Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығынан және өміріне қажетті мәліметтерден толық мағұлмат беру



Дата29.04.2019
өлшемі36.5 Kb.
#123133
түріСабақ

ПОЭЗИЯНЫҢ КҮНШУАҚТЫ АСҚАР БИІГІ

(А.Құнанбаев шығармашылығы бойынша «Бақытты сәт» ойыны)


Адетова Бадиға Дүйсекешқызы

Ақтөбе облысы,Шалқар ауданы,

Мөңке би ауылы,М.Тәжин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абайдың өмірі мен шығармашылығынан және өміріне қажетті мәліметтерден толық мағұлмат беру.

Сабақтың барысы:

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Қазақ поэзиясының күншуақты асқар биігі» атты поэзия кеші ақылымен дана болған, нақылымен сана құйған кеменгер бабаның өмірі мен шығармашылығына арналады.

Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қалың ел қазағының панасы боп,

Артына өлмес мұра қалдырған кім?

Әрине, ол - дана Абай, дара – Абай. Қазақ елінің ақыны көп болғанымен Абайы біреу-ақ. Абай тереңіне әлі де толық бойлағанымыз жоқ. Бірақ Абайы бар қазақ бақытты. Абайы бар елдің мерейі үстем. Олай болса Абай шығармашылығы жөнінде бар білген білімімізді ортаға салып көрейік. «Бақытты сәт» ойынына ІІ топ қатысқалы отыр. Әуелі қазылар алқасын сайлап алайық.

Қазалар алқасы: қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінің мұғалімдері.

Ойын 5 бөлімнен тұрады.Әр бөлімнің соңында қазылар алқасы топтардың ұпай сандарын жариялап отырады.

1-бөлім. Топтарға 10 сұрақ.

І топ «Мұрагер» тобы.

Семейдегі Абай оқыған медресенің аты. (Ахмет-Риза)

Абайдың Құнанбай ауылындағы алғашқы ұстазы. (Ғабитхан)

Абайға жеңгелерінің қойған аты. (Телғара)

Абайдың алғаш өз атынан таратқан атақты өлеңі. (Жаз)

Абайдың ең алғашқы аударма өлеңі. (Бородино)

Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын бастырып шығарған кім? (Кәкітай)

«Әкем туралы» деген естелік кітаптың авторы. (Тұрағұл)

Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған аты. (Тоқбала)

Абай жерленген жер атауы. (Жидебай)

«Жайнаған туың жығылмай» деп аталатын өлеңі кімге арналған? (Оспанға)

ІІ топ «Бәйтерек» тобы

«Дүниеге көзімді ашқан» деп Абай кімді айтқан? (Михаэлис)

1876-1878 жылдары Абай болыс болған ел. (Қоңыр Көкше)

Абайдың сүйікті ойыны. (Тоғызқұмалақ)

А. Байтұрсынов Абайға арнап қандай мақала жазды? (Қазақтың бас ақыны)

Абайдың қазақ өлең құрылысына енгізген ұйқас түрлері. (шалыс, егіз, аралас)

Тақырыбын «Мың бір түн» ертегісінен алған шығармасы. (Әзім әңгімесі)

Абай өлеңдерінің тұңғыш қолжазбасын, өлеңдерін көшірген кім? (Мүрсейіт)

Абай алғаш өлеңдерін кімнің атынан таратқан? (Көкбай Жанатаев)

Абайдың әндер жинағы қай жылы, қай қалада басылып шықты?

Абай атындағы степендияны үкімет қай жылы тағайындады ? (1940ж)
2-бөлім «Бөшкеден шыққан басқатырғалар»

Тақтада ішінде сұрақтары бар шарлар ілінген. Соның бір шарында ешқандай сұрақ жоқ.

Топ мүшелері таңдаған шарларын алады.

Сөзжұмбақ.

Ребус.

Бақытты сәт.



Абайдың әндері

Абайдың күйлері

3-бөлім. «Жұмбақтас»

Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдамырақ жауап берген топ ұтады. Жауап беретін топ жалауша көтереді.

«Әй, шырағым, балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр. Сәлем бер». Кімнің сөзі, кімге арналған? (Ұлжан, Абайға)

«Шық алып мынаның басына! Құлатыңдар кәпірді! Бітсін сонымен!» Қай шығармадан, кімге арналған? («Абай жолы» Қодар мен Қамқа)

«Сылдырлаған шолпысы, былдырлаған тілменен- ... келері мен кетерін паш етеді» Кіріп-шығып жүрген кім? (Тоғжан)

«Мәз болады болысың» деген өлеңін кімге арнаған? (Күлембайға)

Абай «Евгений Онегинді» орыстың қай ақынынан аударды?

Абаймен кездескен, дос болған қазақтың атақты әншісі. (Біржан сал)

Абайдың ақын немере інісі. (Шәкәрім)

Абай қарасөздерін қалай атаған? (Ғақлия)

Абайдың неше поэмасы бар? (3)

«Абай әні» атты көркем фильм қашан түсірілді?

4-бөлім. «Мен – саған, сен – маған» Топтар бір-біріне Абай шығармашылығы туралы 3 сұрақ қояды.

5-бөлім. «Ақындыққа ұмтылу» Абай өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

Жүректен тербеп жан сезімін талайдың,

Оятқан жұмбақ, әлемі-теңіз Абайдың.



Барша қазақтың кемеңгер ұстаз Абайы,

Данышпан – Абай, жырымыз – Абай, Абай – мұң,- дей келе бүгінгі «Бақытты сәт» ойынын аяқтаймыз. Ұпай саны жоғары болған топ жеңіске жетеді
Каталог: images -> word
images -> Конкурсқа қатысуға жіберу туралы хаттама Б. Аманшин атындағы қазақ орта мектебі
images -> Педагогиканы ң жалп ы негіздер І
images -> Әуе кемелерінің халықаралық ұшуын қамтамасыз етуге арналған әуежайларды ашу және жабу қағидасын бекіту туралы
images -> Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы
images -> Бағдарламасы 11. 09. 2017-17. 09. 2017 ДҮйсенбі, 11 қыркүйек 7: 00 ҚР Әнұраны 7: 00 "Ауырмайтын жол ізде"
images -> Барлық әлеуетті өнім берушілерге
word -> Самый чумовой пример – невдолбенной длины


Достарыңызбен бөлісу:




©kzref.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет