мақсаты: Оқушыларға сызықтық алгоритм туралы біледі


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет